ҚазРусEng

Тұрақты даму

Тұрақты даму

КПО компаниясы өз қызметін тұрақты даму қағидаттарына сүйене отырып жүргізеді. Бұл ережелер — бизнесімізді жүргізудің айнымас бөлігі. Уәкілетті органдармен әріптестігіміз өзіміздің бизнес жоспарларымызды мемлекеттік мақсаттармен сәйкестендіруге және, мүмкіндігінше, республикадағы табиғи ресурстарды игеруді тұрақты ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

КПО-ның тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттері мына тұстарда шоғырланған:

 

  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы озық стандарттар;
  • корпоративтік басқару қағидаттарын қолдану;
  • өндірістік процестерге заманауи технологияларды енгізу;
  • кадрлардағы жерлікті қамтуды дамыту және арттыру, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда жергілікті қамту үлесін ұлғайту бойынша бағдарламаларды жетілдіру;
  • Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік инфрақұрылымын және экономикасын дамытуға инвестиция салу.

 

Тұрақты даму бойынша біздің міндеттеріміз КПО-ның тиісті Кодексінде белгіленген. БҰҰ тұрақты даму мақсаттарына Қазақстан Республикасының бейілділігіне сай, біз өз жетістіктерімізді өзіміздің тұрақты даму туралы кодексіміздің негізіне қаланған қағидаттар арқылы бағалаймыз.

 

КПО компаниясының тұрақты даму жөніндегі есептері — мүдделі тараптарымызбен арадағы сұхбаттың құралы. Бұл есептердің көмегімен біз оларды өзіміздің өндірістік жетістіктеріміз, даму бойынша ағымдағы және болашақ жобаларымыз туралы, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік қызмет саласындағы және экономикалық дамуға қосып жатқан үлесіміз бойынша жыл сайынғы көрсеткіштеріміз туралы ақпараттандырамыз.

 

КПО-ның 2023 жылғы ESG-есебі — нөмір тәртібі бойынша он алтыншы бейқаржылық есебі болып жарияланды. Бұл есеп Тұрақты даму саласындағы есептілік жөніндегі жаһандық бастаманың стандарттарына (GRI Standard) сәйкес дайындалды және құжатты дайындағанда 2021 жылғы GRI стандарттарының мұнай-газ секторына қатысты талаптары қолданылды. PwC Kazakhstan компаниясы есептегі негізгі деректерге шектеулі сенімділікті қамтитын GRI стандарттарының талаптарына сәйкестікті тәуелсіз тексеруден өткізді.

 

КПО компаниясының тұрақты даму саласында есеп беру үдерісі алғашқы басылымнан бері бірқатар сапалы өзгерістерден өтіп, ұзақ уақыт бойы жетілдіріліп келеді.

 

  • 2009 жылы КПО халықаралық стандарттарға сәйкес тәуелсіз тараппен расталған тұрақты даму туралы есебін Қазақстандағы бірінші компания болып жариялады.
  • 2014 жылы КПО Қазақстан аумағында Тұрақты даму саласындағы есептілік жөніндегі жаһандық бастаманың G4 нұсқаулығына сәйкес алғашқы есеп шығарған ізашар атанды.
  • 2018 жылы КПО «Азия елдері арасындағы тұрақты даму саласында есеп беру бойынша марапаттау — 2018» сайысында «Үздік экологиялық есеп» және «Лайықты еңбек шарттарын қамтамасыз ету бойынша үздік есеп» номинациялары бойынша финалға шықты.
  • КПО компаниясының 2011, 2015, 2016, 2017 және 2018 жылдар бойынша шығарған есептері «Эксперт Қазақстан» агенттіктің жылдық сайыстарында және ұлттық рейтінгтерінде тиісті марапат-құрметке ие болды.
  • 2019 жылдан бастап КПО PwC Kazakhstan рейтингінде ESG-ақпаратты ашып көрсету деңгейі бойынша қаржылық емес компаниялар арасында үздік ондықта келеді.
  • 2023 жылдың желтоқсанында КПО 2022 жылғы жылдық есептердің арасында PwC Kazakhstan компаниясы жасаған ESG-ақпаратты ашып көрсету деңгейі бойынша үздік 50 компания рейтингінің төртінші басылымында көшбасшылар тізіміне енді. КПО «ESG-ақпаратты ашып көрсету бойынша үздік тәжірибе» және «Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ең үздік ашып көрсеткен компания» номинациялары бойынша дипломдар иеленді.
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мәліметін бейқаржылық есептерде жариялағаны үшін 2017-2022 жылдары КПО Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) жасайтын Қазақстанның мұнай-газ компанияларының экологиялық ақпаратының ашықтығы рейтингінде көшбасшылар үштігінде болған.
  • КПО компаниясының он төрт есебі жарияланған ақпараттың растығы тұрғысынан аудиторлық компаниялармен тексерілді.

 

КПО компаниясының 2023 жылғы ESG-есебінің мазмұнына қатысты пікір қалдырғыңыз келсе, біздің sustainability@kpo.kz электронды поштамызға жазуыңызды немесе төмендегі қосымша бетте жүктелген кері байланыс нысанын толтыруыңызды сұраймыз.

 

    

Біздің мүдделі тараптарымыз

Бизнесімізде жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін мүдделі тараптардың пікірін ескеру маңызды екеніне біз сенімдіміз. Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл AA1000 стандартына сәйкес, мүдделі тараптар — бұл «өзара іс-қимыл тұрғысынан ұйымға өз қызметімен, өнімімен немесе қызметтерімен және олармен байланысты өнімділікпен ықпал ететін және/немесе ықпал ете алатын тұлға, тұлғалар тобы немесе ұйымдар».

 

Біз мүдделі тараптармен екіжақты байланыс жолымен жұмыс істейміз. Біздің мүдделі тараптарымыздың негізгі айқындалған топтары төменде көрсетілген. КПО өндірістік бөлімшелерінен бастап, корпоративтік бөлімшеге дейінгі барлық қызметтер өздерінің мүдделі тараптарымен түрлі жолдармен өзара әрекеттеседі.

 

 

                 

КПО-ның БҰҰ ТДМ мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі

ҚПО-ның 2023 жылғы "КПО-ның БҰҰ ТДМ қол жеткізуге қосқан үлесі" ESG-есебінің қосымшасы