КПО-ның даму туралы есебі 2021

Қалдықтарды басқару

КПО-дағы қалдықтарды басқару іс-әрекеті компанияның өндірістік қызметінің нәтижесінде түзілетін қалдықтардың адамдар мен қоршаған ортаға нақты және ықтимал қаупін азайтуға бағытталған.

Міндетіміз – нысандарымыздағы қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, полигондарға шығарылатын қалдықтар көлемін және көмілген қалдықтардың кері әсерін азайту, сондай-ақ жаңа әдістер мен технологияларды зерттеу және қолдану

Компания қалдықтарының қоршаған ортаға өндірістік әсер ету қауіп-қатерін азайту бойынша жұмысымыздың нәтижелері төмендегі кестеде және мәтінде берілген.

42-кесте. Қалдықтарды басқару саласындағы міндеттеріміз

2021 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2021 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2022 жылға қойылған міндеттер

2021–2023 жылдарға арналған КПО қалдықтарын басқару бағдарламасына сәйкес 2021 жылға жоспарланған 10 іс-шараны жүзеге асыру

Орындалды

Қалдықтарды басқару бағдарламасы бойынша 2021 жылға жоспарланған барлық іс-шаралар жыл бойы орындалды.

ҚМГКК үшін қалдықтарды басқару бағдарламасына, сондай-ақ Үлкен Шаған МАС және Атырау МАС қалдықтарын басқару бағдарламаларына сәйкес 2022 жылға жоспарланған іс-шаралардың орындалуын жүзеге асыру.

Сазды бұрғылау шламын жартылай өндірістік сынақтан өткізу жұмыстарын орындау

Кейінге қалдырылды

Туындаған ұйымдастырушылық және қаржылық қиындықтарға байланысты 2021 жылы жартылай өндірістік сынақтар бойынша жұмыстар жүргізілген жоқ.

 

Бұл біз үшін неге маңызды?

Қауіпті өндірістік қалдықтар, сондай-ақ оларды жинау және орналастыру орындары қауіпсіз айналыста болмаған кезде қоршаған ортаға қауіп төндіреді және атмосфералық ауаны, жер асты және жер үсті суларын, топырақ пен өсімдіктерді ластаудың ықтимал көзі бола тұра қоршаған орта мен адам денсаулығының нашарлауына әкеп соғуы мүмкін.

Қоршаған ортаға теріс әсер етудің алдын алу экологиялық заңнама талаптарын сақтау, яғни қалдықтарды арнайы жабдықталған орындарында ғана көму және жинақтау, қалдықтардың нормативтен тыс көму мен жинақтауға жол бермеу, сондай-ақ қалдықтарды жинақтау орындарынан уақтылы шығару арқылы жүзеге асырылады.

Мониторингтің жұмыс бағдарламасына сәйкес, КПО тұрақты негізде кен орны аумағында қалдықтарды көму және жинақтау нысандарындағы қоршаған ортаның жай-күйіне өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ) жүргізеді. 2021 жылы бақылау нәтижесінде қоршаған орта компоненттеріне тікелей теріс әсер байқалмады. ӨЭБ шеңберінде орналастыру көлемдерін, сондай-ақ қалдықтардың жинақталу көлемі мен уақытын есепке алу мақсатында қалдықтардың қозғалысына сандық бақылау жүзеге асырылады.

КПО шикізатты өндіру, дайындау және тасымалдау процестері, сондай-ақ арнайы жабдықтарды, материалдарды және осыған қажетті басқа да ресурс­тарды пайдалану қалдықтардың пайда болуымен байланысты.

КПО қабылдайтын түзілген қалдықтардың көлемін қысқарту бойынша шаралары, қалдықтарды жинау және сақтау, оларды жинау және тасымалдау кезінде экологиялық қауіпсіздік қағидаларын сақтау, қалдықтарды сұрыптау, қайта пайдалану, қайта өңдеу және қауіпті қасиеттері мен көлемін азайту бойынша шаралары, оларды ҚО үшін қауіпсіз көму адамдарға және қоршаған ортаға теріс әсерін едәуір азайтуға ықпал етеді.

