Мансап
Табысты тәжірибе үлгісі
Жұмыскерлеріміздің пікірлері
КПО компаниясында 4 000 жуық қызметкер жұмыс жасайды. Біздің жұмыскерлеріміздің жан-жақты білімі, бай өндірістік тәжірибесі, шеберлігі мен дарыны КПО-да бәсекелестік рухы мен корпоративтік мәдениеттің айтарлықтай жақсаруына ықпал ететіндігіне сенімдіміз.
КПО қызметкерлерінің шынайы өмірімен танысыңыздар.
Төмендегі сілтемелермен өтіп, кейбір қызметкерлеріміздің жеке іс-тәжірибесімен таныс болыңыздар.
Ардақ Мұхамбетов
Ардақ Мұхамбетов «Корпоративтік ішкі байланыстар — тиімді жұмыс кепілі»
Кен орнын игерудің кәсіптік қызметінің басшысы
1. КПО компаниясында жұмыс істеуіңіздің басты себебі неде?
Қарашығанақ кен орнында мен 1994 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетін бітірген соң, ГКДҚ-3 нысанында оператор болып жұмысқа кірдім. Білім мен кәсіби дағдыларды үйренудің,өзімінің біліктілігімді жетілдірудің, мамандардан тәжірибе игерудің, сонымен қатар дамып келе жатқан Қарашығақ жобасының бөлігі болудың сарқылмайтын мүмкіндіктеріне тап болдым Осылайша компаниядағы 20 жылым жемісті әрі қызықты өтті, және мен осы жылдар бойы сүйікті кәсібімен айналасып келе жатқаныма қуаныштымын. Менің тәжірибем және білім қорым ұзақ уақыт бойы жаңа қызметкерлерді оқытуға және оларға тәлімгер болуға мүмкіндік беріп отыр, ал мінсіздікке жету және білімімді әрі қарай жетілдіру ықыласым күнделікті жұмысымды тиімді орындауға көмектеседі.
2. Ұйымдағы рөліңіз қандай?
Қарашығанақ жобасында оператор лауазымында өз жұмысымды бастадым, содан соң мастер қызметіне көшірілдім, одан кейін өндіру және ұңғымаларды пайдалану жөніндегі супервайзер лауазымына тағайындалдым. 2000 жылы Геология және кен орнын игеру бөлімінің инженер мұнайшы лауазымына ауысып, 2005 жылдан бастап кен орнын игерудің кәсіптік қызметінің басшысы болып тағайындалдым.
Қызметіміздің жұмысын орындау барысына компанияның барлық бөлімдері қатысады. Іс жүзінді біз кен орны қызметіне ықпал ететін маңызды шешімдерді күнде қабылдаймыз. Ұжымымдағы коммуникация рөлін жоғары бағалаймын және жұмыстың ажырамас бөлігі деп санаймын! Кез-келген ақпарат жасырылуы қауіпті салдарға әкеп соғуы мүмкін. Сындарлы кәсіби қарым-қатынас жұмысқа әрдайым оң ықпал етеді.
3. Сіздің қызметіңізді табысты орындау үшін Сізге қандай білім мен жұмыс саласының тәжірибесі қажет?
Менің ойымша, көп жағдайда ағылшын тілі мен кәсіби қарым-қатынас жасай білу табыс кепілі болып келеді. Қарашығанақ кен орны халықаралық ең үздік мамандарды өз қызметіне тартады, осының арқасында ағылшын тілін сөйлеу тәжірибесін алу мүмкіндіктері компаниямызда көп. Жұмысқа алғаш келгенде, мен өз білімімді жетілдіруге бел буып, ағылшын тілін өз бетіммен үйрендім. Одан басқа, геология және кен орнын игеру бөлімінде технологиялық үдерісті білу қажет. Біздің басты мақсатымыз - ұңғымаларға сапалы және уақытылы қызмет көрсету арқылы газ бен конденсаттың қауіпсіз өндірілуін қамтамасыз ету. Қауіпсіздік біз үшін - ең бірінші орында. Жоғары сапалы техникалық білім, мұнай-газ саласындағы тәжірибе, сондай-ақ топтық жұмыс және көшбасшылық қабілеттер - бұл менің жұмысымда маңызды болып табылатын негізгі кәсіби дағдылар мен қасиеттер деп санаймын.
