КПО-ның даму туралы есебі 2021

Экологиялық сәйкестікті қамтамасыз ету

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЫППҰЛДАР

КПО өз қызметін Қазақстан Республикасының (ҚР) экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Өндірістік қызметі шеңберінде Компания жыл са­йын ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ластаушы заттар шығарындыларына, төгінділеріне және өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға шектеу белгілейтін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат сұранымын жіберіп, сол уәкілетті органнан рұқсат алады.

2021 жылы КПО компаниясы рұқсаттарда белгіленген эмиссиялардың жалпы шектеулерінен аспады. Жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша есепті кезең ішінде Компания әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ. Сондай-ақ, 2021 жылы ҚОҚ саласында азаматтық істер қозғалған жоқ.

ЖАҢА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ТАЛАПТАРЫН ЕНГІЗУ

2021 жылы жаңа Экологиялық кодекс аясында Компания қызметкерлерінің күшімен өндіріс үшін маңызды мәселелер заңнамалық деңгейде шешілді, атап айтқанда:

  • 2022 жылға әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алу;
  • ҚР жаңа Экологиялық кодексі талаптарын енгізу жоспары шеңберінде іс-шараларды орындау бойынша жұмыс;
  • ҚР ҚОҚ саласындағы 90-нан астам жаңа заңға тәуелді актілерінің ережелерін талдау және «ҚР жаңа экологиялық кодексі» тақырыбында компания қызметкерлері үшін онлайн-семинарлар өткізу арқылы қызметкерлерді ҚОҚ саласындағы негізгі талаптар туралы хабардар ету;
  • Жаңа экологиялық талаптарды әзірлеуге қатысу және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы жанындағы жұмыс топтарының құрамында КПО қоршаған ортаны қорғау мамандарымен бірге ҚОҚ саласындағы ҚР нормативтік құқықтық және заңға тәуелді актілерінің 120-дан астам қаралған жобаларына ескертулер мен ұсыныстар беру.