Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Биотүрлілікті сақтау
Биотүрлілікті сақтау GRI 304-1
КПО өз өндірістік қызметін биотүрлілікке және экожүйелерге барынша аз әсер тигізу міндеттемесіне сәйкес жүргізіп келеді. Сондай-ақ, Компания өз қызметінің аумағында биотүрлілікті зерттеу бойынша жұмыстарды жүргізуге жауапкершілікті өзіне алған.
Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны Қазақстанның солтүстік батысындағы құрғақ далалық аймақта орналасқан және 280 км2-ден астам аумақты алып жатыр. КПО компаниясы өз қызметін шектелген ғана аумақта жүргізіп келеді, себебі жерді пайдалану бойынша ресми құқық өнеркәсіптік нысандардың, құбыр желілерінің және кен орны жолдардың астындағы жерлерге ғана рәсімделген. КПО нысандарының айналасындағы жерлер үшінші жақтың бірқатар өкілдерінің меншігі болып табылады да, олармен ғана басқарылады.
Қарашығанақ кен орнында өндірілген тұрақтандырылған сұйық көмірсутектерді тасымалдау үшін 2004 жылы Қарашығанақ-Атырау (ҚАТЖ) экспорттық құбыржолы пайдалануға берілген. Бұл тереңдетілген құбыржолдың жалпы ұзындығы 635,5 км, диаметрі 24 дюйм, ол солтүстіктен оңтүстікке қарай Қарашығанақ өңдеу кешенінен (ҚӨК), Каспий теңізі жанындағы Атырау қ. дейін созылып жатыр. Екі сорғы станциясы ҚӨК мен Үлкен Шаған ауылында, және өнімді қабылдау мен сақтаудың тағы бір объектісі Атырауда орналасқан.
ҚАТЖ Батыс өңірінде орналасқан Жайық өзенін, бірқатар шағын өзендерді (Утва, Қараоба, Барбастау, Песчаная, Солянка, Бағырлай), Көшім және Сокорский каналдарын, сондай-ақ көптеген шағын суару каналдарын кесіп өтеді.
KPO-AL-SEC-PRO-00001-K «ҚМГКК жоғары бақылау аймағы» процедурасына сәйкес ҚМГКК аумағында аң аулау мен балық аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынған.
«Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспары» — экожүйелер бұзылуының және биотүрлілік қысқаруының алдын алу шараларының бірі. Аталмыш жоспар қоршаған ортаға тиетін іс-әрекеттердің және ықтимал әсердің қауптерін бағалауға негізделген және 1.3.1.47 ESHIA стандартында және IPIECA/IOGP қауымдастықтарының «Мұнай-газ өнеркәсібі үшін биотүрлілікті сақтау шаралары бойынша нұсқаулығында» көзделген әдістемеге сәйкес әзірленеді.
- ҚМГКК негізгі экожүйелері GRI 304-1
- ҚМГКК аумағында тіркелген флора мен фаунаның маңызды түрлері GRI 304-4
ҚМГКК негізгі экожүйелері <sup>GRI 304-1</sup>
ҚМГКК негізгі экожүйелеріне үш үлкен топ кіреді: ауылшаруашылық, дала және су және жағалау. Ал кен орнының қалған бөлігін жолдар, өндірістік нысандар, инфрақұрылым тәрізді техногендік аймақтар алып жатыр.
Ауыл шаруашылығы экожүйесі | Ауылшаруашылық және тыңайған жерлер — ҚМГКК және оған іргелес аумақтардағы экожүйелердің басым түрі. Оған дәнді дақылдар егілетін қарқынды өңделетін егіс пен тыңайған алқаптар жатады.
Тыңайған жерлер табиғи өсімдік жамылғысының арамшөптіден жусанды және дала қауымдастығына дейін қайта қалпына келуінің әртүрлі кезеңдерімен сипатталады. Табиғи дала өсімдіктерін қалпына келтірудің болжамды кезеңі шамамен 25-30 жылға созылады. |
Далалық экожүйе | Дала — ҚМГКК аумағының табиғи жағдайын сипаттайтын негізгі екі экожүйенің (далалық және жағалау) бірі. Қазіргі таңда далалық экожүйелердің таралымы әртекті, негізінде сайлар мен өзен аңғарларына, яғни жері жыртылмаған аймақтарға ыңғайластырылған.
Өсімдіктер қауымдастықтары өте бай флористикалық жиынтыққа ие және көптеген жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасы болып табылады. Дала экожүйелерінде үнемі және уақытша мекендейтін орнитофаунаның едәуір әртүрлілігі байқалады.
Дала экожүйелерінің халықаралық деңгейде қысқаруына байланысты ҚМГКК аймағындағы тіпті кішігірім далалық жерлердің де табиғатты қорғаудағы маңызы зор. |
Су және жағалау экожүйелері | ҚМГКК аймағы Елек және Утва өзендері арасында ағып жатқан Березовка өзенінің алабында орналасқан.
Қоншыбай жырасын сумен екі негізгі саласы қамтамасыз етеді, олардың ішіндегі ең ірісі — Калминовка.