4. Сіз КПО-да жұмыс істеген кезіңізде қай тәжірибені ең құнды деп санайсыз?
Ең құнды тәжірибені геология және кен орнын игеру бөлімінде мұнай инженері лауазымында бес жыл бойы жұмыс жасағанда жинадым. Ол жұмыс оңайға түскен жоқ, дегенмен мен көп нәрсені үйрендім. Маған Стив Блэкуэлл ұңғымаларға қызмет көрсету жөніндегі супервайзер, менің әріптесім үлгі болды. Стив өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, көшбасшының жоғары жауапкершілігінің үлгісін көрсетті, ол адамдармен тіл табысудың қажетті амалдарын әрқашан таба алды. Басқарушылық қабілетумді дамытуға келер болсақ, мен үшін «Супервайзерлерге арналған менеджмент» оқыту бағдарламасы өте пайдалы болды. Бұл оқыту бағдарламасын мен 2005-2006 жылдары аяқтадым.
5. Жұмыс ахуалыңыз қалай?/Сіздің жұмыс ортаңыз қандай?
Жұмыс ахуалы өте жақсы, ұжым үйлесімді әрі тату жұмыс істейді. Біздің әрқайсымыз бір-бірімізге әрқашан қолдау көрсетіп, кәсіби кеңестер бере аламыз. Біздің компанияда көптеген мансаптық мүмкіндіктер бар. Табысқа жетудің негізгі шарттары - өзін-өзі дамытумен үнемі айналысу, кәсіби шеберлікті жетілдіру, іскерлік мақсаттарға жетуде мінез-құлық пен табандылық таныту және орындалған жұмыс үшін жауапты болу.
6. КПО сіздің үміттеріңізді ақтады ма?
КПО толықтай ақтады деп айта аламын. Қаржы секторында компания тұрақты, осының арқасында қазақстандықтар үшін ғана емес шетелдіктер үшін де тартымды жұмыс орны. Сонымен қатар, қызметкерлер үшін барлық қажетті жұмыс жағдайлары жасалған.
Клара Пыханова
Клара Пыханова, өндіріс үдерісін қолдау жөніндегі жетекші, өндіру және техникалық қызмет көрсету бөлімі
1. Клара, КПО компаниясына қашан келдіңіз?
Мәскеу қаласындағы Губкин атындағы Мемлекеттік мұнай және газ академиясында оқып жүрген кезімде, мен Карачаганакгазпром АҚ Қоршаған ортаны қорғау зертханасында өндірістік практиканы өттім. Академияны бітірген соң, 1996 жылы КПО ұйым ретінде құрыла бастаған кезде Қарашығанаққа қайтіп келдім. Қарашығанақ жобасының компания ретінде құрылған ең алғашқы күндерінен бастап деуге болады.
2. Сіздің мансап тарихыңыз қандай?
Мен кәсіби жолымды зертхана технигі лауазымынан бастап, өндіріс үдерісін қолдау жетекшісіне дейін, бірізді кәсіби және мансаптық өсуді жүзеге асыра отырып, өтіп шықтым,
3. Сіздің жұмысыңызды табысты орындау үшін Сізге қандай білім мен жұмыс саласының тәжірибесі қажет?
Жетекшілік лауазым жұмыс үдерістерін жан-жағынан толық білуді, адамдар үшін және қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілікті ала білуді талап етеді.
4. Жұмысыңызда қандай тапсырмалармен кезігесіз? Сіз бұл тапсырмалардың шешімін қалай табасыз?