КПО-ның 2021–2023 жылдарға арналған қалдықтар мәселесін басқару бағдарламасында жинақталған және түзілетін қалдықтардың көлемі мен қауіпті қасиеттер деңгейін біртіндеп азайту бойынша көрсеткіштер мен шаралар қарастырылған. Компанияда қалдықтарды өңдеудің келесі әдістері қолданылады:

  • қалдықтарды өндіріс үдерісіне қайта жіберу;
  • қалдықтарды Экоорталық қондырғыларында қайта өңдеу;
  • қалдықтарды Экоорталық нысандарына орналастыру;
  • қалдықтарды кейінгі орналастыру, қайта өңдеу және жою үшін мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға жіберу.

2021 жылы КПО нысандарында түзілген қалдықтардың жалпы мөлшері 19 660 тоннаны құрады. 2020 жылмен салыстырғанда КПО-ның 2021 жылғы қалдықтар көлемі 13 518 тоннаға азайған. Қалдықтардың түзілу көлемінің төмендеуі, негізінен, ҚМГКК аумағындағы бұрғылау бағдарламасының қысқаруымен, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу бойынша айналмалы пеш қондырғысын жөндеу мақсатында тоқтатылуымен байланысты. 24-сызбада КПО қалдықтарының барлық түрлері көрсетілген.

Біріңғай республикалық қалдықтар бойынша есеп берудің ақпараттық жүйелер формасына сәйкес 2021 жылғы түзілген қалдықтардың жалпы көлеміне түзілген қалдықтар, сондай-ақ қайта өңделген қалдықтар да жатады.

24-сызба. 2019–2021 жж. КПО нысандарындағы түзілген қалдықтар мөлшері, тонна
Ескерту: Тұрмыстық қалдықтар өндіріс қалдықтарымен салыстырғанда олардың көлемінің аз болуына (6 %-дан кем) байланысты осы есептеуде ескерілмеген. Тұрмыстық қалдықтар төменде қалдықтарды басқару әдістері туралы кестеде берілген.
КПО Экоорталығында қалдықтарды өңдейтін бес қондырғы және оларды қауіпсіз орналастыру полигоны бар.

2021 жылы түзілген қалдықтардың жалпы мөлшері

19 660тоннаны

құрады

ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ

Компанияның өндірістік және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу қалдықтарды кәдеге жарату кешені және Экоорталық нысандарында жүргізіледі. Бұл нысан қатты қалдықтар мен сұйықтықтарды тиімді және экологиялық қауіпсіз кәдеге жарату мен қайта өңдеуді қамтамасыз етеді, және Батыс Қазақстан аймағындағы бұрғылау қалдықтарын басқаруда озық практиканың анық мысалы болып есептеледі.

Бұрғылау қалдықтарды қайта өңдеу қалдықтардың көлемін азайтуға және қауіптілігін төмендетуге мүмкіндік беретін, сонымен қатар қалдықтардан құнды бөлшектерді бөліп алатын, және оларды қайта пайдалану үшін өңдей алатын технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Компанияда қолданылатын қалдықтарды өндіріс процесіне қайтару түзілген қалдықтарды қайта пайдаланудың оңтайлы әдісі болып табылады.

КПО Экоорталығында қалдықтарды өңдейтін бес қондырғы және оларды қауіпсіз орналастыру полигоны бар.

