ЖЕР– осы әлемдегі материалдық базаны құратын табиғат элементі.
Жер элементі Жер планетасымен тікелей байланысты. Осы әлемдегі бізде бар нәрселердің барлығын планетамыздан алдық және оның бәрі қайта жерге оралады.
Сондықтан планетамыздың ресурстарын ұқыпты пайдалану керек және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу қажет.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Біз жұмыс көрсеткіштерді үздіксіз арттыруға қол жеткізу үшін еңбекті қорғауды, қауіпсіздік техниканы, қауіпсіздік қызметті және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың жүйелі тәсілін қолданамыз.
Осы мақсатпен біз осы мәселелерді қызметтің маңызды түрлері ретінде басқара отырып, стандарттарды белгілеп, жақсартуға бағытталған мақсаттарды қойып, шараларды қолданамыз, сонымен қатар бағалау жүргізіп, жұмыс нәтижелері туралы сыртқа есеп береміз.
Біз қызметіміздің қоршаған ортаға әсерін төмендету жолдарын үнемі іздеудеміз.
КПО Қарашығанақ мұнай және газ конденсаты кен орнын игеруді қоршаған ортаға барынша аз әсер ете отырып жүргізуін көздейді.
Біз өндірістік қызметті тұрақты даму қағидаттары негізінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы Экологиялық кодексінде бекітілген әрбір адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығын сақтай отырып, ҚОҚ саласындағы жоғары стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз ете отырып жүргіземіз.
Климаттың өзгеруіне бейімделу және көміртегі шығарындылары бойынша бейтараптыққа көшу
Қазіргі таңда, мұнай және газ компаниялары экологиялық күн тәртібін парниктік газдар шығарындыларын азайтуға, табиғи ресурстардың құндылығын арттыруға және пайда болатын қалдықтарды азайтуға үлес қосу арқылы қолдай алады.
2022 жылы КПО ӨБТК күші аяқталғанға дейінгі мерзім ішінде әрекет ететін (2037 ж.) Экологиялық тұжырымдаманы әзірлеуді бастады. Қолданысқа енуі 2023 жылға жоспарланған Экологиялық тұжырымдама КПО «Жасыл» стратегиясы мен «КПО 365» бизнес-стратегиясының негізіне енеді.
КПО «Жасыл» стратегиясы компанияның табысын сақтап қалу және бизнес-моделін өзгермелі бизнес-ортаға және жаһандық сын-қатерлерге бейімдеу үшін тиісті мақсаттар мен оларға жету жолдарын белгілейді. Бұл стратегия компанияның 1 және 2-қамту аясы бойынша шығарындылардың нөлдік деңгейін қамтитын және аймақтық дамуға баса назар аудара отырып, әлемдік деңгейдегі көмірсутектер мен энергияның «жасыл» өндірушісі болу ниетін көздейтін бес негізгі мақсатты қамтиды.