ҚазРусEng

Тұрақты даму

Қарашығанақ кен орнының СҚА шекарасындағы атмосфералық ауа сапасын бақылау

ЭМС арқылы үздіксіз ауаны бақылаумен қатар, аккредиттелген мердігерлік зертхана атмосфералық ауа сынамаларын ҚМГКК СҚА шекарасындағы 8 нүктеден (8 румб бойынша) алады. СҚА шекарасында сынамалар бағыттық бекеттерде1 әр күн сайын келесі жиілікпен алынады:

 

  • С, Ш, О, Б сынама алу нүктелерінде — күніне 4 рет;
  • СШ, ОШ, ОБ, СБ — күніне 1 рет.

 

2023 жылы атмосфералық ауаның 44 мың сынамасы алынды, олар ЭМС станцияларымен өлшенетін компоненттердің құрамына талданды: (H2S) күкірт сутегі, (SO2) күкірт диоксиді, (NO2) азот диоксиді, (CO) көміртек оксиді. Оған қоса ауа сынамалары метан (СН4) және метилмеркаптанға (СH3SH) талданады.

 

2023 жылы ҚМГКК СҚА шекарасындағы 8 бақылау бағыттық бекеттерде атмосфералық ауада бақыланатын компоненттердің РШШ-нан асып кету жағдайлары тіркелген жоқ.

 

2023 жылы СҚА шекарасының атмосфералық ауасында бақыланатын орташа жылдық шоғырланулар төмендегі кестеде келтірілген. «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы 8 нүкте бойынша бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді.

 

2023 жылы СҚА шекарасындағы атмосфералық ауада бағыттық бекеттерде тіркелген бақыланатын компоненттер шоғырлануының жылдық орташа мәндері

 

Бақыланатын компоненттер

Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3

ШРК б.м., мг/м3

ШРК-дан асып кету

H2S

0,002

0,008

жоқ

SO2

0,003 — 0,004

0,5

жоқ

NO2

0,024-ден 0,025-ға дейін

0,2

жоқ

CO

0,446 — 0,450

5,0

жоқ

СH3SH

анықталмады

0,006

жоқ

СН4

1,093-ден 1,165-ға дейін

502

жоқ

 

1Бағыттық бекет — тасымалданатын жабдықтың көмегі арқылы өткізілетін, тіркелген аймақтарда ауа сынамаларын бақылау кезінде жүйелі түрде алу үшін арналған бекет.

 

2Әсер етудің белгіленген болжамды қауіпсіз деңгейі. Метан үшін РШШ белгіленбеген