Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Тәжірибе үлгілері
- Қауіпсіздік техникасы
- ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталар бағдарламасы
- Тәжірибе үлгісі № 1
- Тәжірибе үлгісі № 2
- Тәжірибе үлгісі № 3
- Тәжірибе үлгісі № 4
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасы бағдарламасы GRI 2-2, 3-3, 403-2, 403-4, ТДМ 8.8
2023 жылдың басында ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасы нысанына кейбір өзгерістер енгізілді.
«Жұмысты тоқтату құқығы » (ЖТҚ) өрісі қосылды, онда бақылаушылар жұмысты тоқтату құқығын пайдаланғанын көрсете алады. Сондай-ақ, карта бастамашысын анықтауды жеңілдету мақсатында КПО бейдж нөмірі бар өріс қосылды.
Бақылау санаттары қайта қаралды. Кей санаттар жойылып, кейбіреулері біріктірілді. Нәтижесінде санаттар саны 28-ден 18-ге дейін қысқарды.
2023 жылдың сәуірінде ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша жоғары көрсеткіштері үшін көтермелеу бағдарламасы қайта қаралды. Жұмыскерлерді қауіпті жағдайларға араласуға, сондай-ақ қауіпті жағдайлар туралы дер кезінде хабарлауға ынталандыру мақсатында «Үздік араласу», «Оқиға туралы үздік хабарлама» және «Ықтимал қауіпті жағдай туралы үздік хабарлама» сияқты жаңа номинациялар қосылды.
2023 жылы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасы бағдарламасының нәтижелері бойынша:
- 5 470жұмыскер қатысып, 31 977 бақылау жасалды;
- 49 ықтимал қауіпті жағдай туралы хабарланды, аса ауыр оқиғалардың алдын алу үшін бұл жағдайларға тергеу жүргізілді. Сонымен қатар, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасын толтыру арқылы анықталған екі жағдай оқиғалар ретінде жіктелді;
- 17 702 араласу тіркеліп, тиісті түзету шаралары тағайындалды, жыл соңындағы деректерге сәйкес олардың 95%-ы жабылды;
- КПО-ға жаңа орналасқан 260 қызметкер ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасы бағдарламасы бойынша оқудан өтті;
- 76 мердігер компания 24 161 бақылау жүргізді, бұл барлық алынған карталардың шамамен 76%-н құрады.
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасы бағдарламасы бойынша бақылаулар, 2019 — 2023 жылдар
Ескертпе: Алдыңғы кезеңдердегі деректер бақылаулардың жалпы саны және/немесе санаттар бойынша таралуы бойынша аздап өзгеруі мүмкін, себебі деректерді тұрақты талдау кезінде немесе жыл сайынғы тексерулер шеңберінде кейінірек түзетулер енгізіледі.
ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ карталары бағдарламасын компанияда ілгерілету және КПО мен мердігер ұйымдардың жұмыскерлерін бағдарламаға қатысуға ынталандыру мақсатында компанияның жоғары басшылығымен тоқсандық жеңімпаздарды құрметтеу үшін мерекелік кешкі ас ұйымдастырылды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша:
- КПО мен мердігер ұйымдардың 80 қызметкері 100 доллардан 500 долларға дейін ақшалай сыйақылар алды.
- КПО мен мердігер ұйымдардың 600-ге жуық жұмыскері естелік сыйлықтар мен сертификаттар алды.
Тәжірибе үлгісі № 1
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ: ЕҚ, ҚТ ЖӘНЕ ҚОҚ: БАСШЫЛЫҚ ТАРАПЫНАН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ | |
Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы: | КПО-да қауіпсіздік техникасының маңызы зор. Алайда КПО-да ұқсас себептермен оқиғалар орын алып, әлі де жалғасуда: бұл қауіп-қатерге үйреніп кету және жұмысқа араласудың болмауы. Сондай-ақ КПО-да Компанияның өндірістік нысандарында бұрын жұмыс жасамаған жаңа қызметкерлер жұмылдырылған ірі жобалар жүзеге асырылуда. Оларға тиісті қауіпсіздік стандарттарын үйрету өте маңызды іс.
