Апаттық әрекет ету жүйесі
Апаттық жағдайларға қарсы әрекет ету және дағдарыстық жағдайларды басқару КПО-дағы маңызды үдерістердің бірі болып табылады. Апаттық жағдайларға дайын болу және оларға қарсы әрекет ету апаттар мен күтпеген жағдайларды анықтау, сонымен қатар олардың пайда болуының алдын алу мен адамдарға, қоршаған ортаға, мүлікке және Компанияның беделіне әсерін барынша азайтуды қамтиды.
Оқиға, апат немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда КПО-да жедел іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ олардың ауқымын бағалау, оларды оқшаулау мен жою және салдарын жою жөніндегі жоспарды әзірлеу үшін қажетті сенімді үш деңгейлі әрекет ету жүйесі қолданылады. КПО үш деңгейлі әрекет ету жүйесі графикалық түрде 10-суретте көрсетілген.
10-сурет. КПО апаттық әрекет ету жүйесі
Адамдардың өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаның сақталуы, активтердің тұтастығы мен Компанияның беделінің сақталуы I, II және III деңгейлердегі апаттық-құтқару қызметтері мен құралымдарының тиімді даярлығы мен төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет етуіне байланысты болады. COVID-19 індетімен байланысты шектеулерге қарамастан, апаттық әрекет ету күштері мен құралдарын дайындау жөніндегі іс-шаралар әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау мүмкіндігі болған жағдайда жеткілікті көлемде жүргізіліп тұрды.
Сондай-ақ, пандемия жағдайында КПО, II деңгейдегі апаттық басқару штабының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін іс-шаралар қабылдады, атап айтқанда:
- II деңгейдегі апаттық басқару тобы мүшелерінің физикалық қарым-қатынасын азайту;
- кен орны мен Ақсай қаласында бір кезекшілікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саның азайту үшін жұмыс топтарды біріктіру;
- теориялық сабақтар өткізу, сондай-ақ, аудио және бейне байланыс арқылы кезекшілікті тапсыру.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл шешімдер штаб жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, ал II деңгейдегі Апаттық басқарудың бірыңғай тобы желтоқсан айындағы нақты жұмылдыру кезінде топтың үйлесімді жұмысын көрсете отырып, өзінің тиімділігін дәлелдеді.
Компанияның апаттық әрекет ету жүйесі жыл сайын, қызметкерлер мен жергілікті тұрғындарды және КПО апаттық әрекет ету және азаматтық қорғау құралымдарын даярлаудың жылдық жоспарына сәйкес әртүрлі оқу-жаттығуларда тексеруден өтеді.
2020 жылы КВИ пандемиясына байланысты Апаттық басқару тобының жаңа мүшелері үшін апаттық әрекет ету бойынша толыққанды жаттығулар мен оқытуды өткізу мүмкіндігі шектеулі болды. Соған қарамастан, II және III деңгейлердегі штаб мүшелері дайындық деңгейін сақтауға мүмкіндік берген келесі іс жүзіндегі жұмылдыру мен жаттығуларға қатысты:
- 2020 жылғы ақпандағы “Астра” оқу – жаттығуы – II деңгейдегі Ақсай және кенорны апаттық басқару топтарының және III деңгейдегі дағдарыстық жағдайларды басқару тобының қатысуымен өткізілген апаттық әрекет етуді пысықтау жөніндегі кешенді оқу-жаттығу;
- “COVID-19” оқу-жаттығуы және 2020 жылғы наурыздағы “COVID-19” іс-жүзіндегі жұмылдыру-III деңгейдегі дағдарысты басқару тобы;
- 2020 жылғы желтоқсандағы іс-жүзіндегі жұмылдыру – Қауіпсіздік қызметінің #9841 ұңғымада күдікті затты анықтауымен байланысты II деңгейдегі бірлескен апаттық басқару тобы жұмылдырылып төтенше жағдайды жою бойынша жұмыс атқарды.
I деңгей шеңберінде Компанияның барлық қауіпті өндірістік нысандары ай сайын нысанның апаттық басқару штабының, апаттық-құтқару қызметтерінің және КПО мен мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерінің қатысуымен төтенше жағдайды жою бойынша оқу-жаттығулар өткізді.
2020 жылы барлық санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, КПО-ның төменде көрсетілген апаттық-құтқару қызметтерінің қатысуымен апта сайын теориялық және практикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
- өрт сөндіру қызметі;
- газдан құтқару қызметі;
- газдан құтқарудың ерікті жасақтары;
- медициналық қызметкерлері.
КВИ таралу қаупін азайту және енгізілген санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерге байланысты кейбір теориялық оқыту мен практикалық жаттығулар, сондай-ақ апатқа қарсы жаттығулар карантиндік іс-шаралардың ең қарбалас кезінде тоқтатылғанын атап өткен жөн. Кейіннен оқу-жаттығулар жалғастырылды.
Сондай-ақ, 2020 жылы КПО ҚР Заңнамасы талаптарына сәйкес компания қызметкерлерін азаматтық қорғау бойынша электронды оқытуды жалғастырды.
Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарына (ТОЖҚҚ), газоаналитикалық жабдыққа және өрт сөндіргіштерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі өндірістік зертхана газ қауіпті және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін КПО мен мердігерлік ұйымдардың қызметкерлерін осы жабдықпен үздіксіз қамтамасыз етіп тұрды. ТОЖҚҚ қолдану бойынша практикалық жаттығулар кезінде зарарсыздандыруға арналған қосымша құрал-жабдықтар ұйымдастырылды.
2020 жыл бойы КПО мен мердігерлік ұйымдардың барлық қызметкерлерін және кен орнына келушілерді қорғау құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында фильтрлі құтқарғыштар мен газ детекторларды беру орталығы жұмысын жалғастырды.
Төтенше жағдайлар мәселелері бойынша жергілікті халықпен қарым-қатынас жүргізу
КПО барлық жергілікті тұрғындардың ҚМГКК аумағында ықтимал төтенше жағдай орын алуы кезіндегі әрекет ету тәртібінен хабардар болуын қадағалап отырады. 2020 жылы бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік органдармен және кен орнының периметрі бойынша орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен (жалпы саны 71 адам) өрт қауіпсіздігі, қауіп көзі болып саналатын қараусыз жүрген үй жануарлары, орталық мониторинг станциясы мен апаттық хабарлау станциясының рөлі және олардың жабдықтарын зерттеу тақырыптары бойынша жеті кездесу өткізілді.
Жергілікті елді мекендердегі тұрақты дайындықты сақтау мақсатында 2020 жылы КПО аппатық әрекет ету тобының халықты қорғау мамандары мердігерлік ұйымдар өкілдерімен бірге апаттық құлақтандырудың дабыл жүйесін ай сайын тестілеп отырды.
2020 жылы КПО Приуральный, Жарсуат, Қарашығанақ, Жаңаталап және Өспен ауылдарында жаңа дизель-генераторлық қондырғыларды (ДГҚ) және апаттық хабарлау станцияларының жағдайын бақылау жүйесін орнату бойынша жобаны аяқтады. Бұл станциялардың үздіксіздігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, КПО жергілікті атқарушы органдармен су тасқыны, өрт қауіпі болуы ықтимал және қысқы кезеңдерде тығыз ынтымақтастықты жалғастыруда.