КПО-ның ТҰРАҚТЫ
ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ 2022

Күрделі жөндеу

КПО-ның күрделі жөндеу стратегиясы өндірісті оңтайландыруға және күрделі жөндеулер аралығын ұзарту мен күрделі жөндеу мерзімдерін қысқарту арқылы шығарындыларды азайтуға бағытталған. Сонымен қатар, осы міндетті іске асыру кезінде қауіпсіз, сенімді және үздіксіз өндірістік қызметті қамтамасыз ету және де белгіленген нормалар мен талаптарды сақтау мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Күрделі жөндеулер арасындағы аралықты ұзартуды ГКДҚ-3-те де жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Әдетте бұл объектте толық күрделі жөндеу жыл сайын жүргізілген: 2023 жылдан бастап күрделі жөндеу кен орнының басқа объектілерінде қалай жүргізілсе солай үш жылына бір ретке дейін қысқартылатын болады.

2022 жылғы күрделі жөндеу жүргізу стратегиясы қыркүйек айында кен орнының барлық объектілерінде бірыңғай кешенді күрделі жөндеу жүргізуді көздеді. КПО-ның бар өндіру жүйесі осы кезеңде 25 күннен сәл аз уақытқа толығымен тоқтатылды. Мұндай ауқымды жұмыс КПО мен мердігер ұйымдардың жабдықтары мен жұмыскерлеріне үлкен жүктемемен байланысты болады. Мүмкіндікті пайдалана отыра КПО жазғы кезеңде ГКДҚ-3-те жеке технологиялық желілерде қысқа мерзімді тоқтатулар жүргізді. Бұл өз алдына күрделі жөндеу кезіндегі максималды жүктемені азайтуға және объектіде бір мезгілде жүргізілетін жұмыстарға қатысты ЕҚ, ҚТ, ҚОҚ қауіп-қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді.

Өндірістік жабдық тұтастығы мен сенімділігін қамтамасыз ету 2022 жылдағы күрделі жөндеуді жүргізудің негізгі факторлары болды. Күнделікті тексерулерден (инспекциялардан) бөлек, жоспарлы техникалық қызмет көрсету және жобалау қызметінен басқа жұмыстардың негізгі кешені екі ыдысты ауыстыру және ескірген жылу алмастырғыштарды бөлшектеуді қамтыды. ГКДҚ-2 газды кері айдау жүйесі толық жөндеуден өтті, яғни компрессордың ішкі жабдығын ауыстыру мен газ турбиналарын жөндеу жүргізілді.

Жұмыстың барлық кезеңінде алғашқы медициналық көмектің жеңіл түрін қажет еткен 4 жағдай ғана тіркелді, бұл ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелерін қарқынды пысықтаудың арқасында мүмкін болған өте жоғары көрсеткіш болып табылады. Күрделі жөндеу кезінде компания объектілеріне көптеген жаңа мердігер ұйымдар тартылды, сол себептен мердігер ұйымдармен өзара әрекеттесу мен барлық жұмыс мәселелерін пысықтауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл мәселе жоғары басшылық деңгейінде ғана емес, орта буын басшылары деңгейінде де пысықталған болатын.

Күрделі жөндеу кезінде ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша 2 200-ден астам инспекция, сондай-ақ басшылықтың қатысуымен 90 тексеріс жүргізілді. Тексеріс КПО жоғары басшылығы мен мердігер ұйымдардың бірлескен қатысуымен ұйымдастырылды.

Әрдайым жүк көтеру жұмыстарының қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, жүк көтеру жұмыстарымен айналысатын топтарымен жиналыстарды ұйымдастыруды, мамандардың әдеттен тыс жүк көтеру жұмыстарын жүргізу жоспарын қарауды қамтитын шаралар жасалды, ал такелажшылар мен сигнал берушілер сияқты мамандарға біршама назар аударылды. Күрделі жөндеу кезінде жұмысты сапалы орындау бірінші кезектегі міндеттердің бірі болды, ерекше назар іске қосу алдында кез-келген ағып кетуді азайтуға аударылды. Өз кезегінде ағып кетулердің азаюы қысыммен жұмыс істейтін жүйелерді қайта сынау қажеттілігінің төмендеуіне, сондай-ақ азоттың таралынуыгың төмендеуіне әкелді. Ағып кету саны бойынша КПО өте жақсы нәтижелерге қол жеткізді, 8 400 жіктің 0,5 %-нда ғана аздаған ағып кетулер байқалды.

Жалпы алғанда 2,2 млн астам адам-сағаты жасалып,
12 000 мың адам жұмылдырылды