Жеткізушілерге
- Басты бет
- /
- Жеткізушілерге
- /
- Келісімшарт жоспары
Келісімшарттық жоспар
Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында, қазақстандық қамтуды дамыту мен жергілікті өндірушілерді қолдау арқылы өндірістің өндірмейтін саласын дамытуға жол беретін жағдай жасау арқылы бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтердің өндірісін арттыру үшін, КПО компаниясы осы бөлімде тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алу бойынша жылдық және орташа мерзімді жоспарларын жариялайды.
Тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алу бойынша жылдық және орташа мерзімді жоспарлар КПО техникалық бөлімдерінің келісімшарттарды жасасулары бойынша жоспарларын да қамтиды. Осындай жоспарларды құру келісімшарттарды қажет мерзімде ұсынуға және КПО қызметтегі болашақ қажеттіліктеріне сәйкес келісімшарттарды жасасу бойынша жоспарларды ең тиімді жолмен біріктіруге мүмкіндік береді
Жер қойнауын пайдаланушымен құрылған тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алу бойынша Жылдық жоспар бір күнтізбелік жылға тауар, жұмыс және қызметтердің тізімдемесін, көлемін сонымен қатар ТЖҚ сатып алу жолдары мен мерзімдерін белгілейді.
Жер қойнауын пайдаланушымен дайындалған туар, жұмыс және қызметтерді сатып алу бойынша Орташа мерзімді жоспар бес жылға дейінгі мерзімге тауар, жұмыс және қызметтердің тізімдемесін, көлемін сонымен қатар ТЖҚ сатып алу жолдары мен мерзімдерін белгілейді.