Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Тәжірибе үлгілері
- /
- Экономикалық үлес
Тәжірибе үлгісі № 1
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ: ҰЙЫМДАСТЫРЫЛМАҒАН КӨЗДЕРДЕН ПАРНИКТІК ГАЗДАР ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІН ДАЙЫНДАУ | |
Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы: | 2015-2019 жылдар аралығындағы кезеңде ұйымдастырылмаған көздерден ПГ шығарындыларына мониторинг бойынша жүргізілген науқан нәтижелері негізінде ПГ (метан) нақты шығарындыларының көлемі газды өндіру, тасымалдау және сақтау нысандарында атмосфераға ПГ шығарындыларын есептеу жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес есептелген ПГ көлемінен әлдеқайда төмен (93% — ға) екені анықталды. ҚР Экологиялық Кодексінің 94-11 бабын және ҚР СТ МЕМСТ Р ИСО 14064-1-2010 Ережесін басшылыққа ала отырып, КПО мониторинг нәтижелерін пайдалануға және сол арқылы Қарашығанақ кен орнының нысандарында ұйымдастырылмаған шығарындылар көздерінен ПГ шығарындыларын есептеу кезінде белгісіздікті азайтуға мүмкіндік беретін өз әдістемесін дайындау туралы шешім қабылдады. |
Мақсаты: | Жеке әдістеме келесі мақсаттар үшін қажет:
|
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер: | Меншікті жинақталған материалдарды ескере отырып және EPA-453/R-95-017 басшылығының ережелері негізінде компанияның қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары ұйымдастырылмаған көздерден парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдістемесін әзірлеу және енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізді:
Жаңа әдістемені Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарашығанақ кен орнының өндірістік нысандарында парниктік газдар шығарындыларын түгендеу кезінде пайдалану үшін мақұлдады. |
Нәтижесі: |
|
Тәжірибе үлгісі № 2
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ: | |
| 2021 жылы КПО «Жасыл» кеңсе қағидаттарын енгізу бойынша жұмысын жалғастырды. «Жасыл» қағидаттарды іске асыру экологиялық мәдениетті қолдап, арттыруға, қызметкерлердің экологиялық мәселелердің маңыздылығын түсінуіне және қоршаған ортаға саналы түрде қамқорлық жасауына ықпал етеді.
Сонымен қатар, «Жасыл» кеңсе тұжырымдамасы қызметкерлерді волонтерлік жобаларға қатысуға және экологиялық әдеттерді дамытуға ынталандырады. |
Мақсаты: | «Жасыл кеңсе 2021» бағдарламасының міндеттері:
|
Жағдайдың шешімі / қолданылған әрекеттер: | 2021 жылы «КПО Жасыл кеңсесі» пилоттық жобасын іске асыру бойынша нысаналы топқа Орал қаласындағы «Құрманғазы» кеңсесі мен Ақсай қаласындағы «Қарашығанақ» бизнес орталығы кірді. Аталмыш кеңселерде кейіннен қайта өңдеуге тапсыру мақсатында пластикалық қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесі енгізілген болатын.
Бұл жоба түрлі тренингтерді өткізу және эко-еріктілер командасын құру арқылы іске қосылды. 2021 жылы Компанияның 200-ден астам қызметкері экологиялық тренингтен өтті, атап айтқанда:
Таңдалған кеңселердің экологиялық тиімділігін бақылау мақсатында төмендегідей көрсеткіштер анықталды:
|
Нәтижелері: | 2021 жылдың желтоқсан айында КПО компаниясы «Жасыл кеңсе — 2021» II Республикалық байқауының өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін номинациясында жеңімпазы атанды.
«Жасыл кеңсе 2021» байқауы «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясының бастамасымен, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің және ЕҚЫҰ бағдарламалық кеңсесінің қолдауымен өткізілді. Аталмыш сайыстың міндеттері экологиялық өмір салтын, «жасыл» және төмен көміртекті технологияларды насихаттау, қоршаған ортаға зиянсыздықты арттыру, озық тәжірибені және технологиялық шешімдерді тарату, сондай-ақ қоршаған ортаға тілектестік негізіндегі қарым-қатынасты қалыптастыру үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға жәрдемдесу болып табылады. Аталған байқауға 100-ден астам ұйым қатысты.
2022 жылы «Жасыл» кеңсе қағидаттарын енгізу бойынша жұмыстар компанияның басқа да кеңселерінде жалғасын таппақшы.