Өзімнің күнделікті жұмысымда компания өзгешелігіне байланысты біздің бөліміміз нысандарда жүргізілетін барлық үдерістерді кешенді бағалау, соның ішінде қызметкерлердің біліктілігін бағалау, өнім сапасын бақылау және пайда болған қалдықтарды кәдеге жарату сияқты әртүрлі тапсырмалармен кезігеді. Осының барлығы жұмыс орындалуының кешенді әдістемесін және жаңа стардарттырды білуді қажет етеді.
5. Сіз КПО-да жұмыс істеген кезіңізде қай тәжірибені ең құнды деп санайсыз?
КПО-да жұмыс істеген жылдар ішінде мен кәсіби саламен ғана шектелмей, көптеген басқа салаларда да мол тәжірибе жинадым. Сондай-ақ, әр түрлі ұлт пен мәдениеттегі адамдармен қарым-қатынас және жұмыс тәжірибесі, қызметкерлерді басқару және әртүрлі әкімшілік мәселелерді шешу тәжірибесі, мақсат қою және оған жету тәжірибесі - осының барлығы мен үшін жетекшілік қызметте жиналған құнды «қор». Оған қоса, КПО компаниясында «Супервайзерлерге арналған менеджмент» оқыту бағдарламасы, сонымен қатар басқа да жеке және кәсіби даму бойынша курстардан өту мүмкіндігін алдым.
6. КПО компаниясында тәлімгеріңіз болды ма? Кімнен үлгі алдыңыз?
Мен 2003-2006 жылдары Қарашығанақта жұмыс істеген бұрынғы бас директор Паоло Кампеллиді жиі еске аламын. Алғашқы білімі химия саласында болғандықтан, ол үнемі химия зертханасының жұмысына қызығушылық танытып, туындаған мәселелерді шешуге қолдау көрсетті. Паоло тек өз саласының кәсіпқойы ғана емес, сонымен қатар кай кезде де сабырлы, қарым-қатынасқа жеңіл және адамгершілік қасиеттері мол директор болды. Мұндай көшбасшылық қасиеттер команданы ынталандыру үшін өте маңызды. Мен үшін ол керемет үлгі болды!
Сондай-ақ, жетекшілігінің қол астында жұмыс жасау мүмкіндігім болған Сара Фростты еске алмасам болмас. Әйел адам үшін мұнай және газ кен орындарында, негізінен ер адамдар арасында менеджер болып жұмыс істеу өте қиын. Әріптестер мен басшылықтың құрметі мен қадіріне ие болу үшін, көптеген басқарушылық қасиеттер мен зерек ой қажет. Мен үшін Сара сауатты, әдепті, ерік-жігері мықты, іскер әйелдің жарқын үлгісі болды. Менің Сараға 2006 жылы өткен BG Operation конференциясына КПО атынан қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысым шексіз.
7. КПО компаниясында жетістікке жетудің сыры неде деп ойлайсыз?
Менің ойымша, КПО компаниясында жетістіке жетудің сыры қарапайым. Ол - еңбекқорлық, өзін-өзі тәрбиелеу және үздіксіз кәсіби даму. Көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттер, адамдармен жұмыс істеу қабілеті және жоғары кәсіби біліктілік - бұл менің күнделікті жұмысыма көмектесетін қасиеттер. Лаузымыңзға қарамастан, кез-келген жағдайда адам болып қала беру өте маңызды. Қызметкерлерді сәтті басқару үшін жетекші өз қызметкерлерімен әділ қарым-қатынаста болуы және ұжымдағы тәртіпті сақтап отыруы маңызды.
Ержан Қанатов
Ержан Қанатов «барлық жерде көп нәрсені үйренуге болады»
ГКДҚ-3 және «Қарашығанақ-Орынбор» тасымалдау жүйесінің басшысы
1. КПО компаниясында жұмыс істеуіңіздің басты себебі неде?
