СУ– тіршілік көзін, оның ағымы мен дамуын білдіреді. Сусыз өмір жоқ, сусыз айналамыздағы тіршіліктің бәрі жансыз болады. Су сияқты оң экономикалық әсер айналамыздағы әлемді жандандырады, экономикалық өсуге және жергілікті қауымдастықтардың жағдайының жақсаруына ықпал етеді.
ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТАР
Біз өз қызметімізді жүзеге асыратын аумақтағы аудан тұрғындарының жалпы әл-ауқатын жақсартуға тікелей немесе жанама үлесімізді арттыра отырып, тату көршілік қарым-қатынасты құрудамыз.
Біз билік өкілдерімен, акционерлерімізбен, бизнес әріптестерімізбен және жұмыс орнымыздағы жергілікті қоғаммен тиімді, нәтижелі, бірлескен және сенімді қарым-қатынас құрамыз.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰСТАР
Біз қолданылып жатқан бәсекелестік туралы заңнама шеңберінде әділ және әдепті бәсекелесуге ұмтыламыз.
КПО-ның сатып алу процесі нарықтық бәсекенің шектеулігі, инфляция, құбылмалы айырбас бағамы, шикізат бағасының өсуі және логистикалық мәселелер секілді экономикалық тәуекелдермен күрделендірілген. Тәуекелдерді барынша азайту үшін КПО нарықтық бәсекелестікті қамтамасыз ету және шарттық талаптардағы ықтимал экономикалық ауытқуларды және бұдан әрі сипатталған басқа да көрсеткіштердің орнын толтыратын түрлі тетіктерді қолдану арқылы техникалық тапсырмалар мен тендерлік талаптарды барынша ұтымды әрі ашық түрде әзірлеуге тырысады.
Жеткізілімдерді ұйымдастыру
Қарашығанақ кен орнын игеру Қазақстан үшін тек мұнай мен газ өндірісінен түсетін табыс пен салық қана емес, оның елге берері одан да көп. Бұл экономикалық дамуға ықпал ететін ұзақ мерзімді және тұрақты серіктестік қатынастар құру болып табылады.
Жергілікті жеткізушілермен және мердігерлермен бірлесіп жұмыс істеп, компания өңірдің және Қазақстанның жалпы экономикалық дамуына айтарлықтай қолдау көрсетеді.
2022 жылы 388 мердігерлермен және жеткізушілермен (олардың 84 %-ы – жергілікті компаниялар) келісімшарттар мен қосымша келісімдер жасалды.
2022 жылы КПО тауарларды жеткізу бойынша 0,3 млрд АҚШ долларынан астам сомаға 270-ке жуық келісімшарт пен оларға қосымшалар жасасып, қызмет көрсетуге шамамен 0,8 млрд АҚШ долларына астам сомаға 500-ден аса келісімшарт пен олардың қосымшаларына қол қойды.
КПО өз қызметінде Тәртіп кодексінде белгіленген бизнес-этика қағидаттарын, сондай-ақ барлық тиісті заңнамалық талаптар мен нормативтік ережелерді ұстанады.
Келісімшарт жасасудың және сатып алудың әр кезеңінде және келісімшарт аяқталғанға дейін жоғарыда көрсетілген негізгі қағидаттарға сәйкестік қадағаланып отырады.
Осы орайда КПО өз жұмыстарына бизнесті жүргізуде жоғары стандарттарды ұстанатын, компанияға қызметтерін ұсынғанда өз қызметкерлері мен өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ белгіленген этика, нормативтік-құқықтық сәйкестік және тұрақты даму стандарттарын сақтайтын жеткізушілер мен мердігерлерді тартады.
КПО-мен келісімшарт жасасудың стандартты талаптары этика мен іскерлік тәжірибеге, жемқорлыққа қарсы күреске және мүдделер қақтығысына қатысты бірқатар ережелерді қамтиды. Сондай-ақ, 2022 жылы мердігерлердің өз қызметкерлеріне қамқорлық жасау және мамандары арасында тұрақты әлеуметтік ортаны қамтамасыз ету тұрғысынан әлеуметтік жауапкершілігін нығайту үшін КПО мен мердігерлер арасындағы өндірістік қатынастар туралы жаңа ережелер енгізілді. Бұл туралы толығырақ «Өндірістік қатынастар» бөлімінде оқи аласыз.
