Ұйым құрылымы және басқару тәсілдері

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қазақстандық филиалы 1997 жылы «Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің (бұдан әрі – ӨБТК)» талаптарына сәйкес Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнын (бұдан әрі – Қарашығанақ кен орны немесе ҚМГКК) пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорын ретінде құрылды.

КПО өз бойына бес халықаралық мұнай-газ компаниясының озық тәжірибесін жинақтайды (бұдан әрі – мердігер немесе құрушы компаниялар, 2016 жылы «Шелл» компаниясын «БиДжи» компаниясы алмастырды):

Компанияда қауіп-қатерлерді басқаруды, ішкі бақылауды және нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз етуді қамтитын кешенді және ұйымдастырылған басқару үдерістері қолданылады. Бұл кәсіпорынның табысты да сәтті де дамуының кепілі. Кешенді басқару тәсілінің негізгі міндеті жоғары басшылық бекіткен стратегияларды және алға қойған міндеттер мен нұсқауларды жүйелі және тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін сауатты шешімдер қабылдау және бақылау тетіктерін енгізу болып табылады.

Құрылым

КПО компаниясының ұйымдық құрылымы сыртқы экономикалық жағдайларға тұрақты бейімделуді ескере отырып, алға қойылған бизнес-міндеттерге қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының «PSA» ЖШС Өкілетті органының және біздің құрушы компанияларымыздың игілігі үшін әзірленді.

КПО компаниясының екі негізгі басқару органы: басқару жөніндегі бірлескен комитет (ББК) және өнімді өткізу жөніндегі бірлескен комитет (ӨБК) ӨБТК талаптарына сәйкес бес құрушы компанияның әрқайсысының және өкілетті органның өкілдерінен құрылады. ББК отырыстарында өкілетті органның бір дауысы бар және құрушы компаниялар, тұтастай алғанда, бір дауысқа ие. Шешім қабылдау үшін барлық тараптардың оң дауысы қажет етіледі. Өнімді өткізу жөніндегі бірлескен комитетте де басқару жөніндегі бірлескен комитеттегідей дауыс беру жүейесі қолданылады.

Компанияда аталмыш комитеттерден басқа шағын комитеттер құрылған. Басқарудың толық құрылымы графикалық түрде 6-суретте көрсетілген. Комитеттер мен шағын комитеттердің қызметтері 2018 жылғы «Тұрақты даму туралы есепте» жете айтылған (33-34 бет).

6-сурет. Қарашығанақ жобасын басқарудың жоғары буындары (01.04.2021 ж. жағдай бойынша)

КПО БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ

ӨБТК-ге сәйкес КПО өз қызметінің барлық аспектілері бойынша жұмысты халықаралық стандарттарды басшылыққа ала отырып жүргізеді. Стандарттар КПО басқару жүйесінің негізін құрайтын бірқатар ережелер, процедуралар және тиісті ұтымды тәжірибелерге сүйеніп енгізіледі.

Тұрақты дамумен байланысты КПО менеджмент жүйелері келесі кестеде келтірілген:

