ҚазРусEng

Тұрақты даму

Жергілікті халықпен қарым-қатынас

КПО-ның жұмысты жүргізу әдісі жергілікті халықпен өзара әрекеттесуді жақсарту және қоғамды дамытуға мүмкіндіктер жасау арқылы өз қызметінің теріс әсерін болдырмау немесе барынша азайтуға және компанияның жергілікті тұрғындарына тигізетін пайдасын барынша арттыруға бағытталған.

Компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы саясаттары, процедуралары мен стандарттары Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК) қызметтер стандарттарына негізделген. КПО-ның мүдделі тараптармен қарым-қатынас процедурасы, мәжбүрлі көшіру процедурасы, жергілікті халықтың шағымдар мен ұсыныстарын басқару процедурасы ХҚК стандарттарына негізделіп жасалған. Әлеуметтік іс-шараларымызда Компания қызмет жасап жатқан аймақтағы барлық жергілікті халықтың мүддесін ескеруге тырысқанымызбен, біз Қарашығанақ кен орнына іргелес орналасқан елді мекендерге ерекше көңіл бөлеміз.

Жыл сайын КПО жергілікті қоғамдастық мүдделері мен оларға төнуі ықтимал әлеуметтік қауіп-қатерлерді ескере отырып, жергілікті қауымдастықтың басты бағыттарын дамытуға арналған әлеуметтік бағдарлы жобалар жоспарын дайындап, оны қабылдап, сол жоспар бойынша жұмыстанады.

Жергілікті халықпен кеңестер мен жиналыстар өткізу КПО-ның әлеуметтік саладағы қызметінің негізі болып табылады. Бұл үшін ресми кеңесші органдар жиналыстары, яғни консультативтік кеңестерден бастап, жергілікті билік органдары өкілдерінің, коммерциялық емес ұйымдар мен басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен қоғамдық тыңдауларға және жұмыс кездесулерге дейін әртүрлі механизмдер қолданылады.

КПО жергілікті билік органдарының іске асырып жатқан шараларына қосымша Қарашығанақ кен орнына іргелес елді мекендердегі жергілікті халықтың тұрмыс жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге тырысып келеді. КПО бөлетін қаржыға жергілікті халықты дамытуға бағытталған жобалар туралы ұсыныстарды консультативтік кеңестер арқылы жергілікті халық өзі ұсынады, ал КПО халық қажеттіліктеріне, техникалық мүмкіндіктерге және бөлінген бюджетке сәйкес ол ұсыныстарды бағалап, есептейді.

КПО қызметінің жергілікті халыққа тигізетін келеңсіз әсерін азайту мақсатында КПО-да жақын елді мекендер тұрғындарының шағымдарын қарастыру механизмі енгізілген.

Қоғамдық тыңдаулар жергілікті биліктің атқарушы және өкілетті органдарымен, яғни Бөрлі ауданы Мәслихатымен және Әкімдігімен бірлесіп өткізіледі. Жергілікті халыққа ықпал етуі мүмкін табиғатты қорғау шаралары мен құрылыс жобаларын Бөрлі ауданының жергілікті тұрғындарымен және жұртшылығымен талқылау мақсатында КПО 2012 жылдан бері Ақсай қаласында жыл сайын қоғамдық тыңдаулар өткізіп келеді.