Денсаулық сақтау
КПО өз қызметкерлерінің денсаулығын зиянды факторлардан қорғау және Компанияда салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда. COVID-19 пандемиясы, бағдарламалар мен іс-шараларды енгізу бойынша жоспарларымызды өзгертті.
7-кесте. Денсаулық сақтау саласындағы міндеттеріміз
2020 жылға қойылған міндеттер |
Орындалуы |
2020 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2021 жылға қойылған міндеттер |
Төмендегі бағдарламарды қамтитын қызметкерлердің психологиялық салауаттылығы мен денсаулығын сақтау жүйесін іске асыруды жалғастыру:
|
Жартылай орындалды |
«Күйзелуге қарсы тұру» бағдарламасы: Пандемия басталғанға дейін бірнеше «оффлайн» оқыту мен жаттығулар өткізілді. Әзірше, бағдарлама тоқтатылды, дегенмен де кейбір нұсқаушылар онлайн жаттығулар өткізді Қызметкерлерге психологиялық қолдау көрсету бағдарламасы бойынша дайындық жұмысы жүргізілді: тендер өткізіліп қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасалды COVID-19 пандемиясы кезіндегі жұмыс көптігіне байланысты «Маған бірдеңе болды» бағдарламасы 2021 жылға қалдырылды |
Төмендегі бағдарламарды қамтитын қызметкерлердің психологиялық салауаттылығы мен денсаулығын сақтау жүйесін іске асыруды жалғастыру:
|
Компанияның басқа бөлімшелерінде «Адамдарға қамқорлық» бағдарламасының комитеттерін құру бойынша жұмысты жалғастыру |
Орындалмады, қайта қаралды |
COVID-19 пандемиясына байланысты бұл жұмыс тоқтатылды. Бұл бағдарлама аясында мердігерлердің нысандарындағы санитарлық-тұрмыстық жағдайлары тұрақты түрде тексеріліп тұрды |
Мердігерлердің нысандарындағы санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді жалғастыру |
Пилоттық жобаның нәтижелері бойынша компанияның басқа бөлімшелерінде шаршау қаупін бақылау бағдарламасын енгізу |
2021 жылға қалдырылды |
COVID-19 пандемиясына байланысты 2020 ж. қойылған мақсаттарды толықтай орындауға мүмкіншілік болған жоқ. Пандемия мен карантин жағдайында бейімделу барысында қызметкерлердің шаршау қаупін азайту бойынша жұмыс жүргізілді |
Шаршау қаупін басқаруға арналған бағдарламаны Компанияның басқа бөлімшелерінде енгізу |
|
Орындалмады |
Короновирус пандемиясына байланысты, бұл бағдарламалар бойынша жоспарланған іс-шаралар іске асырылмады. |
Шектеу шараларын ескере отырып бағдарламаның тұжырымдамасын өзгерту мүмкіндігін қарастыру
|
Автоматты сыртқы дефибрилляторларды (АСД) орнату бағдарламасын аяқтау |
75 %-ы орындалды |
|
Қалған 10 АСД орнату |
Ауысым алдындағы медициналық тексерудің электрондық жүйесін (АМТЭЖ) енгізу |
Жаңа мақсат; 25 %-ы орындалды |
|
Бес АМТЭЖ құрылғысын сатып алуы 2021 жылға жоспарланды, олар Компанияның барлық медициналық орталықтарында орнатылатын болады |
Халықаралық өнеркәсіптік гигиена стандарттарын енгізуге көмектесетін сарапшыны жалдау мәселесін қарастыру |
Орындалмады |
COVID-19 пандемиясына байланысты іске-асырылмады. Бұл іс-шара әрі қарай қарастырылмайтындай болып шешілді |
|
Легионеллез қаупін азайту бойынша жоспардың орындалуын тексеру (аудит). |
Жартылай орындалды |
Жоспарланған аудит COVID-19 шектеу шараларына байланысты жүргізілмейтіндей болып шешілді |
Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып аудит жүргізуін қарастыру |
ӨНДІРІСТЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ
КПО денсаулық сақтау қызметінде өнеркәсіптік гигиена және санитария бөлімі жұмыс жасайды. Ол бөлімнің құрамына кәсіби профпатолог пен фельдшер және аттестатталған санитарлық зертхана кіреді. Бөлімнің міндеттеріне келесіде белгіленген, бірақ олармен шектелмеген:
- Қызметкерлердің денсаулығына төніп тұрған қауіп-қатерлерді бағалау
- Өнеркәсіпртік факторлардың гигиеналық мониторингін жүргізу,
- Асханалар мен ауыз судың тазалығын және қауіпсіздігін бақылау,
- Қызметкердің жұмыс жасауға жарамдылығын тексеру,
- Қызметкердін денсаулығын диспансерлік түрде бақылау,
- Салауатты өмір салтын насихаттау (салауатты өмірге тәрбиелеу).
