Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Жергілікті халықпен қарым-қатынас
- /
- Халықтан түскен шағымдар мен өтініштерді қарастыру
Халықтан түскен шағымдар мен өтініштерді қарастыру
КПО компаниясы Қарашығанақ кен орнына жақын тұратын халықтан түсетін арыз-шағымдарға айрықша көңіл бөледі. КПО-нің өндірістік қызметінің әсеріне қатысты тұрғындардан келіп түсетін шағымдар ресми процедураға сәйкес қарастырылады.
Бұл процедура КПО-ның өндірістік-шаруашылық қызметінің ықпалына түсетін Батыс Қазақстан облысы мен Бөрлі ауданындағы мүдделі тұлғаларға қатысты қолданылады. Компания Қарашығанақ кен орнының айналасында орналасқан алты елді мекеннің: Приурал, Жарсуат, Димитров, Қарашығанақ, Өспен және Жаңаталап ауылдарының тұрғындарына, сондай-ақ Ақсай қаласының және ҚР шекарасы шегіндегі КПО экспорттық бағыттары бойындағы елді мекендердің тұрғындарына ерекше көңіл бөледі.
Бөрлі ауданы мен Батыс Қазақстан облысының кез келген тұрғыны, КПО-ның өндірістік қызметінің әсерін сезген жағдайда, өз пікірін КПО-ның халықпен байланыс жөніндегі маманына 8 71133 62339 телефоны арқылы немесе ZhalobaKPO@kpo.kz электронды поштасына жібере алады. Тұрғындардың кері байланысы- оң пікірлер, ұсыныс пен өтініштен болуы мүмкін.
Қарашығанақ кен орны өндірістік нысандары айналысында орналасқан Приурал, Жарсуат және Өспен елді мекендерінің тұрғындары үшін қосымша арнайы форма қарастырылған, оны әрбір ауыл әкімдігі ғимаратында орнатылған шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктердің біріне салуға болады. Маманның байланыс телефондары халықпен өзара әрекеттесу шаралары кезінде хабарланады, және бұл ақпарат 6 ауылдың қоғамдық орындарында орнатылған КПО-ның ақпараттық тақтайшаларында жазылған.
Компания барлық шағымдар мен өтініштерді қарастырып, оларды шешу жолдарын ұсынады. 2023 жылы КПО ҚМГКК-ға іргелес жатқан ауылдық округтер тұрғындарынан жалпы саны 50 өтініш, соның ішінде газ иісіне байланысты 19 шағым болса, қалған 31 өтініш әртүрлі сипатта болды. Тұрғындарды әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды қолдау бағдарында компанияның әлеуметтік бастамалары қызықтырды, көшірілген тұрғындар түсіндірме беруді сұрады.
Газ иісіне қатысты шағымдар бойынша өндірістік экологиялық бақылау тобы тексеріс жүргізді. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде жабдықта ақаулар, ағып кетулер/шығарындылар немесе ШРК-дан асып кету фактілері анықталған жоқ. Келіп түскен шағымдар бойынша тұрғындарға кері байланыс берілді.
Тұрғындардың өтініштері 10 жұмыс күні ішінде қаралады. Процедура шеңберінде түскен барлық өтініштер әділдік, бірізділік және мейірбандық қағидаларын басшылыққа ала отырып қаралады. Шешімдер қос тарапқа да қолайлы болатындай қабылданады.
Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарының заңдылық критерийлері:
- Шағым немесе ұсыныс КПО-ның (алды орындалады деп жоспарланған немесе іс жүзінде орындалған) өндірістік қызметіне қатысты болуы керек;
- Анонимді шағымдар/ұсыныстар да оларда берілген ақпараттың санатына байланысты қаралады.
- Бұл процедура шеңберінде түйіндемелер, коммерциялық ұсыныстар, демеушілік және қайырымдылық туралы өтініштер ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ.