Жергілікті халықпен қарым-қатынас
КПО Қарашығынақ мұнай, газ және конденсат кен орнын игеру кезінде теріс әсердің алдын алуға немесе оны барынша азайтуға, сондай-ақ жергілікті халықтың экономикалық өсуіне және өркендеуіне жағдай жасап, олармен өзара әрекеттесуді жақсарту арқылы өз қызметінен барынша артықшылық беруге тырысып келеді. Компанияның әлеуметтік жауапкершілік саласындағы саясаттары, стандарттары мен процедуралары Халықаралық қаржы корпорациясы стандарттарына негізделген.
22-кесте. Жергілікті халықпен қарым-қатынас бойынша қойылған міндеттер
2020 жылға қойылған міндеттер |
Орындалуы |
2020 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2021 жылға қойылған міндеттер |
Мақұлданған бюджетке сәйкес 2020 жылға ауылдық округтерді дамытуға жәрдемдесу бағдарламасын орындау. БҚО Бөрлі ауданы әкімдігімен ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қою. |
Орындалды |
Бағдарлама КВИ жағдайына байланысты белгілі деңгейде орындалды Бөрлі ауданы әкімдігімен ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды |
Мақұлданған бюджетке сәйкес ауылдық округтерді дамытуға жәрдемдесу бағдарламаларын орындау |
Дамытудың әлеуметтік және экологиялық аспектілері бойынша үш ауылдық округте (Приурал, Жарсуат және Өспен) 12 консультативтік кеңес отырысын өткізу |
Жартылай орындалды |
КВИ шектеулеріне байланысты үш ауылдық округте онлайн режімде 10 отырыс өткізілді |
Әлеуметтік және экологиялық мәселелер бойынша үш ауылдық округте 9 консультативтік кеңес отырысын өткізу |
Халықтың шағымдары мен өтініштерін қарастыру және уақытылы жабу |
Орындалды |
Барлық келіп түскен шағымдар уақытылы қарастырылды |
Халықтың шағымдары мен өтініштерін уақытылы қарастыру және жабу |
Күнделікті өмір қаражат қорын қалпына келтіруге қосымша көмек қажетін анықтау мақсатында Ақсай қаласы мен Аралтал шағын ауданына көшірілген отбасыларға мониторинг жүргізуді жалғастыру |
Орындалды |
2020 жылдың аяғында көшіру жобасы аясында салынған нысандарға қызмет көрсету бойынша құрылыс компаниялардың кепілдік міндеттемелері орындалды |
Күнделікті өмір қаражат қорын қалпына келтіруге қосымша көмек қажетін анықтау мақсатында Ақсай қаласы мен Аралтал шағын ауданына көшірілген отбасыларға мониторинг жүргізуді жалғастыру |
2020 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты Батыс Қазақстан облысы мен Бөрлі ауданының жергілікті басқару органдарымен енгізілген карантиндік шектеу шараларына қарамастан КПО жергілікті халықпен өзара әрекеттесуді жалғастырды.
Біз Бөрлі ауданының үш ауылдық округінде, атап айтқанда Приурал, Жарсуат және Өспен ауылдарында онлайн режімде 10 консультативтік кеңес отырысын өткіздік. Онлайн отырыстар кезінде жергілікті тұрғындарға КПО-ның 2020 жылғы жергілікті қоғамдастықтардың дамуына көмектесетін бағдарламалары, КПО-ның экологиялық мониторинг бағдарламасы туралы хабардар етіп, Приурал, Жарсуат және Өспен ауылдық округтерінде тұратын әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылардан шыққан мектеп түлектеріне арналған Компанияның стипендиялық бағдарламасына үміткерлерді қабылдау туралы жарияладық. КПО стипендиялық бағдарламасы критерийлеріне сәйкес Приурал, Жарсуат және Өспен ауылдық округтері мектептерінің жеті түлегі Батыс Қазақстан облысының колледждері мен университеттеріне түсті.
Консультативтік кеңестер барысында біз жергілікті тұрғындарды коронавирус инфекциясы таралуының алдын алуға бағытталған санитарлық және гигиеналық ережелерді сақтауға шақырдық.
Жергілікті халықты дамытуға жәрдемдесу бағдарламалары аясында КПО Бөрлі ауданы зейнеткерлеріне “Ақжайық” шипажайында демалу үшін 150 жолдама берді.
