КПО-ның даму туралы есебі 2021

Су тұтыну және сарқынды суларға қатысты шаралар

Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану – бүкіл адамзаттың, сондай-ақ компаниямыздың алдында тұрған маңызды және басым міндет. Су – өмір көзі және құнды өнеркәсіптік шикізат.

Компанияның су қорларын пайдалануға өндірістің әсерінің қаупін барынша азайту бағытындағы жұмысымыздың нәтижелері төменде көрсетілген.

37-кесте. Сарқынды суларды басқару бойынша міндеттер

2021 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2021 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2022 жылға қойылған міндеттер

№ 2 өнеркәсіптік ағындарды айдау полигонының аймағына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жобасына сәйкес қосымша барлау жұмыстарын аяқтау

Орындалды

№2 полигонның аймағында барлық барлау геологиялық-гидрогеологиялық жұмыстар жүргізіліп, коллектор қабаттардың өнеркәсіптік ағын сулардың ұлғайтылған көлемін қабылдай алатынын дәлелдеуге мүмкіндік берді.

Өнеркәсіптік ағындарды айдау бойынша негізгі жобалық шешімдер ҚОҚ жөніндегі уәкілетті органға ұсынылды. Қоршаған ортаға әсерді бағалау қажеттігі туралы қорытынды берілді.

Сарқынды суларды айдау жобасына №3 толықтыру әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізу

Бұл біз үшін неге маңызды?

Суды шамадан тыс және тиімсіз тұтыну су қорларының сарқылуына, өндірістік және шаруашылық қажеттіліктерге арналған судың тапшылығына, су экожүйелерінің нашарлауына және су нысандарының табиғи көбею және тазару қабілетінің төмендеуіне қатысты әсерлерге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Компанияның міндеті – су қорларын сақтау мақсатында оларды тиімді пайдалану. КПО су қорларын сақтауға бағытталған шаралар кешені арқылы кәсіпорында таза су тұтынуды реттейді және мүмкіндігінше тазартылған суларды екінші рет пайдаланады.

2021 жылы Компанияның жалпы су тұтынуы 395 386 м3 құрады, оның ішінде техникалық су 314 127 м3, ауыз су 81 259 м3 құрады.

23-сызба. 2019–2021 жж. КПО бойынша су тұтыну

2021 жылы КПО 2020 жылмен салыстырғанда техникалық суды 16 %-ке аз тұтынған. Тұрмыс­тық қажеттіліктерге жұмсалған судың көлемі де 2020 жылға қарағанда азырақ болды. Пайдаланылатын судың көлемінің төмендеуі бұрғылау бағдарламасының қысқаруына, тасымалдау кезінде су шығынын бақылаудың жақсаруына, Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуіне байланысты су тұтынуды оңтайландыру жөніндегі шараларға, су жинақтағыш тоғандардағы тазартылған сарқынды суларды, ирригациялық лагуналардағы және жерасты ұңғымаларындағы жаңбыр және еріген қар суларын техникалық қажеттіліктерге екінші рет пайдалануға байланысты.

Қарашығанақ кен орнындағы өндірістік мақсаттарға қажетті сумен қамтамасыз етуші негізгі су көзі – Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасы, ал шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер су Жарсуат тоғанынан алынады. Шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктеріне сумен қамтамасыз ету көзі ретінде Үлкен Шаған мұнай айдау станциясы (МАС) үшін Серебряков су тоғаны, ал Атырау терминалы МАС үшін Қиғаш су тоғаны пайдаланылады.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2014 жылғы (№ 325) қаулысына сәйкес Қоншыбай жырасы балық шаруашылығы су қоймаларының тізіміне кірмейді. Қоншыбай жырасы жерас­ты суларымен қоректенбейді, ол көктемгі еріген қар мен жауған жаңбырдан толып отырады.

Суды өнеркәсіп қажеттілігі үшін 24.05.2025 ж. дейін пайдалануға берілген рұқсатқа сәйкес КПО-ның Қоншыбай жырасынан жыл сайын ала алатын су көлемі 741 432 м3-мен шектелген. Рұқсатты «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» РММ берді. Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасын пайдалану су пайдаланудың оңтайлы режимін қамтамасыз етуге, құрылыстарды жарамды күйде ұстауға, қоршаған ортаны қорғау­ға бағытталған пайдалану қағидаларына және су қоймасының гидротехникалық құрылыстарын қауіпсіз пайдалану, техникалық қызмет көрсету жөніндегі технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

2021 жылы өңірдегі ұзаққа созылған құрғақшылық пен қардың аз түсуі № 1 су қоймасындағы су деңгейінің күрт төмендеуіне алып келді. Осыған байланысты, 2021 жылы КПО техникалық суды тұтынуды оңтайландыруға және тазартылған сарқынды суларды, жаңбыр мен еріген суларды қайта пайдалануды арттыруға мүмкіндік беретін бірқатар іс-шаралар өткізді. Сонымен қатар, ұңғымаларда тәжірибелік-сүзгілік зерттеулер жүргізгеннен кейін жерасты сулары техникалық мақсаттарда қайта пайдалану үшін өндірістік нысандарға жіберілді. Балама көздерден су пайдалану тұжырымдамаларын іздеу және әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді және әлі де жалғасуда.

