Қызметкерлер және кәсіби дайындық
2020 жылдың соңында Компанияда КПО қызметкерлерінің жалпы есептік саны, уақытша жобаларда жұмыс істейтіндерді қоса алғанда, 4 368 адамды құрады, оның 4 133 – қазақстандық және 235 – шетелдік қызметкерлер.
8-сызба. КПО қызметкерлер саны, 2018–2020 жж.
10-сызба. Гендерлік белгісі бойынша КПО қызметкерлері саны, 2018–2020 жж.
10-сызбада қызметкерлер саны гендерлік белгілеріне байланысты бөлініп көрсетілген. 2020 ж. КПО-да 3 148 ер адам және 1 220 әйел адам жұмыс істеді.
2020 жылы уақытша жұмыс істейтін қызметкерлер саны 120 адам болды.6
11-сызбада келісім-шарт түріне қарамастан, жас топтары бойынша бөлінген 2020 жылға арналған жергілікті қызметкерлердің тұрақтамауы көрсетілген.
9-сызба. Еңбек шарты түрі бойынша КПО қызметкерлері, 2018–2020 жж.
11-сызба. Жас санаты бойынша кадрлардың тұрақтамауы, 2020 ж.
6 Уақытша қызметкерлер – ақы төленбейтін немесе жүктілікке байланысты демалыстағы, немесе құрушы компанияға уақытша жұмысқа жіберілген негізгі қызметкерді ауыстыру мақсатында шектеулі мерзімге жұмысқа алынатын сыртқы қызметкер.
11-сурет. Аймақтар бойынша бөлінген КПО қызметкерлері, %
Картада Қазақстан өңірлері бойынша КПО қызметкерлері санының пайыздық арақатынасы көрсетілген.
12-сызбада 2020 жылда қызметкерлердің тұрақтамауы жынысы бойынша бөлініп көрсетілген. 2020 жылы КПО-да жалданған жаңа қызметкерлер саны қызметкерлердің орташа тізімдік санының 2,3 %-ын құрады. 2020 жылғы кадрлар тұрақтамауы 2019 жылғы 1,7 %-дық көрсеткішімен салыстырғанда 1,1 %-ды құрады (13-сызбаны қараңыз).
ҚР еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес жергілікті қызметкерлер тұрақтамауы динамикасына өз еркімен жұмыстан босатылған қызметкерлер де жатады.
12-сызба. 2020 жылғы гендерлік белгісі бойынша кадрлардың тұрақтамауы
13-сызба. Жергілікті қызметкерлер тұрақтамауы динамикасы7 , 2018–2020 жж.
7 Жергілікті кадрлардың тұрақтамау көрсеткішін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі: кадрлардың тұрақтамауы = есепті жыл үшін өз бастамасы бойынша Компаниядан шығатындар саны / сол кезеңдегі орташа тізімдік саны × 100.
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ
Ұжымдық келіссөздер жүргізудің Копманиядағы маңызы зор. Қызметкерлердің құқықтарын қорғау мен қолдаудағы негізгі рөлдердің бірін кәсіподақтар жүзеге асырады. Кәсіподақтар әлеуметтік-еңбек қатынастарының түрлі тақырыптары бойынша Ұжымдық шарт жобаларын әзірлейді және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша компаниямен келіссөздер жүргізеді. КПО қызметкерлерінің мүдделерін үш кәсіподақ ұсынады:
- Компания қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.»;
- «КПО Б.В. және мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің Қарашығанақ жергілікті кәсіптік одағы»;
- «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» қызметкерлерінің және «TRUST» мердігерлік компанияларының жергілікті кәсіподақ ұйымы» ҚБ.
2020 жылы 2019–2021 жж. қол қойылған Ұжымдық шарт қолданылды.
КПО ұжымдық шартының ережелері олардың кәсіподақтағы мүшелігіне қарамастан штатқа қабылданған барлық қызметкерлерге қолданылады.