Ең алдымен мен өзімнің кәсібімді таңдау барысында, мектеп кезіндегі сүйікті пәнім химияны негізге ала отырып таңдағанымды айтқым келіп отыр. Біздің өлкемізідің тұрғыны ретінде, Қарашығанақ кен орынын игеру жұмысқа орналасудың және кәсіби дамудың бірден бір тамаша мүмкіндіктерін беретінін білдім. Оңтүстік Қазақстан Техникалық Университетінде «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығын таңдап, 1996 жылы оны аяқтаған соң, Қарашығанақ кен орынында алған білімімді іс жүзінде қолданып, тәжірибе жинау үшін үйге қайтіп оралдым. Өзімінің еңбек қызметімді «КазахГазПром» компаниясында бастадым. Бұл компания кейін «КарачаганакГазПром» АҚ болып қайта ұйымдастырылған болтаын 1998 жылы КПО компаниясы ресми түрде ашылған соң, 1999 жылдың қаңтар айында «КарачаганакГазПром» Ақ-нан КПО компаниясына алынған 600 адамнан тұратын қазақстандық қызметкерлердің еңбек ұжымының құрамында мен ГКДҚ-3 нысанына өңдеу операторы қызметіне жұмысқа қабылдандым.
18 жыл өткен соң осында жұмыс жасау маған ұнайтынын сенімділікпен айта аламын. Біріншіден, жұмыс - мен тандаған мамндық бойыншаб және мен өзімнің сүйікті жұмысыммен айналысамын. Екіншіден, бұл - менің туған өлкем, менің отбасым -осында, үш қызым өсіп келе жатыр. Үшіншіден, мұндағы кен орны - бірегей. ГКДҚ- 2, ГКДҚ-3, ҚӨК, жинақтау жүйесі сияқты әртүрлі өндірістік қондырғыларда бірегей тәжірибе жинауға және кәсіби білімімізді тереңдетуге тамаша мүмкіндік береді.
2. Ұйымдағы рөліңіз қандай?
Мен оператор қызметінен бастадым, одан кейін газ өңдеу операторы, үдеріс бойынша басқару пультінің супервайзері, ГКДҚ-3 ауысым басшысы болдым. 2006 жылы ГКДҚ-3 басшысының орынбасары, кейін ГКДҚ-2 басшысының орынбасары, 2010 жылы ГКДҚ-3 басшысыныі міндетін атқарушысына ауыстырылдым және 2011 жылы ГКДҚ-3 және «Қарашығанақ-Орынбор» тасымалдау жүйесінің басшысы болып тағайындалдым. 1996 жылдан бері мен оператордан қондырғы менеджеріне дейінгі ұзақ жолды өттім, осы уақыт бойы мұнай және газ саласында үлкен тәжірибе жинадым. Менің командамда 273 кәсіпқой маман еңбектенуде, бұл - әрқайсысымыз орындалған жұмыс үшін жауапкершілікті ала білетін, ұйымшыл және тату ұжым.
3. Сіздің жұмысыңызды табысты орындау үшін Сізге қандай білім мен жұмыс саласының тәжірибесі қажет?
ГКДҚ-3 30 жыл бұрын салынған болатын. Бұл- газ және конденсатты өңдеу бойынша кен орындағы ең алғашқы өндірістік нысан, және тиісінше- Қарашығанақтағы ең ескірген қондырғы. Кез келген қондырғыда сияқты, біздің басты мақсатымыз - газ бен конденсатты қауіпсіз өндіру. Қауіпсіздік біз үшін - бірінші орында Өндіріс және техникалық қызмет көрсету бөлімінде жұмыс жасау үшін технологиялық үдерісті жетік білу керек. ГКДҚ-3 және ҚОТЖ жұмыс ұжымында - 273 адам жұмыс жасайды. Мен үшін, жетекші ретінде, жаспарлау- табыс кепілі. Біз күн сайын жоспар құрып, оларды талқылап, өзгертулер енгіземіз. Бұл, әсіресе, жоспарлы жөндеу жұмыстары барысында жөндеу жұмыстарын орындау үшін қондырғыны тоқтату қажет болғанда маңызды. 2013 жылы жоспарлы жөндеу жұмыстары сегіз күннің ішінде орындалды, осы үдеріске жоспарлау жұмыстары үлкен септігін тигізді.