Жағалаудағы экожүйелер өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің, соның ішінде сирек кездесетіндердің мекендейтін орны болып табылады. |
ҚМГКК аумағында тіркелген флора мен фаунаның маңызды түрлері <sup>GRI 304-4</sup>
ҚМГКК аумағында фауна мен флораның көптеген түрлері, оның ішінде Қазақстандағы Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл кітабына енгізілген түрлер, сондай-ақ ҚМГКК сирек кездесетін түрлер мекендейді. КПО үшін осы аймақтағы жұмыстарды жоспарлау және орындау кезінде осы түрлердің болуын ескеру қажет. Дегенмен, осы түрлердің болуы немесе олардың санының өзгеруі бойынша компанияның қоршаған ортаны қорғауға бағытталған әрекет-шаралары туралы пайымдау орынсыз болар еді, себебі олардың популяциясы КПО қызметіне тікелей байланысы жоқ түрлі жаһандық немесе жергілікті деңгейдегі себептерден де өзгеруі мүмкін. Осы түрлер санындағы кез-келген өзгерістерді түрлер популяциясының даму қарқынының кең контекстінде қарастыру қажет. КПО, өз кезегінде, өндірістк қызметін белгілі түрлердің көбеюіне тікелей немесе жанама әсер тигізбейтіндей ұйымдастыруға тырысады. 2011 жылдан бері Қарашығанақ аймағындағы жауарлар мен өсімдіктер әлеміне компанияның тұрақты бақылау жүргізуі барысында флора мен фауна өкілдерінің мекендеу ортасына КПО кызметінің қандай да бір кері ықпалы айқындалмады.
2021 жылы негізгі түрлердің санын бақылау аясында өзен құндызы (Castor fiber) түрінің саны мен мекендейтін жерлеріне мониторинг жүргізілді. 2021 жылдың көктемінде алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда құндыздар қоныстарының саны азайды.
Қысқаруына қарамастан, көктемгі кезеңде құндыздардың саны облыстың қоршаған аумағымен салыстырғанда анағұрлым жоғары болып қалуда. 2021 жылы көктемде де, күзде де құндыздарды бақылау кезінде көптеген су қоймаларында су деңгейі өте төмен болды, кейбір тоғандар кеуіп кетті, бұл құндыздардың тіршілік ету жағдайлары мен санына әсер етті. Көп бөлігі зерттеу аумағына кірмейтін Березовка өзеніндегі кең су қоймасына құндыздардың қоныс аудару ықтималдығы басым.
КПО ҚМГКК аумағында тіршілік ететін құндыздардың популяциясына бақылау жүргізуді жалғастырады.
1990 жылдан 2020 жылға дейінгі зерттеу кезеңінде ҚМГКК-де тіркелген экожүйе үшін маңызды болып табылатын негізгі маңызды түрлер төмендегі кестеде келтірілген. Осы түрлердің барлығы Қарашығанақ кен орны аймағынан тыс жерлерде де кездесуі мүмкін.
№ | Түрлері | ХТҚО бойынша санаты | Қазақстанның Қызыл кітабы | Жергілікті деңгейдегі сирек түрлер (Қарашығанақ кен орнында) | Тіркелген жылы |
Гүлдейтін өсімдік | |||||
1 | Андржеевский қалампыры (Dianthus andrzejowski) | — | ҚҚК II | √ | 2008, 2010, 2015, 2016, 2019 |
2 | Биберштейн қызғалдағы (Tulipa biebersteiniana) | — | ҚҚК III | √ | 2007, 2008, 2010, 2013, 2015, 2016, 2019 |
3 | Ашық кестежусан (Pulsatilla patens) | — | ҚҚК II | √ | 2010, 2015, 2016 |
4 | Шілмұрт (Fritillaria ruthenica) | — | ҚҚК II | √ | 2010 , 2013 , 2015 , 2016 |
5 | Шренк қызғалдағы (Tulipa shrenkii) | — | ҚҚК III | √ | 2007, 2008, 2010, 2013, 2015, 2016, 2019 |
6 | Түкті жанаргүл (Adonis villosa) | — | ҚҚК II | √ | 2016 |
7 | Көктемдік жанаргүл (Adonis vernalis) | — | ҚҚК II | √ | 2016, 2019 |
8 | Фишер құссүттігені
| — | ҚҚК III | √ | 2013, 2016, 2019 |
9 | Шатыраш сепкілгүл (Fritillaria meleagris) | — | — | √ | 2016 |
Құстар | |||||
10 | Ақбас тырна (Anthropoides virgo) | ЖҚТ | ҚҚК V | √ | 1990, 1991, 2003, 2004, 2005, 2008, 2010, 2015, 2016, 2018, 2021 |
11 | Кәдімгі үкі (Bubo bubo) | ЖҚТ | ҚҚК II | — | 1991, 2016, 2021 |
12 | Қарақұс (Aquila heliaca) | Ә | ҚҚК III | √ | 2002, 2003, 2010 |
13 | Кәдімгі көкқарға (Coracias garrulus) | ҚҚ | — | √ | 2001, 2010, 2021 |
14 | Дала күйкентайы (Falco naumanni) | ЖҚТ | — | √ | 2004, 2015 |
15 | Безгелдек (Tetrax tetrax) | ҚҚ | ҚҚК II | √ | 1990-1991, 2002, 2004, 2008, 2010, 2015, 2018, 2021 |
16 | Сыбырлауық аққу (Cygnus olor) | ЖҚТ | — | √ | 2003, 2004, 2008, 2010, 2013, 2015, 2016, 2018, 2021 |
17 | Балықшы тұйғын (Pandion haliaetus) | ЖҚТ | ҚҚК I | — | 1990 |
18 | Дала құладыны (Circus macrourus) | ҚҚ | — | √ | 2002, 2003, 2004, 2005, 2018, 2021 |
19 | Бөктергі (Falco vespertinus) | ҚҚ | — | √ | 2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2008, 2010, 2015, 2016, 2018, 2021 |
20 | Дала қыраны (Aquila nipalensis) | ЖҚТ | ҚҚК V | — | 2002, 2008, 2010, 2015, 2021 |
21 | Аққұйрық субүркіт (Haliaeetus albicilla) | ЖҚТ | ҚҚК II | √ | 2004, 2008, 2010, 2015, 2016, 2018, 2021 |
Сүтқоректілер | |||||
22 | Құндыз (Castor fiber) | ЖҚТ | — | — | 2003, 2005, 2008, 2010, 2012, 2015, 2016, 2018, 2021 |
23 | Су тышқан (Desman moschata) | Ә | ҚҚК II | √ | - |
24 | Орман сусарысы (Martes martes) | ЖҚТ | ҚҚК IIІ | √ | - |
25 | Қаракүзен (Mustela lutreola) | ҚҚ | ҚҚК I | √ | - |
Бауырымен жорғалаушылар | |||||
26 | Дала сұр жылан (Vipera ursini renardii) | Ә | — | √ | 2001, 2002, 2003, 2008, 2010, 2016 |
Жәндіктер | |||||
27 | Әмірші инелік (Anax imperator) | Ә | ҚҚК II | √ | 2010 |
28 | Қысқа қанатты боливария (дәуіт) (Bolivaria brachyptera) | Ә | ҚҚК II | √ | 2010, 2020 |
29 | Далалық сколия (Scolia hirta) | Ә | ҚҚК II | √ | 2020 |
ҚАТЖ аумағында тіркелген маңызды флора мен фауна түрлері GRI 304-4
2023 жылы Қарашығанақ-Атырау мұнай құбыржолы бойында және оған іргелес аумақта орналасқан флораны фондық зерттеулер мен өсімдік сынамаларын алу бойынша зерттеу нәтижесінде төмендегі кестеде берілген негізгі флора түрлері тіркелді.
2023 жылы БҚО шекарасында ҚАТЖ құбыржолы бойында тіркелген экожүйе үшін маңызды негізгі түрлер.
№ | Түрлер | Халықаралық табиғат қорғау одағы бойынша санаты | Қазақстанның Қызыл кітабы | Жергілікті деңгейдегі сирек түрлер (Қарашығанақ кен орнында) | Тіркелген жылдары |
Гүлдейтін өсімдік | |||||
1 | Андржеевский қалампыры (Dianthus andrzejowski) | ЕТҚ | ҚҚК II | √ | 2023 |
2 | Биберштейн қызғалдағы | ЕТҚ | ҚҚК III | √ | 2023 |
3 | Шренк қызғалдағы | ЕТҚ | ҚҚК III | √ | 2023 |
4 | Шілмұрт | ЕТҚ | - | √ | 2023 |
5 | Фишер құссүттігені (Ornithogalum fischerianum) | ЕТҚ | ҚҚК III | √ | 2023 |
6 | Ақ тұңғиық (Nymphaea alba) | ЕТҚ | ҚҚК II | √ | 2023 |
Кестеде келесі санаттар қолданылады:
- ҚҚ: Құрып кету қаупi төнген түрлер — бұл Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО) критерийлері бойынша құлдырауы ең жоғары қатерлі санатына кіру шегіне жақындап қалған түрлер.
- Ә: Әлсіз түрлер — жабайы табиғатта жойылып кетудің жоғары қаупі бар түрлері.
- ЖҚТ: Жоғалып кету қаупі ең төмен түрлер — ХТҚО санаты бойынша «Жойылу қаупіне таянған», «Құрып кету қаупi төнген», «Әлсіз» немесе «Қауіп төніп тұрған» түрлерге кірмейтін түрлер. Бұл санатқа кең таралған және сан алуан таксондар (бұл топтағы түрлер халықаралық деңгейде сирек кездесетін түрлер қатарына қосылмаған) да енгізілген.
- ҚҚК: Қазақстанның қызыл кітабы — Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабында» жалпы ұлттық деңгейде сирек деп танылған түрлер, римдік нөмірлер сирек кездесетін әртүрлі санаттарды көрсетеді: I санат — ең сирек кездесетін түрлері, және V санат — сиректігі төмен.