2021 жыл ішінде КПО қалдықтарын басқарудың 2021–2023 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жоспарланған барлық іс-шараларды, соның ішінде қондырғының кейбір технологиялық учаскелерін жоспарланбаған ұзақ мерзімді жөндеуге байланысты айналмалы пеште қатты қалдықтарды қайта өңдеуді қоспағанда, қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, қайта пайдалану, қайта өңдеу, қалдықтардың көлемі мен қауіпті қасиеттерін азайтуды орындады. Ірі металл сынықтарын «Капиталнефтегаз» РММ-не қайталама шикізат ретінде беру 2022 жылға шегерілді

2021 жылы Экоорталықта келесі шаралар жүзеге асырылды:

43-кесте. Қалдықтарды өңдеуге арналған шаралар және Экоорталық қондырғылары

Экоорталықтың қондырғылары

2021 жылы қалдықтарды қайта өңдеу бойынша іс-шаралар

Шламды термомеханикалық тазалау қондырғысы (ШТТҚ)

Мұнай негізіндегі қайта өңделген бұрғылау шламдарынан базалық май мен суды бөлу технологиясының арқасында 2021 жылғы КПО-ның қалдықтарды орналастыру мөлшері бастапқы түзілген көлемнен 13 %-ға азайды.

2021 жылы 6 638 тонна қалдық өңделді, 882 тонна базалық май мен су бөлек өңделді, ал термомеханикалық өңдеуден кейін 5 756 тонна қалдық қатты қалдықтарды көму полигонында жинақталды.

Жалпы мақсаттағы пеш (ЖМП)

Қалдықтарды жалпы мақсаттағы пеште жағу нәтижесінде пештен шығу кезіндегі қалдықтар көлемі 89 %-ке қысқарды. 2021 жылы 793 тонна қалдық жағуға жіберіліп, кейін 86 тонна күл қатты қалдықтарды көму полигонында орналастырылды.

Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысы (СҚТҚ)

2021 жылы 6 110 тонна сұйық қалдықтар өңделді. Өңделгеннен кейін қайта пайдалану үшін, яғни тұздықтар мен бұрғылау ерітінділерін дайындау үшін 4 287 тонна тұздықтар мен ерітінділер тазартылды.

Қалдықтарды сұрыптау қондырғысы (ҚСҚ)

2021 жылы 1 128 тонна қатты тұрмыстық қалдықтардың 790 тоннасы жалпы мақсаттағы пештерде жағуға жіберілсе, 180 тонна қалдық, соның ішінде макулатура, металл сынықтары, әйнек және пластик мамандандырылған ұйымдарға қайта өңдеуге және қайта пайдалану мақсатында жіберілу үшін сұрыпталды. 217 тонна көлеміндегі қатты тұрмыстық қалдықтар ҚТҚ полигондарында орналастыру үшін мамандандырылған ұйымдарға берілді. 129 тонна көлеміндегі тамақ қалдықтары мамандандырылған ұйымдарға өңдеуге берілді.

Қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигоны

2021 жылдың аяғында қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында 16 ұяшық жабылды.

2021 жылы түзілген қатты және сұйық бұрғылау қалдықтарының көлемі

6 647тоннаны

құрады

2021 жылы Компания ескі қатты қалдықтарды сақтау алаңында жиналған қалдықтар мен пайдаланылған бұрғылау сұйықтарын сақтау алаңынан қалдықтарды алу, оларды шламды термомеханикалық өңдеу қондырғысы мен айналмалы пеште өңдеп, кейін қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында орналастыру жұмыстарын жалғастырды. Қалдықтарды полигонда орналастыру ҚР экологиялық заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізіледі.

2021 жылы қатты қалдықтар мен пайдаланылған бұрғылау сұйықтықтарын сақтау алаңынан 4 308 тонна (2020 жылы 1 220 тонна) өңдеуге жіберілді. ШТТҚ қайта өңдеу көлемінің ұлғаюы бұрғылау қалдықтарының түзілуін азайтуға және алаңнан қалдықтардың көп мөлшерін қайта өңдеуге қабылдау мүмкіндігіне байланысты болды. 2022 жылы қалдықтарды ескі алаңнан алып, кейін қайта өңдеу жоспарлануда.

