Энергиялық тиімділік
Энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар шеңберінде КПО энергетикалық талдау және энергия тиімділігіне мониторинг жүргізеді. Талдау нәтижелері бойынша КПО компаниясының энергия сыйымдылығы 2014–2020 жылдар аралығында салыстырмалы түрде тұрақты болды, ал ауытқулар 1-2 % шегінде болды. 2021 жылы КПО энергия сыйымдылығының 2014 жылмен салыстырғанда 6,5 %-ға артқаны байқалады, бұл өсім Оренбург мұнай өндеу зауытына газ жеткізу бойынша шектеулерге және ГКДҚ-2 нысанының тоқтатылуына байланысты көмірсутектерді өндірудің төмендеуімен байланысты.
Салыстырмалы талдау нәтижесі КПО энергия сыйымдылығы IOGP-ге есеп беретін компаниялардың энергия сыйымдылығының орташа көрсеткішінен төмен екенін көрсетті. Осы талдау нәтижелері энергетикалық саясатты айқындау және компанияның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі мақсаттарын, міндеттері мен іс-шараларын белгілеу үшін негіз болып табылады.
Энергия тиімділігі және Компанияның әсері бойынша қауіп-қатерлерді барынша азайту мақсатында біз бірқатар міндеттер айқындадық. Төменде осы міндеттерді іске асыру нәтижелері көрсетілген.
Бұл біз үшін неге маңызды?
Бүгінгі таңда КПО компаниясының алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі – төмен көміртекті технологияларға көшуді жүзеге асыра отырып, энергия ресурстарын өндіруді қамтамасыз ету.
Біздің міндеттеріміз – ең озық қолжетімді технологияларды, энергия үнемдейтін жабдықтарды, материалдарды пайдалана отырып, энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды жалғастыру және оларды бағалау
2021 жылға қойылған міндеттер |
Орындалуы |
2021 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2022 жылға қойылған міндеттер |
Энергия бойынша аудитті аяқтау және энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру бойынша бес жылдық жоспарды әзірлеуді аяқтау |
Ішінара орындалды
|
Энергия бойынша аудит аяқталды. Энергияны үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру бойынша бес жылдық жоспарды әзірленді |
Компанияда жүргізілетін жыл сайынғы энергетикалық талдауды өткізу және КПО энергия сыйымдылығына айтарлықтай әсер ететін жабдықтар/процестердің энергия тиімділігі көрсеткіштеріне мониторингті жалғастыру |
Энергия менеджменті жүйесінің ISO 50001:2018 стандарты талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша аудит өткізу |
Орындалды |
2021 жылдың тамызында ISO 50001:2018 стандарты талаптарына сәйкестікті тексеру бойынша аудит сәтті өткізілді |
Энергия менеджменті жүйесінің ISO 50001:2018 стандарты талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша аудит өткізу |
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
ISO бойынша сертификаттау КПО-ның іскерлік беделін одан әрі нығайтады – заңнамалық талаптар мен халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау арқылы компания Қазақстан Республикасының сенімді серіктесі екенін көрсетеді.
2021 жылдың тамызында КПО-да ISO 50001:2018 стандарты талаптарына сәйкестікті тексеру бойынша аудит сәтті өткізілді. Аудит нәтижесінде КПО-ның энергетикалық менеджмент жүйесінің тиісті халықаралық стандарттарға сәйкестігі расталды.
Энергияны тұтыну
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнама талаптарына сәйкес компания бес жыл сайын міндетті энергетикалық аудит жүргізеді.
Энергетикалық аудиттің басты мақсаты – компанияның отын және энергетикалық ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау және энергетикалық ресурстарды ұтымды тұтынуды қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеу болып табылады.