Бөлімнің қызметі бірқатар процедуралармен реттеліп отырады, ал бөлім мамандары біліктілігін арттыруға арналған оқытуға (соның ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес оқыту) үнемі қатысады. Бөлімнің жұмысының сапасы, серіктес компаниялар өткізетін мерзімді аудиттер мен ISO 45001 сертификаттау аудиттері барысында тексеріледі.
Жедел медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту
2020 жылға арналған ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жоспарына, медициналық эвакуациялау мүмкіндіктерін жақсарту (Medevac) шаралары енгізілді. 2020 жылдың қыркүйегінде, КПО мен мердігер «Astana Business Aviation Company», тікұшақ арқылы медициналық эвакуациялау жасау бойынша біріккен іс шара қолдану жоспарына қол қойды.
8-сурет. Медициналық көмек көрсету көрсеткіштері, 2020 ж.
КВИ пандемиясы кезіндегі денсаулық сақтау бөлімінің атқарған жұмысы
2020 жылы Денсаулық сақтау қызметінің мамандары барлық күш-жігерін коронавирус індетінің таралуын болдырмауға, қызметкерлердің жаппай ауруына жол бермеуге және өндіріс жұмысының тоқтатылмауының қамтамасыз етуге бағыттады. Жұмыс екі бағытта жүргізілді: Біріншіден Компанияда, екіншіден жалпы өңірде әлеуметтік көмек көрсету.
Қызметкерлердің жаппай ауруын болдырмау үшін келесі шаралар қабылданды:
- Жұмыс орындағы қызметкерлер санын барынша азайту үшін қашықтан жұмыс істеу тәртібін енгізу;
- КПО-ның барлық нысандарында әлеуметтік ара-қашықтық ережелері мен міндетті маска тағу тәртібін енгізу;
- Барлық қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету (бір реттік маскалар мен қолғаптар, қол гигиенасына арналған заттар);
- Қызметкерлерді және олармен қатынасқан тұлғаларды дереу оқшаулауды қамтитын жаппай ПТР талдамасын тұрақты түрде өткізуге арналған бағдарламаны енгізу. 2020 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында 28 000-ға жуық ПТР талдамасы ұйымдастырылды, Компанияның 1 329 қызметкері және індетке шалынған қызметкермен қатынаста болған 2 874 адамның бақылауы жүргізілді.
- Індет өршіген кезде, КПО нысандарының негізгі диспетчерлік қызметінің құрамы арасынан «Арнайы жедел топ» құрылды. Олар үшін, басқа қызметкерлерден және отбасыларынан тыс орналасқан жалға алынған арнайы тұрғын блокта жұмыс жасайтындай ерекше жұмыс тәртібі құрылды.
- Чех қалашығындағы тұрғын блоктардың бірінде, Компанияның шетелдік қызметкерлері міндетті 14 күндік карантиннан өту үшін арнайы карантин секциясы ұйымдастырылды. Бұл шара шетелдік қызметкерлердің жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге көмектесті. Кейін, бұл секция, ауруға шалдыққан КПО қызметкерлеріне қажетті медициналық көмек көрсету мен Бөрлі ауданындағы мемлекеттік медициналық мекемелерге жүктелген ауыртпалықты азайту үшін стационар болып жасақталды. Стационарда 50 бір-орындық бөлме және 5 реанимациялық орын бар. Стационар барлық қажетті медициналық жабдықтармен және мамандармен толық жабдықталған. 2020 жылы ол жерден КПО-ның 20 қызметкері сәтті емделіп шықты.