Басқа су тоғандарынан су алып пайдалану су жеткізушілермен жасалған шарттар негізінде жүргізіледі.

2021 жылы Компания нысандарының шаруа­шылық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін ауыз су пайдаланылды. Ерекше жағдай ретінде Үлкен Шаған мұнай айдау станциясына ауыз суды «Қазводхоз» РМК БҚО филиалы беріп отырды және сумен жабдықтаудың балама көздерінің болмауына байланысты өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт резервуарларын толтыру мақсатында ауыз су қолданылады.

38-кестеде КПО-дағы су тұтыну көздері бойынша ақпарат ұсынылған.

38-кесте. КПО су тұтынуы су көздері бойынша, 2019–2021 жж., м3

Су көздері

Нысан

Су сапасы

2021

2020

2019

1

Жарсуат су тоғаны
(тұрмыстық қажеттіліктерге)

ҚМГКК

жер асты, ауыз су

79 852

80 957

91 851

2

Серебряков су тоғаны

Үлкен Шаған МАС

жер асты, ауыз су

1 407

1 472

1 605

 

тұрмыстық қажеттіліктерге

 

 

868

938

924

 

өндірістік қажеттіліктерге

 

 

539

534

681

3

Қоншыбай жырасының су тоғаны (өндірістік қажеттіліктерге)

ҚМГКК

жер үсті, техникалық

310 352

384 453

431 616

4

Қиғаш су тоғаны

Атырау МАС

жер үсті, техникалық

3 775

3 719

2 781

 

тұрмыстық қажеттіліктерге

 

 

808

759

777

 

өндірістік қажеттіліктерге

 

 

2 967

2 960

2 004

Ескертпе: пайдаланылған су көлемі есептеу құралдарының көмегімен есептеледі, құралда көрсетілген көрсеткіштер есепке алу журналына тіркеледі және әрі қарай КПО тұтынатын суды есепке алу дерекқорына енгізіледі.

ТАЗАРТЫЛҒАН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫҢ ТӨГІНДІЛЕРІ

Тазартылған шаруашылық-тұрмыстық суларды жинау үшін, өндірісте пайдаланылған сарқынды сулар және жауыннан түскен, еріген суларды шығару үшін Компания арнайы салынған нысандарды пайдаланады. Бұл нысандар топыраққа және жер асты суларына ластаушы заттардың түсуіне жол бермейді, сондай-ақ тазартылған сарқынды суларды әрі қарай техникалық қажеттіліктерге қайта пайдалану үшін жинап, пайдалануға алынатын таза су мөлшерін қысқартуға мүмкіндік береді. Сарқынды суларды жинауға арналған нысандардың түрлері 2018 жылғы Тұрақты даму туралы есепте ұсынылды (40-кесте, 105-бет).

Көмірсутек шикізатымен бірге өндірілетін қойнау­қаттағы ілеспе сулар және өндірістік сарқынды сулар тазартылады және ҚМГКК № 1 және № 2 өнеркәсіптік сарқынды суларды жерастына көму полигондарының терең жатқан жерасты қабаттарына айдалады. Сарқынды суларды жер қойнауына айдау – сарқынды суларды жоюдың әлемдік тәжірибесі, осындай жолмен суларды тазалау кезіндегідей бетінде тұзды қалдықтардың пайда болуына жол берілмейді. Қабаттардың жөнді оқшау­ланғандықтан, топырақтың қасиеттері сарқынды суларды айдау үшін өте қолайлы болғандықтан сарқынды сулар жоғарғы сулы қабаттарға көтеріле алмайды.

Сарқынды сулардың төгінділерінің көлемі және шығарылатын ластауыш заттардың мөлшері ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес Компанияның жобалау құжаттамасында есептеліп, негізделеді және арнайы рұқсаттармен реттеледі. КПО шаруа­шылық және өндірістік қызметі нәтижесінде пайда болған сарқынды сулар табиғи су нысандарына ағызылмайды.

39-кестеде 2019–2021 жж. сарқынды сулар санаттары бойынша КПО төгінділерінің және қабылдаушы нысанның көлемі келтірілген.