КПО-да кері байланыстың бірнеше механизмі бар: еңбек ресурстары басқармасына тікелей немесе кәсіподақ арқылы және «Жедел желі» арқылы хабарласу. 2020 жылы еңбек ресурстары басқармасына 64 шағым және 16 өтініш келіп түсті. Келіп түскен шағымдарда еңбек тәртібінің бұзылуы, жұмысқа орналасу, даулы мәселелерді шешу, қызметтік өкілеттікті асыра қолдану, мердігер қызметкеріне қатысты заңсыз әрекет мәселелері қозғалды. Шағымдардың барлығы тиісті қаралып, олар бойынша лайықты шешім қабылданды.
Жұмыс орындарын олардың ахуал-жағдайын нашарлауына әкелетін және еңбекақыны кейінгі қысқартумен компанияны тарату жағдайында, ұжымдық шарт ережелеріне сәйкес КПО компаниясы кәсіподақтарды 2 ай (8 апта) бұрын хабардар етуге міндетті.
Компания ұжымдық шарт және ҚР 2017 жылғы Еңбек кодексі (52-бап) шеңберінде әрекет ететін еңбек қатынастарын ерікті түрде бұзу бағдарламасын қолдануды қолдайды. Бағдарлама 58-ден 63 жасқа дейінгі ер адамдарға және 53-тен 58 жасқа дейінгі әйел адамдарға қолданылады. 2020 жылы компанияның 43 қызметкері еңбек қатынастарын өз еркімен бұзу туралы өтініш берді (2019 ж. – 42 қызметкер, 2018 ж. – 24 қызметкер, 2017 ж. – 45 қызметкер).
Шығындарды оңтайландыру, тиімділікті арттыру және мұнай бағасының төмен жағдайында компанияның бәсекеге қабілеттілігін қолдау мақсатында 2020 жылғы қарашада Компания еңбек қатынастарын ерікті түрде бұзудың бір жолғы бағдарламасын («ЕҚЕТББ») іске қосты. Осы бағдарлама бойынша 42 өтініш қанағаттандырылды.
Өндірістік қатынастар
КПО мердігерлерге заң талаптарына, ішкі ережелер мен саясаттарға қатысты түсінік беру үшін және мәжбүрлі еңбек етудің қаупін және/немесе қызметкерлердің жиындарды өткізу не ұжымдық шегініс алу құқықтары бұзылуының алдын алу мақсатында үнемі жиындар өткізіп отырады. Мердігерлер мен қосалқы мердігерлерде құқықтық нормалардың сақталуына жеткіліксіз көңіл бөлінген кезде, осындай жағдай орын алуы мүмкін.
Қарашығанақ кен орнындағы ағымдағы өндіріс және одан әрі дамыту мен кеңейту жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстар негізінен мердігерлік ұйымдардың күштеріне жүзеге асырылады. Сондықтан, қойылған міндеттер мен өндірістік көрсеткіштердің табысты орындалуы КПО-ның өзінде және тартылған мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардың ұжымдарында еңбек қатынастарының қаншалықты дұрыс құрылғанына байланысты.
Осыған байланысты, КПО жұмыстар мен қызметтерді көрсетуге арналған келісімшарттар шеңберінде еңбек заңнамасы мен ҚР санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтауға ерекше көңіл бөледі.
2020 жылы КВИ пандемиясы және қалыптасқан экономикалық жағдай Компанияның барлық қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету бойынша теңдессіз шаралар қабылдау қажеттілігін негіздеді. Шектеу шараларын енгізу кезінде Компания қажетті іс-әрекет алгоритмі мен тетігін әзірлеу мақсатында бақылаушы органдармен және мердігерлік/қосалқы мердігерлік ұйымдармен өзара бірлесіп әрекет жасады.
Тауарлар мен қызметтерді отандық жеткізушілерді қолдау аясында КПО санитарлық шектеу шараларын қамтамасыз ету жөніндегі міндетті талаптарға сәйкес мердігер ұйымдардың қызметкерлерін міндетті ПТР-тестілеуді ұйымдастырды. Шағын бизнеске қосымша қаржылық жүктемені болдырмау үшін 2020 жылғы 1 маусымнан бастап КПО компаниясы осы шығындарды толық көлемде өтейді.