- Сервистік қызметкерлер, күзетшілер мен жүргізушілер үшін КВИ пандемиясы кезіндегі қауіпсіздік және санитарлық-эпидемиялық шараларды сақтау бойынша оқыту жүргізілді.
- КПО санитарлық зертханасының мамандары коронавирус алдын алу шаралары бойынша жұмыс орындарын дезинфекциялауды, санитарлық ағарту жұмыстарын ұйымдастырды, КПО мен мердігерлердің жұмыс орындарында санитарлық-дезинфекциялық шаралардың орындалуы бойынша оқыту, аудит және тексерулер жүргізді. Санитарлық дәрігерлер сервистік қызмет көрсету бөлімімен бірге, COVID-19-ке қарсы қойылған негізгі қорғаныс шараларының (маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қолды дезинфекциялау және т.б.) тамақтану орындарында, кеңселерде, көлікте және өндірісте орындалуын үнемі қадағалап отырды.
- КВИ алдын алуға бағытталған іс-шаралар шеңберінде індетке шалдыққан қызметкерлерге және олармен қатынаста болған адамадарға COVID-19 туралы анықтама беру үшін арнайы қонырау шалу орталығы құрылды. Топ құрамына денсаулық сақтау бөлімінің мамандары мен қатысуға ниет білдірген басқа бөлімшелердің қызметкерлері кірді.
- 2020 жылдың жазынан бастап кез-келген қызметкер КВИ туралы сұрағын қоя алатын № 2525 ішкі сенім қоңырау шалу желісі іске қосылды. Бұл топтың мүшелері күнделікті түрде науқастармен байланысып, олардың денсаулығын қадағалап отырды. Сонымен қатар, мамандар, Компания қызметкерлерінің және мердігерлердің ПТР талдамасын ұйымдастыру, статистикалық ақпарат базасын жүргізу, науқастардын санын талдау бойынша жұмыстар жүргізді.
- KПО Интранет порталында КВИ мәселелеріне арналған арнайы бет ашылды. Онда Компанияда, Қазақстанда және әлемде КВИ жұқтырған аурулар саны туралы жаңартылған ақпарат және індеттін алдын алу шаралары көрсетіліп, COVID-19-туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар берілген.
КВИ пандемиясы кезінде жергілікті қауымдастықтарға көмек көрсету
Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесін қолдау бойынша Компания айтарлықтай күш жұмсады.
Бөрлі ауданының орталық ауруханасына жоғары технологиялық Drager желдеткіштері, «Lada Largus»-те жасақталған екі жедел жәрдем көлігі, екі ПТР зертханасы және оларға арналған шығын материалдары, обаға қарсы бір реттік 5000 костюм, дәрі-дәрмектер сатып алынды. КПО Сервистік қызмет көрсету бөлімі, жергілікті тұрғындар арасындағы індетке шалынған науқастарды емдеуге арналған екі қабатты ғимаратты жалға алды. Бұл ғимарат, барлық қажетті медициналық талаптарға сай жұқпалы ауруларды емдеуге арналған стационарға айналдырылды. Ғимаратта, барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген жайлы екі орынды бөлмелер бар. Барлық науқастар мен медициналық қызметкерлерге Компания есебінен күніне үш рет ыстық тамақ ұйымдастырылады. Сонымен қатар, КПО, Ресей Федерациясымен шекарадан өткен Қазақстан Республикасының азаматтарына карантиндік стационарды ұйымдастыру үшін бір қабатты ғимаратты пайдалануға берді. Компания жоғарыда аталған ғимараттарда қызмет көрсету бойынша көптеген жағымды пікірлер алды.
Бөрлі ауданының әкімдігі Компанияның аймақта COVID-19 өршіген кезінде жан-жақты және уақтылы көрсеткен көмегін жоғары бағалады.
Сонымен қатар, Орал қаласындағы медициналық мекемелерге жалпы алғанда, 29 желдеткіш, 20 оттегі концентраторы, 10 төсек жанындағы бақылау құралы, 20 инфузиялық сорғы, ПТР талдауына арналған 20000 реактив сатып алынды.
