КПО-ның даму туралы есебі 2021

Атмосфераға тасталатын шығарындылар

КПО компаниясы атмосфераға шығарылатын ластау­шы заттардың көлемін әсер етуге берілген экология­лық рұқсатта белгіленген лимиттер негізінде реттеп басқарады.

17-кестеде көрсетілгендей шығарындылардың негізгі көлемі газды алауларда (37 %), инсинераторларда (21 %), газ турбиналық қондырғыларда (20 %), қазандықтарда, технологиялық пештерде және компрессорларда (12 %), сондай-ақ ұйымдастырылмаған көздерден (10 %) жағу нәтижесінде пайда болады.

КПО-да парниктік газдардың (ПГ) тікелей шығарындыларын реттеу қолданыстағы квоталар саудасының ұлттық жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.

2021 жылы атмосфераға шығарындылардың жалпы көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 37 %-ға азайып, 4 798 тоннаны құрады. Шығарындылардың азаюы, негізінен, 2021 жылы ұңғымалардың алауларында көмірсутектердің жануымен жүретін ұңғымаларды пайдаланудың болмауына байланысты ұңғымалық операциялардың болмауына байланысты болды.

17-сызба. Атмосфераны ластаудың негізгі көздері бойынша 2021 жылға КПО-ның ластағыш заттар шығарындыларының жіктелуі

Бұл біз үшін неге маңызды?

КПО сияқты өнеркәсіптік мекемелердің қызметі зиянды заттардың атмосфераға тасталуымен әрдайым байланысты болады. Уытты заттардың қоршаған ортада үлкен көлемде шоғырлануы экологиялық тепе-теңдіктің нашарлауына әкеледі. Компанияның бұл тұстағы мақсаты – өзінің қызметінен туындаған теріс әсерді барынша азайту

2021 жылы компания ұңғымаларды игеру кезінде көмірсутек шикізатын жағу көлемін төмендету бойынша жаңа әдістерді тестілеуді жалғастырды. Жоғары қысымды сепараторы бар 4 ұңғыманы сынау технологиясының нәтижесінде 2020 жылы (3 ұңғыма) және 2021 жылы (1 ұңғыма) ~24 мың тонна СО2 -экв шығарындыларын азайтуға және қосымша ~53 мың баррель өндіруге қол жеткізілді.

32-кесте. Қоршаған ортаны қорғаудағы міндеттеріміз

2021 жылға біздің міндеттеріміз

Орындалуы

2021 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2022 жылға арналған міндеттер

Парниктік газдардың меншікті шығарындылар көрсеткішін көмірсутектерді өндірудің бір мың тоннасына шаққанда 67 тонна СО2 көрсеткішінен асырмау

Орындалды

Парниктік газдардың меншікті шығарындылар көрсеткіші өндірілген көмірсутектердің бір мың тоннасына шаққандағы 63 тонна СО2 құрады

 

Өндіріс шығынын 3,82 %-дан асырмау

Орындалды

Өндіріс шығыны 3,54 %-дан асқан жоқ

 

 

Жаңа міндеттер

 

2022–2025 жылдарға арналған ПГ шығарындыларына квота алу үшін нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және тексеру/валидациялау

2022–2025 жылдарға ПГ шығарындыларына квота алу

33-кестеде 2019–2021 жылдардағы КПО-ға рұқсат етілген және нақты шығарындылары туралы ақпарат берілген.

33-кесте. Ластағыш заттар шығарындыларының рұқсат етілген және нақты көлемі, 2019–2021 жж.

Ластағыш заттар шығарындыларының жылдық көлемі, тоннамен:

2021

2020

2019

ЛЗ эмиссияларына рұқсат бойынша

13 219

17 527

18 544

Нақты, оның ішінде:

4 798

7 591

7 597

Азот оксиді

1 197

1 637

1 636

Күкірт диоксиді

1 989

3 315

3 281

Көмірқышқыл оксиді

1 039

1 145

1 205

Ұшпа органикалық қоспалар

452

1 352

1 329

Күкіртсутегі

3

3

3

Қатты бөлшектер

71

74

80

Басқалары

47

65

63

Ескерту: Шығарындылар көлемі туралы деректер «2-ТП Ауа» статистикалық есептерінің деректеріне сәйкес берілген.

КПО-дағы ластаушы заттар шығарындыларын есептеу шығарындылар нормативтерінің жобасында айқындалған және ҚР-да қолдануға ұсынылған әдістемелер бойынша жүзеге асырылады.

021 жылы өндіріс бірлігіне шаққандағы меншікті шығарындылар өндірілген көмірсутек шикізатының бір мың тоннасына 0,18 тоннаны құрады. 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы меншікті шығарындылардың төмендеуі жалпы шығарындылардың азаюына, көмірсутек шикізатын жағуды талап ететін ұңғымаларда жұмыстардың болмауына, сондай-ақ жалпы шығарындыларға негізгі үлес қосатын жабдықтың жұмыс уақытының қысқаруына байланысты болды.

