КПО-ның ТҰРАҚТЫ
ДАМУ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ 2022

Әлеуметтік инфрақұрылымға қосылатын үлес

Өнімді бөлісу туралы түпкілікті келісімнің (5-қосымша) шарттарына сәйкес КПО жыл сайын Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып келеді.

Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар тізбесі облыстың әлеуметтік даму басымдықтарына сәйкес жыл сайын КПО және БҚО әкімдігімен мақұлданады. БҚО әкімдігі бұл тізімді мемлекеттік басымдықтарға және Батыс Қазақстан облысы инфрақұрылымын, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін, сонымен қатар өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамыту қажеттіліктеріне сәйкес дайындайды. Әрі қарай бұл тізімді КПО басқару бойынша бірлескен комитет бекітеді.

Мақұлданған күннен бастап КПО сатып алу процесін қоса алғанда, жоба толықтай аяқталғанға дейін және оны Қазақстан Республикасының теңгеріміне өткізгенге дейін оны басқарады. Жобаларды жыл аяғына дейін толық орындау мүмкін болмаса, игерілмеген қаржы келесі күнтізбелік жылға қалады. Барлық әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар Қазақстандық мердігерлермен орындалады.

2022 жылы КПО БҚО аумағында жаңа және өткен жылдан қалған жеті әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асырды.

Осылайша 2022 жылы КПО әлеуметтік маңызы бар Орал қаласы халықаралық әуежайын қайта құру жобасын аяқтап, аймақтағы әуе тасымалдауды ұлғайтып, әуе қатынас жағдайын жақсартуға жол ашты. Сонымен қатар қала тұрғындарының ыңғайлығы үшін көшелерді жарықтандырумен қатар Орал қ. жаңа шағын аудандары жерлерін жайластыру және абаттандыруды жобалары жүзеге асырылды. Барлық аталған жобаларды жергілікті құрылыс компаниялары орындады.

Сонымен бірге 2022 жылы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар, атап айтқанда Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылында 160 орындық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын, «Хан Ордасы» визит-орталығының құрылысын, Теректі ауданы Пойма ауылында 108 орындық мектеп құрылысын жүзеге асыру, сондай-ақ Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 320 орындық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар басталған болатын. Білім беру сапасын арттыру және білім беру саласындағы бағдарламаларды іске асыру мақсатында КПО 2022 жылы облыс аудандарында 108 және 60 орындық 14 шағын жинақты мектеп құрылысына келісімшарт жасасты.

2022 жылдың қарашасында КПО аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы аясында Орал қаласындағы көпфункциялы Мәдениет сарайын салғаны үшін «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясында «Парыз» марапатына ие болды. Іс-шараға БҚО-ның бизнес-қауымдастығы мен орталық және жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты. Көпфункциялы Мәдениет сарайының құрылысы екі жылда аяқталды. КПО жобаға 24 миллион АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады. Жұмыстарды орындаған бас мердігер «Альтаир» ЖШС.

2022 жылдың желтоқсанында бұрынғы Березов және Бестау ауылдары жерлерін қалпына келтіру жобасын жүзеге асыруға келісімшарт жасалды.

2022 жылы орындалған жобалар тізімі 48-кестеде берілген.

48-кесте. 2022 жылы Орал қаласында жүзеге асырылған әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар

Саласы

Жоба атауы

Іс жүзінде жұмсалған қаражат
(млн теңге*)

Іс жүзінде жұмсалған қаражат
(млн АҚШ доллары*)

Азаматтық құрылыс

Орал қаласы халықаралық әуежайын қайта құру

6 720

15,85

БҚО Орал қ., Орал-Атырау, Орал-Саратов Зашаған кенті ш/а жерлерін жайластыру және абаттандыру (көшені жарықтандыру)

190

0,41

БҚО Орал қ., Орал-Атырау, Орал-Саратов Зашаған кенті ш/а жерлерін жайластыру және абаттандыру

338

0,74

 

БАРЛЫҒЫ:

7 248

17,0

* ҚҚС есептелген