Бизнес-этикасы

КПО БИЗНЕС ҚАҒИДАЛАРЫ

КПО өз қызметін 2019 жылы қолданысқа енгізілген «КПО бизнес қағидаларына» сәйкес жүзеге асырады.

«КПО бизнес қағидалары» қызмет жүргізу барысында Компания басшылыққа алатын жолдарды айқындап, жұмыс тиімділігінің және этикалық тәртіптің жоғары стандарттарын белгілейді. Мүдделі тараптарымыз, соның ішінде мердігерлер мен жеткізушілеріміз, осы қағидаларды құрметтейді және орындайды деп күтеміз.

«КПО бизнес қағидалары» құжатының толық нұсқасымен және таныстырма бейнебаянымен КПО сайтында осы сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Тәртіп кодексі

КПО-ның нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету жүйесі компания ішіндегі нормативтік-құқықтық сәйкестіктің барлық аспектілерін реттейді және оларға басшылық етеді. «Тәртіп кодексі» – осы нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз етудегі негізгі құжат. Бұл құжат этикалық қағидаларды, құндылықтарды және Компанияның ішкі және сыртқы әрекеттері кезіндегі, соның ішінде жеткізушілермен, өндірушілермен және басқа да серіктестермен қатынасудағы этикалық қағидаттарды, тәртіп ережелері мен құндылықтарын анықтайды.

«Тәртіп кодексі» біздің қызметкерлербен сақталуы талап етілетін «Бизнес қағидаларымызды», тиімділік стандарттары мен этикалық тәртіп нормаларын қолдану жолдары бойынша КПО қызметкерлеріне толық нұсқаулықты ұсынады. Тәртіп кодексі сыртқы сауда, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, ақпараттандыру, сыйлықтар мен қонақжайлылық білдіру белгілері сияқты сұрақтарды айқындайды. «КПО тәртіп кодексі» құжатының толық нұсқасы КПО сайтында осы сілтеме бойынша орналасқан.

7-сурет. КПО бизнес қағидалары

Тәртіп кодексі және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша оқыту

Компания барлық қарым-қатынастар «КПО тәртіп кодексінде» келтірілген бизнесті жүргізудегі этикалық қағидаларға негізделген әділ және таза бизнес ортасын құруға бар күшін салып келеді.

КПО-ның жаңадан қабылданған қызметкерлерінің барлығы «КПО тәртіп кодексіне» кіріспе курсынан өтеді. Бұған қоса, КПО барлық қызметкерлері оның талаптарымен танысқандығын осы салаға қатысты ұсынылған жеке міндеттемелермен келісу арқылы жыл сайын растау қажет. «КПО тәртіп кодексі» және басқа да этикалық сәйкестік саясаттары, сондай-ақ практикалық тестілер әрбір қызметкерлердің онлайн тәртіпте танысуы және өтуі үшін КПО-ның интранет желісіне жүктелген.

Коронавируспен байланысты жағдайға орай, 2020 жылы нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері бетпе-бет оқытуларды онлайн форматқа көшірді. Осылайша, оффлайн оқудан өтуге тиісті барлық КПО қызметкерлері үшін қашықтықтан оқытудың бірнеше сессиялары сәтті ұйымдастырылды.

Сәйкестікті сақтау бойынша жедел желі қызметі және басқа да шаралар

Компанияның нормативтік құқықтық сәйкестік бағдарламасын іске асыру мақсатында, 2012 жылдан бері КПО-ның тегін, анонимдік және құпия жедел желісі жұмыс істеп келеді.

Жедел желі КПО қызметкерлері, жеткізушілері және мүдделі тараптары үшін әділ және қауіпсіз жұмыс ортасын құрудағы маңызды құрал болып табылады. Жедел желі арқылы хабарланатын тақырыптарға ықтимал құқықтық және этикалық тәртіп бұзушылық, соның ішінде дискриминация, жыныстық алымсақтық, мүдделер қайшылығы, қоршаған ортаға зиян келтіру немесе қауіп төндіру және/немесе қаржылық бұзушылық немесе жемқорлық кіреді. Қызметтік бұзушылық туралы мәлімдемені телефонмен немесе онлайн нысанды толтыру арқылы жолдауға болады. Бұдан соң, бұл мәлімдеме нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету бөлімііне қарау және тиісті шараларды қабылдау үшін жіберіледі. Кей жағадайларда қызметкерлерге заң директоратына тікелей жолығуға болады.

2020 жылы нормативтік-құқықтық сәйкестікті қамтамасыз ету бөлімімен 102 мәлімдеме қабылданды. Келіп түскен барлық мәлімдемелер нормативтік-құқықтық сәйкестік бұзушылықтарын тергеу тобымен тергеледі және, қажет болғанда, салдарларды жою бойынша тиісті шаралар қолданылды. Қазіргі уақытта алынған мәлімдемелер мен салдарларды жою шараларын тиімдірек басқару мақсатында тергеудің жаңа процедурасын Компания енгізуде.

Келесі бөлім
Денсаулық сақтау