Жұмыс орындарындағы қауіпсіздік супервайзерлер мен шеберлердің көшбасшылық қасиеттеріне және ЕҚ мен ҚТ мәселелеріндегі біліктілігіне байланысты. Cупервайзерлер мен шеберлердің өздері жеке үлгі көрсетіп, қауіпсіздік мәдениетін белгілеп, нығайта алады. |
Мақсаты: | Жұмыс орындарында қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін қауіпті факторларды анықтау, жұмысшыларды жұмылдыру және топтағы тәлімгерлік бойынша менеджерлердің біліктілігін арттыру. |
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер: | 2019 жылы «Коучинг, қатысу және араласу» семинары әзірленді, оған қауіп-қатер денгейі жоғары жұмыстарды жүргізуге жауапты КПО мен мердігер ұйымдар супервайзерлері мен шеберлері шақырылды. Семинарлар теориялық бөлімнен, топтардағы практикалық сабақтардан, сонымен қатар жұмыс орындарындағы коучинг-әңгімелерден тұрды.
2020 жылы КПО басшылығы келесілер үшін ЕҚ мен ҚТ бойынша көшбасшылық және тәлімгерлік бағдарламасын жүзеге асыруды көздейді:
|
Нәтижесі: | 2019 және 2020 жылдары КПО және мердігерлік ұйымдардың 1200-ден астам супервайзері коучинг, қатысу және араласу бойынша өз білімдері мен дағдыларын жетілдірген семинарларға қатысты. Оқу материалы ретінде әдеттегі әдістерден басқа, бейнематериалдар, оқиғаларды тергеу нәтижелері, қалта нұсқаулықтары қолданылды.
Бағдарламаға қатысып, жұмыс орындарында алған білімдерін қолданған ең белсенді супервайзерлер ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ ынталандыру жүйесі бойынша марапатталған болатын. |
Тәжірибе үлгісі № 2
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ: | |
Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы: | Жыл сайын Компания Ақсай тұрғындарының қауіпсіздік техникасы мен жол қауіпсіздігі бойынша хабардарлығын арттыруға және осы мәселелерді насихаттауға зор көңіл бөліп келеді. КВИ пандемиясының шектеулеріне байланысты бірқатар жоспарланған іс-шаралар жаңа форматта өткізілді. |
Жағдайдың шешімі / қолданылған әрекеттер: | Жыл сайын КПО Ақсай қаласы балалары мен олардың ата-аналарына 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай жол қауіпсіздігі шарасын өткізетін еді. 2020 жылғы КВИ пандемиясы салдарынан шара басқа форматта өтті.
Іс-шараға дейін бір апта бұрын бірнеше қысқа бейнероликтер дайындалып, «Радио-Аксай» Instagram парақшасына жүктелген болатын. Оның мақсаты кең таралған қауіп-қатерлер мен қауіпсіздік ережелері, қауіпсіз мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру және балалардың жарақаттануын болдырмау туралы ескерту болды. Сонымен қатар балалардың үйдегі, көшедегі, жолдағы және т.б. жерлердегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарымен бөлісу мақсатында Ақсай тұрғындарына өз фотосуреттерін және бейнероликтерін жіберуді ұсындық.
Үздік шығармашылық жұмыстар іріктеліп, Балаларды қорғау күні «Радио—Ақсай» тікелей эфирінде жарияланды.
Сондай-ақ 2020 жылы «Ақсай» радиостанциясы толқынында Компанияның түрлі тақырыптары, атап айтқанда күнделікті өмірдегі және көшедегі қауіпсіздік ережелері, өрттің алдын алу, қауіпсіз көлік жүргізу, балалар қауіпсіздігі, сонымен қатар қыс уақыты мен қараңғы уақыттағы қауіпсіздік тақырыптары бойынша аудиороликтерді ойнату жалғастырылды. Қауіпсіздік техникасы мен жол қауіпсіздігі бойынша өзекті тақырыптар бойынша аудиороликтер күніне бес рет ойнатылып, ай сайын жаңартылып тұрады.
Сондай-ақ, жергілікті жол полициясы мен аудандық білім беру бөлімі өкілдерімен бірлесіп, қаланың орта жалпы білім беру мектептерінің төменгі сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі ережелерін насихаттау мақсатында ақпараттық іс-шаралар өткізілді. Осы іс-шаралар аясында балаларға естелік сыйлықтар және қараңғы уақытта қолданылатын 1 мыңнан астам жарық шағылыстырғыш фликер сыйға тартылды. |
Тәжірибе үлгісі № 3
КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЛІМГЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ | |
Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы: | КПО-да қауіпсіздік техникасының маңызы зор. Алайда КПО-да ұқсас себептермен оқиғалар орын алып, әлі де жалғасуда: бұл қауіп-қатерге үйреніп кету және жұмысқа араласудың болмауы. Сондай-ақ КПО-да Компанияның өндірістік нысандарында бұрын жұмыс жасамаған жаңа қызметкерлер жұмылдырылған ірі жобалар жүзеге асырылуда. Оларға тиісті қауіпсіздік стандарттарын үйрету өте маңызды іс.