Ақсай қаласындағы аурухананың жедел медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту жөніндегі әлеуметтік жоба
2019 жылдың аяғынан бастап, КПО «Ақсай ауруханасының жедел медициналық көмек көрсету қызметінің сапасын арттыру» атты бес жылдық жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл әлеуметтік жобаның басты мақсаты – Ақсай ауруханасының жедел, шұғыл, хирургиялық және жан сақтау қызметтерінің мүмкіндіктерін халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкес келтіру. Жоба аяқталғаннан кейін аудандық аурухана халықаралық аккредиттеуге өтінім бере алады.
Жоба екі кезеңнен тұрады:
- Қазіргі таңдағы аурухананың бөлімдерін (науқастарды қабылдау бөлімі, жан сақтау бөлімі, хирургиялық бөлімі) жаңғырту. Науқастарды қабылдау бөлімін кеңейту, ескірген жабдықты толықтай заманауи жабдығына ауыстыру, сондай-ақ жедел жәрдем-реанимобиль сатып алу жоспарлануда.
- Жедел медициналық көмек пен хирургиялық көмек көрсету бойынша халықаралық тәжірибемен бөлісіп жергілікті мамандарды оқыту үшін Қазақстан Республикасында медициналық аккредитациясы бар шетелдік дәрігерлерді тарту.
2020 жылдың соңында бұл жобаның денсаулық сақтау саласына айтарлықтай әсері тигені байқалды, мысалы, хирургиялық өлім деңгейі 2019 жылғы 34 % -дан 2020 жылы 14 % -ға дейін азайды. Наркоздың жаңа әдістері енгізілді, бұл отадан кейінгі науқастың жан сақтау бөлімінде болатын уақытын 8 сағаттан 2 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл ем алу құнына айтарлықтай әсер етті.
Әлеуметтік желілері арқылы Компания аурухананың қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан көптеген жағымды пікірлер алды. Жоба бойынша жұмыс Ақсай қаласының ауруханасында жалғасуда.
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ АУРУҒА ШАЛДЫҒУ ҚАУПІН БАСҚАРУ
Компания қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының аумағында жарамды болып табылатын ерікті медициналық сақтандыру пакетін ұсынады. Медициналық сақтандыру пакеті амбулаториялық-емханалық көмектен бастап, стационарлық көмекке және дәрі-дәрмектер мен стоматологиялық ем алуды өтеуге дейінгі бірқатар қызмет түрлерін қамтиды.
2019 жылдан бастап сақтандырылған қызметкерлер медициналық қызмет көрсетушісін өздері таңдай алады, ал пайдаланылмаған сақтандыру қаражаттарын отбасы мүшелері арасында бөле алады.
Денсаулықтарына байланысты қызметкерлердің жұмыс орнында болмауын бақылау
2020 жылы коронавирустық пандемияға байланысты КПО қызметкерлерінің денсаулығына байланысты олардың жұмыс орнында болмауы бойынша көрсеткіштер өткен жылдармен салыстырғанда біршама өсті.
1-сызба. КПО жұмыс орнында болмау көрсеткіштері, 2014–2020 жж.
Ескерту: КПО жұмыс орнында болмау көрсеткішін есептеу үшін келесі әдіс қолданылады:
- Жұмыс орнында болмау көрсеткіші = жұмыс орнында болмау салдарынан (ауруға шалдығу) жоғалған күндердің нақты саны х 100 / қызметкерлердің жалпы саны. Басқа себептер бойынша жұмыс орнында болмаған күндер туралы ақпарат жоқ.
- КПО-да жұмыс орнында болмау көрсеткіші қызметкерлердің саны негізінде (адам-сағат емес) есептеу әдістемесі қабылданған, өйткені бұл әдістеме реттеуші органдардың талабы болып табылады.
Кәсіби аурулар
КПО, мұнай-газ өнеркәсібі күкіртті сутегі, химиялық реактивтер, шу мен діріл, климаттық, биологиялық және психоәлеуметтік әсер тигізетін зиянды факторлармен байланысты қауіпті өндіріс екенін біледі.