2020 жылмен салыстырғанда Компанияның сарқынды су төгінділерінің көлемі 2021 жылы 12,38 %-ке ұлғайды. Оның ішінде, 2021 жылы айдалатын өнеркәсіптік ағын сулардың көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 12,35 %-ке артты. Өнеркәсіптік ағын сулардың көлемінің ұлғаюы өндірілген ілеспе сулар көлемінің артуымен байланысты. Тазартылған сарқынды сулардың түрлері және олардағы ластаушы заттар 2017 жылғы Тұрақты даму туралы есепте ұсынылды (93-бет).

2021 жылы 58 981 тонна ластаушы заттар ағызылды (2020 жылғы 46 006 тоннаны құрады, яғни 28,2 %-ке артық). Оның 58 166 тоннасы шекті рауалы төгінде (ШРТ) нормативтері шегінде, 815 тоннасы нормативтен тыс.

Ластаушы заттардың нормативтен тыс ағызылуы № 1 және № 2 өндірістік сарқынды суларды жерас­ты көму полигондарына айдалатын сарқынды сулардағы күкіртсутегі, хлоридтер және метанол бойынша ШРТ нормативінен шамалы асып кету нәтижесінде болды. Аммоний азоты, хлоридтер және фосфаттар бойынша шамалы асып кетуді қоспағанда, жинағыш тоғандарға шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар бойынша ЛЗ нормативтен тыс ағызулар болмады. ҚР салық заңнамасының талаптарына сәйкес ЛЗ төгінділері үшін Компания қажетті төлемдерді жасады.

Жалпы, жер асты қабаттарына сарқынды суларды айдау топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі сияқты қоршаған орта компоненттеріне әсер етпейді, өйткені су минералдығы жоғары және шаруашылық-ауыз су, бальнеологиялық және техникалық қажеттіліктер, суландыру және мал шаруа­шылығы үшін пайдаланылмайтын сенімді оқшауланған терең жатқан қабаттарда жүргізіледі.

39-кесте. 2019–2021 жж. сарқынды сулардың санаты мен қабылдаушы нысан көрсетілген төгінділердің және олардағы ластаушы заттардың (ЛЗ) жалпы көлемі, м3

Қабылдайтын нысан

Сарқынды сулардың санаты

2021

2020

2019

Төгінділер көлемі, м3

Ластаушы заттар көлемі, тонна

Төгінділер көлемі, м3

Ластаушы заттар көлемі, тонна

Төгінділер көлемі, м3

Ластаушы заттар көлемі, тонна

Жинақтағыш тоғандар

Тазартылған шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар

72 123

44,51

64 244

34,38

68 763

35,72

Өнеркәсіптік ағын суларды жерастына көму полигондары

Өндірістік-жауын сарқынды сулар, технологиялық және ілеспе-қабаттық сарқынды сулар

780 755

58 935

694 893

45 970

628 819

39 645

Үлкен Шаған МАС және Атырау МАС жер бедері

Еріген қар сулары және жаңбыр сулары

2 538

1,595

1 982

1,56

3 546

2,05

Төгінділердің жалпы көлемі

855 415

58 981

761 119

46 006

701 128

39 683

Ескертпе: төгінді су көлемі есептеу құралдарының көмегімен есептеледі, құралда көрсетілген көрсеткіштер есепке алу журналына тіркеледі және әрі қарай КПО тұтынатын суды есепке алу дерекқорына енгізіледі. Ластаушы заттар төгінділерінің көлемі ағызу алдындағы ластаушы заттардың нақты шоғырлануының төгінділердің нақты көлеміне көбейтіндісі ретінде есептеледі.

ТАЗАРТЫЛҒАН САРҚЫНДЫ СУЛАРДЫ ЖӘНЕ БАСҚА СУЛАРДЫ ЕКІНШІ РЕТ ПАЙДАЛАНУ

Бұрғылау, бұрғылау ерітінділерін дайындау, орман көшеттерін суару, жолдар мен салынып жатқан алаңдардағы шаңды басу сияқты операциялар мен жұмыс түрлеріне табиғи техникалық судың алынуын қысқарту мақсатында КПО тазартылған тұрмыстық, өндірістік-жаңбыр және нөсер сарқынды суларды пайдаланады. Компания нысандарында сарқынды суларды қайталап пайдалану 2018–2022 жылдарға белгіленген Технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

2021 жылы ұңғымалардан алынған тазартылған сарқынды сулар, жаңбырдың суы және еріген сулар, сондай-ақ жерасты сулары өндірістік нысандардың техникалық қажеттіліктеріне де пайдаланылды.

