Біздің тұрақты даму қағидаттарымыз

Компания өз бизнесін жүргізу үшін тұрақты дамудың кодексінде айқындалған 10 қағидатын басшылыққа алады. Бұл қағидаттар өз кезегінде Біріккен ұлттар ұйымының тұрақты дамудың 12 (17-нің ішіндегі) мақсатына сәйкес келеді.

5-сурет. Тұрақты даму мақсаттарына КПО тұрақты даму кодексінде айқындалған қағидалар арқылы жету

1

Компания қызметінен туындайтын оң әсерді ӨБТК бүкіл мерзімі бойына және оның аяқталуынан кейін де сақтауға тырысу

2

Қажет болған жағдайда жобаның қоғам әл-ауқатына жағымды әсер ету әлеуетін нығайту

3

Жергілікті, өңірлік және ұлттық басымдылықтарды халықаралық қағидаттар мен кеңестерді ескере отырып түсінуді ұштастыру

4

Жергілікті мүдделі тараптармен олардың қажеттіліктерін ескеру және жергілікті жағдайларды жақсырақ түсіну үшін әрекеттесу

5

Компания қызметінің қоршаған ортаға, экономикаға және халықты әлеуметтік әл-ауқатына әсер етудің географиялық және уақыт бойынша көлемін түсіну

6

Шешім қабылдау үдерісіне кешенді әдіс қолдану

7

Экологиялық ресурстарды қорғаудың және/ немесе нығайтудың қажеттілігін ескеру

8

Гендерлік және этникалық аспектілерді ескеру

9

Сенімді басқару мен айқындықты қамтамасыз ету және үшінші жақпен қолданылатын басқару әдістерін сапалық жетілдіруге атсалысу

10

Тұрақты даму бойынша жыл сайынғы есеп арқылы сыртқы мүдделі тараптарға жасалған жұмыс туралы толық және расталған ақпаратпен есеп беру