Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Биотүрлілікті сақтау
- /
- ҚАТЖ бойындағы флора мен фаунаның фондық зерттеулері
ҚАТЖ бойындағы флора мен фаунаның фондық зерттеулері
GRI 304-2
Мақсаты — Қарашығанақ — Атырау (ҚАТЖ) құбыржолы бойындағы өсімдіктер фондық жағдайын және жануарлар әлемінің түр алуандығын зерттеу, флораның басым (негізгі) түрлерін анықтау және олардың жағдайын зерттеу, флора мен фаунаның индикаторлық түрлері мен экожүйеге ықпал ету факторларын анықтау.
Флора мониторингі
2023 жылы КПО алғаш рет ҚАТЖ-ның Батыс Қазақстан облысында орналасқан бөлігі бойындағы өсімдіктер жай-күйіне фондық зерттеулер жүргізді.
Батыс Қазақстан облысы аумағындағы ҚАТЖ құбыры бойындағы флора мен өсімдіктер фондық жағдайы 2023 жылғы жаздың бас жағында әртүрлі жерде зерттелді, атап айтқанда:
- су объектілері өткелдерінің жанындағы нүктелер;
- экожүйелер нүктелерінде;
- Өндірістік экологиялық бақылау аясында мониторинг станцияларының жанындағы нүктелер;
Жалпы 57 нүкте тексерілді, олардан ластаушы заттардың (ЛЗ) құрамын анықтау үшін өсімдік үлгілері алынды. ҚАТЖ құбыры бойындағы экожүйе фондық жағдайын бағалау үшін фауна биотүрлілігі зерттелді.
Зерттеу барысында 64 тұқымдастың 202 тұқымынан жоғары сатыдағы өсімдіктердің 326 түрі тіркелді. Тұқымдар мен түрлердің ара қатынасы бойынша келесі тұқымдастар басым болды:
- Asteraceae (Күрделігүлділер) — 31 тұқымы (15,3%), 58 түрі (17,8%),
- Poaceae (Қоңырбастар, дәнді) — 25 тұқымы (12,4%), 38 түрі (11,7%),
- Brassicaceae (Кіресгүлділер) —14 тұқымы (6,9%), 15 түрі (4,6%),
- Fabaceae (Бұршақ) — 11 тұқымы (5,4%), 19 түрі (5,8%),
- Rosaceae (Раушангүлділер) — 11 тұқымы (5,4%), 17 түрі (5,2%),
- Lamiaceae (Тауқалақайгүлділер) — 11 тұқымы (5,4%), 14 түрі (4,3%).
Далада өсімдіктерді зерттеу барысында көпжылдық шөптер басым болды (201 түрі), екінші орында біржылдық шөптер (67 түрі), содан соң көптеп бұталар (20 түрі) кездесті. Екі жылдық бұталар саны сәл аздау болды (19 түрі). 10 терек түрі, шала бұталар мен жартылай бұташықтардың 4 түрі және бұташықтың 1 түрі кездесті.
2023 жылы БҚО шегіндегі ҚАТЖ бойында фондық зерттеулер жүргізу барысында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына және жойылып бара жатқан түрлер тізіміне енгізілген флораның бес түрі тіркелді:
- Андржеевский қалампыры (Dianthus andrzejowski)
- Биберштейн қызғалдағы (Tulipa biebersteiniana)
- Шренк қызғалдағы (Tulipa shrenkii)
- Фишер құссүттігені (Ornithogalum fischerianum)
- Ақ тұңғиық (Nymphaea alba).
Барлық бұл негізгі түрлер жергілікті флораға жатады. Олардың қауіпсіздігі табиғи далалық және жағалаулық экожүйелердің тұтастығына байланысты.
Болашақта БҚО шегіндегі ҚАТЖ құбыржолы бойында флора мен өсімдіктер мониторингі барысында Компания экожүйелердің ең сезімтал құрамдас бөлігі ретінде осы түрлердің популяциясына ерекше назар аударатын болады, бұл КПО және басқа жер пайдаланушылар қызметінің экожүйеге ықпал ету дәрежесін анықтауға көмектеседі. Сондай-ақ бұл аймақтағы биотүрлілікті қорғау және арттыру бойынша барлық мүдделі тараптардың іс-әрекеттерін кейін үйлестіруге көмектеседі.