КПО-ның ТҰРАҚТЫ
ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ 2022

КПО бизнес стратегиясы

КПО-ның бизнес миссиясы – Қарашығанақ кен орнын қауіпсіз, сенімді және бәсекеге қабілетті жолмен өндіру және игеру арқылы барлық мүдделі тараптарға барынша табыс әкелу. КПО-ның бизнес стратегиясы бүкіл компания ауқымындағы стратегиялық және бизнесті жоспарлау үдерісімен байланысты және ТНҚ мен мақсат қою құралдарының көмегімен бүкіл компания бойынша таратылады.

2021 жылы КПО активтерін болашақта тұрақтырақ ету мақсатында КПО жаңа «КПО 365 стратегиясын» әзірлеуге кірісті. 2022 жылы стратегияны компанияның басқа бөлімдерінің қолдауымен Өндіріс директораты әзірледі және стратегияны 2023 жылы аяқтау жоспарланған. Жалпы, «365» стратегиясы компанияны болашақта табысқа жетуге дайындауға бағытталған, стратегия мына үш негізгі мақсатқа негізделіп жасалған: Құндылықтарымызға сәйкес өмір сүру, тұрақтылықты қамтамасыз ету және болашақты құру.