ҚОҚ БОЙЫНША 2021 ЖЫЛҒЫ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Қоршаған ортаны қорғау саласында қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін КПО жыл сайын Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – ҚОҚШЖ) әзірлейді. Жоспарда айқындалған шаралар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ҚОҚ саласындағы әдістер мен технологияларды жетілдіруге, табиғат қорларын тиімді пайдалануға және ISO 14001 мен ISO 50001 халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейін сақтап тұруға бағытталған.
2021 жылы КПО өндірістік қызметін қоршаған ортаға эмиссияға берілген рұқсаттар және келісілген ҚОҚШЖ негізінде жүргізген болатын. 2021 жылы ҚМГКК және ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау экспорттық конденсат құбыры нысандарына эмиссиялардың әр түрі бойынша тоғыз рұқсат алынды. Алынған рұқсаттардың әрқайсысы бойынша ҚОҚШЖ әзірленіп, келісілді.
2021 жылғы ҚМГКК-да КПО-ның ҚОҚ шараларын жүзеге асыруға арналған жалпы нақты шығыны 5,97 млрд теңгені құрады, яғни игерілген қаржының 88 %-ы және жоспарланған жұмыс көлемінің 96 %-ын құрайды. 2021 жылғы ҚМГКК бойынша жоспарланған шығын көлемі – 6,8 млрд теңгені құрады. 2021 жылғы жоспарланған және нақты шығындар арасындағы шамалы айырмашылық қаражатты неғұрлым ұтымды пайдаланумен, сондай-ақ жекелеген іс-шаралар бойынша жоспарланған жұмыс көлемінің толық орындалмауымен түсіндіріледі. Мысалы, экологиялық мониторингтің екі станциясының орын ауыстыруына жоспарланғаннан 47 %-ға аз көлемде қаражат жұмсалды; бұл ретте жұмыстар 100%-ға орындалды.
26-кесте. КПО-ның қоршаған ортаны қорғау бойынша 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары және эмиссияға берілген рұқсаттар
№ |
2021 жылға арналған ҚОҚ бойынша келісілген |
2021 жылға арналған қолданыстағы рұқсаттар |
Рұқсат беретін орган |
1 |
ҚМГКК–де КПО-ның ҚОҚ бойынша 2021 жылғы іс-шаралар жоспары |
ҚО-ға эмиссияға рұқсаттар (қолданылу мерзімі 2021 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін):
|
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті |
2 |
ҚӨК – Үлкен Шаған – Атырау экспорттық конденсат құбырының 2021–2030 жылдарға арналған ҚОҚШЖ (БҚО) |
2020 жылы ҚО-ға эмиссияларға рұқсат (қолдану мерзімі: 2021 жылғы 1 қаңтар мен 2030 жылғы 31 желтоқсан аралығы):
|
БҚО әкімдігі, Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы |
3 |
2021–2030 жылдарға арналған КПО ҚОҚШЖ (Атырау облысы) |
ҚО-ға эмиссияға рұқсат:
|
Атырау облысының әкімдігі, Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы |
27-кестеде КПО-ның ҚОҚ бойынша 2021 жылғы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бөлімшелер бойынша берілген.
27-кесте. 2021 ж. ҚОҚ іс-шаралар жоспарын орындау, %
№ |
ҚОҚ іс-шаралар жоспарының бөлімшелері |
КПО іс-шараларын орындау проценті: |
||
- Қарашығанақ кен орнында |
- ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау экспорттық конденсат құбыр желісінде (БҚО) |
- ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау экспорттық конденсат құбыр желісінде (АО) |
||
1 |
Әуе бассейнін қорғау |
97 % |
100 % |
100 % |
2 |
Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану |
83 % |
ШҚ* |
ШҚ* |
3 |
Жер ресурстарын қорғау |
0 %** |
ШҚ* |
ШҚ* |
4 |
Жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалану |
93 % |
ШҚ* |
ШҚ* |
5 |
Флора мен фаунаны қорғау |
100 % |
ШҚ* |
100 % |
6 |
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын өңдеу |
141 % |
ШҚ* |
ШҚ* |
7 |
Радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік |
20 %*** |
ШҚ* |
ШҚ* |
8 |
Басқару жүйелерін және үздік қауіпсіз технологияларды енгізу |
100 % |
ШҚ* |
ШҚ* |
9 |
ҚОҚ саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру жұмыстары |
100 % |
100 % |
100 % |
10 |
Экологиялық ағарту жұмыстары және насихаттау |
98 % |
100 % |
100 % |
|
БАРЛЫҒЫ: |
96 % |
100 % |
100 % |
* ШҚ – шаралар қарастырылмаған.
** ҚМГКК ҚОҚ бойынша 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына ҚГӨША уақытша қалашығының учаскесін қалпына келтіру бойынша іс-шара енгізілді. Алайда, компания басшылығы осы учаскені ҚӨК қажеттіліктеріне одан әрі пайдалану туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты, 2021 жылы бұл учаскені қалпына келтіру қажеттілігі болған жоқ
*** ҚМГКК ҚОҚ бойынша 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарында 5 ұңғымада күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін сорғы-компрессорлық құбырларға радиологиялық зерттеу жүргізу жоспарланған болатын. 2021 жылға арналған Ұңғымаларды күрделі жөндеу бағдарламасының қысқартылуына байланысты жыл бойы сорғы-компрессорлық құбырлардың бір ғана тобына ғана радиациялық бақылау өткізілді.
ҚОҚШЖ іс-шараларын жүзеге асырудың экологиялық әсері 28-кестеде көрсетілген.
28-кесте. 2021 ж. КПО компаниясының ҚОҚ іс-шараларын жүзеге асыру бойынша экологиялық әсері
Атмосфераға тасталатын шығарындылар |
|
Қалдықтарды және |
|
Топырақты қалпына келтіру |
|
Экологиялық аспектілерді басқарудың электрондық жүйесі
2020 жылы цифрландыру жөніндегі жол картасы шеңберінде қағазды көп жұмсалатын процестерді барынша қысқарту және оңтайландыру мақсатында КПО EnvAR атты экологиялық аспектілер тізілімдерін басқарудың электрондық жүйесін жасады. Жасалған жүйе экологиялық аспектілерді басқаруда ыңғайлы құрал болып табылады және оларды анықтау процесін барынша жеңілдетті. Аспектілердің тізімі жоғарыда тараудың басында келтірілген.
2020 жылдың IV тоқсанынан бастап КПО 24 бөлімшесі электронды жүйеде экологиялық аспектілермен жұмыс істеуге толығымен көшті. Әрбір экологиялық аспект бойынша бақылау шаралары таңдап алынды, қауіп-қатерлер деңгейіне бағалау жүргізілді және неғұрлым маңызды экологиялық аспектілердің жиынтық тізілімі жасалды. Әрбір экологиялық аспект тізілім иесімен келісуден өтеді. Экологиялық аспектілердің тізілімдері жыл сайын қайта қаралады.
2021 жылдың соңында барлық бөлімшелер экологиялық аспектілердің тізілімін қайта қарап шығып жаңартты. Барлық маңызды экологиялық аспектілер бойынша қосымша іс-шаралар ұсынылды, оларды орындау қауіп-қатерлер деңгейінің төмендеуіне әкеледі деп күтіледі.
Компанияның кез-келген қызметкері EnvAr электрондық жүйесімен оқып таныса алады. КПО қызметкерлері бөлімшелердің барлық экологиялық аспектілері туралы, сондай-ақ компанияда енгізілген экологиялық аспектілерді бақылау шаралары туралы ақпарат ала алады.