КПО-ның ТҰРАҚТЫ
ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ 2022

Бұрғылау технологиялары

2022 жылы КПО өткен жылдары қалыптасқан нық іргетасқа сүйене отыра бұрғылау және ұңғымаларға қызмет көрсету жұмыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту жұмысын жалғастырды. Бұрынғыдай, біз парниктік газдар шығындыларын, су мен ресурстарды тұтынуды азайту бойынша төмендегі іс-шаралар арқылы нөлдік шығарындыларға қол жеткізу бойынша жұмыс атқардық:

  • Ағын қарқындатылғаннан кейін жұмыс істеу үшін икемді сорғы-компрессорлар құбырларының орнына арқан техникасын пайдалануға бағытталған бастамаларды іске асыруды жалғастыру.
  • Мүмкінкідігінше жою немесе күйдіру қажеттілігін және ластанған сұйықтықтарды жою қажеттілігін азайтуға бағытталған жоғары тиімді экологиялық таза оттықтарды пайдалану.
  • Газ өндіру деңгейі жоғары (газ факторы) қолданыстағы ұңғымаларға қарағанда жоғары мұнай өндіруді қамтамасыз ететін ұңғымаларды игеру үшін бұрғылау науқанын қайта бастау.
  • Ұңғымаларды сынау/тазарту кезінде жаңа ұңғымаларда «нөлдік» жағуды қамтамасыз ету мақсатында жоғары қысымды сепараторы бар ұңғымаларды жоғары ағынды сорғылармен қарқынды түрде сынау (жоғары газ факторы бар ұңғыма сұйықтығын айдау сорғылары).
  • ҚӨК пен 608 бен 201-ұңғымаларда геологиялық-техникалық жұмыстарды аяқтауға қуаты 3 000 л.с ауыр тоннажды бұрғылау қондырғыларының орнына ҚӨК (ZJ-20) үшін аз тоннажды бұрғылау қондырғыларын пайдалану. Бұл мақсаттарымызға жету жолында шығарындыларының төмен деңгейіне және қоршаған ортаға аз әсерге қол жеткізді.
  • Кен орнымыздағы Экоорталық немесе қалдықтарды кәдеге жарату кешені геологиялық-техникалық шаралар ретінде ластанған бұрғылау ерітінділері мен бұрғылау шламдарынан мұнай негізін қайта пайдалану үшін алуға мүмкіндік береді.

КПО ұңғымалық операциялар бөлімі ұңғымаларды пайдалану тиімділігін және өндірістік көрсеткіштерді арттыруға бағытталған ішкі процедураларды, жұмыс процестерін әзірлеу, технологиялар мен инновацияларды жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде. 2022 жылы келесі жетістіктер бағындырылды:

  • Ұңғымаларды игеру тиімділігін арттыру үшін «Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жоспарын» әзірлеу мен енгізу. Мұнда цифрландыруға және өнімділікті арттыруға ерекше назар аударылады.
  • Ұңғымалардың тұтастығын және күйін бақылаудың тиімділігін арттыру – ұңғымалардың тұтастығына байланысты қоршаған ортаға бөлінетін шығарындылардың алдын алу және азайту.
  • Жаңа технологияларды қолдану, мысалы кеңейткіш (қайта бұрғылауды болдырмай ұңғыма оқпанында жергілікті жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді) және өндірудің тиімділігін арттыратын маркер технологиясы.