Компания туралы
- Басты бет
- /
- Компания туралы
- /
- Қарашығанақ тарихындағы негізгі кезеңдер
Қарашығанақ тарихындағы негізгі кезеңдер
1979 - Қарашығанақ кен орнының ашылуы.
1984 - газ өңдеудің алғашқы қондырғысын орнату аяқталды (қазірде ГКДҚ- 3). Газ өңдірісі басталды.
1992 - «Би Джи Груп», «Эни» компаниялары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында Өнімді бөлу туралы келісім бойынша келіссөздердің басталуы.
1995 - Өнімді бөлу қағидаттары туралы келісімге қол қою.
1997 - «Шеврон» және «ЛУКОЙЛ» компанияларының халықаралық бірлескен кәсіпорынға қосылуы; қараша айында 40 жыл мерзімге арналған Түпкілікті келісімге (ӨБТК) қол қою.
1998 - ӨБТК-нің өз күшіне енуі.
1999 - Құрылыс жұмыстарының басталуы.
2000 - Негізгі жұмыс түрлеріне келісімшарт жасалды және жоғары басшылық Ақсайға көшті.
2001 - Ақсайдан Қарашығанаққа дейін ұзындығы 28-километр темір жол тармағын салудың аяқталуы; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарашығанақ өңдеу кешеніндегі (ҚӨК) жаңа электр станциясын іске қосуы.
2002 - Кен орнын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) мұнай құбырымен жалғайтын 635-километрлік экспорттау құбырын салудың аяқталуы.
2003 - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Екінші кезеңнің өндірістік объектілерін ресми ашуы.
2004 - Шикі мұнайдың бірінші партиясын Новороссийск мұнай құю терминалына КҚК жүйесімен жөнелту.
2005 - ҚӨК нысанында төртінші газтурбиналы генераторды пайдалануға енгізу.
2006 - КҚК терминалында 100-миллионыншы баррель шикі мұнай тиелді; Атырау – Самара құбырымен мұнайдың бірінші партиясын жөнелту.
2007 - КПО мен «КазРосГаз» арасында 15 жыл мерзімге Газ сату туралы келісімге қол қою.
2009 - 139.5 миллион б.м.б. өндірістік рекордқа қол жеткізу.
2011 - ҚӨК нысанында 4-ші конденсат тұрақтандырудың технологиялық желісін іске қосу.
2012 - «ҚазМұнайГаз» ҰК ресми түрде Қарашығанақ бірлескен кәсіпорнының құрамына кірді.
2016 – «BG Group» компаниясы «Royal Dutch Shell» концернінің құрамына кірді.
2017 - Қарашығанақ кен орны бойынша «Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге» қол қоюдың 20-жылдығы.
2018 - Қарашығанақ жобасы бойынша серіктестер «ҚӨК газы бойынша өндірістік шектеулерді алу» жобасын санкциялау келісіміне қол қойды.
2019 - Қарашығанақ бойынша серіктестер «Газды кері айдаудың 4-компрессоры» жобасын санкциялау келісіміне қол қойды.
2019 - 5-шi магистралды құбыржол пайдалануға берілді.
2021 - «ҚӨК газы бойынша өндірістік шектеулерді алу» жобасының сәтті аяқталуы.
2022 - Қарашығанақ жобасы бойынша мердігер компаниялар мен Өкілетті орган Қарашығанақты кеңейту жобасының - 1Б кезеңі бойынша келісімге қол қойып, ірі инвестициялық жобаның жүзеге асырылуын мақұлдады.