Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Жергілікті халықпен қарым-қатынас
- /
- Қоғамдық тыңдаулар
Қоғамдық тыңдаулар
КПО компаниясы табиғатты қорғау іс-шаралар жобаларын, сондай-ақ тұрғындарға қандай да бір ықпал етуі мүмкін құрылыс жобаларын үнемі қоғамдық талқылауға және мақұлдауға ұсынады. Жаңа жобаларды жоспарлау және олардың құрылысы кезінде қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша жұртшылылықтың пікірін білу КПО үшін маңызды. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялылығы мен халықтың шешім қабылдауға қатысуы қоғамдық тыңдауларды өткізу арқылы қамтамасыз етіледі. Қоғамдық тыңдаулар кезінде КПО барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік береді. Халық ұсыныстары мен ескертулері Компаниямен ескеріліп, жобалық құжаттаманы одан әрі сапалы әзірлеуге ықпал етеді.
2023 жылы Компания әсер етуге экологиялық рұқсат алу жөніндегі өтініш материлдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізген болатын:
- 2024 жылға ҚМГКК аумағында орналасқан КПО объектілері үшін. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес, қоғамдық тыңдаулар 2023 жылғы 8-9 қазанда ашық жиналыс түрінде Бөрлі ауданының 4 ауылдық өңірлерінде өтті (Успен, Приурал, Жарсуат және Пугачев). Қоғамның қарауына 84 құрылыс жобалар, 3 эмиссиялар нормативтерінің жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік бақылау бағдарламасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары ұсынылды.
- 2024-2030 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысында орналасқан ҚӨК — Үлкен Шаған — Атырау экспорттық құбыр желісінің объектілері бойынша қоғамдық тыңдаулар, 2023 жылғы 8 қарашада ашық жиналыс түрінде Бәйтерек ауданының Көшім ауылдық өңірінде өткізілді (Үлкен Шаған ауылы). Қоғамның қарауына бір құрылыс жобасы, екі эмиссиялар нормативтерінің жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік бақылау бағдарламасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары ұсынылды.
- 2024-2030 жылдарға арналған Атырау облысында орналасқан ҚӨК — Үлкен Шаған — Атырау экспорттық құбыр желісінің объектілері бойынша қоғамдық тыңдаулар, 2023 жылғы 22 қарашада ашық жиналыс түрінде Махамбет ауылдық өңірінде өткізілді (Бейбарыс ауылы). Қоғамның қарауына екі құрылыс жобалары, екі эмиссиялар нормативтерінің жобалары, қалдықтарды басқару бағдарламасы, өндірістік бақылау бағдарламасы және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары ұсынылды.
Жоспарланған қоғамдық тыңдаулар туралы ақпарат мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың өкілдеріне бірыңғай экологиялық порталда, мерзімді баспасөз басылымында (газет), телеарнада және әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының хабарландыру тақталарында орналастыру арқылы жеткізілді.
2023 жылы қоғамдық тыңдауларда талқылауға шығарылған барлық жобаларды мүдделі мемлекеттік органдар мен жұртшылық мақұлдады. Қоғамдық тыңдаулардың нәтижелері қоғамдық тыңдаулардың хаттамаларында көрсетілген. Қоғамдық тыңдауларда ұсынылған құжаттар пакеті және талқылау қорытындылары https://ecoportal.kz/ веб-сайтына жүктелген.
Қоғамдық тыңдауларға жергілікті атқарушы органдардың, мүдделі басқарушы органдардың, БАҚ, КПО компаниясының және оның мердігерлік жобалау ұйымдарының өкілдері қатысады. Тыңдау барысында қатысушылар КПО жоспарлаған жобалар, қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары туралы ақпарат алып, өз сұрақтарын қоя алады. Жұртшылықтың көбіне қойылатын сұрақтары жобаларды жүзеге асыру мерзімдері, шығарындылар көлемі және оларды азайту шаралары, қалдықтарды жою әдістері, және жұмыстар аяқталған соң топырақты қайта қалпына келтіру мәселелерімен байланысты. КПО және жобалау ұйымдарының өкілдері барлық қойылған сұрақтар бойынша толық ақпарат береді.