Өткен жылы қызметкерлерден келіп түскен ұсыныстар, шағымдар мен ескертулер тиісті ден қою және кемшіліктерді жою шараларын қабылдау үшін мердігерлік ұйымдардың, түрлі Директораттардың басшылары және КПО келісімшарттарын ұстаушылар деңгейінде талқыланып, қаралды.
КПО мен мердігерлік/қосалқы компаниялардың ағымдағы өндірістік қызмет процесіндегі және Қарашығанақ жобасын іске асыру шеңберіндегі бірлескен жұмысы өндіріс қауіпсіздігін, сондай-ақ еңбек ұжымдарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
ЖЕРГІЛІКТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ДАМЫТУ
КПО Компаниясында қызметкерлерді дамыту үздіксіз процесс болып табылады. Кәсіби біліктілік деңгейі оқыту мен біліктілікті арттырудың қолданыстағы жүйесі арқылы сақталады және дамиды.
2020 жылы КПО өкілетті органымен бірлесіп 2020–2025 жылдарға арналған кадрлардағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі бағдарламаны бекітті.
Осылайша, 2020 жылы шетел мамандары иемденген 23 лауазымға жергілікті қызметкерлер тағайындалып, 54 лауазым қысқартылды. 2020 жылдың желтоқсан айына қарай Компания ұжымының 94 %-н жергілікті қызметкерлер құрады. Жалпы, 1999 – 2020 жж. аралығында 233 астам шетелдік қызметкерлер жергілікті мамандармен алмастырылған, ал шетел қызметкерлері иемденген 239 лауазым қысқартылған. Санат бойынша көрсеткіштер 20-кестеде ұсынылған.
20-кесте. Қызметкерлердің санаттары бойынша КПО кадрларындағы жергілікті қамтуды ұлғайту көрсеткіштері
Санаты |
Түсіндірмесі |
ҚР заңнамалық талабы |
Кадрлардағы жергілікті қамту көрсеткіші |
||
2020 ж. |
2019 ж. |
2018 ж. |
|||
1+2 |
Бірінші жетекшілер және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері |
70 % кем емес |
83 % |
79 % |
77 % |
3+4 |
Мамандар / білікті қызметкерлер |
90 % кем емес |
97 % |
96 % |
95 % |
Сонымен қатар, кадрлардағы жергілікті үлесті ұлғайтудың осы бағдарламасының мақсаттарына сәйкес КПО Батыс Қазақстан облысында тіркелген мердігерлік ұйымдардағы жергілікті қамтудың статистикасына қосымша мониторинг жүргізеді. 2020 жылы 43 компания тоқсандық, жартыжылдық және жыл сайынғы негізде кадрлардағы жергілікті қамту туралы мәліметтер ұсынды. Осы ұйымдардағы жергілікті қамту көрсеткіштері «бірінші басшылар және олардың орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары» санатында 79 % -ды және «мамандар/білікті қызметкерлер» санатында 94 %-ды құрады
14-сызбада Компанияның жасы мен гендерлік белгісі бойынша шетелдік және жергілікті жоғары және орта буын басшыларының жалпы саны көрсетілген. Бұл сан КПО құрылымын, соның ішінде уақытша жобаларды да қамтиды.
14-сызба. Жасы және жынысы бойынша жергілікті және шетел менеджерлерінің саны, 2020 ж.
ЖЕРГІЛІКТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ДАМЫТУ
Қарашығанақ кен орны нысандарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін үнемі жоғары білікті қызметкерлер талап етіледі. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін Компания серіктестердің халықаралық тәжірибесін пайдаланады және әртүрлі халықаралық және қазақстандық оқу ұйымдарын тартады.
Жыл сайын КПО бірқатар оқу бағдарламаларын өткізеді:
- өндіру және барлау мақсаттарына жету үшін қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- ҚР заңнамасымен, Компанияның ішкі рәсімдерімен және үздік халықаралық тәжірибелермен талап етілетін ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша міндетті оқыту.
2020 жылы Компанияның жергілікті қызметкерлерінің 76 %-ы біліктілікті арттырудың, кәсіби даярлаудың, қайта даярлаудың түрлі бағдарламалары бойынша оқытудан өтті, сондай-ақ онлайн семинарлар мен конференцияларға қатысты.
