Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Жергілікті халықпен қарым-қатынас
- /
- Көшірілген тұрғындар мониторингі
- /
- Тәжірибелер үлгісі
Тәжірибелер үлгісі
Бұл бөлімде біз көшірілген тұрғындармен жасалған өзара қарым-қатынас тәжірибесінен бірнеше мысал келтірдік.
- Тәжірибе үлгісі №1
- Тәжірибе үлгісі №2
- Тәжірибе үлгісі №3
- Тәжірибе үлгісі №4
- Тәжірибе үлгісі №5
- Тәжірибе үлгісі №6
- Тәжірибе үлгісі №7
Тәжірибе үлгісі №1
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ № 1: | |
Жалпы ақпарат: | Қарашығанақ кен орны жаңа санитарлық қорғау аймағы шекарасында орналасқан Березов және Бестау ауылдары тұрғындарын көшіру 2015 және 2017 жылдары бірнеше кезең бойынша жүргізілді. Жалпы Ақсай қаласы мен оған іргелес жатқан жаңа Аралтал ықшам ауданына 460-тан астам отбасы көшірілген болатын. Төменде көшірілген отбасының жаңа жерге орналасу мен үйреншікті тұрмыс жағдайын қалпына келтірудің бір мысалы келтірілген. |
Нәтижесі: | Зейнеткер Иманмалик Душекеновтің отбасы ересек ұлы мен оның отбасымен бірге көшірудің бірінші кезеңінде, яғни 2015 жылдың аяғында Березов ауылынан Ақсай қаласына қоныс аударған еді.
Березов ауылдық мектебінде қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі қызметін атқарған оның қызы Гүлсін көшірудің екінші кезеңінде, яғни 2017 жылдың аяғында көшіп келген болатын. Гүлсін жаңа үйдің иесі атанып, Аралтал ауылдық мектебіне қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі ретінде жұмысқа тұрды.
Өтемақы беру шарттарына сәйкес ата-анасы ересек үйленген ұлымен немесе күйеуге шыққан қызымен бірге тұрып жатқан отбасылар бөлек баспана алуға құқылы болды. Осы шартқа сәйкес Иманмалик Душекеновтің ересек балалары Аралталда жеке баспанаға ие болды.
Иманмалик Душекеновтің ұлының үш баласы бар. Оның үлкен ұлы жұмыс жасайды, ал кішісі Аралтал ауылдық мектебінің 6 сынып оқушысы, қызы Айжан медициналық факультет түлегі. Айжан медициналық колледжді КПО стипендиялық бағдарламасы бойынша оқып шықты. Оқуы аяқталған соң Компания Айжанның аудандық емханаға жұмысқа орналасуына жәрдемдесті. Қазіргі таңда Айжан білімін Орынбор мемлекеттік медициналық университетінің үшінші курсында жалғастырып жатыр.
«КПО компаниясы болашағыма жол ашты. Мен оқу барысында басқа студенттермен салыстырғанда КПО-дан едәуір шәкіртақы алып отырдым», — дейді Айжан.
КПО қызметкерлерімен кездесу барысында Иманмалик Душекенов Компанияға оның отбасына көрсеткен көмегі, немересін оқытуда көрсеткен қолдауы мен Аралталдағы жаңа қоныстары үшін шексіз алғысын білдірді. |
Тәжірибе үлгісі №2
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ № 2: | |
Жалпы ақпарат / | Қарашығанақ кен орнына іргелес аумақтардың қоршаған ортасы мен экожүйесін қорғау мәселелерін КПО әрдайым басты назарда ұстайды. Компания өз өндірістік қызметін атқару барысында қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша азайтуға бағытталған жоғары стандарттарды ұстанады.