Компания осы зиянды факторларды анықтауға, олардың қызметкерлерге әсер ету қаупін бағалауға және ол қауіпті азайтуға ерекше назар аударады. Бұған келесі жүргізілген іс-шара дәлел: қызметкерлердің денсаулығына төнуі мүмкін қауіптерді бағалау, өндірістік нысандарды еңбек қорғау талаптарына сәйкес сертификаттау және өндірісті бақылау бағдарламасы.
2017 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде КПО-да еш кәсіби ауру жағдайы анықталған жоқ.
2020 жылы денсаулыққа қауіп-қатерді бағалау жұмыстары көбіне сұраныс бойынша жүргізілді және жұмыс орнының эргономикасын бағалауды қамтыды.
Қызметкерлердің жұмысқа жарамдылығын тексеру
Мұнай-газ саласы зиянды факторлармен байланысты болғандықтан, қызметкердің жұмыс жасауға жарамдылығын анықтау үшін медициналық тексеру өткізу қажет. КПО-да бұл қызметті тиісті рұқсаты бар мердігер атқарады.
2020 жылы сәуір айының басында қатан карантин шараларымен байланысты жоспарлы медициналық тексерулер тоқтатылған болатын. Жұмысқа қабылдау алдындағы медициналық тексеру, сақтық шараларын ескере отырып жүргізілді. 2020 жылдың қыркүйегінде, емханалардың жұмысына қойылған шектеулер алынған кезде, Компания қызметкерлерін мерзімді медициналық тексерулер қайта өткізіле бастады.
Компания кен орнында жұмыс істейтін кеңсе қызметкерлеріне міндетті медициналық тексеруден басқа, тегін профилактикалық тексеруді ұйымдастырады. Бұл скрининг адамның денсаулық жағдайын анықтауға және ауруды бастапқы кезеніңде анықтауға көмектеседі. Бұл тексерудін нәтижелері жұмыс берушіге тапсырылмайды және де қызметкердің жұмысқа жарамдылығын анықтау үшін пайдаланылмайды.
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ
2018–2019 жж. КПО, қызметкердің өмір сапасы мен жұмыс сапасын жақсартуға көмектесетін бірнеше психоденсаулықты сақтау бағдарламаларын жүргізді. Компанияда 2019 жылы енгізілген «Стрессті басқару» бағдарламасы топтың кураторы мен оның мүшелері арасындағы тікелей өзара әрекеттесуді көздейді, сондықтан 2020 жылы бұл бағдарлама алғашқы COVID-19 карантині кезінде тоқтатылды. Алайда, кейбір қатысушылар жаттығуларды «онлайн» жалғастырудың мүмкіндігін тапты! Олардың тәжірибесі, пандемия жағдайына қарамастан, болашақта қолданылатыны сөзсіз.
2020 жылы, қызметкерлерге психологиялық қолдау көрсету бағдарламасын іске асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. 2021 жылдың сәуір айында іске қосылған бұл бағдарлама «онлайн және оффлайн» түрде нұсқау беруді қамтиды.
COVID-19 пандемиясына байланысты, «Маған бірдеңе болды» атты бағдарламасы бойынша жұмыс 2020 жылдан 2021 жылға қалдырылды. Бұл бағдарлама бас операторлардың бірі – «Шелл» компаниясының үлгісіне негізделген.
«Адамдарға қамқорлық көрсету» бағдарламасы
Коронавирус пандемиясы «Адамдарға қамқорлық көрсету» бағдарламасын жүзеге асыру жоспарына да әсер етті. Оған қарамастан, Компанияның басқа бөлімдерінің мамандарының ат салысуымен мердігерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайы тұрақты түрде тексеріліп тұрды. Компанияда КВИ жұқтырған адам саны көбейіп бара жатырған жағдайда бұл, әрине өте маңызды шара болып табылды.