Бұдан басқа, 2020 жылы КПО мамандандырылған халықаралық бағдарламалар бойынша (15-сызбаны қараңыз), тілдік дағдыларға оқыту, ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша кәсіптік және міндетті оқыту жүргізді.
Оқыту бойынша статистика
Жауапты ұйым ретінде ҚПО өз қызметкерлері үшін де, мердігер ұйымдардың қызметкерлері үшін де қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті оқытуды қамтамасыз етеді. 2020 ж. 445 122 адам-сағат (2019 ж. – 686 709 адам-сағат) жұмсалды, оның ішінде 295 495 адам-сағат (2019 ж. – 363 286 адам-сағат) КПО қызметкерлеріне берілді. Қалған 149 627 оқыту сағаты (2019 ж. 323 423 адам-сағат) мердігер ұйымдардың қызметкерлері үшін ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша міндетті оқытуға жұмсалды.
2020 жылы барлығы 19 637 адам оқытылды, оның ішінде 3 134 – КПО қызметкерлері және 16 503 – мердігер ұйымдардың қызметкерлері. Компанияның оқу сағаттарының орташа саны 16-сызбада келтірілген.
15-сызба. 2020 жылға арналған халықаралық сертификатталған бағдарламалар шеңберінде оқытылған КПО қызметкерлерінің саны
Компания қызметкерлері үшін 2020 жылы ұйымдастырылған оқыту 21-кестеде санат бойынша бөлініп, көрсетілген
21-кесте. Санат бойынша қызметкерлерді оқыту, 2018–2020 жж.
Санаты |
2020 |
2019 |
2018 |
1. Жоғары және орта буын жетекшілері |
92 адам (1 қызметкерге 73,99 сағат) |
161 адам (1 қызметкерге 66,60 сағат) |
172 адам (1 қызметкерге 54,84 сағат) |
2. Білікті мамандар / топ жетекшілері |
1 439 адам (1 қызметкерге 81,93 сағат) |
1 250 адам (1 қызметкерге 88,96 сағат) |
1 364 адам (1 қызметкерге 67,96 сағат) |
3. Техникалық қызметкерлер |
1 484 адам (1 қызметкерге 113,01 сағат) |
2 044 адам (1 қызметкерге 111,73 сағат) |
1 494 адам (1 қызметкерге 121,07 сағат) |
4. Кеңселік-әкімшілік қызметкерлер |
119 адам (1 қызметкерге 25,81 сағат) |
150 адам (1 қызметкерге 86,53 сағат) |
84 адам (1 қызметкерге 44,99 сағат) |
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ 5
ЖЕДЕЛДЕТІЛГЕН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы:
2017–2020 жылдар кезеңінде КПО перспективалы қазақстандық қызметкерлерді анықтауға және оларды одан әрі дамытуға бағытталған жеделдетілген даму бағдарламасының үшінші легін енгізді. Бағдарламаны іске асыру барысында талантты қызметкерлерді іріктеуді, олардың күшті және әлсіз жақтарын анықтауды, жеке даму бағдарламаларын әзірлеуді және енгізуді, нәтижесінде жоспарланған лауазымдарға тағайындауды қамтитын компанияның бизнес қажеттіліктеріне қол жеткізу үшін кадрлар резервін құруға басты назар аударылды.
Мақсаты:
- Келесідей даму құралдарын: коучинг, қазақстандық қызметкерлердің бас компаниялардың кеңселерінде тағылымдама өтуі, формалды оқыту, сертификатталған бағдарламалар мен тәлімгерлікті қолдану арқылы қызметкерлердің тұрақты кәсіби өсуі мен дамуы үшін қажетті білім мен дағдыларды алуы үшін жағдайлар жасау;
- Еңбек ресурстарын жоспарлаудың үздіксіздігіне кепілдік беру.
