КПО-ның даму туралы есебі 2021

Әлеуметтік инфрақұрылымға үлес

КПО компаниясы өнімді бөлісудің түпкілікті келісімінің (ӨБТК) 5-қосымшасына сәйкес жыл сайын Батыс Қазақстан облысы аймағында әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып келеді.

Жоспарланған әлеуметтік жобалардың тізімі жыл сайын КПО және БҚО әкімдігімен облыстың әлеуметтік дамуының басымдықтарына орай келісіледі. БҚО әкімдігі бұл тізімді мемлекеттік басымдықтарға сәйкес және Орал қаласының инфрақұрылымын, білім беру мен денсаулық сақтау жүйелерін, сонымен қатар өңірдегі дене шынықтыру мен спорт салаларын дамыту қажеттіліктері негізінде дайындайды. Тізімді одан әрі КПО Басқару бойынша бірлескен комитеті бекітеді. Осы сәттен бастап, КПО қажетті тауарларды сатып алу, жобаны басқару, құрылыстың толық аяқталуы және кейінгі ҚР меншігіне өткізілуіне дейінгі барлық үдерісті жүргізеді. Жобалар жыл аяғына дейін толық орындалмаған жағдайда, игерілмеген қаржы келесі күнтізбелік жылға көшіріледі. КПО әлеуметтік жобаларының барлығы жергілікті мердігерлермен орындалады.

2021 жылы КПО компаниясы БҚО аумағында 2021 жылы бекітілген және өткен кезеңдерден көшірілген жобаларды қоса алғанда, 15 әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізді. Ұзақ мерзімді ірі жобалардың бірі – Орал қаласында 2022 жылдың наурыз айында тапсырылған халықаралық әуежай құрылысы. 15 әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаның ішінде 13,4 млрд теңге сомасын құрайтын (32,05 млн АҚШ долларына баламалы сома) жеті жоба аяқталды. Бұдан басқа, 2021 жылы Ақсай қаласындағы аурухананың шұғыл медициналық әрекет ету бөлімін жаңғырту жобасын жүзеге асыру жалғастырылды, бұл жоба осы есепті жариялау кезінде аяқталу сатысында болды. Ол бойынша шығындар медициналық жабдықты жеткізу аяқталғаннан кейін анықталатын болады.

2021 жылы орындалған жобалардың тізбесі 47-кестеде ұсынылған.

47-кесте. 2021 ж. Орал қаласында және маңындағы ауылдарда КПО аяқтаған әлеуметтікинфрақұрылымдық жобалар

Саласы

Жобаның атауы

Іс жүзінде жұмсалған қаражат (млн теңге*)

Азаматтық құрылыс

БҚО, Теректі ауданы, Подстепное ауылындағы 160 көрермен орны бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы

413,33

Орал қаласындағы 1500 орындық көпфункциялы мәдениет сарайы

9 967,85

БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылындағы 160 көрермен орны бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы

501,78

БҚО, Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде монолитті-қаңқалы схемада 9 қабатты № 6 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз)

901,0

БҚО, Орал қаласы, Зачаганск ауылындағы облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы

604,51

БҚО, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылындағы 160 көрермен орны бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы

355,31

БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылындағы 170 көрермен орны бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы

608,45

ЖАЛПЫ:

13 352,23

* ҚҚС есептелген
Ұзақ мерзімді ірі жобалардың бірі – Орал қаласында 2022 жылдың наурыз айында тапсырылған халықаралық әуежай құрылысы.