2021 жылы арнайы компания КПО-да міндетті энергия аудитін өткізді, аудит нәтижелері бойынша КПО-ның энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы қызметі «өте жақсы» деп бағаланады. Энергия аудитінің нәтижелері бойынша экономикалық жағынан тиімді және қызметте пайдалануға болатын энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар ұсынылды, олардың бірі – газ турбиналы электр станциясында шыққан жылуды кәдеге жарату қазандығын орнату бойынша іс-шаралар, аталмыш шараларды КПО 2022–2025 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру іс-шаралар жоспарына енгізуді жоспарлап отыр.
2020 жылы 1 067 135 тонна шартты отын (т.ш.о.) тұтынылған болса, 2021 жылы энергия ресурстарын жалпы тұтыну 1 029 538 тонна шартты отынды құрады. Энергия ресурстарын тұтынудың төмендеуінің себебі электр энергиясын өндіретін турбиналардағы жөндеу жұмыстарына байланысты. 36-кестеде әр энергия түрі бойынша көрсетілген тұтынылатын энергия көлемі келтірілген.
36-кесте. 2019–2021 жылдары КПО-ның энергия ресурстарын тұтыну мөлшері
Энергия түрі |
Өлшем бірлігі |
Энергияны тұтыну, физикалық өлшем бірліктері |
Энергия тұтыну, шартты отын тоннасы (ш.о.т) |
Энергия тұтыну, ГДж |
||||||
2021 |
2020 |
2019 |
2021 |
2020 |
2019 |
2021 |
2020 |
2019 |
||
Отын газы |
мың м3 |
832 863 |
863 029 |
826 806 |
1 026 088 |
1 063 251 |
1 018 625 |
30 074 639 |
31 163 893 |
29 855 886 |
Электр энергиясы |
МВт*сағ |
6 710 |
6 236 |
7 244 |
825 |
767 |
891 |
24 181 |
22 482 |
26 115 |
Дизель жанармайы |
м3 |
705 |
1 188 |
739 |
888 |
1 498 |
932 |
26 027 |
43 905 |
27 468 |
Бензин |
м3 |
228 |
199 |
226 |
251 |
220 |
249 |
7 357 |
6 439 |
7 301 |
Жылу (жалға алынған кеңселерде) |
Гкал |
10 388 |
9 781 |
8 731 |
1 486 |
1 399 |
1 249 |
43 555 |
40 994 |
36 595 |
БАРЛЫҒЫ |
|
|
|
|
1 029 538 |
1 067 135 |
1 021 946 |
30 175 759 |
31 277 713 |
29 953 365 |
2021 жылғы энергияны жұмсау көрсеткіші бір тонна көмірсутекке шаққанда 1,10 Гдж құрады, бұл Халықаралық мұнай және газ өндірушілер қауымдастығына9 (1,4) есептерін берген компаниялардың энергияны жұмсау орта көрсеткіштерінен төмен.
22-сызба. Энергияны жұмсау динамикасы, 2019–2021 жж.
Энергияны сақтау шаралары
КПО-ның энергияны сақтау мен тиімділігін арттыру бойынша бекітілген жоспарына сәйкес 2021 жылы келесі шаралар жүзеге асырылды:
- Өндірістік және қосалқы нысандарда шамдарды жарықдиодты шамдарға алмастыру жұмыстары жалғасты. 2021 жылы шамдардың 4 917 данасы ауыстырылды. Шамдарды ауыстыру шараларының нәтижесінде жылына үнемделген электр энергиясының есептелген көрсеткіші шамамен 754 600 кВт*сағ құрады. 2019–2021 жылдар аралығында 10 385 шам ауыстырылып, 1 271 230 кВт*сағ көлемінде энергия үнемделді.
- Отын газы бойынша есеп беру процесін жақсарту бойынша жұмыстар жалғастырылды:
- ҚӨК нысанының 5-340 учаскесінде ультрадыбыстық шығын өлшегішті орнату – 2022 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған;
- кері айдау компрессорларының газ турбинасында отын газының шығын өлшегішін орнату.
- Өндірістік бөлімдердің қ ызметкерлеріне арнап ISO 50001:2018 энергетикалық менеджмент жүйесі бойынша оқыту сессиялары өткізілді.