ҚазРусEng

Мұнай-газ өндіру және сату

Қарашығанақ кен орнында мұнай-газ өндіру және өңдеу үш технологиялық қондырғыда жүргізіледі және біздің өнім  үш негізгі бағыт арқылы экспортталады. Бұл мұнай мен газды экспорттау кезінде нарықтық жағдаяттың өзгеруіне КПО-ның анағұрлым икемді әрекет жасауына мүмкіндік береді.

Кен орнын игеру кезінде компания ең озық, ал кейбір жағдайларда инновациялық технологияларды қолданады. Мәселен, шикі газды жоғары қысыммен қабатқа кері айдау инновациялық сызбасы алғаш рет дәл осы Қарашығанақта әзірленген және қолданылған. Бұл сызба көмірсутек өндіру көлемін ұлғайту бойынша өзінің жоғары тиімділігін дәлелдеп, республика үшін экономикалық тиімді болып шықты. Бұдан басқа, КПО Қазақстандағы ең терең және технологиялық күрделі ұңғымаларды, оның ішінде ең терең көп оқпанды ұңғымаларды да бұрғылады.

Бәсекеге қабілетті энегрияны әлемдік нарықтарға жеткізу

Бастапқыда өнімнің барлығы Ресейге сатылған болатын, бірақ 2004 жылғы маусымнан бастап, сұйық көмірсутектердің көп бөлігі батыс нарықтарына экспортталады - қазіргі уақытта бұл шикі мұнайдың шамамен 80 пайызын құрайды.  Тұрақсыз конденсат түріндегі қалған көлем және шикі газ Ресейге жеткізіліп келсе, тұрақсыз конденсаттың бір бөлігі және құрғақ газдың барлығы ішкі нарықта өткізіледі. 

Мұнай, негізінен, Қара теңіздегі «Оңтүстік Озереевка» портына апаратын КҚК құбыры арқылы  экспортталады. Мұнай өткізудің тағы бір бағыты - Приморск портына және бірқатар еуропалық бағыттарға жол ашатын ресейлік «Транснефть» компаниясының тасымалдау жүйесімен жалғасқан «Атырау-Самара» құбыржолы. Экспорттық жолдардың сипаттамасы «Экспорттық бағыттар» парағында ұсынылған.