Компания Қазақстан Республикасының отандық жеткізушілерін дамытудағы бастамаларын толығымен қолдайды және Қарашығанақ жобасын жүзеге асыру үшін жергілікті тауар өндірушілерді көбірек тартудың маңыздылығын түсінеді. Осы мақсатта КПО отандық компаниялардың қатысуын жеңілдету үшін сатып алу процесі механизмін енгізді. Осы орайда компания үшін де, ҚР Өкілетті органы мен жергілікті өндірушілер үшін де Қазақстан Республикасындағы шикізат нарығы шектеулі болғандықтан Қазақстанда өндірілген тауарлардың сапасымен және де тауарлардың өзіндік құнының қымбаттауымен байланысты қауіп-қатерлер бар, сонымен қатар салық салу жүйесі мен халықаралық стандарттар бойынша сертификаттау талаптарының өзгеріп тұруына қатысты қауіп-қатерлер бар.
Жергілікті қамтуды дамыту
Қарашығанақ кен орнын игеру басталғаннан бері КПО компаниясы қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді тарту арқылы Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша белсенді жұмыс істеуде, бұл Қарашығанақ жобасы шеңберінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінде отандық өндірістің тауарлары, көрсетілетін қызметтері мен жұмыстарының импортын азайтуды және көлемін ұлғайтуды көздейді.
КПО 2001 жылдан бері Қарашығанақ жобасында жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасын жүзеге асырып келеді. 2022 – 2023 жылдарға арналған бағдарлама мақсаты ҚР мемлекетінің машина жасау, индустрияландыру мен цифрландыру және КПО-ның жергілікті қамту саласындағы корпоративті саясатына сәйкес келеді. Бұл бағдарлама жергілікті қамтуды дамытуға қатысты мақсаттар мен тапсырмаларды, сонымен қатар қызметті тиімді бақылауға мен бағалауға арналған негізгі көрсеткіштерді белгілейді.
2022 жылы КПО-ның жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған бастамаларының арқасында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
- Қарашығанақ жобасындағы тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетудегі жергілікті қамтудың үлесі 56,4 % құрады (511,7 млн АҚШ долларына тең).
- 42,5 млн АҚШ долларына қазақстандық өнімдер сатып алынды, бұл барлық сатып алынған көлемнің 18 %-ын құрайды (оның ішінде жергілікті қамту үлесі СТ-КЗ10 сертификаты бойынша 7,3 % құрайды15).
15 Тауардың Қазақстан аумағында өндірілгенін немесе қайта өңделгенін растайтын сертификат. Бұл сертификат Қазақстан аумағындағы пайдалануға арналған, мысалы, жер қойнауын пайдаланушылардың немесе мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде.
1997 жылы ӨБТК-ге қол қою сәтінен 2022 жылдың соңына қарай Қарашығанақтағы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтудың жиынтық үлесі 9,37 млрд АҚШ долларынан асты.
Компания Қазақстанда өндірілген тауарларды сатып алуда жергілікті қамту үлесін арттыруға ерекше көңіл бөледі.
2022 жылы Қазақстанда Қарашығанақ жобасының қажеттіліктері үшін келесі тауар түрлерін өндіруге жалпы сомасы 115 миллион АҚШ долларын құрайтын 27 келісімшартқа қол қойылды: клапандар, трансформаторлар, БӨАмА, бекітуші материалдар және құбыр материалдары, т.б.
«Қазақстандық тендерлер» өткізу жергілікті өндірушілер мен жабдықтаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі. 2022 жылы КПО жалпы сомасы 389 млн АҚШ долларын құрайтын 10 «қазақстандық тендерді» тек қана жергілікті компаниялар арасында өткізді. Нәтижесінде КПО жалпы сомасы 15,5 млн АҚШ долларын құрайтын 3 келісімшарт жасады. Қалған тендерлер бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
28-сызба. КПО сатып алуларының жалпы көлеміндегі жергілікті қамту үлесі, 2014–2022 жылдар
КПО орналасқан аймағы – Батыс Қазақстан облысында (БҚО) тауар өндірушілердің тұрақты дамуын нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізуде. КПО жергілікті бизнестің бәсекеге қабілеттілігін дамыту және арттыру мақсатында БҚО кәсіпорындарын, соның ішінде машина жасау секторының кәсіпорындарын нарықты зерттеуге және тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тендерлеріне, сондай-ақ Компания өткізетін түрлі іс-шараларға қатысуға тұрақты түрде шақырып тұрады.
2022 жылдың нәтижесі бойынша КПО БҚО кәсіпорындарына тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсеткені үшін 308,1 млн АҚШ долларын төледі, оның ішінде жергілікті қамту үлесі 230 млн АҚШ долларын немесе 74,8 %-ды құрады.
Ұзақ мерзімді бастамалар
Қазақстандық тауар өндірушілерді жеткізу тізбегіне тарту мәселесі бойынша КПО ҚР министрліктерімен, бизнес қоғамдастықтар және серіктестермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайды.