Бұрынғы Березов пен Бестау ауылдарынан тұрғындарды көшіру жобасын қадағалау шеңберінде КПО аталмыш тұрғындар үшін Бөрлі ауданы Ақсай қаласында салынған үйлер аулаларына терек отырғызуды шешті. |
Шешімі / қолға алынған шаралар: | 2020 жылдың қазан айында КПО-ның халықпен жұмыс жасау істеу бөлімінің өкілдері Батыс Қазақстан облысындағы бірнеше тәлімбақ пен орман шаруашылығына барған болатын. Сапар мақсаты түрлі жапырақты және жеміс ағаштарын өсіру және күтумен айналысатын шаруашылықтардың жұмысымен танысу, сондай-ақ көшірілген тұрғындарға салынған үй аумағында отырғызу үшін көшеттерді таңдау болды. |
Нәтижесі: | Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің қолдауымен 2020 жылғы 20 қазанда КПО қызметкерлері Бөрлі ауданы орман шаруашылығынан 10-ықшам аудандағы № 24 және № 25 үй аулаларына отырғызу үшін 150 шетен, бәйтерек және қара үйеңкі көшеттерін әкеліп берді. Көшеттер «Ақ-Қайың-2» пәтер иелерінің кооперативіне (ПИК) тапсырылды.
КПО халықпен жұмыс жасау бөлімі, Ақсай қаласы әкімі және пәтер иелері кооперативінің бірлесіп жасаған еңбегі ақталды. Тұрғындар үй аулаларын көгалдандыру бойынша орындалған жұмыстарды жоғары бағалады. Отырғызылған теректерге күтім жасау әр тұрғынның қоршаған ортаны қорғауға және экожүйені сақтауға қосқан жеке үлесі болмақ. |
Тәжірибе үлгісі №3
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ № 3 | |
Жалпы ақпарат /мәселенің қысқаша сипаттамасы: | Березов ауылының тұрғындарын көшіргеннен кейінгі мониторинг шеңберінде Компанияға жергілікті халықтан Березов ауылындағы Ұлы Отан соғысы жауынгеріне арнап қойылған ескерткішті Бөрлі ауданы Ақсай қаласына көшіруге қолдау көрсету туралы өтініш түсті. |
Мақсаты: | Березов ауылынан көшірілген тұрғындар мен болашақ ұрпақтың тарихи ескерткішін сақтап қалу |
Шешімі / қолға алынған шаралар: | КПО ескерткішті толығымен қалпына келтіру және оны жаңа орынға көшіру үшін қаражат бөлді. Ескерткішті және Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Березов ауылында өмір сүрген Ұлы Отан соғысына қатысқан 70 жауынгер есімдері жазылған тұғырды қалпына келтіру жұмысы Орал қаласындағы Халықаралық дизайнерлер ассоциациясының мүшесі Волкогонов Дмитрийдің басшылығымен және тікелей қатысуымен орындалды.
Ескерткіштің орнатылатын орнын Березов ауылынан көшіп келген тұрғындардан құрылған ынталы топ, Ақсай қаласы әкімдігі өкілдері және КПО қызметкерлері таңдады. Ескерткішті Березов ауылынан көшіп келген балалар оқып жүрген Аралтал ықшам ауданындағы мектеп маңайына орнату туралы шешім қабылданды, осы жерде жақын арада жергілікті тұрғындардың демалуына арналған саябақ құрылысы да жоспарлануда. 2020 жылғы 9 мамыр күні тойланатын Ұлы Отан соғысының 75 жылдық мерейтойы қарсаңында көшірілген Ұлы Отан соғысы жауынгеріне арнап қойылған жаңартылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бұл ескерткіш Березов ауылынан көшіп келген тұрғындар үшін кездесу орны болады. |
