Қоршаған орта мониторинг
КПО өндірістік қызметінің барлық аспектілерін қамтитын қоршаған ортаны қорғау бойынша бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыруда. Осындай бағдарламалардың негізгісі – Өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ) бағдарламасы. Бұл бағдарлама ҚР Экологиялық кодексі талаптарына сәйкес және келесі міндеттерді атқару мақсатында әзірленген:
- кәсіпорындардың шығарындылары және өндірістік қызметінің қоршаған ортаға әсері туралы сенімді ақпарат алу;
- қоршаған ортаға және адамның денсаулығына әсерді барынша қысқарту;
- оқыс жағдайларда шұғыл алдын алу шараларын жүргізу;
- кәсіпорынның экологиялық қызметі туралы және халықтың денсаулығына төнетін қауіптер жөнінде мүдделі талаптарға (жергілікті халыққа, мемлекеттік бақылаушы органдарға, серіктес компанияларға) хабарлау.
Аталмыш бағдарлама аясында қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға – яғни шығарындыларды, ағын сулар мен қалдықтарды қайта өңдеу және орналастыруға, сонымен қатар қоршаған орта компоненттерінің сапасына – атмосфералық ауаға, жер үсті және жер асты суларға, топыраққа бақылау жүргізіледі.
ӨЭБ аясындағы топырақ, жер асты және жер үсті суларының сапалық күйін бақылау 2021 жылғы анықталған көрсеткіштер шоғырлануы өткен жылдардағы бақылаулар деңгейінде екендігін көрсетті. ҚМГКК қызметінің қоршаған орта компоненттеріне кері әсері анықталмаған.
Сонымен қатар КПО тұрақты негізде кен орны аумағындағы қалдықтарды орналастыру нысандарындағы қоршаған ортаның жай-күйіне өндірістік экологиялық бақылау жүргізеді. 2021 жылы Экоорталықтың қатты өнеркәсіптік қалдықтарын көму полигонында, сұйық бұрғылау қалдықтарын уақытша сақтау алаңында, сондай-ақ 35А және 35Б чектерде жер асты сулары мен топырақты бақылау нәтижесінде қоршаған орта компоненттеріне тікелей теріс әсер байқалмайды. Қалдықтардың қозғалысын сандық бақылау көму көлемін, сондай-ақ қалдықтардың жиналу көлемі мен уақытын есепке алу мақсатында жүзеге асырылады.
Ауа сапасын қадағалау аккредиттелген зертхананың сынамалар алуы және талдауы арқылы, сондай-ақ 18 стационарлық автоматты экологиялық мониторинг станциясы (ЭМС) көмегімен жүргізіледі. Атмосфералық ауаның сапасын бағалау үшін санитарлық-гигиеналық нормативтер немесе рұқсат етілген шекті шоғырлану (РШШ) талабы қолданылады. Атмосфералық ауаның ластану деңгейін анықтау үшін бақыланатын компоненттердің тіркелген шоғырлануын РШШ-мен салыстырып, бөлшектеп көрсетіледі.
2021 жылы ӨЭБ үдерісі аясында 100 мыңнан астам сынама алынып, 115 мың зертханалық талдамалар және 28 мыңға жуық өлшеулер өткізілді.
Компания кен орны аумағындағы, әсіресе санитарлық қорғау аймағының шекарасындағы және Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасына ерекше мән береді.
Атмосфералық ауа сапасына автоматты экологиялық мониторинг станциялары арқылы бақылау жүргізу
ҚМГКК және СҚА периметрі бойынша орналасқан 18 автоматты экологиялық мониторинг станциясы (ЭМС 001-018) қоршаған ортаны қорғау бірыңғай автоматты жүйесіне біріктірілген.
18 ЭМС-ның төртеуі кен орнының аумағы мен СҚА шегінде орналасқан. 005 – 018 станциялары ЭМС-ын жаңа санитарлық қорғау аймағы шекарасына тасымалдау жобасына сәйкес жаңа орындарға көшірілді, тасымалдау 2021 жылдың желтоқсанында аяқталды. 2021 жылдың соңына қарай РСЗЗ шекарасында 13 ЭМС орнатылды: 006-018; ЭМС-005 Ақсай қаласының маңындағы учаскеге ауыстырылды.
ЭМС тіркеген бақыланатын компоненттердің 2021 жылғы ҚМГКК СҚА шекарасындағы орташа жылдық шоғырлануы 29-кестеде келтірілген. Бұл кестенің «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы әрбір ЭМС-ке бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді.