Компания қалдықтарының басым бөлігі ұңғымаларды бұрғылаудан және жөндеуден түзіледі. Бұл ретте, қолданылатын бұрғылау ерітіндісі түріне байланысты су немесе мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау шламы түзіледі. 2021 жылы түзілген қатты және сұйық бұрғылау қалдықтарының көлемі 6 647 тоннаны құрады (қайта өңдеуге дейінгі бастапқы түзілген қалдықтар көлемінің 58 %-ы). 2020 және 2021 жылдардағы короновирустық инфекция шектеулеріне байланысты бұрғылау көлемі айтарлықтай төмендеді.

44-кестеде 2021 жылғы Компанияның қалдықтарды өндеу тәсілдері көрсетілген.

44-кесте. 2021 жылы КПО-ның қалдықтарды өңдеу тәсілдері, тонна

Қалдықтармен жұмыс істеу әдістері

Қауіпті түзілген қалдықтар

Қауіпсіз түзілген қалдықтар

Коммуналдық қалдықтар

БАРЛЫҒЫ

1

Кәсіпорында 2021 жыл басындағы көлемі

341 416

3

0

341 419

2

Есептік жыл ішінде түзілген көлемі

14 957

3 574

1 128

19 659

3

Кәсіпорында қайта пайдаланылған көлемі

4 740

0

0

4 740

4

Кәсіпорын қондырғыларында қайта өңделген көлемі

14 301

82

864

15 247

5

Энергия алмай жалпы мақсаттағы пеште жағу көлемі

3

0

790

793

6

Кәсіпорынның қалдықтарды орналастыру нысандарында орналастырылған және көмілген көлемі

12 322

0

0

12 322

7

Мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға берілген көлемі

2 569

2 751

347

5 667

8

Кәсіпорында 2021 жыл аяғындағы мөлшері

337 711

530

1

338 242

Ескерту: қалдықтардың тоннамен саны Экоорталықтың таразында оларды қайта өңдеуге, сұрыптауға, жоюға, көмуге және басқа да операцияларға әкету алдында қалдықтардың әрбір партиясын өлшеу жолымен айқындалады. Қалдықтардың мөлшері жөніндегі деректер жүк ілеспе құжаттарына (бақылау талондары, қабылдау-тапсыру актісі) енгізіледі және кейін Компанияның қалдықтарды есепке алу дерекқорына енгізіледі.

45-кестеде бұрғылау қалдықтарының негізгі түрлері, оларды өңдеу әдістері бойынша бөлініп көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей, Экоорталықтың 35 А/Б ұяшықтарында тек су негізіндегі ерітінділер мен шлам орналастырылып, су негізіндегі шлам полигонға көміледі. Мұнай негізіндегі бұрғылау шламы алдын ала өңделіп, құрамынан мұнай негізі алынып тасталғаннан кейін көмуге жіберіледі.

45-кесте. 2019–2021 жж. өңдеу әдістеріне қарай ұңғымалық операциялар қалдықтары

Қалдық түрі

Түзілген қалдықтар, тонна

Өңдеу тәсілі

2021 ж.

2020 ж.

2019 ж.

1

Пайдаланылған су негізіндегі бұрғылау ерітінділері

382

4 125

427

Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысында (СҚТҚ) қайта өңдеу

383

1 020

1 014

Орналастыру

2

Су негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау қалдықтары

987

533

925

Көму

0

0

182

Айналмалы пеште термиялық өңдеу

3

Пайдаланылған мұнай негізді бұрғылау ерітіндісі

432

818

2 676

Қалдықтарды термомеханикалық тазалау қондырғысында (ШТТҚ) және сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысында (СҚТҚ) қайта өңдеу

4

Мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау қалдығы

2 776

5 316

9 022

Мұнай негізі мен суды алумен және қатты бөлігін кейнгі көмумен ШТТҚ-да қайта өңдеу, айналмалы пеште термиялық өңдеу