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:
2017 жылғы ақпаннан мамыр айына дейін КПО қызметкерлерін оқыту және дамыту бөлімі бағдарламаға қатысу үшін үміткерлерді іріктеуді жүргізді. 2018 жылдың басынан бастап қатысушыларды Жеке даму жоспарларына сәйкес оқыту және дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар, соның ішінде КПО қазір жұмыс жасап жатқан директорларымен және бас компаниялардың көшбасшыларымен тоқсан сайынғы кездесулер өткізілді. Бағдарлама барысында SAP жүйесін пайдалану, бағдарлама қатысушыларының желілік басшылықпен, тағайындалған жаттықтырушылармен және тәлімгерлермен тиімді жұмыс істеуі және өзара іс-әрекеті үшін бірыңғай жұмыс платформасын құруға мүмкіндік бергенін атап өткен жөн.
2019 жылы коучингке көп көңіл бөлінді. «Коучингтегі халықаралық тенденциялар» тақырыбында сәтті өткізілген семинар қатысушылардың оң пікірлеріне ие болды.
2020 жылдың басында білім алушы қызметкерлер үшін Ресейден танымал коуч-сарапшының шақыруымен «Өзіңді және өзгелерді шабыттандыр» тақырыбында форум өткізілді. Нәтижесінде қатысушылар ішкі мотивацияға және басқаларды ынталандыруға бағытталған коучинг құралдарын игерді.
Бағдарлама кезеңінде көшбасшылық біліктілікті дамыту бойынша барлығы бес форум өткізілді. Бағдарлама қорытындысы бойынша сауалнамаға қатысушылардың 80 %-ы өткізілген іс-шаралар оларға көшбасшылық қасиеттердің біліктілік деңгейіне мүмкіндік бергенін атап өтті.
Нәтижесі:
2020 жылғы бағдарламаның соңғы жылы дүниежүзілік пандемия кезеңіне келді, бұл жағдай бағдарламаны іске асыру процесіне түзетулер енгізді. Осыған қарамастан, 2020 жылдың соңында бағдарлама сәтті аяқталды. Үшінші лекке қатысушылардың жалпы саны 161 адамды құрады. Бағдарлама аяқталған кезде қатысушылардың 56 %-ы жоспарланған рөлдерге қол жеткізді, ал жеке даму жоспарлары 77 %-ға орындалды.
Бағдарлама аясында тағайындалған рөлдерге қол жеткізбеген қатысушылар компанияның кадрлық резервіне белгіленді.
16-сызба. Оқыту түрлері бойынша 2020 ж. КПО номинацияланған қызметкерлері өткен бір курсқа арналған оқу сағаттарының орташа саны
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ 6
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы:
2007 жылы кен орнын пайдаланудың екінші кезеңінің нысандарын іске қосу кезінде өңірде өндіру және техникалық қызмет көрсету бойынша жоғары білікті қызметкерлердің болуы шектелді. КПО компаниясы OPITO стандарттары бойынша оқыту бағдарламасын іске асыруға кірісті, ол жергілікті персоналдың біліктілігін арттыруға және дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Мақсаты:
Бағдарламаның негізгі міндеті Қарашығанақ кен орны нысандарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қазақстандық жоғары оқу орындарының жергілікті түлектері қатарынан кадр резервін құру болып табылады.
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:
2008 жылдан бастап дуалды білім беру аясында Компания OPITO Мұнай және газ академиясының стандартына негізделген өндіру операторы, техник-механик, техник-электрик және бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика технигі мамандықтары бойынша кәсіби даярлау бағдарламасын іске асыруда. Іріктеуден кейін үміткерлер теориялық және практикалық білім ала отырып, халықаралық деңгейде оқудан өтеді. Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін тағылымдамадан өтушілер Компанияның өндірістік объектілеріне жұмысқа орналасады және өз мансабын бастайды. Оқыту бағдарламаларының құндылығы блоктық-модульдік форматта іске асырылатын әдіснамада жатыр. Мұндай тәсіл жұмыс орнында өндірістік міндеттерді шеше білуге бағытталған құзыреттер кешенін дамытуға мүмкіндік береді.
Нәтижесі:
Жалпы 2008 жылдан бастап 2020 жылға дейін осы бағдарлама бойынша 492 студент оқудан өтті.
2020 жылы 2019 жылы басталған жабдықтарды пайдалану жөніндегі техниктер мен өндіру жөніндегі операторларды кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша оқыту жалғастырылды.