5-кесте. Тұрақты даму мәселелері бойынша басқару жүйелері

Тұрақты даму

Корпоративтік басқару

Өндірістік мәселелер

Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік тұтастық

Әлеуметтік салаға үлес қосу

Құқықтық және этикалық нормалардың сақталуы

  • Тұрақты даму кодексі
  • КПО корпоративтік басқару жүйесі бойынша нұсқаулық;
  • Корпоративтік басқару мәселелері бойынша менеджмент жүйесі.
  • Өндірісті басқару жүйесі бойынша нұсқаулық;
  • Маркетинг директоратын басқару жүйесі;
  • Қаржы директоратын басқару жүйесі;
  • Біліктілікті басқару жүйесі бойынша саясат.
  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы саясат
  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жақсарту бойынша жыл сайынғы жоспар;
  • Еңбекті қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша саясат;
  • Энергия саясаты және энергия менеджменті жүйесі бойынша нұсқаулық;
  • Қауіпсіздікті басқару жүйесі бойынша нұсқаулық.
  • Жергілікті қамту саясаты;
  • Нұр-Сұлтандағы кеңсені және ББК хатшылығын басқару жүйесі;
  • КПО әлеуметтік қызметі саласындағы ереже мен стандарттар;
  • Демеушілік және қайырымдылық саласындағы саясат;
  • Еңбек ресурстарын басқару бойынша ереже;
  • Әлеуметтік жобалар бөлімінің басқару жүйесі.
  • КПО тәртіп кодексі;
  • Мүдделер қақтығысы саясаты;
  • Сәйкестікті қамтамасыз ету саясаты.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы біріктірілген басқару жүйесі

КПО компаниясы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жүйесін ISO 14001:2015 (Экологиялық басқару жүйесі), ISO 45001:2018 (Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік) және ISO 50001:2018 (Энергияны тұтынуды басқару) халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған аттас біріктірілген менеджмент жүйесі шеңберінде басқарады.

2020 жылы КПО сертификаттаудан қайта өтіп, ISO халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігін растайтын сертификаттарды алды. Бұл мақсатқа жету сертификаттау процесі мен компанияның ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ қатысты міндеттемелерінің орындалуына COVID-19 індеті еш әсер етпегенін көрсетеді.

Бұл процесті қолдау мақсатында КПО мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері үлкен жұмыс атқаруда. Қоршаған ортаға барынша аз әсер етіп, қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үздіксіз жетілу мен адал қызмет Компания үшін айрықша маңыз­ға ие.

ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы КПО талаптары кеңінен қолданылады және Компания жасасатын барлық келісімшарттарға арнайы қосымшада берілген. Әлеуетті қауіп-қатерді төмендету және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін КПО-да тиісті процедуралар енгізілген.

Жыл сайын КПО-да ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәдениетін арттыру мақсатында бірқатар бағдарламалар, оқытулар, бастамалар мен науқандар өткізіледі. Мұндай бастамалар кіріспе нұсқамаларды, мамандандырылған кәсіптік оқытуларды, сондай-ақ «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы көшбасшылық және мәдениет бағдарламасы», «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ картасы», «ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы ынталандыру бағдарламасы», «Денсаулық үшін қауіптерді бағалау», “Экологиялық мәдениетті дамыту және хабардарлықты арттыру бағдарламасы” секілді және басқа да бағдарламаларды қамтиды, дегенмен олармен шектелмейді. 2020 жылы КПО 6 ішкі аудит және ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы 22 аудит өткізді.

ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРДІ БАСҚАРУ

Мұнай-газ операцияларын ұйымдастыру және жүргізу жұмыстары қызметкерлердің денсаулығына, қоршаған ортаға және өндірістік активтерге ықтимал әсер етуін ескере отырып, мұқият қарауды талап етеді. Адал жер қойнауын пайдаланушы ретінде КПО компаниясы кәсіптік қауіпсіздік және атмосфераға тасталатын шығарындылар, су және топырақ ресурстарының ластануы, қалдықтардың пайда болуы сияқты технологиялық қауіпсіздікке қатысты қызметтегі қауіп-қатерлерді басқаруға ерекше көңіл бөледі. Сонымен қатар негізгі қауіп-қатерлер келесіні қамтиды, дегенмен олармен шектелмейді:

  • өндірістегі персоналдың қауіпсіздігі: күкіртсутегі шығарындыларының қаупі;
  • жол-көлік оқиғалары: көлік құралын басқара алмай қалу;
  • өндіріс тұтастығына қатысты қауіп-қатер;
  • қоршаған ортаның ластану қаупі: әлеуетті төгінділер, қалдықтардың пайда болуы және атмосфераға шығарындылар, шығарындыларға рұқсаттың қайтарылуы;
  • нақты ұзақ мерзімді стратегияның жоқтығы;
  • саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың жоғалу қаупі;
  • мұнай-газ өнімдерін өткізу мүмкіндігінің жоғалу қаупі;
  • біздің қызметкерлеріміздің, мердігерлеріміздің және қосалқы мердігерлердің этикалық нормаларды сақтамау қаупі;
  • білікті жергілікті кадрларды тартумен және ұстап қалумен байланысты қиындықтар.
  • құрушы компаниялардың шығындарының өтелмеу қаупі;
  • кибер-шабуылдарға қатысты ауыр оқиғаларға бейімділік.