Нәтижесі: | 2019 жылғы 11 қыркүйекте оздырылған ескерткіштің ашылу салтанатына жергілікті билік органдары, жергілікті тұрғындар мен БАҚ өкілдері қатысты. Ескерткіштің ашылуы кезінде КПО-ның жергілікті халықпен жұмыс жасау жөніндегі бөлім бастығы Зульфия Музафарова: «Әлеуметтік жауапты қызмет ететін компания ретінде КПО халықтың мәдени-тарихи мұраларын сақтауға бағытталған „Рухани жаңғыру“ мемлекеттік бағдарламасына қолдау көрсетеді», — деп атап айтты. |
Тәжірибе үлгісі №4
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ №4: | |
Жалпы ақпарат /мәселенің қысқаша сипаттамасы: | Березов және Бестау ауылдарынан көшірілген әлеуметтік қорғалмаған топ мүшелерін мониторинг жүргізу аясында КПО-ның халықпен жұмыс істеу жөніндегі маманы тұрғындармен жеке кездесулер, телефон соғу және олардың хаттарына жауап беру арқылы байланысып, қарым-қатынас жасайды. Аралтал ықшам ауданына жасаған сапарлардың бірінде КПО маманы кәрі жастағы жалғыз басты әйел адамның үй қақпасына апаратын жолды қар басып тастағанын байқаған. |
Мақсаты: | Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тұрғындар категориясын мониторинг жүргізу мақсаты – қиындық туындаған жағдайда сол қиындықты шешу үшін қажетті ақпарат жинау және жергілікті басқару органдарымен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оны шешуде қолдау көрсету. Мұндай шаралар тұрғындардың әрі қарай жаңа өмір жағдайларына бейімделуіне және Компанияның қатысуынсыз туындаған қиын мәселелерді шешуге көмектеседі. |
Шешімі / қолға алынған шаралар: | Жалғыз басты әйелге қар тазалауға көмек беру үшін КПО маманы қар басқан жолдың фотосуретін Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жіберді, кейін сол жерден өтінім жергілікті ұйымның еріктілеріне жіберілді. Еріктілер бірден іске кірісіп, келесі күні үй маңындағы жол қардан тазартылды. Еріктілердің жұмысы елеусіз қалмады: ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша марапаттау рәсімінде «Gold» еріктілер корпусындағы жастарға алғыс хаттары мен сыйлықтар табысталды. |
Нәтижесі: | Зейнеткер енді көмек қажет болған жағдайда кімге хабарласу керектігін біледі.. «Gold» еріктілер ұйымы зейнеткерді атаулы көмекті қажет ететін тұрғындар тізіміне қосып қойды. Сонымен қатар, жастар болашақта жұмыс жасауға ынталандыратын және басқа еріктілерге үлгі болатын сый-марапатқа ие болды. |
Тәжірибе үлгісі №5
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ № 5: | |
Жалпы ақпарат / Мәселенің қысқаша сипаттамасы: | Компания аудан тұрғындарымен тату көршілік қарым-қатынасты нығайту мақсатында оларға үнемі қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқаратын жұмыстары туралы хабарлап отырады. Сонымен қатар 2021 жылы Қарашығанақ кен орнына іргелес ауылдық округтерде орналасқан жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын байланысқа тарту міндеті қойылды.
2021 жылғы қараша айында КПО қызметкерлері Успен, Жаңаталап, Приурал және Жарсуат ауылдарының шәкірттері үшін экологиялық тақырыптар бойынша бірқатар сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. |
Шешімі / қолға алынған шаралар: | Сабақтардың тақырыптары өскелең ұрпақтың табиғи ресурстарды құрметтеу, «жасыл ойлауды» дамыту, саналы тұтыну және экологиялық жауапкершілікті тәрбиелеу және ол жөнінде хабарын арттыру мақсатында таңдалды.
