Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Биотүрлілікті сақтау
- /
- Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспары
Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспары
2011 жылдан бері КПО «Биотүрлілікті сақтау шаралар жоспарын (БСШЖ)» дайындайды және іске асырады, ол КПО Тұрақты даму кодексіне сәйкес өңірдегі биотүрлілікті және экожүйелік қызметтерді сақтау жөніндегі Компания қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды.
«Биотүрлілікті сақтау шаралар жоспары» — биоәртүрлілікті сақтау мәселесіне өндірістік қызметтің ықтимал теріс әсерін, қолданыстағы заңнамалық базаны, аумақтың қазіргі жағдайын, оның сезімталдығы мен қалпына келу қабілетін, болашақ үшін түрлер мен аумақтарды сақтаудың басымдылығын (негізгі экожүйелерді сақтау), сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың «алу» және «беру» арасындағы тепе-теңдікті табуын және т. б. бағалау тұрғысынан қарауға мүмкіндік беретін көп қырлы жұмыстың бөлігі.
Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарының негізі IPIECA-ның «Мұнай-газ саласы үшін биоалуантүрлілікті сақтау бойынша іс-шаралар жоспарын жасау жөніндегі нұсқаулық» атты құжаты болып табылады, онда жоспардың құрылымы және оны әзірлеу бойынша ұсынымдар берілген.
" Биотүрлілікті сақтау бойыншашаралар жоспары" келесі міндеттерді қамтиды:
- заңнама талаптарын айқындау, үшінші тараптардың пікірін реттеу, жоспарлау және есепке алу;
- фондық/мониторингтік зерттеулер нәтижелерін және қоршаған ортаның қазіргі жай-күйін анықтау үшін қолда бар ақпаратты талдау;
- қорғау үшін басым экожүйелерді, мекендеу орындары мен түрлерін айқындау;
- жобаны іске асыру сатыларында биотүрлілік үшін әсерді бағалау және қауіптерді анықтау;
- жоба аумағындағы қоршаған ортаның жай-күйін мониторингтеу және қадағалау;
- биотүрлілікті сақтау бойынша жоспарланған іс-шаралар тізбесін дайындау;
- есептілік, мүдделі тараптармен байланыс және табиғат қорғау іс-шараларының тиімділігін бағалау.
Жоспар бойынша жұмыстарды орындау көлемі шеңберінде 2012 жылдан бері жануарлар мен өсімдіктер әлемін қадағалау сияқты зерттеулер түрлері орындалуда.
Жануарлар әлемін мониторингілеу үш жыл сайын 17 жаяу бағыт пен 5 алаң бойынша жүзеге асырылады. Жекелеген жануарлардың мекендеу орындарының жағдайын бағалау, сондай-ақ олардың әртүрлі жүйелі топтарының сандық және сапалық құрамын бағалау визуалды бақылау әдістерімен анықталады. «Суда жүзетін құстарды есепке алу жөніндегі әдістемелік нұсқаулыққа (1971 ж.)» және «Сүтқоректілерді есепке алу жөніндегі әдістемелік нұсқауларға (1987 ж.)» сәйкес құстардың мекендеу орындарын, түрлердің қозғалу бағытын, құстардың ұя салуын белгілеу.
Өсімдіктер әлемін мониторингілеу өткен жылдармен салыстырғанда 27 алаңда жүргізілуде. Зерттеу келесілерді қамтиды: геоботаникалық сипаттама: көптігі, фенофазасы, өміршеңдігі, антропогендік өзгеру дәрежесі. Сонымен қатар, хлоридтердің, сульфаттардың, күкірттің, нитраттардың және мұнай өнімдерінің құрамын талдау үшін өсімдік бөліктеріне мерзімді сұрыптау жасалады. Мерзімділігі — 3 жылда 1 рет.
ҚМГКК аумағында аң мен балық аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынғанын атап өткен жөн, бұл талап «ҚМГКК-дегі қатаң бақылау аймағы» ішкі процедурасында көрсетілген.
Қарашығанақ — Атырау тасымалдау жүйесі (бұдан әрі ҚАТЖ) экспорттық құбыржолы Қарашығанақ кен орнын игерудің бірден бір құрылымы. Аталмыш құбыржол 2004 жылы іске қосылған, оның ұзындығы 635,5 км. 2022 жылы КПО алғаш рет ҚАТЖ экспорттық құбыржолы бойындағы аумақ үшін 2023-2030 жылдарға арналған БСШЖ әзірлеп шықты.
БҚО бойынша ҚАТЖ бойындағы флора мен өсімдіктер фондық күйін, негізгі және көрсеткіш түрлері мен экожүйеге ықпал ету факторларын анықтау, сондай-ақ өсімдіктер күйі мен өсімдіктер әлемі құрылымын зерттеу алғаш рет 2023 жылы жүргізілді.
2011-2023 жылдары Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарын орындау
2011 жылдан бері КПО «Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарына» сәйкес төмендегі кестеде ұсынылған іс-шараларды жүргізіп келеді.
Кезеңі | Жылы | Зерттеулер |
1 | 2011 | 2012-2013 жылдарға арналған «Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарын» дайындау. |
2012 | Қарашығанақ кен орны аумағындағы жануарлар әлемін мониторингілеу, соның ішінде сирек кездесетін жануарлар түрлерін тіркеу. | |
2013 | ҚМГКК әсер ету аймағындағы флораға төрт әсер ету факторы, атап айтқанда: қоршаған ортаға тасталатын шығарындылар, физикалық әсері, су тұтыну, жайылым жерлер бойынша мониторинг өткізу;
| |
2 | 2014 | 2015-2016 жылдарға арналған «Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарын» дайындау. |
2015 | Фаунаны мониторингілеу, соның ішінде:
| |
2016 | Флоранымониторингілеу, соның ішінде:
| |
3 | 2017 | IPIECA/IOGP жариялаған «Мұнай және газ секторы үшін биотүрлілікті сақтау бойынша әрекет жоспарларын дайындауға арналған нұсқаулыққа» сәйкес «2018-2020 жылдарға үшін биотүрлілікті сақтау жоспарын» жасау. |
2018 |
| |
2019 |
| |
2020 |
| |
4 | 2021 | Негізгі және сирек кездесетін түрлерді қоса алғанда, фауна мониторингі:
|
2022 | Негізгі және сирек кездесетін түрлерді қоса алғанда, флора мониторингі:
| |
2023 |
|