Шаршау қаупін басқару бағдарламасы
Әлемнің көптеген елдерінде қалыптасқан қатаң оқшаулау мен көші-қон шектеулеріне байланысты Компанияның көптеген қызметкерлері мен мердігерлері жұмыс кестерелерінде белгіленген уақыттан тыс жұмыс істеуге мәжбүр болды. Сонымен қатар, ауысып жұмыс жасайтын көптеген қызметкерлердің жұмыс кестесі уақытша ұзартылды: 7/7 орнына 14/14 немесе 14/14 орнына 28/28 және т.б. Мұның бәрі қызметкерлердің шаршау қаупіне әсер етті. Оның салдарын барынша азайту үшін әр түрлі шаралар қолданылды, соның ішінде белгілі тәртіп бойынша демалыс алу, қашықтықтан жұмыс жасау, қысқартылған жұмыс күні және қосымша қызметкерледі жұмысқа тарту.
ӨНДІРІС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІК БАҚЫЛАУ
КПО өндірістік нысандардың санитарлық-гигиеналық жағдайын үнемі қадағалап отырады. 8-кестеде соңғы үш жылда өткізген бақылау нәтижелері көрсетілген
8-кесте. Өнеркәсіптік факторларды бақылау, 2020 ж.
Өнеркәсіптік факторлар |
2018 |
2019 |
2020 |
|||
Зерттеулердің саны |
Сәйкессіздіктердің саны |
Зерттеулердің саны |
Сәйкессіздіктердің саны |
Зерттеулердің саны |
Сәйкессіздіктердің саны |
|
Шу |
400 |
93 |
440 |
114 |
398 |
110 |
Тербеліс |
69 |
14 |
78 |
25 |
63 |
15 |
Электромагниттік өрістер |
3 888 |
44 |
4 164 |
36 |
3 500 |
35 |
Электрстатикалық өрістер |
2 129 |
0 |
2 322 |
0 |
1 737 |
0 |
Жарық |
2 879 |
815 |
3 085 |
703 |
2 861 |
660 |
Микроклимат |
6 522 |
336 |
6 630 |
502 |
5 670 |
430 |
Жұмыс аймағының ауасы |
14 595 |
0 |
15 471 |
0 |
11 607 |
0 |
Барлығы |
30 482 |
1 302 |
32 190 |
1 380 |
25 836 |
1 250 |
Шудың рұқсат етілген деңгейлерінен асып кетуі өндірістік ғимараттарында байқалады, мұнда шу көзі жұмыс істеп тұрған компрессорлар, генераторлар, көтеріп-тасымалдау құрылғылары, қосалқы жабдықтар (желдету қондырғылары, кондиционерлер) және т.б. Ол ғимараттардың барлығында тек мерзімдік жұмыс ғана жүргізіледі, ол өлшеу құралының көрсеткіштерін тексеріп жазып алу және жабдыққа техникалық қызмет көрсету.
Шудың әсерін азайту және қызметкерлердің есту органдарын қорғау үшін 2012 жылдан бастап КПО-да есту қабілетін қорғау бағдарламасы жұмыс істейді, ол персоналды шу деңгейі жоғары учаскелер туралы хабардар етуді, жеке қорғаныс құралдарын ұсынуды, «уақытпен қорғануды» немесе осы учаскелерде үзіліспен болудың белгіленген ең аз мүмкін болатын уақытын, жабдыққа уақтылы техникалық қызмет көрсетуді қамтиды. Шуды тудыратын жабдықтар орнатылған барлық өндірістік алаңдар ескерту белгілерімен белгіленеді, ал есту мүшелері үшін міндетті түрде ЖҚҚ қолданыла отырып жұмыстар орындалады.
КПО өз нысандарындағы жарықтандыру жүйелерін үнемі жаңартып отырады. Сол бағытта, 2020 жылы люминесцентті шамдарды тиімділігі жоғары жарықдиодты шамдарға ауыстыру жұмысы жалғасты.
Өндірістік нысандарды аттестау
Келесі өндірістік нысандарда еңбек қорғау талаптарына сай аттестау жұмысы жүргізілді: өндірістік зертхана, ұңғыманы пайдалану және өндіру бөлімі, бұрғылау қондырғылары. Барлығы 67 жұмыс орны тексерілді. Аттестаттау жұмысының нәтижесі бойынша түзету іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, әрі-қарай іске-асырылуы үшін жауапты тұлғаларға жіберілді.