Жұмыс орындарындағы қауіпсіздік супервайзерлер мен шеберлердің көшбасшылық қасиеттеріне және ЕҚ мен ҚТ мәселелеріндегі біліктілігіне байланысты. Cупервайзерлер мен шеберлердің өздері жеке үлгі көрсетіп, қауіпсіздік мәдениетін белгілеп, нығайта алады. |
Мақсаты: | Жұмыс орындарында қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін қауіпті факторларды анықтау, жұмысшыларды жұмылдыру және топтағы тәлімгерлік бойынша менеджерлердің біліктілігін арттыру. |
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер: | 2019 жылы «Коучинг, қатысу және араласу» семинары әзірленді, оған қауіп-қатер денгейі жоғары жұмыстарды жүргізуге жауапты КПО мен мердігер ұйымдар супервайзерлері мен шеберлері шақырылды. Семинарлар теориялық бөлімнен, топтардағы практикалық сабақтардан, сонымен қатар жұмыс орындарындағы коучинг-әңгімелерден тұрды.
2020 жылы КПО басшылығы келесілер үшін ЕҚ мен ҚТ бойынша көшбасшылық және тәлімгерлік бағдарламасын жүзеге асыруды көздейді:
|
Нәтижесі: | 2019 және 2020 жылдары КПО және мердігерлік ұйымдардың 1200-ден астам супервайзері коучинг, қатысу және араласу бойынша өз білімдері мен дағдыларын жетілдірген семинарларға қатысты. Оқу материалы ретінде әдеттегі әдістерден басқа, бейнематериалдар, оқиғаларды тергеу нәтижелері, қалта нұсқаулықтары қолданылды.
Бағдарламаға қатысып, жұмыс орындарында алған білімдерін қолданған ең белсенді супервайзерлер ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ ынталандыру жүйесі бойынша марапатталған болатын. |
Тәжірибе үлгісі № 4
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІСІ: | |
Мәселенің мазмұны / қысқаша сипаттамасы: | Біліктілікті басқару жүйесі шеңберінде КПО техникалық қызметкерлердің қолданыстағы стандарттардың талаптарына сәйкестігіне мерзімді бағалау жүргізеді.
2018 жылы құрушы компаниялардың аудиторларының ұсынысы бойынша өнеркәсіптегі топ жетекшілері үшін біліктілік стандарттары әзірленді, сондай-ақ қауіпті өндірістік нысандардағы жұмыстарды қауіпсіз және тиімді орындау мен бақылауды қамтамасыз ету мақсатында бағалау процесі іске қосылды.
Біліктілік стандарты келесілерді қамтиды:
Өткізілген бағалау нәтижелері негізінде қызметкерді оқыту мен дамытудың жеке жоспары әзірленеді.
2019 жылы кен орны бөліміне қызмет көрсететін және қауіп деңгейі жоғары және орташа мердігерлік ұйымдарда біліктілікті басқару жүйесін әзірлеу және енгізу басталды. Мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің едәуір бөлігін құрайды; өз кезегінде, олардың біліктілігі жұмыстардың қауіпсіз орындалуына және өндірістік процестердің үздіксіздігіне айтарлықтай әсер етеді. 2021 жылы үш мердігер ұйымда қызметкерлердің біліктілігі жүйелерінің бар-жоқтығы тексерілді. Тексеріс нәтижелері негізінде қолданыстағы жүйелерді жақсарту, сондай-ақ жаңа жүйелерді әзірлеу және енгізу жөніндегі іс-шаралар әзірленді және келісілді.
2020-2021 жж. біліктілікті басқару жүйесін кеңейту бағыттарының бірі орталық техникалық қызмет көрсету бөлімінің инженерлік құрамын және ҚӨК нысаны мен химиялық зертхана бөлімінің топ жетекшілеріне бағалау бағдарламасын әзірлеу және енгізу болды. Бағалау бойынша нұсқаулық және 20 біліктілік стандарты әзірленді. |
Мақсаты: |
|
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер: | 2021 жыл:
2022-2023 жылдары құрылыс бөлімі, құрылыс және бұрғылау бөлімдері топтарының (өнеркәсіптегі) жетекшілерінің, сондай-ақ кен орны нысандарын модификациялау бөлімі инженерлерінің біліктілігін бағалау жоспарланған. Егер Компания талаптарына қайшы келмесе, біліктілікті бағалау кем дегенде 5 жылда бір рет өткізіледі. |
Нәтижесі: |
Бұл бағдарлама өндірістегі қызметкерлердің біліктілігінің қажетті деңгейін сақтауға ықпал етеді және келесі жылдары да жалғасын табады. |