5

Пайдаланылған тұздықтар

1 438

1 932

4 866

ШТТҚ және СҚТҚ қайта өңдеу, айналмалы пеште термиялық өңдеу

189

296

2 837

Орналастыру

6

Мұнайлы қалдықтар

60

11

44

Айналмалы пеште термиялық өңдеу

Келісімшарттар талаптарының шеңберінде Компания қалдықтардың бір бөлігін кәдеге жаратуға мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға береді. Олар КПО-дан қабылданған қалдықтарды әрі қарай өңдеу әдістерін өздері анықтап, тоқсан сайын қалдықтарды орналастыру бойынша үшінші тараптарға есеп береді. Қалдық түріне байланысты мамандандырылған ұйымдар қалдықтарды кейін тұтыну тауарларын дайындауға қайта өңдеуге, сондай-ақ сынаптан арылту, регенерация, термиялық өңдеу, өртеу, физикалық және химиялық өңдеу, және құрамдас бөліктерге бөлшектеп, мүдделі кәсіпорындарға қайталама шикізат ретінде пайдалануға жібереді.

Полигондарда пластмасса, пластик, полиэтилен қалдықтарын және полиэтилентерефталат орамасын, макулатура, картон, қағаз қалдықтары, әйнек сынықтарын орналастыруға тыйым салатын ҚР Экологиялық кодексінің 351-бабының негізінде компания кеңсе ғимараттарын компанияға жалға беретін мердігерлік ұйымдардың қатысуымен осындай қалдықтарды сұрыптауды және бөлек жинауды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Әрі қарай, бұл қалдықтар мамандандырылған кәсіпорындарға қайталама шикізат ретінде пайдалануға беріледі.

2011 жылдан бастап 2021 жылдың аяғына дейін макулатураны бөліп жинау нәтижесінде шамамен 740 тонна өнім жиналып, тұтыну тауарларын дайындау үшін жергілікті кәсіпорындарға берілді.

Компанияның барлық кеңселерінде пайдаланылған батарейлерді бөліп жинау ұйымдастырылған. 2021 жылы 91 кг батарейлер жиналған.

2021 жылы

91кг

батарейлер жиналған

2011 жылдан бастап 2021 жылдың аяғына дейін макулатураны бөліп жинау нәтижесінде шамамен 740 тонна өнім жиналды және тұтыну тауарларын дайындау үшін жергілікті кәсіпорындарға берілді.
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ 4:

БИОКОМПОСТ АЛУ МАҚСАТЫНДА ТАМАҚ ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚАЙТА ӨҢДЕУ

Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы:

ҚР экологиялық заңнамасына сәйкес 2021 жылдан бастап тамақ қалдықтарын Полигондарда орналастыруға тыйым салынған. Бұған дейін тамақ қалдықтарын компания ҚТҚ бөлігі ретінде жалпы мақсаттағы пеште (ЖМП) жағуды жүргізген, бұл қалдықтарды басқарудың тиімді әдісі емес. 2020–2021 жылдар ішінде Компания қайта өңдеу кәсіпорнын іздестірді.

Мақсаты:

ҚР Экокодексінің талаптарына сәйкес келу мақсатында Қарашығанақ кен орнының тамақтану нысандарында түзілетін тамақ қалдықтарымен жұмыс істеудің неғұрлым тиімді тәсілдерін енгізу.

Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:

2020 жылы жұмыс көлемі жасалынды, сондай-ақ тамақ қалдықтарын қайта өңдеу үрдісіне қойылатын талаптар айқындалып, тендер өткізілді. Қайта өңдеу әдісі бойынша кәсіпорынға қойылатын маңызды талап – тамақ қалдықтарын биокомпосттау және пайдалы өнім алу – ауыл шаруашылығында және орман шаруашылығында топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру, сақтау және жақсарту үшін пайдаланылатын органикалық тыңайтқыштар ретінде қолдану үшін биокомпост алу болды.

2021 жылы КПО тамақ қалдықтарын өңдейтін кәсіпорынмен келісім-шарт жасасты. 2021 жылғы маусым – желтоқсан айлары аралығында компания кен орнының тамақтану нысандарыннан 129 тонна тамақ қалдықтарын өңдеуге жіберді. Аталмыш келісімді одан әрі іске асыру алдағы Есептерде ұсынылатын болады.