Тұрақты даму
- Басты бет
- /
- Тұрақты даму
- /
- Қоршаған орта мониторингі
- /
- Санитарлық қорғау аймағы
- /
- Тарихи-мәдени мұраларды сақтау бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстары
СӘТТІ ЖОБА ҮЛГІСІ: ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ САҚТАУ БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ | |
Мәселенің мазмұны/қысқаша сипаттамасы: | Болашақта Қарашығанақ кен орнын әрі қарай дамыту мақсатында КПО компаниясы қолданыстағы өндірістік инфрақұрылымды кеңейтуді, жаңа нысандарды салуды, соның ішінде санитарлық қорғау аймағын абаттандыру шеңберінде теректер отырғызуды жоспарлап отыр.
|
Мақсаты: |
|
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер: | Археологиялық зерттеулер тарихи объектілерді анықтау, олардың сипаттамаларын, нақты орналасқан жерлерін анықтау, оларды қорғау және / немесе зерттеу үшін ұсыныстар дайындау мақсатында жүргізілді. Жұмыстарды «Қазақстан қолданбалы экология агенттігі» ЖШС («ҚҚЭА» ЖШС) және «Археологиялық экспедиция» ЖШС жүргізді.Археологиялық барлау «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары негізінде жүргізілді және шартты түрде үш кезеңге бөлінді:
Анықталған археологиялық ескерткіштердің негізгі бөлігі ерте темір дәуіріндегі жерлеу ескерткіштерімен ұсынылған және олар сармат тайпаларының шеңберіне, екі ескерткіш орта ғасырға және үшеуі этнографикалық кезеңге жатқызылды. |
Нәтижесі: | Зерттеу нәтижесінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің көпшілігі табиғи факторлардың әсерінен және жол салу, ағаш отырғызу және т.б. сияқты адамның іс-әрекеті салдарынан бұзылғаны анықталды. Сонымен қатар кен орнының заманауи инфрақұрылымы (жолдар, коммуникациялар және т.б.) техногендік әсер ету деңгейінің қосымша факторы болып табылады. Сондай-ақ 12 археология ескерткішіне қауіп төніп тұрғанын және олардың тарихи және мәдени әлеуетін сақтау мақсатында толық археологиялық зерттеу жүргізуге ұсынылғанын атап өткен жөн.
|
Анықталған тарихи-мәдениет мұра нысандары мен жергілікті маңызы бар киелі ескерткіштердің орналасу карта-сызбасы
(үлкейту үшін суретке басыңыз)