Сабақтар экологиялық ойын түрінде өтті: сабақ барысында жаһандық климаттың өзгеруі, табиғи ресурстардың сарқылуы, планетадағы адамның экологиялық ізін азайту мәселелері талқыланды. Қалдықсыз өндіріс концепциясы саналы тұтынуды, бір рет қолданылатын пластик бұйымдарды пайдаланудан бас тартуды көздейді. Бір рет қолданылатын полиэтилен пакеттерден бас тартудың айқын мысалы ретінде барлық қатысушыларға екінші аяқ киімге арналған матадан тігілген сөмкелер үлестірілді. |
Нәтижесі: | Экологиялық сауатты мәдениетті адам санасында ерте жастан бастап қалыптастыру қажет. Осындай бастамалар арқылы КПО қоғамдағы өскелең буынның табиғатпен қарым-қатынас жасаудағы жаңа құндылықтарын меңгеруіне өз үлесін қосады. |
Тәжірибе үлгісі №6
ТӘЖІРИБЕДЕН № 6 МЫСАЛ: | |
Мәселенің мазмұны /
| Бөрлі ауданының жергілікті билігі бірнеше жылдан бері ауыл мектептері мен ауруханаларында жұмыс істейтін білікті мамандардың жетіспеушілігі мәселесін көтеріп келеді. Осы мәселені ескере отырып және «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес КПО 2010 жылдан бері Қарашығанақ кен орны айналасындағы 3 ауылдық округ, яғни Успен, Жарсуат пен Приурал мектептерінің түлектеріне арналған шәкіртақы бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бағдарламаның мақсаты ауылдық елді мекендерде тұратын әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп түлектеріне Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарында орта арнаулы және жоғары білім алуларына қаржылық қолдау көрсетіп, Бөрлі ауданын білім беру және денсаулық сақтау салаларында білікті мамандармен қамтамасыз ету. |
Шешімі / қолға алынған шаралар: | Аталған бағдарлама БҚО Бөрлі аудандық білім басқармасы мен жергілікті билік органдары тарапынан қолдау тауып, мақұлданып, студент, білім басқармасы, оқу орны және КПО арасындағы төртжақты келісімшарт негізінде жүзеге асырылып жүр. Бағдарлама шарттарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының орта және жоғары білім беру ұйымдарында оқу үшін, оған әлеуметтік осал отбасынан шыққан мектеп түлектері, ата-ана қамқорлығынсыз немесе бір ата-анамен қалған балалар қатыса алады. Бағдарламаның өзге талабы бойынша техникумда немесе ЖОО оқуын аяқтағаннан кейін екі жыл бойы Бөрлі ауданында мамандығы бойынша жұмыс істеп өтеу. Жоғарыда аталған үш ауылдық округтың әрқайсына төрт грант беріледі. КПО студенттердің оқуын, азық-түлік, жол жүру және т.б. жұмсалатын ай сайынғы шәкіртақы төлейді. Төменде бағдарламаны аяқтаған бірқатар түлектердің жетістікке жету оқиғалары берілген: Артур Кусумкулов, анасы дүниеден өткен соң апасының тәрбиесінде болды. 2010 жылы КПО Стипендиялық бағдарламасы туралы жарияланған кезде Артурдың Жарсуат орта мектебін тәмамдағаннан кейін әрі қарай білімін жалғастыруға мүмкіндігі пайда болды. 2014 жылы Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының дене шынықтыру және спорт факультетін тәмамдағаннан кейін Артур Равильевич өзі білім алған Жарсуат орта мектебінде үш жылдан аса дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. Өз мектебінде Артур педагогикалық тәжірибеден де өтті. Әріптестері Артурдың өз жұмысында оқытудың заманауи әдістерін қолданғанын, жұмысын ынтамен істеп, сонысымен ұжым мен шәкірттер арасында сыйлы болғанын атап өтті. Нуйкин Дмитрий, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің электрмен жабдықтау факультетін «Техник-электрик» мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін Дмитрий туған ауылы Жарсуатқа оралып, мамандығы бойынша КПО мердігер компаниясына жұмысқа орналасты. Колледжде оқып жүргенде Дмитрий ҚӨК (Қарашығанақ өңдеу кешені) бас шеберханасында, ГКДҚ-2-де және қосалқы станцияда өндірістік тәжірибеден