Шағымдар мен өтініштерді қарастыру
КПО-ның жергілікті халықтың шағымдары мен өтініштерін қарастыру процедурасына сәйкес ҚМГКК іргелес жатқан ауылдық округтер тұрғындарынан газ иісіне байланысты жеті (7) шағым түсті. Өндірістік экологиялық бақылау тобы жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш шағымдар бойынша жабдықтар жұмысында ақау, ағып кету/шығарынды, немесе РШШ арту жағдайлары анықтамаған. Келіп түскен шағымдар бойынша тұрғындарға кері байланыс берілді.
Көшірілген тұрғындарды қадағалау
2020 жылы бұрынғы Березов және Бестау ауылдарынан көшірілген тұрғындар үшін 2017 жылы салынған Аралталдағы 100 үй мен мектептің, және Ақсай қаласындағы 9-қабаттық екі үйдің мердігер құрылыс компанияларымен берілген 36 айлық кепілдік қызмет көрсету мерзімі аяқталды. Өткен жылы құбыр жалғамаларын алмастыру, балконда су кету және ішкі сылақ жұмыстарын жүргізу сияқты шамалы ақауларды жою туралы аталмыш үйлер мен пәтер тұрғындарынан 198 өтініш келіп түсті. 2020 жылдың аяғында мердігер құрылыс компаниялар ақауларды жойып, тұрғындардың өтініштері бойынша мәселелерді шешіп, кепілдік міндеттемелерді толықтай орындап шықты.
2020 жылдың көктеміндегі КВИ байланысты карантиндік шаралар кезінде Компания Бөрлі ауданының жергілікті билік органдарымен және Ақсай қаласы әкімшілігімен бірге Аралтал тұрғындары үшін азық-түлік пен көпшілік қолды тауарларды сату бойынша автодүкенді ұйымдастыруға жәрдемдесті.
Ақсай қаласы әкімінің қолдауымен 2020 жылдың қазан айында КПО-ның халықпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Ақсайдағы екі 9-қабаттық және 5-қабатты үйдің ауласын абаттандыру мақсатында Бөрлі ауданы орман шаруашылықтарынан 150 шетен, бәйтерек және қара үйеңкі көшеттерін алып отырғызды.
ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАР
2020 жылы Бөрлі ауданы әкімдігінің қолдауымен КПО компаниясы алты құрылыс жобасы бойынша ашық жиналыстар үлгісінде төрт қоғамдық тыңдау және бес әртүрлі нысандардың құрылыс жобасы бойынша сауалнама жүргізу үлгісінде төрт қоғамдық тыңдау өткізді. Қоғамдық тыңдаулар барысында талқыланған мәселелер қатарына кәсіптік және технологиялық құбыржолдар, экологиялық мониторинг стансалары, сондай-ақ қолданыстағы қондырғыларды, құрылыстар мен уақытша алаңдарды қайта құру мен күрделі жөндеу жатты.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпарат жергілікті тұрғындарға облыстық және аудандық газеттерде, сондай-ақ Компания вебсайтында жариялау арқылы жеткізіледі. Қоғамдық тыңдаулар ашық жиналыстар немесе сауалнама жүргізу үлгісінде өткізіледі. Коронавирус пандемиясына байланысты КПО мен жергілікті атқарушы билік органдары халықтан кері байланысты КПО вебсайтында тұрғындар үшін дайындалған құжаттар пакетінде бірге берілген сауалнама парақтарын алу арқылы жүргізуге келісті.
2020 жылы қоғамдық тыңдаулар талқылауына салынған барлық жобалар тыңдауларды өткізу процедурасына сәйкес мақұлданып, олардың тиісті хаттамалары толтырылған. Қоғамдық тыңдаулар құжаттар пакетін Бөрлі ауданы әкімдігінің вебсайтынан және КПО вебсайтынан http://www.kpo.kz/kz сілтемесі бойынша «Тұрақты даму/Әлеуметтік жауапкершілік/Халықпен өзара әрекеттесу/Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде көруге болады.
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ 7
КПО-НЫҢ ҮЙЛЕР АУЛАСЫНДА ТЕРЕКТЕР ЕГУ БАСТАМАСЫ
Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы:
Қарашығанақ кен орнына іргелес аумақтардың қоршаған ортасы мен экожүйесін қорғау КПО үшін маңызды мәселелердің бірі. Компания өз өндірістік қызметінде қоршаған ортаға кері әсерді барынша азайтуға бағытталған жоғары стандарттарды ұстанады.