КПО-да мақсаты Компания жұмысы барысында орын алатын қызметтегі қауіп-қатерлер, сонымен қатар қауіпсіздік бойынша қауіп-қатерлерді анықтау және тиімді басқару болып табылатын қауіп-қатерлерді басқару үдерісі ресми түрде қолданылады.

Қауіп-қатерлерді басқару процедурасы мен жүйесі бұл үдерісті анықтайды және сипаттайды, сонымен қатар бүкіл компания бойынша функциялар мен міндеттердің бөлінуін реттейді. Корпоративті басқару мәселелері жөніндегі директорат қауіп-қатерлерді басқару жүйесіне және қауіп-қатерлердің корпоративтік тізілімін жүргізуге жауап береді. Осы тізілім әлеуетті қауіп-қатерлер тізбесін және оларды азайтуға бағытталған тиісті іс-шаралар жоспарларын қамтиды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша негізгі қауіп-қатерлер «Тосқауылдар моделі» бағдарламасының көмегімен тізілімге енгізілген, бұл бағдарламада аталған қауіп-қатерлердің толық сипаттамасы берілген. Бұл қауіп-қатерлер еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндіріс тұтастығы директоратымен бақыланады және қауіп-қатерлерді басқару жүйесімен реттеледі.

2020 жылы КПО біріктіруді көздеп қауіп-қатерлерді басқару саласында ұстанатын тәсілдемеге өзгерістер енгізуге бастау берді. Бұл тәсілдеменің мақсаты – Компанияның барлық деңгейлерінде оның бизнес-мақсаттары мен міндеттерінің қызметтегі қауіп-қатерлермен үндестірілуі.

Барлық қызметтегі қауіп-қатерлер қауіп-қатерлердің корпоративтік тізілімі түрінде КПО жоғары басшылығының қатысуымен өткізілетін қауіп-қатерлерді басқару жөніндегі комитетімен қарастырылуға ұсынылады. Осы комитеттің әрбір отырысынан кейін корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі директор құрушы компаниялар комитетіне Компанияның аса маңызды қауіп-қатерлері туралы толық ақпаратты көрсете отырып, қауіп-қатерлер тізілімін ұсынады. 

Маңызды әлеуметтік, экологиялық және экономикалық тақырыптар бойынша негізгі тәуекелдерді азайту шаралары толығырақ тиісті тақырыптар бойынша тарауларда сипатталған.

БИЗНЕС-ПРОЦЕСТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

КПО компаниясы аудитті өз қызметінің тиісті талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету құралдарының бірі ретінде пайдаланады. КПО ішкі корпоративтік аудит бөлімі КПО қызметінің тиімділігін арттыру және жүйелі де жан-жақты тәсілдемеге сүйеніп, қойылған өндірістік міндеттерге қол жеткізу мақсатында ішкі де, тәуелсіз де тексерулерді қамтамасыз етеді. Мұндай тәсілдеме қауіп-қатерлерді басқару, бақылау және басқару процестерінің тиімділігін бағалауға және арттыруға көмектеседі.

КПО қызметтің барлық аспектілері бойынша жылдық жоспар әзірлейді, бұл жоспар бизнес-процестердің және ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы басқару жүйесінің тиімділігі, заңнаманы және ішкі регламенттерді сақтау, қаржылық және басқару есептілігінің нақтылығы, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді түзету бойынша кезекті іс-әрекеттер сияқты тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар, КПО-ның құрушы компаниялары қауіп-қатерлерді бақылау және басқару саласында қосымша сапа дәрежесін қамтамасыз ету үшін жыл сайын аудит жүргізеді. Аудит нәтижелері КПО жоғары басшылығына және аудит жөніндегі шағын комитет шеңберінде құрушы компанияларға хабарланады.