2021 жылы КПО техникалық қажеттіліктеріне екінші рет пайдаланылған сарқынды сулардың көлемі Қоншыбай жырасынан тұтынылған техникалық су көлемінің 11,3 %-ін құрады. 2021 жылы Компания 35 061 м3 тазартылған сарқынды суды техникалық қажеттіліктерге қайта пайдаланды, олардың негізгі көлемі шаңды басуға пайдаланылды. 40-кестеде тазартылған сарқынды сулар мен суларды пайдаланатын жұмыс түрлері келтірілген.

40-кесте. 2019–2021 жж. тазартылған сарқынды сулар мен жер асты суларын екінші рет пайдалану, м3

 

2021

2020

2019

Жалпы екінші рет пайдалану, оның ішінде:

35 061

18 313

38 545

Бұрғылау ерітінділерін дайындау және бұрғылау қажеттілігіне

5 317

3 482

30 117

Өсімдіктерді суару мақсатында гидросынаулар және өрт резервуарларын толтыру

8 465

335

1 088

Шаңды басу

17 917

14 496

7 340

ҚМГКК өндірістік нысандарының техникалық қажеттіліктері

3 362

 

 

Ескертпе: қайта пайдаланылған су көлемін есепке алу бақылау талонын толтыра отырып, м3 (мотосағаттар, автоцистерна көлемі, рейстер саны, сорғылардың өнімділігі және т.б.) жанама әдіспен айқындалады және деректер есепке алу журналына енгізіледі.

ӨНЕРКӘСІПТІК АҒЫН СУЛАРДЫ БАСҚАРУ

Қарашығанақ кен орнындағы қойнауқаттық суларды және өндірістік ағын суларды кәдеге жарату – Компанияның маңызды міндеттерінің бірі.

КПО-ның өндірістік ағындарды басқару стратегиясы жер асты суларын пайдалану тұрғысынан өндірістік шектеулерді алып тастауға, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздігін, жабдықтың тұтастығын және экологиялық талаптарды сақтауға бағытталған бірқатар өзара байланысты жобаларды жүзеге асыру болып табылады.

Компания 2-полигонда қабатқа кері айдалатын көлемді 2023 жылдан 2037 жылға дейін жылына 1 100 мың м3-ге дейін ұлғайту мақсатында полигондарға айдау жобасын толықтыру туралы шешім қабылдады. Қабатқа кері айдау жобасының 3-қосымшасында өнеркәсіптік кері айдалатын ағынды сулардың жоспарланған көлемін ұлғайту, сондай-ақ айдау ұңғымаларының әлеуетін арттыру жөніндегі іс-шараларды қамтылатын болады. Аталған жұмыс­тар аяқталғаннан кейін 3-толықтыруға қатысты қоршаған ортаға әсерді бағалауды (ҚОӘБ) әзірлеп, кейін қоғамдық тыңдаулар өткізу жоспарлануда.

2021 жылы екі жоспарланған жоба аяқталды: өнеркәсіптік ағындарды тиімдірек жою үшін екінші сіңіргіш ұңғыманыны күрделі жөндеу және каустик содамен өңдеу процесін автоматтандыру үшін модификацияланған газолинді меркаптаннан тазарту қондырғысын іске қосу.

2022 жылы жобаларды әрі қарай зерделеу және іске асыру бойынша жұмыстар, оның ішінде пайдаланылған каустикті бейтараптандыру блогын жаңғырту жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады. Сондай-ақ, 2022 жылы ЖЖЖ кезінде өнеркәсіптік ағындарды мұнайдан тазарту үшін қажетті газарындық флотациялық қондырғы мен көлбеу пластиналы сепаратордың ыдыстарын ауыстыру жоспарлануда. Бұл ыдыстарды ауыстыру нысанның тұтастығын және жоғары өткізу қабілетін сақтауды қамтамасыз етеді, нәтижесінде мұнайды судан бөлу сапасы артады, бұл терең қабаттарға айдау алдында сарқынды суларды дайындаудың бүкіл жүйесінің жұмысына оң әсер етеді.

41-кесте. 2021 ж. өнеркәсіптік ағын суларды басқару саласында орындалған жобалар

Жоба

Бизнес-фактор

Ескертпе

Модификацияланған газолинді меркаптаннан тазарту қондырғысын іске қосу

Өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Жобаны іске асыру кейіннен бейтараптандыру блогына түсетін пайдаланылған каустик соданың түзілуін оңтайландыруға мүмкіндік берді. Процесті автоматтандырудың арқасында қызметкерлер үшін қауіпті реагенттермен әрекеттесу қаупі едәуір азайтылды.

Екі айдау ұңғымасын күрделі жөндеу

Өндіру деңгейін қолдау

Жер қойнауқатын проппантты қолданып, сумен ажырату арқылы екі сіңіргіш ұңғыманы күрделі жөндеу айдау көлемін ұлғайту үшін өндірістік ағындарды кері айдау ұңғымаларының қабылдау әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.