КПО-ның ТҰРАҚТЫ
ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ 2022

Электр қуатын жеткізу

КПО Қарашығанақ кен орнының өндірістік қажеттілігіне қажет электр энергияны газтурбиналық электр стансасында (әрі қарай ГТЭС) өндіреді. Өндірілген электр энергиясы келесі нысандарға жеткізіледі: ҚӨК, ГКДҚ-2, ГКДҚ-3, жинақтау жүйесі, эко орталық, Пилот қалашығы, Ақсай қаласындағы АТТ деректер орталығы, Үлкен Шаған МАС мен ІАС 1-26 желілік торапты қоса алғанда Қарашығанақ-Атырау тасымалдау жүйесі.

КПО газтурбиналық электр стансасында төрт турбина жұмыс істейді, олардың үшеуі – қосотынды. Оған қоса КПО жыл сайын БҚО халқының қажеттілігіне қажет қыс мезгілінде 25 Мвт жуық және жазда 20 Мвт жуық электр қуатын жеткізеді.

2022 жылы ГТЭС-те турбина бөліктерінің ішкі жағдайын диагностикалау мақсатында жыл сайынғы бороскопиялық тексеру жасалды, сонымен қатар қазан айының екінші жартысында 4-турбинаның және қараша айының екінші жартысында 1-турбинаның жану камерасы тексеріліп, ауыстырылды. Жұмыстар жоспарланған уақытта кідіріссіз әрі сапалы орындалды, оған қажет материалдар мен қосалқы бөлшектер уақытылы жеткізілді.

Батыс Қазақстан облысына электр қуатын жеткізу

Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлісу туралы түпкілікті келісім (I бап, 1.1 бөлім) шеңберінде КПО Батыс Қазақстан облысы аумағына электр қуатын жеткізеді.

Компания «Ақсайэнерго» ЖШС және «Батыс энергоресурстар» ЖШС энергия жеткізуші ұйымдарға электр қуатын жеткізеді, ал олар өз кезегінде Батыс Қазақстан облысының тұрғындарын және басқа да тұтынушыларды қуат көзімен қамтамасыз етеді.

2022 жылы КПО аймақтық желіге 20-35 Мвт электр қуатын жеткізді, БҚО-ға жеткізілген электр қуатының жалпы көлемі ~ 246,3 млн Квт болды, бұл облыстың жалпы қуат тұтынуының шамамен 28 %-і. 2021 жылмен салыстырғандағы электр қуатын 9,2 %-ке кем жеткізу 2022 жылы ҚМГКК нысандарында 15 күнге жуық жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болды. Жоспарлы жөндеу жұмыстарының көлемі мен мерзімі ГТЭС негізгі қондырғысының жұмыс сағаттарымен реттеледі.

2020–2022 жж. электр энергиясы мен отын газын жеткізу көлемі төмендегі кестеде берілген.

2022 жылы электр қуаты көбінесе газ есебінен өндірілді. Қыркүйек-қазан айларында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін барлық кен орны нысандарын тоқтату себебінен КПО-да меншікті газдың болмауына байланысты КПО мен облыс қажеттілігі үшін электр қуаты сыртқы жеткізушілерден қамтамасыз етілді. Облыс қажеттілігіне электр энергиясын өндіру үшін сыртқы жеткізушіден газды сатып алу көлемі ГТЭС-тегі газ тұтынудың жалпы көлемінің шамамен 18,43 %-ін құрады. Жоғарыда көрсетілген кезеңнен басқа сыртқы жеткізушілер ҚӨК 5-339 аймағы отын газын өндіру қондырғысындағы кей кездегі тұрақсыз жұмыс уақытында газбен қамтамасыз етті.

47-кесте. 2020–2022 жж. КПО электр қуаты мен отын газын жеткізу.

Сипаттамасы

Өлшем бірлігі

2022 ж.

2021 ж.

2020 ж.