Компанияда қолданылатын құралдың тағы біреуі – жобалардың тиімділігін бағалау механизмі. Бұл әдіс барлық кеңейту жобалары үшін қолданылады және жобаға жауапты адамдарға инвестициядан барынша қайтарымды алуға жәрдемдесуге арналған жобаның күрделілігіне байланысты оңай бейімделетін механизм болып табылады. Бұған қоса, шығындардың тиімділігін бағалау, сондай-ақ функционалдық техникалық тексерулер, сараптамалық көмек және семинарлар әр кезеңде, яғни көп сатылы тексеру аясында – жобаны сәйкестендіру кезеңінен бастап жобаны пайдалануға беру кезеңіне дейін, жүргізіледі. Құрушы компаниялар өкілдері ірі күрделі жобалардың тиімділігін бағалау үдерісіне қатысады, ал шағын жобалар бойынша осындай жұмыстар тікелей КПО-да өткізіледі.

Бұған қоса, Компанияның бақылау жүйесінің тиімділігі, сондай-ақ ҚР заңдарының сақталуы, ISO 14001:2015 (Экологиялық басқару жүйесі), ISO 45001:2018 (Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік) және ISO 50001:2018 (Энергияны тұтынуды басқару) шолу аудиттерін қоса алғанда, ISO стандарттары бойынша сертификаттауға сәйкестік жұмысымен қамтамасыз етіледі.

ӨНДІРУШІ САЛАЛАРДЫҢ АШЫҚТЫҒЫ БАСТАМАСЫ  

КПО Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарын басқарудағы табыстардың және құн жасаудың толық тізбегінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасын (ӨСАБ)» қолдайды.

2020 жылы Компания салық және төлемдер түрінде ҚР бюджетіне 971 млн АҚШ долларын төлеген (SAP ішкі бухгалтерлік есеп жүйесінің бағамы бойынша). Бұл деректер «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» бойынша 2020 жылғы 16-ұлттық есебінде көрсетілген.

КПО өз салық міндеттемелері бойынша «ӨСАБ» есептерін ҚР құзіретті органдарына 2014 жылдан бері өздігінен ұсынып келеді.

6-кестеде КПО-ның 2014 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде төлемдері туралы деректер берілген.

6-кесте. КПО төлеген салықтар мен міндетті төлемдер, 2014–2020 жж. (АҚШ долл.)

2014

2015

2016

2017*

2018

2019

2020**

2,1 млрд

1,2 млрд

0,369 млрд

0,746 млрд

1,9 млрд

1,6 млрд

0,971 млрд

Ескерту: 
* 2017 жылғы Тұрақты даму туралы есепте жарияланған 897 млн сомадағы алшақтық төлеуші мен алушының деректерін салыстырып тексеруден кейінгі кезеңде қайтару сомасының көрсетілуімен түсіндіріледі.
** 2020 жылдан бастап қазақстандық теңгеден АҚШ долларына айырбастау кезінде, КПО есепті кезең соңындағы ҚР ҰБ бағамы бойынша емес, SAP бухгалтерлік есептің ішкі жүйесіне сәйкес төлем сәтіндегі бағам бойынша есептеуді орындайды.

КПО компаниясының ҚР мемлекеттік бюджетіне төлеген салықтары жөніндегі мәліметтер http://egsu.energo.gov.kz сілтемесі бойынша «ҚР мұнай-газ және тау-кен өндіру секторларының төлеушілердің салықтық және салықсыз төлемдер/ түсулер бойынша қорытынды есептеме» бөлімінде баршаға қолжетімді етіліп жарияланған.

Келесі бөлім
Бизнес-этикасы