Мансап
Студенттердің КПО-да тәжірибеден өтуі
Егер сіз жоғарғы курс студенті болсаңыз, КПО кәсіби мамандар тобына нағыз қосылатын уақыт келді. Ұзақтығы бір айдан екі айға дейінгі студенттер үшін ұсынылатын өндірістік тәжірибе бағдарламасына сәйкес, сіз өзіңіздің мамандығыңыз бойынша іс жүзіндегі тәжірибе аласыз.
Тәжірибе кезінде сіз компанияның бір бөлімінде тәжірибелі қызметкерлер ұжымында жұмыс істейтін боласыз. Өндірістік тәжірибе практикалық білім мен іс-тәжірибе алу мүмкіндігін береді және қызметте кейінгі өсуіңіз үшін қажетті кәсіби дағдыларыңызды жетілдіруге көмектеседі.
КПО-да студенттік өндірістік тәжірибеден өту процесі туралы ақпарат төменде берілген.
- КПО-дағы өндірістік тәжірибе жұмыс тәжірибесін іс жүзінде алуға мүмкіндік. Тәжірибе компания бөлімдерінің бірінде өтеді.
- Қазақстан университеттерінің 18 және одан үлкен жастағы студенттері – Қазақстан азаматтары КПО-дағы өндірістік тәжірибеге белгіленген процедураға сай жіберіледі.
- Соңғы екі курс студенттері бір айлық өндірістік тәжірибеден өтеді, алайда егер диплом жұмысының тақырыбы Қарашығанақ жобасымен байланысты болса, дипломалды кезеңде тәжірибені тағы бір айға созуға болады.
- КПО қарастыратын үміткерлердің бүкіл оқу кезеңінде орташа бағасы төрт (4) балдан төмен болмауы тиіс.
- Студенттердің оқу және әңгімелесу нәтижелері бойынша арасынан үздіктерін таңдау құқығын КПО өзіне қалдырады.
- Қажетті мамандықтар бойынша орындар саны КПО тиісті бөлімдерінің талаптарына сәйкес анықталады.
КПО-да студенттік тәжірибеден өтуге қатысты барлық сұрақтар бойынша студенттердің деканатқа немесе өз жоғары оқу орынындағы студенттік тәжірибе үшін жауапты тұлғаларға өтініш жасаулары қажет.