Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Жергілікті халықпен қарым-қатынас
- /
- Консультативтік кеңестер
Консультативтік кеңестер
Кездесулер мен консультациялар КПО-ның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қызметінің негізі болып табылады. Консультативтік кеңестер форматындағы жергілікті халықпен жүргізіліп жатқан диалог КПО-ға жергілікті халықтың сұрақтарына жауап беруге, ұсыныстары мен бастамаларын талқылауға, сондай-ақ олардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Консультативтік кеңестер КПО-ның ауылдық жерлердегі әлеуметтік инвестицияларының басты бағыттарын анықтауға көмектеседі. Бұл органдар 2005 жылдан бастап Бөрлі ауданы әкімдігі, аудан мәслихаты мен КПО компаниясы арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум шарттарына сәйкес жұмыс жасап келеді.
2023 ж. Приурал, Жарсуат және Успен ауылдық округтерінде Консультативтік кеңестің 14 отырысы өткізілді. Кездесулер барысында жергілікті тұрғындар КПО-ның 2022 жылға арналған жергілікті қауымдастықтарды дамытуға көмек көрсету бағдарламасы туралы, компанияның стипендиялық бағдарламасы бойынша Орал қ. университеттері мен колледждерінде білім алып жүрген ауылдық студенттердің жетістіктері жөнінде, сондай-ақ кен орнындағы экологиялық мониторинг туралы ақпарат алды.
2010-2023 жылдарда КПО стипендиялық бағдарлама барысында 20 жас жігіттер мен қыздар білім алып шықты.
Жергілікті халықты дамытуға жәрдемдесу бағдарламалары аясында КПО Бөрлі ауданы зейнеткерлеріне «Ақжайық» шипажайында демалуға 250 жолдама берді.
Сондай-ақ, 2023 жылы КПО қаржылай қолдауымен 74 бала Орал қаласындағы жазғы лагерде демалды. Жазғы лагерь бағдарламасы балаларға көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білуге, табиғатпен танысуға және жаңа достар табуға мүмкіндік беретін ойын-сауық, білім беру және спорттық іс-шаралар кешенін қамтиды.
Бұл бағдарламаны іске асырған жиырма жыл ішінде КПО жақын маңдағы елді мекендерден келген екі мың балаға демалыс ұсынды.