Менің ойымша, сапалы техникалық білім, мұнай және газ саласындағы үлкен тәжірибе, сонымен көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиеттер менің қазіргі лауазымыма қойылатын негізгі кәсіби талаптар. Сонымен қатар икемді болған және жұмыс орнына дағдылана алу қабілеті қажет. Өзгерістерден қорықпау керек және әрқашан жаңа нәрселерді үйрену қажет.
4. Сіз КПО-да жұмыс істеген кезіңізде қай тәжірибені ең құнды деп санайсыз?
ГКДҚ-3 және ГКДҚ-2 қондырғыларының басшысы лауазымында мен ең құнды тәжрибе жинадым. Сонда, біздің басшыларымыз бізге көп уақыт бөліп, жүйелі түрде өздерінің кеңестерін беріп, бізге бағыт беріп отыратын.
Мен айтып кеткендей, ГКДҚ-3 қондырғысында біз үшін қауіпсіздік - бірінші орында. Біздің қондырғыда 2011-2013 жылдары аралығында бір де бір адам-сағат жоғалған жоқ. 2013 жылы ГКДҚ-3 және ҚОТЖ ұжымы біздің құрушы компаниямыз «БиДжи Групп-тың» ҚТ саласындағы жоғары көрсеткіштер үшін алғысы мен құрметіне ие болды.
5. Жұмыс ахуалыңыз қалай?/Сіздің жұмыс ортаңыз қандай?
Компания бөлімдерінің жұмысы бір-бірімен байланысты. Өндірісте жұмыс жасайтын қызметкерлерге елеулі қолдау көрсету үшін қосымша бөлімдер де құрылды. ГКДҚ-3 келер болсақ, біздің бөлімдегі жаңа қызметкерлер одан тәжірибесі мол әріптестерінің қолдауына ие болып, олардан сабақ алып, олардың кәсіби дағдылары мен тәжірибесін қабылдап үйренеді. Мансаптық өсу мүмкіндіктері бар. Еңбектенетін, кәсіби деңгеән көтеруге ұмтылатын және ұдайы өзін-өзі дамытумен айналысатын қызметкерлердің біздің компанияда қдірі артады.
6. КПО сіздің үміттеріңізді ақтады ма?
КПО менің үміттерімді ақтап келе жатыр. Мен жұмыс қызықты және серпінді болады деп ойладым, көңілімнен дәл шықты. КПО қызметкерлерді кәсіби жіне жеке дамудағы сарқымайтын мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді, әрқашан жаңа заттарды үйреніп, өзінің дағдыларыңмен әріптестермен бөлісу қажет. Мен жергілікті қызметкерлерді компания ішінде роттациалау бағдарламасын қолдаймын, және іскерлік тәжірибенің үхдік мысалы деп ойлаймын.
Константин Штода
Константин Штода, кен орындағы аға инженер-технолог
1. Константин, компанияға қалай келдіңіз?
Ақсай қаласында туып өскен соң, менің еңбек жолымды № 1 орта мектебінде оқып жүрген кезімдегі жазғы демалысымда Қарашығанақ Бұрғылау жұмыстары басқармасында (қазірде КазБурГаз) слесарь ретінде бастадым. Ол кездері Ақсайда халықаралық консорциум болған жоқ. Мектеп кезінен бері мұнай және газ саласымен байланысты нәрселер маған қызық болды. Мектеп бітірген соң, Губкин атындағы Ресей Мұнай және Газ Институтының «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығына түсуім таңғаларлық жайт емес. Губкина в Москве на специальность «Разработка и эксплуатация нефтегазовых месторождений». Мәскеудегі оқуымды бітірген соң, 1997 жылы мен туған қалама қайтіп келіп, алған білімім бойынша Қарашығанақта жұмыс істей бастадым.
2. Сіздің КПО компаниясындағы мансап тарихыңыз қандай?
