Өнімдер және экспорттық бағыттар
КПО тұрақтандырылған және тұрақтандырылмаған сұйық көмірсутектерді, тазартылмаған газды және жанармай газын өндіреді және өңдейді. Өндірілетін көмірсутек өнімінің басым көпшілігі сатудан түсетін кірісті көбейту мақсатында экспортталады.
2022 жылы өндірілген ҚМГКК сұйық сутектің 99,69 %-ға жуық көлемі тұрақтандырылған мұнай күйінде батыс нарықтарына келесі жолдар арқылы сатылды:
- Каспий құбыр консорциумы (КҚК),
- Атырау-Самара құбыр желісі және одан әрі «Транснефть» құбыр жүйесі арқылы.
КҚК құбыр желісі арқылы КПО мұнайы Қара теңіздегі Новороссийск портына (Южная Озереевка ауылы) жеткізіледі, ал Атырау-Самара құбыр желісі арқылы Балтық теңізіндегі Усть-Луга портына және Қара теңіздегі Новороссийск Шесхарис портына мұнай жеткізу үшін пайдаланылады (4-суретті қараңыз). Негізгі маркетингтік мақсат – КҚК құбыры арқылы мұнай экспортын барынша арттыру, ол ең жоғары кірістілікпен мұнай сатудың негізгі экспорттық бағыты болып табылады. Атырау-Самара бағыты КҚК арқылы экспортқа іркілістер болған жағдайда резерв ретінде пайдаланылады.
2022 жылы қалыптасқан макроэкономикалық және саяси ахуал кезінде КПО компаниясы халықаралық санкциялар талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдады.
2022 жылдың қазан айында КПО күшімен «ҚазТрансОйл» (КТО) құбыр жүйесіне теміржол көлігімен КПО мұнай экспортын жүзеге асыру мүмкіндігін ашатын қосылу жобасы сәтті аяқталды және тапсырылды. Қараша және желтоқсан айларында Т. Қасымов атындағы МАС арқылы «Казтрансойл» АҚ КПО компаниясы кейіннен КҚК құбырына ауыстыру арқылы 40 мың тонна көлемінде мұнай тасымалдауды жүзеге асырды.
4-сурет. КПО экспорттық бағыттары
2022 жылы КПО қалыпты мұнай экспортының көлемі 10,2 млн тоннаны құрады, оның 9,94 млн тоннасы КҚК жүйесі арқылы сатылды. Пайданы барынша арттыру мақсатында Атырау-Самара құбыры арқылы шамамен 0,23 млн тонна мұнай экспортталды. Қарашығанақ өңдеу кешеніне (ҚӨК) техникалық қызмет көрсету шеңберінде ребойлерлерді жуу кезінде сұйық көмірсутектер «Конденсат» АҚ МӨЗ-ге жеткізіліп тұрды.
Қарашығанақ кен орнында өндірілетін газ келесі бағыттарда пайдаланылады:
- қабаттық қысымды ұстап тұру үшін қабатқа кері айдауға,
- газды сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты аясында «КазРосГаз» ЖШС-ға шикі газ түрінде сатуға,
- кен орны объектілерінің технологиялық мұқтаждарына пайдалану мақсатында, КПО объектілері мен жергілікті энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың мұқтаждары үшін ГТЭС-те электр энергиясын өндіру мақсатында күкірт қосылыстарынан тазартуға (яғни күкіртсутектен (H2S) тазартуға).
Орынбор ГӨЗ-де шикі газды өңдеу үшін «КазРосГаз» ЖШС компаниясының КПО шикі газын өткізу көлемі 2022 жылы 7,5 млрд м3 құрады.
2022 жылдағы өндіру мен сату көлемі
2022 жылы КПО компаниясы тұрақтандырылған және тұрақтандырылмаған сұйық көмірсутек пен газ күйіндегі 128,5 млн. баррель мұнай эквивалентінде (БНЭ) өнім өндірді. 2022 жылы газ өндіру көлемі 19 млн м3 жетті. 2022 жылы КПО-да қабаттық қысымды ұстап тұру үшін кері айдалған газ көлемі ~ 11 млрд м3 құрады, бұл өндірілген газдың жалпы көлемінің ~ 57,3 % құрады.
2-кесте. 2022 жылғы өндіру көлемі.
|
2022* ж. |
2021 ж. |
2020 ж. |
|
Жалпы өндіру көлемі |
мұнай эквивалентіндегі млн.баррель |
128,5 |
134,1 |
143,9 |
Тұрақтандырылған мұнайдың жалпы көлемі |
мың тонна |
10 134 |
10 338 |
10 941 |
Газ өндірісінің жалпы көлемі |
млн м3 |
19 442 |
18 980 |
20 214 |
Газды қабатқа кері айдау |
млн м3 |
11 131 |
9 998 |
10 362 |
Кен орнының қажеттіліктері үшін тазартылған газ |
млн м3 |
843 |
789 |
761 |
3-кесте. 2022 жылғы сатулар
|
|
2022 ж. |
2021 ж. |
2020 ж. |
Сатудың жалпы көлемі |
мұнай эквивалентіндегі млн.баррель |
124,9 |
130,7 |
139,4 |
Тұрақтандырылған сұйық көмірсутектер КҚК және Атырау-Самара құбыры арқылы жеткізілетін мұнай/тұрақтандырылған конденсат |
мың тонна |
10,2 |
10 366 |
10 857 |
Тұрақтандырылмаған сұйық көмірсутектер «Конденсат» АҚ МӨЗ-ге жеткізілетін тұрақтандырылмаған конденсат |
мың тонна |
30 |
1,5 |
24 |
Тазартылмаған газ Орынбор ГӨЗ-на |
млн м3 |
7 455 |
8 182 |
8 986 |
Отын газы |
млн м3 |
70 |
70 |
90 |
2022 жылы өнімнің және қызмет санаттарының тұтынушының денсаулығы мен қауіпсіздігіне әсері немесе айыппұл, өсімпұл, ескертуге әкелетін ережелерді сақтамау жағдайлары тіркелген жоқ.