ҚазРусEng

Тұрақты даму

Көшірілген тұрғындардың жағдайын бақылау

2017 жылдың аяғында Березовка және Бестау ауылдарының алғашқы тұрғындары Аралтал ықшам ауданына және Ақсай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерге қоныс аударғалы Компания жыл сайын қоныстанған отбасылардың тіршілікке қажетті қаржы табу көздерін қалпына келтіру барысын қадағалап отырады.

 

2018-2022 жж. аталған мониторинг аясында КПО Аралтал ауылындағы 100 жер үйді қоса алғанда, Ақсай қаласында көп қабатты үй тұрғындарына келесі іс-шараларды орындады:

 

  • 2018-2019 жж. — Аралтал шағын ауданындағы 100 жер үй тұрғындары алаңдарын өңдеу үшін 11 600 тонна құнарлы жер қабаты берілді;
  • 2018-2021 жж. — көшірілген тұрғындардың 800 өтініші КПО Өтініштер журналында тіркелді. Барлық мәселелер 2021 жылдың соңына дейін шешілді.
  • 2019 ж. — КПО Ұлы Отан соғысының жауынгеріне арналған ескерткішті бұрынғы Березовка ауылынан Аралталға толық қайта құруға және көшіруге жәрдем көрсетті;
  • 2020 ж. — COVID-19 пандемиясы кезінде КПО Бөрлі ауданы әкімдігі және Ақсай қаласы әкімімен бірлесіп, Аралталдағы 100 үйдің тұрғындарына азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды автодүкен арқылы жеткізді;
  • 2020 жылдың мамырында ковид-19 пандемиясы кезінде жүргізілген мониторинг шеңберінде КПО тұрғындармен жұмыс жасау бөлімінің қызметкерлері қоныс аударған үй шаруашылықтарына бейресми телефон арқылы сауалнама жүргізді, оған Ақсай қаласындағы 10 ш/а № 24 және 25 үйлерде тұратын 226 отбасы және Аралтал кентіндегі 70 үй қатысты. Тұрғындарға қойылған сұрақтардың тізбесіне, егер қоныс аударғаннан кейін, жұмысқа орналастыру/зейнетақымен қамсыздандыру, табыс көздері, КПО-мен байланыс және т. б. болса, өмірдегі жақсартулар енгізілді. Тұрғындар КПО-ға Ұлы Отан соғысының сарбазына ескерткішті бұрынғы Березовка ауылынан Ақсайға ауыстыру туралы, мектептің және Аралталда 100 үйдің айналасына нөсерлік кәріз жүйесін орнату, сонымен қатар 10 ш/а № 24 және 25 көппәтерлі үйлердің аулаларын көгалдандыру туралы өтініш білдірді.
  • 2020 ж. — Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының әкімі көмегімен КПО көшірілген тұрғындар тұратын 5 және 10-шағын аудандардағы көп қабатты үйлердің аулаларын көгалдандыру үшін 150 ағаш көшеттерін жеткізді;
  • 2020-2021 жж. — Березовка мен Бестау ауылдарынан көшірілген тұрғындар үшін Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының 10-шағын ауданындағы екі көп пәтерлі үй және 320 орындық балабақша, Аралтал шағын ауданындағы 100 жер үй мен 300 орындық мектеп құрылыстарының кепілдік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуы.
  • 2022 жылы Березовка мен Бестау ауылдарын бұзу және жерді қалпына келтіру жобасының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін мердігер компанияны таңдау бойынша тендер өткізілді.
  • 2023 жылы КПО бұзуға және кәдеге жаратудан кейінгі қалған объектілерді қарау үшін Березовка және Бестау қоныс аударған ауылдардың аумағына комиссиялық шығуды ұйымдастырды. Комиссия құрамына Бөрлі ауданының жергілікті атқарушы билік органдарының, ЖСҚ, КПО және жергілікті тұрғындарды әзірлеген жобалау ұйымының өкілдері енгізілді. Кездесулер аясында комиссия мүшелері жергілікті ұйым өкілдерін және тұрғындарды жерді кәдеге жарату және жерді қалпына келтіруден кейінгі алдағы жобалық жұмыстар туралы хабардар етті.

 

Жалпы, әртүрлі жобаларды іске асыру барысында КПО-ның Бөрлі ауданының жергілікті халқымен ынтымақтастығы компанияның Қарашығанақ кен орнындағы компания қызметіне байланысты туындайтын әлеуметтік және экологиялық қауіп-қатерлерді азайтуға көмектеседі.

 

Мониторинг барысында КПО Ақсай қаласы мен Аралтал ықшам ауданына көшірілген әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға ерекше көңіл бөледі. КПО-ның халықпен жұмыс істеу жөніндегі маманы көмек көрсету және мәселелерді шешуге қолдау көрсету мақсатында кәрі жастағы жалғыз басты тұрғындардың үйіне барып тұрады.

 

Қарашығанақ кен орны аумағында және кен орны айналасындағы санитарлық қорғау аймағы шекарасында екі мобильді экологиялық мониторинг станциясына қосымша 18 экологиялық мониторинг станция (ЭМС) жұмыс істейді. КПО-ның атмосфералық ауаға экологиялық мониторинг жасау жүйесі бойынша толық ақпарат осы есептің «Қоршаған орта мониторингі» тарауында берілген.