өтті. Тәжірибе барысында Дмитрий тасымалды электр жабдығын тексеру, жөндеу және электр қозғалтқыштарын сынауға байланысты практикалық білім мен дағдыларды игерді. КПО-да өткен тәжірибесі туралы Дмитрийдің ойы келесідей: «Бұл тәжірибе маған кәсіби және әлеуметтік тұрғыдан ықпал етті. Жедел жөндеу бригадасында жұмыс істеп жүріп, мен өзімнің кәсіби өмірімде қолдана алатын баға жетпес тәжірибе алдым. Тағылымдамадан өту барысында маған қол ұшын созған барлық жандарға алғысым шексіз. Өз тәжірибесімен бөлісуге әзір болған кәсіби мамандармен жұмыс істегенімді мақтан тұтамын». Бұрынғы Березов ауылының тумасы Айжан Калиева анасы өмірден озғаннан кейін атасы Душекенов Малик ағаның қолында тәрбиеленіп, Батыс Қазақстан медициналық колледжін тәмамдағаннан кейін Ақсай қаласына оралды. Айжан Ақсай қаласындағы орталық аудандық емханасына жұмысқа тұрды. Жүктілікке байланысты демалыстан шыққаннан кейін Айжан жеке медициналық сақтандыру компаниясына ауысып, қазіргі таңда Орынбор мемлекеттік медициналық университетінің үшінші курсында сырттай оқып жатыр. Айжан тұрмыс құрған, екі баласы бар. КПО өкілімен кездескенде Айжанның атасы Душекенов Малик аға немересіне білім алуға көмектескені үшін КПО-ға әрдайым алғысын білдіріп жүреді. 2017 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін Нурмагамбетова Айдана Ақсай қаласына оралып, № 3 мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасап жүр. Айдана өз жұмысын жақсы көреді және оған жоғары педагогикалық білім алуға септігін тигізген КПО компаниясына алғысы шексіз. КПО стипендиялық бағдарламасы аз қамтылған отбасылардан шыққан жандарға білім алуға мүмкіндік береді, КПО-ның көмегінсіз бұл біз үшін мүмкін болмас еді. Анам мені жалғыз тәрбиелегендіктен, менің оқуымды төлеу біз үшін қиынға соғар еді. КПО стипендиялық бағдарламасымен оқып жүргенде біз, студенттер, компанияның бізге артқан үмітін ақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсініп жүрдік" — деді Айдана. 2017 жылы Сорокина Алена Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша тәмамдап, Приурал ауылындағы өзі білім алған мектепке педагог болып жұмыс тұрды. 2020 жылы Алена педагогтар арасында ұйымдастырылған аудандық байқауда 3 орынды алып, оған педагог-модератор сертификаты табысталды. Алена Александровна тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетіп, балалармен және ата-аналармен әлеуметтік педагог және психолог ретінде жұмыс істейді. Ол әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету үшін демеушілер мен кәсіпкерлерге жүгініп, Бөрлі ауданының қоғамдық қорларымен және ұйымдарымен тығыз байланыс орнатып жүр. Аленаның айтуынша: «КПО-ның стипендиялық бағдарламасы жоғары білім алуға зор мүмкіндік береді. Оқу бағасы тым қымбат, оған ата-анамның күші жетпес еді. Ал мен КПО көмегімен оқуымды аяқтап, қалаған жұмыс орнына тұрдым». Успен ауылының тұрғыны Искалиева Айданас бағдарламаға 2013 жылы қабылданды. Тоғызыншы сыныпты аяқтаған соң Айданас Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогикасы факультетіне оқуға түсті. 2017 жылы колледжді сәтті тәмамдаған Айданас сол жылы Успен ауылындағы өзі оқыған ауылдық мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасып, 2019 жылға дейін жұмыс істеді. Қазіргі таңда Айданас Успен ауылындағы балабақшада тәрбиеші және әдіскер болып жұмыс істейді. Айданастың бағдарламаға қатысуы туралы ойы келесідей: «Мен кішкентай кезімнен балаларды қатты жақсы көретінмін, және бастауыш сыныпта оқыған кезімнен мұғалім болуды армандайтынмын. КПО маған төрт жыл бойы қалаған мамандық бойынша білім алуға зор мүмкіндік сыйлады. Тәрбиеші болу балалардың дүниетанымын қалыптастыруға және оларды мектептегі оқу сияқты маңызды кезеңге дайындыққа қатысуға мүмкіндік беретіндіктен бұл жұмыс мені шабыттандырады. Еңбек жолымды туған мектебімнен бастағаныма қуаныштымын, әрі қарай туған ауылымның игілігі үшін өмір сүріп, еңбек етуді жоспарлап отырмын». 2021 жылы мектеп жасына дейінгі тәрбиешілер арасында ұйымдастырылған Батыс Қазақстан облыстық байқауында Айданас екінші орынды иеленді. |