«Жасыл кеңсе» жобасы бірінші кезекте сәнді әлеуметтік тренд ғана емес, бұл — адамдар мен ұйымдар қызметінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту қажеттілігі. |
Тәжірибе үлгісі № 3
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ: БИОКОМПОСТ АЛУ МАҚСАТЫНДА ТАМАҚ ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕУ | |
Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы: | ҚР экологиялық заңнамасына сәйкес 2021 жылдан бастап тамақ қалдықтарын Полигондарда орналастыруға тыйым салынған. Бұған дейін тамақ қалдықтарын компания ҚТҚ бөлігі ретінде жалпы мақсаттағы пеште (ЖМП) жағуды жүргізген, бұл қалдықтарды басқарудың тиімді әдісі болып табылмайды. 2020-2021 жылдар ішінде Компания қайта өңдеу кәсіпорнын іздестірді. |
Мақсаты: | ҚР Экокодексінің талаптарына сәйкес келу мақсатында Қарашығанақ кен орнының тамақтану нысандарында түзілетін тамақ қалдықтарымен жұмыс істеудің неғұрлым тиімді тәсілдерін енгізу. |
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер: | 2020 жылы жұмыс көлемі жасалынды, сондай-ақ тамақ қалдықтарын қайта өңдеу үрдісіне қойылатын талаптар айқындалып, тендер өткізілді. Қайта өңдеу әдісі бойынша кәсіпорынға қойылатын маңызды талап — тамақ қалдықтарын биокомпосттау және пайдалы өнім алу — ауыл шаруашылығында және орман шаруашылығында топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру, сақтау және жақсарту үшін пайдаланылатын органикалық тыңайтқыштар ретінде қолдану үшін биокомпост алу болды.
2021 жылы КПО тамақ қалдықтарын өңдейтін кәсіпорыyмен келісім-шарт жасасты. 2021 жылғы маусым — желтоқсан айлары аралығында компания кен орнының тамақтану нысандарыннан 129 тонна тамақ қалдықтарын өңдеуге жіберді. Аталмыш келісімді одан әрі іске асыру алдағы Есептерде ұсынылатын болады. |
Тәжірибе үлгісі № 4
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ: БАҚЫЛАУШЫ ОРГАНДАРҒА АУА САПАСЫ МОНИТОРИНГІ МӘЛІМЕТТЕРІН ЖІБЕРУДІҢ ОНЛАЙН ЖҮЙЕСІ | |
Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы: | «Экомонитор» порталы — «Казгидромет» РММ Березовка ауылындағы атмосфералық ауа сапасы жағдайы туралы ақпаратты жедел түрде алуы және тұрғындардан шағым тускен жағдайда уақытылы шешім қабылдауы мақсатында «КПО Б.В. ЭМС экологиялық ақпараттық бекетін құру» жобасы аясында 2013 жылы Компаниямен дайындалған атмосфералық ауа сапасы мониторингі мәліметтерін жіберудің онлайн жүйесі. |
Мақсаты: |
|
Келешек әрекеттер: | 2013 жылы КПО «Экомонитор» порталын дайындады. Оның көмегімен Батыс Қазақстан облысының «Казгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесіне Березовка ауылында орналасқан ЭМС-013 және ЭМС-014 екі экологиялық мониторинг станциясынан атмосфералық ауа сапасы мониторингі мәліметтерін онлайн режимде алуға рұқсат берілді.
2018 жылғы маусымда КПО ҚМГКК СҚА және Қарашығанақ кен орны аймағында орнатылған 18 автоматты ЭМС атмосфералық ауа сапасы туралы мәліметтерді Батыс Қазақстан облысының экология бөліміне онлайн жіберуді қамтамасыз етті.
2020 жылы корпоративті географиялық ақпараттық жүйені (ГАЖ) дамыту аясында, КПО «Экомонитор» порталын келесі артықшылықтары бар функциялармен жаңартты:
2020 жылдың желтоқсанында КПО мамандары «Экомонитордың» жаңа нұсқасының тұсаукесерін және БҚО Экология департаментінің қызметкерлеріне арналған порталмен жұмыс бойынша оқыту тренингін өткізді. Сондай-ақ, сәйкестендіру деректерін жүйенің белгіленген жауапты пайдаланушыларына беру жүзеге асырылды. |
Нәтижесі: | Осы жобаны іске асыру нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік реттеуші органдары нақты уақыт режимінде Компанияның экологиялық мониторингінің автоматты станцияларынан атмосфералық ауаның жай-күйі туралы мәліметтерге қол жеткізді.
Мониторингтік мәліметтерді мемлекеттік органдарға онлайн режимінде беру жүйесі Компанияның өзінің еңбекті қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық міндеттемелерін орындауына ықпал етеді, оның ішінде:
Автоматтандырылған бақылау жүйелерін енгізу қажеттілігі жазылған Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінің талаптарын ескере отырып, КПО-ның ҚМГКК әсер ету аймағында атмосфералық ауа сапасына бақылау жүйесін құру және оны әрі қарай деректерді мемлекеттік бақылаушы органдарға беру туралы шешімі өз уақытынан озып қабылданғанын көрсетіп отыр. |