БҚО жеткізілген электр қуаты, соның ішінде:

млн. кВт/сағ

246,33

225,56

296,93

«Ақсайэнерго» ЖШС

млн. кВт/сағ

26,28

26,28

26,35

«Батыс Энергоресурсы» ЖШС

млн. кВт/сағ

220,05

199,28

270,58

БҚО үшін электр қуатын өндіруге отын газын пайдалану:

млн. м3

84,74

75,88

99,35

БҚО үшін электр қуатын өндіруге КПО жеке газын сату

млн. м3

69,12

70,98

89,95

БҚО үшін электр қуатын өндіруге сыртқы жеткізуші тарапынан қамтамасыз ету

млн. м3

15,62

4,90

9,40

Энергетикалық жүйе

Қарашығанақ мұнай, газ және конденсат кен орны жергілікті энергетикалық жүйесі шекара жауапкершілігіне сәйкес үш субъектіге – КПО, «Аксайгазпроэнерго» және «Батыс-Қазақстандық РЭК» ЖШС-ке тиесілі 110 кВ электр желісінен және 35 кВ КПО желісінен тұрады.

2022 жылдың басында КПО басшылығы электр желілерінің әсерінен болатын өндіріс шығындарын барынша азайту мақсатында кен орнындағы ішкі энергия жүйесіне талдау жасау және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мен апаттарды азайту бойынша шараларды әзірлеуді тапсырды. Осыған байланысты КПО сарапшыларынан құрылған жұмыс тобы кейінгі әрекеттерді жүзеге асыруға басшылық келісімін берген талдауды жүргізді. Қазіргі уақытта мамандар жұмылдырылған үшінші тараптармен жұмыс жүргізіп, ұсыныстарға талдау жасап жатыр.

2022 жылы маусымда қатты нөсер жауып, бірнеше рет қарқынды найзағай соққан дауылды ауа райы КПО зауыты мен 110/35 кВ әуе электр желілеріне әсер етті, бұл кернеудің артып кетуіне және оқшаулағыштың істен шығуына, кейін 110 кВ және 35 кВ әуе желілерінің жаппай айырылуына апарды, нәтижесінде ГКДҚ-2 мен ГКДҚ-3 және жинақтау жүйесінің технологиялық процесі тоқтап қалды.

Сондай-ақ осыған ұқсас апаттық жағдай 110 кВ № 137 әуе желісінде 2022 жылдың маусымында орын алған, бірақ ол айтарлықтай өндіріс шығындарын келтірген жоқ.

2022 жылы КПО 110 кВ және 35 кВ әуе желілеріне техникалық қызмет көрсетудің жұмыс сапасын көтеруге назар аударды, сол кезде сүйеніш бекітпелері бетон негіздерінің жағдайына егжей-тегжейлі тексерулер жүргізілді, оқшаулағыштар мен сымдардың жағдайы, желілік арматуралар тексеріліп, істен шыққан элементтері ауыстырылған болатын, сондай-ақ электр желілердің жоғары сенімділігін қамтамасыз ету және ескертулерді жою мақсатында қосымша оқшаулағыштар тізбегі орнатылған болатын. КПО желілерге қатысты ескертулерді жою бойынша Батыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясымен және АГПЭ-мен жұмысты жалғастырды; сондай-ақ 110 кВ және 6 кВ әуе желілеріне техникалық қызмет көрсету сапасын нормативтік талаптарға сәйкес қамтамасыз ету бойынша АГПЭ-мен жұмыстарын жалғастырды;

Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) заңын қолдау міндеттемелері

КПО электр қуатын өз ГТЭС-інде өндіргендіктен ол ҚР-ның «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау» заңына сәйкес шартты тұтынушылар қатарына жатады.

Шартты тұтынушылар ЖЭК пайдаланатын объектілерде өндірілген электр энергиясын жалпы энергия өндірісі үлесіне пропорционалды көлемде сатып алуға міндетті. Сондықтан жауапты субъект ретінде КПО «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС құзыретті компаниясынан ЖЭК бойынша тиесілі электр қуаты көлемін сатып алады, осылайша заңнама талаптарын орындап, Қазақстандағы жасыл энергетиканың дамуына өз үлесін қосып келеді. 2022 жылы КПО осындай энергияның 151,280,061 кВт*сағат көлемін 661 млн. теңгеге сатып алды.