Нәтижесі: | 2010 және 2021 жылдар аралығында жүзеге асырылған күннен бастап бағдарламаны Успен, Жарсуат, Приурал ауылдық округтері мен бұрынғы Березов ауылы мектептерінің 18 түлегі сәтті аяқтады. Қазіргі уақытта ауыл жастары жұмыс табу мақсатында қалаға кетіп, ал кейбіреулері мұнай саласында табыс іздеп жатқан кезде КПО-ның шәкіртақы бағдарламасы тұрғындардың білім алуына және олардың білімді мамандарға сұранысы жоғары ауылдарға оралуына көмектеседі. |
Тәжірибе үлгісі №7
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ № 7: ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ САҚТАУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ | |
Мәселенің мазмұны/қысқаша сипаттамасы: | Болашақта Қарашығанақ кен орнын әрі қарай дамыту мақсатында КПО компаниясы қолданыстағы өндірістік инфрақұрылымды кеңейтуді, жаңа нысандарды салуды, соның ішінде санитарлық қорғау аймағын абаттандыру шеңберінде теректер отырғызуды жоспарлап отыр. 2018-2026 жж. арналған санитарлық қорғау аймағын әрі қарай дамыту жоспарын жүзеге асыру мақсатында КПО ҚМГКК және СҚА аймағында тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін анықтау және зерттеу жұмыстарын жүргізуді қолдады. Зерттеу жұмыстары 2019 жылы жүргізілді. |
Мақсаты: |
|
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер: | Археологиялық зерттеулер тарихи объектілерді анықтау, олардың сипаттамаларын, нақты орналасқан жерлерін анықтау, оларды қорғау және / немесе зерттеу үшін ұсыныстар дайындау мақсатында жүргізілді. Жұмыстарды «Қазақстан қолданбалы экология агенттігі» ЖШС («ҚҚЭА» ЖШС) және «Археологиялық экспедиция» ЖШС жүргізді.Археологиялық барлау «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары негізінде жүргізілді және шартты түрде үш кезеңге бөлінді: Алғашқы кезең тарихи, ғылыми дереккөздермен және мемлекеттік тізілімдегі ескерткіштер жиынтығымен жұмысты, аймақтың топографиялық карталарын және ғарыштан алынған суреттерді зерттеуді қамтыды. Далалық жұмыстар кезеңі келесілерді қамтыды:
Соңғы кезеңде алынған деректерді камералдық өңдеу, тіркелген ТММ объектілерін талдау және оларға түсінік беру жұмыстары жүргізілді. Археологиялық барлау жұмыстары барысында 53 ТММ объектісі анықталып, құжатталды, оның ішінде:
Анықталған археологиялық ескерткіштердің негізгі бөлігі ерте темір дәуіріндегі жерлеу ескерткіштерімен ұсынылған және олар сармат тайпаларының шеңберіне, екі ескерткіш орта ғасырға және үшеуі этнографикалық кезеңге жатқызылды. |
Нәтижесі: | Зерттеу нәтижесінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің көпшілігі табиғи факторлардың әсерінен және жол салу, ағаш отырғызу және т.б. сияқты адамның іс-әрекеті салдарынан бұзылғаны анықталды. Сонымен қатар кен орнының заманауи инфрақұрылымы (жолдар, коммуникациялар және т.б.) техногендік әсер ету деңгейінің қосымша факторы болып табылады. Сондай-ақ 12 археология ескерткішіне қауіп төніп тұрғанын және олардың тарихи және мәдени әлеуетін сақтау мақсатында толық археологиялық зерттеу жүргізуге ұсынылғанын атап өткен жөн. Жалпы археологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша КПО компаниясы келесі іс-шараларды жүргізді:
|
Анықталған тарихи-мәдениет мұра нысандары мен жергілікті маңызы бар киелі ескерткіштердің орналасу карта-сызбасы
(үлкейту үшін суретке басыңыз)