2020 жылы Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық (IMBC) құрылды. Бұл – негізгі мақсаты Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобаларында отандық машина жасау кәсіпорындары шығаратын өнімдерді сатып алуды ұлғайту болып табылатын ҚР 2019–2025 жылдарға арналған отандық мұнай-газ саласындағы машина жасауды дамытуға арналған шаралар жоспарының бір бөлігі.
IMBC өз жұмысын 2021 жылы бастады. Орталық қызметін үш Оператор – КПО, ТШО және НКОК атынан жүргізеді және де Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, Энергетика министрлігімен, «PSA» ЖШС Өкілетті органымен, сондай-ақ отандық мұнай-газ саласындағы машина жасауды дамытуға қатысатын энергетикалық және машина жасау қауымдастықтарымен тығыз әрекеттеседі.
2022 жылы КПО қауымдастық мүшелерінің келесі жалпы жиналыстарына қатысты:
- Қаңтар – IMB орталығының 2021 жылғы нәтижелері, жұмыс бағдарламасы мен бюджеті және де 2022 жылға арналған ТНК көрсеткіштері талқыланды.
- Шілде – IMB орталығының бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары талқыланды.
КПО IMB орталығына талдау үшін «B» тобы тауарларының (сорғыштар мен тығыздағыштар, желілік құбырлар, технологиялық сүзгілер, ЖЖАБ) техникалық талаптарын / сипаттамаларын ұсынды.
Орталық ұйымдастыратын іс-шаралар аясында 2022 жылдың ақпанында Қауымдастық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс нәтижесінде ҚР Энергетика министрі жергілікті қамтуды дамыту жол картасын дайындап, операторларға жолдады. Жол карасын жасаудағы мақсат – Операторлардың 3 санат тауарларын (клапандар, БӨАмА және электр жабдықтары) сатып алуын ұлғайту. Жол картасын жүзеге асыру аясында сатып алудағы мәселелерді талқылау үшін КПО ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп 2022 жылы мамыр айынан қыркүйек айына дейін апта сайынғы кездесулер өткізді:
- Жалпы сомасы 93 млн АҚШ долларын құрайтын 6 келісімшарт жасалды;
- 4 келісімшарт қол қою кезеңінде;
- 1 келісімшарт әзірлену кезеңінде.
ҚР аумағына инвестициялар тарту және өндірісті дамыту мақсатында КПО 2022 жыл бойы қол қойылған жол карталарын жүзеге асыру үшін жаңа өндірушілерді тарта отыра бірегей жабдық өндірушілермен (OEM) жұмысты жалғастырды. Аталмыш жабдық түрін өндіруді жергіліктендіру бастамасы күшіне енген кезден бастап КПО тауарларды жергіліктендіруге бағытталған 16 «жол картасына» қол қойып, бірегей жабдық өндірушілерімен жалпы сомасы 10,4 млн АҚШ долларын құрайтын 4 келісімшарт жасасты. КПО 13 жол картасын жүзеге асыруын жалғастырады. Оның аясында жалпы сомасы 11 млн АҚШ долларынан асатын инвестиция жасау және жаңа 350 жұмыс орнын құру жоспарланған.
Жергілікті қамту мәселелері бойынша өзара әрекеттесу
Жергілікті қамту үлесін ұлғайту шеңберінде КПО өндірістік қызметі мен жобаларында жергілікті және халықаралық жеткізушілерді, өкілетті мемлекеттік органдарды (Энергетика Министрлігі, «PSA» ЖШС, БҚО әкімдігі), сондай-ақ жергілікті қамтуды дамыту қауымдастықтарын ағымдағы сатып алу көлемдерімен және алдағы кезеңге арналған жоспарлармен таныстыру үшін жүйелі түрде іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Компания ағымдағы операциялық қызметі аясында және күрделі жобаларға қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтер (ТЖҚ) туралы, сондай-ақ олардың техникалық шарттары мен сипаттамасы туралы ақпаратты бөліседі. Сатып алынатын тауарлардағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту мақсатында КПО шетелдік серіктестерге және қазақстандық нарықтағы қатысушыларға мұнай-газ жабдықтарын құрастырып қана қоймай, қолданыстағы жабдықтар мен жабдықтардың жаңа түрлеріне арналған құрамдас бөліктерді/қосалқы бөлшектерді жергілікті жасауға кеңес берді. Бұл бастама аясында 2022 жылы КПО бірегей жабдық өндірушілерімен мұнай-газ жабдығының құрамдас бөліктерін/қосалқы бөлшектерін жергілікті өндіру бойынша жол карталарына қол қойды. Олардың арасында «KIOS Techflow» ЖШС, «Тұранмұнайконсалтинг» ЖШС,Leser, «ProControl KZ» ЖШС, «Ескерткіш Қызмет Қазақстан» ЖШС / DPI SEKUR ЖШС компаниялары бар.