Өндіріс
«Қарашығанақ-Атырау» тасымалдау жүйесі (ҚАТЖ)
2003 жылдан бері қолданыстағы «Қарашығанақ-Атырау» тасымалдау жүйесі Қарашығанақ кен орнында өндірілген тұрақтандырылған сұйық көмірсутектердің негізгі экспорттық жолы болып табылады. Тасымалдау жүйесі Қарашығанақ өңдеу кешенінен (ҚӨК) Каспий теңізіндегі Атырауға дейін созылатын диаметрі 24 дюйм тереңдетілген құбырдан тұрады. Екі сорғы станциясы ҚӨК мен Үлкен Шаған кентінде, және өнімді қабылау және сақтаудың тағы бір объектісі Атырауда орналасқан. Бұл объектілердің барлығына КПО қызмет көрсетеді. Атырауда желі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жүйесімен жалғасып, оның бойымен мұнай Новороссийскіге тасымалданады да, сол жерде танкерлерге тиеліп, экспортқа жөнелтіледі.
Каспий құбыр консорциумы (КҚК)
Каспий құбыр консорциумына бірнеше халықаралық энергетикалық компания, сонымен қатар Ресейдің және Қазақстанның үкіметтері кіреді. 2001 жылдан бері қолданыстағы бұл құбыржол Қазақстандағы Теңіз кен орнынан Қара теңіздегі Новороссийскіге дейін созылып жатыр. Құбырдың ұзындығы 1510 километр, ал диаметрі әртүрлі тұстарда 40 және 42 дюймге тең. Сонымен қатар бес сорғы станциясы, теңіз терминалы және резервуар паркі бар. КҚК Қарашығанақ сұйық көмірсутектерін әлемдік нарықтарға тасымалдау жүйесінде өмірлік маңызы бар байланыс буыны қызметін атқарады.
Система транспортировки «Качараганак-Оренбург» (СТКО)
СТКО КОТС состоит из пяти трубопроводов протяженностью 140 километров, по которым транспортируется углеводороды с Карачаганакского месторождения на Оренбургский газоперерабатывающий завод в Российской Федерации. Эти трубопроводы были созданы перед началом второго этапа освоения Карачаганака. По двум трубопроводам диаметром в 28 дюймов транспортируется сырой газ на ОГПЗ для последующей очистки. Кроме того, существуют 3 линии диаметром в 14 дюймов, из которых одна является экспортной линией жидких углеводородов, а две являются двухцелевым трубопроводом транспортировки нестабильных жидких углеводородов и сырого газа.
Атырау - Самара құбыржолы
Үлкен Шағанда ҚАТЖ құбыры Ресей Федерациясындағы Самара қаласына дейін баратын және Қарашығанақ көмірсутек шикізатының «Транснефть» компаниясының құбыр жүйесімен одан әрі экспортталуын қамтамасыз ететін «ҚазТрансОйл» (ҚТО) компаниясының құбыржолымен жалғасады.