26-сызба. 2019 – 2022 жж. КПО жеткізушілері және мердігерлері
27-сызба. 2019 – 2022 жж. келісімшарттар мен келісімшарттарға қосымшалар құны (млн АҚШ доллары)
КПО келісімшарттарының стандартты шарттары ҚР заңнамасының соңғы өзгертулері мен КПО талаптарын ескере отырып үнемі жаңартылып отырады. Осылайша КПО 2022 жылы ҚР Экологиялық кодексінің жаңа талаптарына байланысты Д Қосымшасына – «Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саясаты мне оқытуға қатысты жұмыстарды орындаудағы келісімшарттарға қойылатын талаптар» жаңартуларды енгізді. Толығырақ осы есептің «Жеткізушілерді экологиялық тұрғыдан бағалау» бөлімінде оқи аласыз.
Келісімшарттарға қатысты жұмыстар және сатып алулар заңнамаға және Қарашығанақ жобасын басқару жөніндегі бірлескен комитеттің тендерлік ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл құжат Қарашығанақ жобасын жүзеге асыру аясында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру процесін реттейді.
Жуырда шығарылған КПО-ның тендерлік ережелерінде электрондық құжаттармен кеңірек алмасу және оларды өңдеу, сонымен қатар тендерге қатысуға өтінімдерді қабылдау және бағалау сияқты бағыттар қарастырылған. Бұл өз кезегінде КВИ пандемиясы кезінде шектеулерге байланысты туындаған мәселелерді шешуге көмектесті. Тендерлік ережелердің жаңа шығарылымы ерте тендерлер, сынама тапсырыстар, инвестициялар үшін келісімшарттар, мөлшерлемелерді шартты төмендету және қазақстандық тендерлерді өткізу арқылы жергілікті қамтуды дамытуға және Қазақстан Республикасында тауарларды өндіруді қамтамасыз етуге бағытталған.
КПО логистикаға және соған қатысты уақыт пен шығындарға байланысты тәуекелдерге тап болды. Геосаяси жағдайдан туындаған бұл тәуекел КПО бақылауынан тыс, алайда компания тауарлар және материалдармен қамтуды үзбеу үшін баламалы шешімдер мен мүмкін шараларды барынша қолдануда. Жергілікті әлеуетті мердігерлер мен жеткізушілердің бәсекеге қабілетті болуы үшін және олардың тендерден шығып қалу қаупін азайтуға көмектесу үшін КПО конкурс алдындағы өзара әрекеттесу сессияларын ұйымдастыруға жіті назар аударады. Аталмыш сессиялар барысында конкурсқа қатысушылар КПО тендерлік талаптары бойынша нақты түсініктемелер, сондай-ақ жиналған практикалық тәжірибе туралы ақпарат алады.
КПО компаниясы «Атамекен» ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, «KazService» ассоциациациясы және мұнай-газ секторының басқа да ұйымдары немесе қауымдастықтары өткізетін іс-шараларға белсенді қатысады.
Әртүрлі мүмкіндіктерді пайдалана отырып КПО жергілікті компанияларға қойылатын талаптарға қатысты түсініктемелер беріп, оларды дамуға және әлемге танылған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткізушілерімен бірлесіп жұмыс істеуге ынталандырады. Жергілікті қамту бойынша межеленген көрсеткіштерге қол жеткізу КПО-ның Қазақстан Республикасы алдындағы басты міндеттемесі болып табылады.
Қызметінің ашықтығын көрсете отырып, КПО жыл сайын сатып алу жоспарларын www.kpo.kz веб-сайтында жариялайды.
КПО тендерлеріне қатысуға қызығушылық танытушы әлеуетті жеткізушілерге КПО жеткізушілерінің дерекқорына тіркелуге және өздері туралы ақпаратты үнемі жаңартып отыруға (толығырақ КПО веб-сайтында жарияланған) немесе жеткізушілердің «АЛАШ» бірыңғай мәліметтер қоры арқылы тікелей тіркелуге кеңес беріледі. Тендерге рұқсат алу үшін әлеуетті қатысушылар КПО жеткізушілерді іздеу кезінде ескеретін материалдық-техникалық базасы және тиісті тәжірибесі туралы дұрыс әрі шынайы ақпарат ұсынуы керек.
2021 жылы KПО өз вебсайтында https://cp.kpo.kz/ парақшасын қосты, осы жерде компаниялар КПО-ның жауапты бөліміне жіберілетін сұрақтарын қоя алады. Бұл парақшада «жиі қойылатын сұрақтарға» жауаптар берілген қосымша бет бар.