18-сызба. 2019–2021 жж. көмірсутек шикізатын өндіру және ластауыш заттар шығарындыларының көлемі
19-сызба. Жағылған ілеспе газ көлемі, 2019–2021 жж. (млн м3)
20-сызба. Газды кәдеге жарату және жағу, 2021 ж

ГАЗДЫ АЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫНДА ЖАҒУ

2021 жылы газды алауларда жағудың жалпы көлемі өндірілген газдың жалпы көлемінен 0,06 % (2020 жылы 0,08 %) немесе өндірілген көмірсутек шикізатының мың тоннасына шаққанда 0,38 тоннаны құрады. IOGP 2020 жылғы есебінде көрсетілгендей, артық газды өртеу нәтижесінде шығарындылардың мұндай елеусіз қарқындылығы бір мың тоннаға 8,0 тонна орташа әлемдік өнеркәсіптік көрсеткішпен және мың тоннаға 2,4 тонна орташа8 еуропалық көрсеткішпен салыстырғанда өндірістік көрсеткіштердің жоғары деңгейін көрсетеді. 2020 жылмен салыстырғанда газ жағу көлемінің азаюы 2021 жылы көмірсутек шикізатын жағумен байланысты ұңғымалық операциялардың және толық ЖЖЖ болмауымен байланысты.

8Деректер көзі – «Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығы» (IOGP) ұйымының жыл сайынғы есептері – «Экологиялық көрсеткіштер бойынша 2020 жылғы деректер».

2021 жылы КПО газды кәдеге жаратукөрсеткіші

99,94%-ды

құрады.

Газды кәдеге жарату

2021 жылы КПО газды кәдеге жарату көрсеткіші 99,94 %-ды (2020 жылы 99,92 %-ды) құрады. Бұл ретте ілеспе газды өңдеуді дамытудың 2021 жылға арналған бағдарламасы шеңберінде ҚР уәкілетті органы бекіткен нысаналы көрсеткіш 99,69 %-ды құрайды.

Парниктік газдардың тікелей шығарындылары 

КПО-дағы парникті газдардың (ПГ) тікелей шығарындылары қолданыстағы ұлттық квоталар сауда жүйесі аясында реттеледі. 2021 жылы КПО 2 369 945 тонна көлемінде шығарындылардың үлестік коэффициенттері (бенчмарктер) негізінде парниктік газдар шығарындыларына (СО2) квота алды. 2021 жылы нақты шығарындылар көлемі 1 727 683 тонна СО2 эквивалентін құрады, бұл алынған квота көрсеткішінің 73 %-ын құрады.

ПГ шығарындыларын есепке алу көміртек диоксиді (СО2), метан (СН4) және азоттың шала тотығы (N2O) бойынша есептеу әдісімен мекеме қызметі туралы мәліметтер (жанармай шығысы және жанармай құрамы бойынша зертханалық мәліметтер) негізінде жүргізіледі.

2021 жылғы ПГ шығарындыларын түгендеу туралы верификацияланған есепке сәйкес ПГ шығарындыларының жалпы көлемі СО2 эквивалентінде 1 745 768 тоннаны құрады, оның ішінде СО2 үлесіне СО2-экв 1 727 683 тонна келедi (99 %), СО2-экв-да CH4 – 9 586 тонна үлесіне (0,5 %), СО2-экв-да N2O үлесіне – 8 499 тонна (0,5 %).

ПГ шығарындыларының түзілу динамикасы туралы ақпарат 34-кестеде берілген. 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы парниктік газдардың жалпы шығарындыларының шамалы төмендеуі (4 %-ға) есепті жылы көмірсутектерді өндіру қуатының төмендеуіне байланысты жабдықты пайдалану уақытының қысқаруымен байланысты.

34-кесте. КПО өндірістік қызметінің салдарынан ПГ шығарындыларының түзілу динамикасы, 2019–2021 жж.

Парникті газ шығарындыларының жалпы көлемі (СО2 эквивалентінде, тоннамен)

Отынды тұрақты көздерде жағудан

Отынды алаулар мен инсинераторларда жағудан

Ұйымдастырылмаған шығарындылар*

2021 жылғы ПГ жалпы шығарындылары

2020 жылғы ПГ жалпы шығарындылары

2019 жылғы ПГ жалпы шығарындылары.

1 602 469

136 211

7 088

1 745 768

1 821 604

1 870 324

* ҚР ЭГТРМ түгендеу мақсатында қолдануға рұқсат етілген ұйымдастырылмаған көздерден парниктік газдардың шығарындыларын есептеудің жеке әдістемесін қолдануды ескере отырып, 2021 жылы ұйымдастырылмаған ПГ шығарындыларының көлемі 2018-2019 жылдары ПГ шығарындыларын түгендеу кезінде қолданылған әдістеме бойынша СО2 эквивалентінде 151 916 тоннаны құрады.

Парниктік газдардың меншікті шығарындылары

2021 жылы өндірілген көмірсутек шикізатының мың тоннасына шаққандағы ПГ меншікті шығарындылары 63 тонна СО2 құрады, бұл – өндірілген көмірсутек шикізатының мың тоннасына шаққандағы ПГ меншікті шығарындыларын 67 тонна СО2 асырмау көрсеткішін сақтау бойынша мақсаттарға толықтай сәйкес келеді.

21-сызбада КПО ПГ меншікті шығарындылар динамикасы Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығымен берілген меншікті шығарындылар көрсеткіштері салыстырылған. КПО ПГ нақты меншікті шығарындылар деңгейі еуропалық көрсеткіштер деңгейінен 23 %-ға, ал халықаралық көрсеткіштер деңгейінен 44 %-ға төмен болды

21-сызба. Көмірсутек шикізаты өндірісінің бірлігіне шаққанда ПГ меншікті шығарындыларының динамикасы *
* Деректер көзі ретінде IOGP Халықаралық Мұнай және газ өндірушілер қауымдастығының «Экологиялық тиімділік көрсеткіштері – 2020 жылғы деректер» атты жыл сайынғы есептері пайдаланылды. Салыстыру үшін 2021 жылы 2020 жылғы деректер пайдаланылды, өйткені 2021 жылғы IOGP есебі осы басылымды дайындау кезінде әлі басылып шығарылмаған.