29-кесте. 2021 ж. ЭМС тіркелген бақыланатын компоненттер шоғырлануының орташа жылдық мәндері
Бақыланатын компоненттер |
Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3 |
РШШ м.б.6, мг/м3 |
РШШ артуы м.б.* |
H2S |
0-дан 0,001-ге дейін |
0,008 |
жоқ |
SO2 |
0,002-ден 0,005-ге дейін |
0,5 |
жоқ |
NO2 |
0,002-ден 0,006-ға дейін |
0,2 |
жоқ |
CO |
0,1-ден 0,2-ге дейін |
5,0 |
жоқ |
* СҚА шекарасында ауа сапасының өлшем шарты РШШ м.б. болып табылады. ЭМС РШШ м.б. көрсеткіштен асқан жағдайда белгі беретіндей етіп баспталған.
6 РШШ м.б. – елді мекендердің атмосфералық ауасындағы химиялық заттектің максималды бір мезгілдік рұқсат етілген шекті шоғырлануы [мг/м3 ]. Бұл шоғырлану 20-30 минут бойы тыныс алу кезінде адам ағзасында рефлекторлық реакцияны қоздырмауы тиіс (тыныс алудағы іркіліс, көздердің шырышты қабығының, жоғарғы тыныс жолдарының тітіркенуі, т.б.).
Барлық ЭМС төрт негізгі ластаушылар (H2S, SO2, NO2, CO) бойынша үздіксіз, яғни тәулігіне 24 сағат бойы өлшеу жүргізеді.
Экологиялық мониторинг станцияларынан 2021 жылы алынған мәлімет бойынша нақты орташа тәуліктік, орташа айлық, орташа тоқсандық, орташа жылдық бақыланатын компоненттердің шоғырлануы белгіленген санитарлық-гигиеналық нормативтерден аспады. Дегенмен, 2021 жылдың 31 тамызында ЭМС-016 станциясында азғантай уақыт – 20 минут бойы өлшенген күкіртсутегі мөлшерінің РШШ максималды бір мезгілдік артуы тіркелген. ҚР Экологиялық Кодексінің талаптарына сәйкес (130-баптың 1-тармағының 6-тармақшасы) компания БҚО бойынша экология департаментіне ЭМС-016 станциясында тіркелген артып кету фактісі туралы хабарлама жолдады.
30-кестеде келтірілген мөлшердің артуы мен КПО өндірістік нысандарының қызметі арасында байланыс табылмағанын айта кеткен жөн. РШШ м.б. артуы тіркелген сәттегі КПО кен орны нысандары қызметінің метеопараметрлерді қоса алғандағы талдауы нәтижесінде барлық өндірістік нысандар әдеттегі тәртіпте жұмыс істегенін, алауда жағу болмағанын, жабдықтарда ауытқулар болмағанын және оқыс жағдайлар тіркелмегенін көрсетті.
Метеорологиялық жағдайлар бойынша асып кетуді тіркеу сәтінде КПО өндірістік қызметі ЭСМ-016 ауданындағы атмосфералық ауаның сапасына әсер ете алмайтын (ЭСМ-016 станциясынан кен орнына қарай) солтүстік-батыс бағыттағы жел тіркелді. РШШ-дан артып кету тіркелген күні ҚМГКК-мен іргелес елді мекендердің тұрғындарынан газ иісіне шағымдар түскен жоқ.
30-кесте. 2021 ж. ЭМС тіркелген РШШ м.б. мөлшерінің арту жағдайлары
ЭМС №. |
Бақыланатын компоненттер |
2020 ж. тіркелген нақты максималды бір мезгілдік шоғырланулар, мг/м3 |
РШШ м.б., мг/м3 |
РШШ м.б. артуының жиілілігі |
Арту саны |
ЭМС-016 |
H2S |
0,010 |
0,008 |
1,25 |
1 |
Ауа сапасын бақылау туралы барлық 18 автоматты ЭМС-нан алынған деректер Батыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау департаментіне «Экомонитор» порталы арқылы онлайн жіберіледі.
Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан ауылдардың атмосфералық ауа сапасын бақылау
Кен орнының маңайында орналасқан 6 елді ауылда: Жарсуат, Жаңаталап, Димитрово, Қарашығанақ, Приурал, Успен және Ақсай қаласында ауаны бақылаудың тұрақты станциялары бар. Ауа сынамаларын алу күніне 4 рет (МЕМСТ сәйкес 01:00, 07:00, 13:00 және 19:00 уақытында) мердігерлік зертхананың аталмыш ауылдарда тұратын тұрақты қызметкерлерімен жүргізіледі. 2021 жылы аталмыш бекеттерде 52 мың атмосфералық ауа сынамасы алынып, талдаудан өтті.
Алынған сынамалар Ақсай қаласындағы зертханаға жеткізіліп, мемлекеттік стандарт және басшылыққа алынатын құжаттарға сәйкес негізгі бес компоненттің құрамына химиялық тұрғыдан талданады: (H2S) күкірт сутегі, (SO2) күкірт диоксиді, (NO2) азот диоксиді, (CO) көміртек оксиді және (СH3SH) метилмеркаптан. Одан басқа, ауа құрамындағы ұшқыш органикалық байланыстарға, атап айтқанда бензол (C6H6), ксилол (C8H10), толуол (C7H8) мезгіл сайын (10 күнде 1 рет) бақылау жүргізіледі.
Ауа сапасын бақылаудың ай сайынғы нәтижелері жергілікті бұқаралық баспа ақпарат құралдарында жарияланады және ақпараттық тақтаға орнатылу үшін ауылдарға таратылады, сонымен қатар КПО вебсайтында ай сайын жарияланады. Жергілікті тұрғындардан газ иісіне байланысты шағымдар түскен жағдайда тұрақты станцияларда кезектен тыс сынамалар алынады.
2021 жылы елді мекендер атмосфералық ауасында бақыланатын көрсеткіштердің орташа тәуліктік РШШ асуы тіркелген жоқ.
2021 жылы, Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендер тұрғындарынан газ иісіне қатысты үш шағым түсті. Елді мекендерде жоспардан тыс атмосфералық ауа сынамалары алынды, олардың талдамасының нәтижесі бойынша бақыланатын компоненттер шоғырлануы бекітілген РШШ м.б. көрсеткішінен аспағанын көрсетті. Газ иісіне қатысты әр шағым бойынша шағымданушыларға кері байланыс берілді.
31-кестеде жеті елді мекендегі атмосфералық ауасында бақыланатын компоненттердің 2021 жылғы орташа шоғырлануы келтірілген. «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасында бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндері көрсетілген. Елді мекендердегі ауа сапасын бағалау критерийі ретінде РШШ т.о. көрсеткіші қолданылады.
31-кесте. ҚМГКК жақын орналасқан елді мекендердің атмосфералық ауасындағы бақыланатын компоненттер концентрациясының орташа жылдық мәні, 2021 жыл
Бақыланатын компоненттер |
Нақты жылдық орташа |
РШШ т.о7, мг/м3 |
РШШ т.о. артуы |
H2S |
0,001 – 0,002 |
0,008** |
жоқ |
SO2 |
0,003 |
0,05 |
жоқ |
NO2 |
0,022-ден 0,025-ке дейін |
0,04 |
жоқ |
CO |
0,428 – 0,432 |
3,0 |
жоқ |
С6Н6 |
0,173-тен 0,188-ге дейін |
0,3** |
жоқ |
С7Н8 |
МАШ мәнінен төмен* |
0,6** |
жоқ |
С8Н10 |
МАШ мәнінен төмен* |
0,2** |
жоқ |
СH3SH |
тіркелмеді |
0,006** |
жоқ |
7 РШШ т.о. – елді мекендердің ауасында рұқсат етілген химиялық заттектердің тәуліктік орташа шекті шоғырлануы, мг/м3 . Бұл шоғырлану анықталмаған ұзақ уақыт (жылдар) бойы дем алу кезінде адамға тікелей немесе жанама зиянды әсер етпеуі тиіс.
* Тіркелген деректер минималды анықтау шегінен (МАШ) төмен. Бақыланатын компоненттер үшін МАШ келесідей: С7Н8 – 0,14 мг/м3 ; С8Н10 – 0,14 мг/м3 .
** РШШ б.м. – Күкіртсутегі және метилмеркаптан үшін РШШ т.о. мөлшері бекітілмеген, сол себепті салыстыру үшін РШШ б.м. қолданылады; сондай-ақ РШШ б.м. атмосфералық ауа құрамындағы бензол, толуол және ксилол шоғырлану деңгейін бағалау үшін қолданылады, себебі осы компоненттер үшін сынамаларды алу және талдау жиілігі – 10 күнде 1 рет.