Мен оператор лауазымына түсіп, мұнай және газ саласының алғашқы негіздерінен бастадым. Жалпы айтқанда, мен кез-келген маман үшін еңбек жолын ең басынан бастау қажет деп олаймын. Себебі бұл үдерісті толық білуге мүмкіндік береді. Бірнеше жыл оператор, содан соң ГКДҚ-3 басты сорғы станциясының аға операторы, және алғашқы тәжірибемді алған соң, мені Эдинбург (Шотландия) қаласындағы «Супервайзерлерге арналған менеджмент» оқыту курстарына жіберді. Онда менің коммуникациялық, басқарушылық және техникалық дағдыларымды жетілдіруге мүмкіндік алдым. Курсты аяқтаған соң, мен Қарашығанақ өңдеу кешенінің (ҚӨК) басқару пультінің мастер лауазымына тағайындалдым, содан соң инженер-технолог болып жұмысымды жалғастырдым. Қазіргі уақытта мен кен орнының аға инженер-технологы лауазымында жұмыс жасаймын.
3. Сіздің қызметіңізді табысты орындау үшін Сізге қандай білім мен жұмыс саласының тәжірибесі қажет?
Инженерлік тапсырмаларды сәтті орындау үшін базалық біліктіліктен бастап кешенді идеяларға дейін технологиялар мен үдерістерді жетік білу қажет, ал аға инженер-технолог жұмысында да қарамағындағы қызметкерлермен, әртүрлі бөлімдердің мамандарымен, мердігер компаниялармен, құрушы компаниялар өкілдерімен , бақылаушы органдармен жалпы әкімшілік және коммуникациялық дағдыларды қажет ететін үздіксіз жұмыс жасау керек. Яғни, бұл - білім мен дағдылардың толық кешені
4. КПО компаниясында тәлімгеріңіз болды ма? Кімнен үлгі алдыңыз?
Менің жұмысымда аға әріптестеріммен жолым болды деп айта аламын. Олар білімдерімен және тәжірибесімен ұстаз ретінде тәлімгер ретінде менімен бөлісті. Олар өз жұмысының кәсіби мамандары, менің іс жүзінде білім мен дағдаларды игеруде олардың рөлі зор. Аттарын атсам, олар: Сергей Мороз, Сергей Выходец, Тлеген Лукпанов, Максут Лукпанов, Бахытжан Абитов. Менің инженер ретінде дамуыма үлкен ықпал еткен, және әлі де өз септіктерін тигізіп келе жатқан шетел әріптестерім: Саймон Колей, Нино Гарделла и Питер Хилл. Мен өз кезегімде маған жас әріптестеріммен, біздің бөлімде студенттік тәжірибені өтіп жатқан студенттермен тәжірибеммен және біліміммен бөлісу өзіме ұнайтынын айтқым келеді. Тәжірибе алмасу арқылы біз олардың кәсіби білім деңгейін көтеріп, және өзіміздің де ұйренеміз. Тәлімгерлік - өзара тиімді үдеріс.
5. Сіз КПО-да жұмыс істеген кезіңізде қай тәжірибені ең құнды деп санайсыз?
КПО біліктілік деңгейін арттыру және жеке өсу курстарын ұсыну арқылы кәсіби және жеке даму бойынша үлкен мүмкіндіктерді береді. Бұл - жас мамандарға тәжірибе жинауға және олардың кәсіби деңгейін көтеруге жақсы негіз. КПО компаниясында жұмыс істеу Қарашығанақ кен орнының бірегейлігі мен көп ұлтты жұмыс ортасының арқасында маған құнды тәжірибені жинауға мүмкіндік берді.
6. Қай тұсыңызды мінезіңіздің артықшылығы деп есептейсіз?
Жауапкершілік. Менің ойымша бұл қасиет жұмыс орындалуында, қабылданған шешімдер мен қарамағындағы қызметкерлер үшін жауапты болуды және жаңа заттарға ашық болып, сүйікті ісіңіз саласында дамып жетілуде көрінеді. Жұмысымда маған көмектесетін қасиеттер- осылар.