Бұрынғы Березов пен Бестау ауылдарынан тұрғындарды көшіру жобасын қадағалау шеңберінде КПО аталмыш тұрғындар үшін Бөрлі ауданы Ақсай қаласында салынған үйлер аулаларына терек отырғызуды шешті.
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:
2020 жылдың қазан айында КПО-ның халықпен жұмыс бөлімінің өкілдері Батыс Қазақстан облысындағы бірнеше тәлімбақ пен орман шаруашылығына барды. Сапар мақсаты түрлі жапырақты және жеміс ағаштарын өсіру және күту жөніндегі олардың қызметтерімен танысу, сондай-ақ көшірілген тұрғындарға салынған үй аумағында отырғызу үшін көшеттерді таңдау болды.
Нәтижесі:
Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің қолдауымен 2020 жылдың 20 қазанында КПО қызметкерлері Бөрлі ауданы орман шаруашылығынан 150 шетен, бәйтерек және қара үйеңкі көшеттерін алып, 10-шағын аудандағы № 24 және № 25 үй ауласына отырғызды. Көшеттер «Ақ-Қайын-2» ПИК тапсырылды.
Сондай-ақ ПИК жұмысшылары өздері Дружба народов көшесі, № 4/6 үйлері аулаларына терек отырғызды. Аталмыш үйлерге көшірудің І және ІІ кезеңдері аясында Березов пен Бестау ауылдарының тұрғындары көшірілген болатын.
КПО халықпен жұмыс бөлімінің, Ақсай қаласы әкімінің және пәтер иелері кооперативінің бірлесіп жасаған еңбектері ақталды, тұрғындар үй аулаларын абаттандыру жұмыстарын жоғары бағалады. Отырғызылған теректерге күтім жасау әр тұрғынның қоршаған ортаны қорғауға және экожүйені сақтауға қосқан жеке үлесі болмақ.
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ 8
ДУШЕКЕНОВТАР ОТБАСЫ МЫСАЛЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАЛАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА ОРНАЛАСТЫРУ
Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы:
Қарашығанақ кен орны жаңа санитарлық қорғау аймағы шекарасында орналасқан Березов және Бестау ауылдары тұрғындарын көшіру 2015 және 2017 жылдары бірнеше кезеңмен жүргізілді. Жалпы, Ақсай қаласы мен жаңа Аралтал шағын ауданына 460 отбасы көшірілген болатын. Төменде көшірілген отбасының жаңа жерге орналасу мен күнделікті тұрмыс жағдайына қайта оралудың мысалы келтірілген.
Нәтижесі:
Зейнеткер Иманмалик Душекеновтың отбасы Березов ауылынан Ақсайға ересек ұлымен және оның отбасымен көшірудің бірінші кезеңінде, 2015 жылдың аяғында келген еді. Березов ауылдық мектебінде қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі қызметін атқарған оның қызы Гүлсін көшірудің екінші кезеңінде, 2017 жылдың аяғында көшті. Гүлсін жаңа үйдің иесі атанып, Аралтал ауылдық мектебіне қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі ретінде жұмысқа алынды.
Өтемақы беру шарттарына сәйкес ата-анасы ересек үйленген ұлымен немесе күйеуге шыққан қызымен бірге тұрып жатқан отбасылар жеке баспана алуға құқылы болды. Осы шартқа сәйкес Иманмалик Душекеновтың ересек балалары Аралталда жеке баспанаға ие болды.
Иманмалик Душекеновтың ұлының үш баласы бар. Оның үлкен ұлы жұмыс жасайтын шақта, ал кішісі Аралтал ауылдық мектебінің 6 сынып оқушысы, қызы Айжан медициналық факультет түлегі. Айжан медициналық колледжді КПО стипендиялық бағдарламасы бойынша оқып шықты. Оқуы аяқталған соң Компания Айжанның аудандық емханаға жұмысқа ораналасуына жәрдемдесті. Қазіргі таңда Айжан Орынбор мемлекеттік медициналық университетінің үшінші курсында оқып, білімін жалғастыруда. Айжанның айтуынша КПО компаниясы оның жолын ашты. Басқа студенттермен салыстырғанда, оқу барысында, ол көбірек стипендия алатын еді.
КПО қызметкерлерімен кездесу барысында Иманмалик Душекенов Компанияға, оның отбасына көрсеткен көмегі, немересінің оқуына жәрдемі мен Аралталдағы жаңа қоныстары үшін шексіз алғысын білдірді.