ҚазРусEng

Тұрақты даму

Санитарлық қорғау аймағы

ҚМГКК аумағындағы жаңа санитарлық қорғау аймағы (СҚА) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген.

 

2018-2021 жылдар ішінде КПО қолданыстағы он сегіз ауа экологиялық мониторинг станциясының он бірін көшіруді сәтті аяқтады. Аталған станцияларды көшіру СҚА-ның өзгеруіне байланысты ауаның үздіксіз мониторингінің сәйкес көрсеткіштерін қамтамасыз ету және ҚР заңнамалық талаптарын сақтау үшін жоспарланған болатын.

 

ҚМГКК-ның 2023 ж. аяғында СҚА көрсетілген карта-сызбасы

 

(үлкейту үшін суретке басыңыз)

 

 

ҚМГКК есепті СҚА ұйымдастыру және абаттандыру

 

«ҚМГКК есепті санитарлық қорғау аймағын ұйымдастыру және абаттандыру» жобасы шеңберінде КПО жаңа ағаш екпелерін отырғызу және қолда бар орман екпелерін күту бойынша жұмыстарды жобалауды жүргізуде. Сондай-ақ, жергілікті халықты және қызметкерлерді ақпараттандыру үшін КПО СҚА шекарасында ақпараттық белгілерді орнатуды көздейді.

 

Тарихи-мәдени мұра объектілерін ықтимал теріс әсерден қорғау мақсатында жоба сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының шекараларында тиісті белгілер орнатуды көздейді. Осыдан бұрын, 2019 жылы КПО осы тақырып бойынша ауқымды археологиялық зерттеулер ұйымдастырды (мәліметтерді келесі бетте қараңыз).

 

2021 жылы осы жоба аясында Компания барлық КПО орман екпелерін далалық түгендеу, жаңа орман екпелерін және ақпараттық белгілерді жобалау, жобаның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеуді қамтитын дайындық жұмыстарын жүргізді.

 

2022 жылы КПО «ҚМГКК есептік санитарлық-қорғау аймағын ұйымдастыру және абаттандыру» жобасының «ҚМГКК есептік СҚА көгалдандырудың бірінші кезеңі және оның шекараларын белгілеу» 3-кезеңін іске асыруды жалғастырды. Осылайша, 2022 жылы іздестіру, дала жұмыстары, қолданыстағы орман екпелерін зерттеу жұмыстары аяқталып, жобаның жұмыс құжаттамасы әзірленді. Орындалған жұмыстың қорытындысы бойынша Өспен, Қаракемер, Жаңаталап, Қарашығанақ ауылдары, СҚА шегінде орман алқаптары маңында бұрын отырғызылған екпелерді қайта жаңарту, СҚА шекараларында жаңа орман алқаптарын құру, СҚА шекараларын белгілеу, ақпараттық белгілерді орнату және тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының шекаралары бойынша шешімдер айқынданып, оларды жүзеге асыру технологиясы анықталып, жоспарланған іс-шараларды іске асырудың шығындары есептелді.

 

2023 жылы КПО «ҚМГКК есептік санитариялық-қорғау аймағын ұйымдастыру және абаттандыру» жобасының «ҚМГКК есептік СҚА көгалдандырудың бірінші кезеңі және оның шекараларын белгілеу» 3-кезеңін іске асыруды жалғастырды. Жобаның мақсаты — өсіп жатқан екпе ағаштарына күтім жасау және жаңа ағаштарды отырғызу, сондай-ақ СҚА шекарасында ақпараттық белгілерді орнату.

 

2023 жылы тарихи-мәдени мұра объектілерінің ақпараттық белгілері мен қорғау аймақтарының шекараларын орнатуды қоса алғанда, СҚА шекаралары белгіленді.

 

Барлық жоба кезеңінде көгалдандыру шеңберінде жоспарланған учаскелердің жалпы ауданы 249,1 га құрайды, оның 151,9 га — жаңа орман алқаптарын құру алаңы, 97,2 га — қолданыстағы екпелерді жаңарту жұмыстарын жүргізу алаңы.

 

Бүкіл жобаны іске асырудың жалпы мерзімі 2023 жылдың көктемінен бастап 2028 жылға дейінгі кезеңді қамтиды:

 

  • 2022 ж. — ізденіс жұмыстары, далалық жұмыстар, жобаның жұмыс құжаттамасын әзірлеу.
  • 2023 ж. — СҚА шекараларын белгілеу.
  • 2024 ж. — ТММ ескерткіштерінің қорғау аймақтарының шекараларында ақпараттық белгілерді орнату.
  • 2023 — 2026 жж. — орман алқаптарын жаңарту.
  • 2025 — 2028 жж. — жаңа орман алқаптарын егу.

 

Жобаны іске асыру барысында күрделі объектілерді салу көзделмеген. Жұмыстарды мердігер ұйымның күшімен жүргізу көзделіп отыр. СҚА шекарасын абаттандыру және көгалдандыру объектілерін орналастырудың жиынтық схемалары мүдделі тараптармен, шаруашылық ұйымдармен және ауыл шаруашылығы өндірушілерімен келісілген.

 

2023 ж. — 2028 ж. кезеңіне арналған ҚМГКК СҚА ұйымдастыру мен абаттандырудың негізгі жобалық шешімдері

 

(үлкейту үшін суретке басыңыз)