2020 жылдың қыркүйек айында 36 студент өндіру операторы, техник-электрик және бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика технигі мамандықтары бойынша оқудың теориялық бөлігін аяқтап, Компанияның өндіру және техникалық қызмет көрсету бөліміне тәжірибелік тағылымдамаға жіберілді.
ЕҢБЕК АҚЫСЫ ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР
КПО компаниясы бәсекеге қабілетті жалақы мен түрлі жеңілдіктердің көмегімен лайықты еңбек жағдайларын сақтауды қамтамасыз етеді.
Компаниямен еңбек шарты бар барлық қызметкерлерге ақшалай төлемдер мен ақшалай емес сыйақылардан тұратын жеңілдіктер пакеті ұсынылады. КПО-да кадр агенттігі арқылы жұмыс істейтін қызметкерлерге сол агенттіктің ұжымдық шарттары қолданылады.
Жеңілдіктердің басым бөлігі 2019 ж. қайта қаралып, 2019–2021 жылдар бойы қолданыста болған ұжымдық шартта көзделген.
Қолданыстағы рәсімдер шеңберінде, КПО өз қызметкерлерінің еңбекақысын жыл сайын қайта қарастырып отырады. Бұл инфляцияның жылдық деңгейі ескерілген жыл басындағы еңбекақыны көтеруді, жыл бойы орындаған жұмыс қорытындылары бойынша оң баға алған қызметкерлерге сыйлықақыны жыл сайын төлеуді, сонымен қатар жалақыны жекелей көтеру және қосымша бір жолғы берілетін төлемдерді қамтиды.
2020 жыл экономикалық тұрғыдан оңай болған жоқ, бұл ретте Компания ұжымдық шартта келісілген төлемдерді тоқтатқан жоқ. 2020 жылы жалақының екі рет жалпы өсуі жүргізілді: біріншісі – қаңтарда 6,4 %-ға, бұл алдыңғы 2019 жылғы инфляция деңгейін және ұжымдық шарттың талаптары бойынша қосымша 1 %-ды көрсетеді; екіншісі – кәсіподақтармен келіссөздер нәтижелері бойынша наурыз айында 10,6 %-ға арттыру.
COVID-19 карантині кезеңінде үздіксіз өндірісті қолдау мақсатында Бас директордың бұйрығы негізінде қызметкерлердің арнайы өндірістік тобы құрылды, олар үшін ай сайын жалақыға қосымша төлемдер жасалды.
Жыл бойы Компания қызметкерлерді қысқартпады, бірақ ұйымдық құрылымды оңтайландыру үшін қызметкерлерге өтемақы пакетін төлеумен қоса еңбек қатынастарын ерікті түрде бұзу бағдарламасы ұсынылды.
КПО жалақысының Қазақстандағы мұнай-газ саласындағы нарықтық еңбекақы деңгейіне сәйкестігін жыл сайынғы талдау негізінде КПО қызметкерлерінің орташа еңбекақысы Батыс Қазақстан облысы бойынша орта көрсеткіштен 3,3 есе жоғары екені анықталды. Осы талдау нәтижелері бойынша 2020 жылы жалақыға қосымша түзету жасалмады.
Жұмыс орындалуын және қызметкерлерді дамытуды бағалау
Қызметкерлердің тиімділігін бағалау кері байланыс құралдарының бірі болып табылады және еңбек өнімділігін бақылауға және жақсартуға бағытталған. Жұмыстардың орындалуын бағалау және қызметкерлерді дамыту процесі КПО-да кемінде жарты жыл жұмыс істеген қазақстандық қызметкерлерді қамтиды.
КПО қызметкерлері арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар шеңберінде Компания қызметкерлерінің бір бөлігінің қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшуіне байланысты жұмыстардың орындалуын және қызметкерлердің дамуын бағалау процесі қайта қаралып, жеңілдетілді. Атап айтқанда, бағаларды бөлу шкаласы «өте жақсы», «тиімді» және «жақсартуды қажет етеді» болып өзгерді. «Ерекше» және «қанағаттанарлықсыз» бағалары қолданылған жоқ.
Жетекші лауазымдағы қызметкерлер үшін тиімділіктің негізгі жылдық көрсеткіштеріне жетуді бағалаудың бөлек үдерісі бар өндіріс.