ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
КПО компаниясы Қарашығанақ мұнай, газ және конденсат кен орнын қоршаған ортаға ең аз әсермен игеруді көздейді. Біз өндірістік қызметтерімізді тұрақты даму қағидалары негізінде және қоршаған ортаны қорғаудың жоғары стандарттарына сәйкес атқарып келеміз. Компанияның еңбек қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саясатының негізгі міндеттері:
- қоршаған орта ластануының алдын алу,
- парниктік газдар шығарындыларын азайту,
- биотүрлілікті және экожүйелерді сақтау,
- табиғи ресурстарын қорғау,
- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштерді үздіксіз жақсарту.
ҚОҚ саласындағы міндеттер аясында Компания заманауи әдістемелер мен озық әлемдік деңгейдегі қолжетімді технологияларды қолданады.
қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары
Қоршаған ортаны қорғау саласында қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін КПО жыл сайын Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – ҚОҚШЖ) әзірлейді. Жоспарда айқындалған шаралар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ҚОҚ саласындағы әдістер мен технологияларды жетілдіруге, табиғат қорларын тиімді пайдалануға және ISO 14001 мен ISO 50001 халықаралық стандарттарына сәйкестік деңгейін сақтап тұруға бағытталған.
ҚР Экологиялық кодекс ережелеріне сәйкес қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға рұқсат алу үшін Компания тиісті органдарға рұқсат алу кезеңіне ҚОҚШЖ ұсынады.
2020 жылы КПО өз өндірістік қызметтерін https://kpo.kz «Қоршаған ортаны қорғау / Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары» вебсайт парақшасында орналасқан кестедегі берілген ҚО эмиссияларға рұқсатқа және әзірленген ҚОҚШЖ негізінде жүзеге асырды. 2020 жылы ҚМГКК-да әр ҚО эмиссия түріне төрт рұқсат алынды: ластаушы заттардың (ЛЗ) шығарындыларына, қалдықтарды орналастыруға, сонымен қатар № 1 және № 2 полигондарында ҚМГКК жерасты деңгейжиектеріне айдалатын ЛЗ-ды технологиялық және ілеспе-қабат сарқынды сулармен бірге төгуге. Сәйкесінше, ҚОҚШЖ әр алынған рұқсат үшін әзірленіп келісілді.
2020 жылғы ҚМГКК-да КПО-ның ҚОҚ шараларын жүзеге асыруға жұмсалған жалпы нақты шығыны 11,06 млрд теңгені құрады, яғни игерілген қаржының 74 %-ы және жоспарланған жұмыс көлемінің 101 %-ы. 2020 жылғы ҚМГКК бойынша жоспарланған шығын көлемі – 14,96 млрд теңгені құраған. 2020 жылғы жоспарланған және нақты шығындар арасындағы айырмашылық жекеленген іс-шаралар бойынша жоспарланған көлемнің толық орындалмауымен, сондай-ақ КВИ шектеулері себебінен жұмыстардың бір бөлігін 2021 жылға қалдырумен түсіндіріледі.
ҚР Президенті жанындағы ТЖ тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы хаттамасының (15.04.2020 ж. № 12) 2.3.1-тармағына сілтеме жасай отырып, 2020 жылғы тамыз және қараша айларында КПО 2020 жылға жоспарланған төрт іс-шараны орындау мерзімін 2021 жылдың соңына дейін ұзарту туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне және ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігіне хат жолдады:
- № 5 және № 15 экологиялық мониторинг станцияларын көшіру;
- Кәсіпорын нысанының ерекшелігін ескере отырып, нақты уақыт тәртібінде деректерді қашықтықтан берудің автоматтандырылған мониторингі жүйесін енгізудің жұмыс жобасын әзірлеу;
- Тұрмыстық-шаруашылық сарқынды сулардың лай тұнбасын қолдану бойынша зерттеулер;
- Энергия аудитін өткізу.
23-кестеде КПО-ның ҚОҚ бойынша 2020 жылғы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бөлімшелер бойынша берілген.
23-кесте. 2020 жылғы ҚОҚ іс-шаралар жоспарын орындау, %
№ |
ҚОҚ іс-шаралар жоспарының бөлімшелері |
КПО іс-шараларын орындау проценті: |
||
- Қарашығанақ кен орнында |
- ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау экспорттық конденсат құбыр желісінде (БҚО) |
- ҚӨК-Үлкен Шаған-Атырау экспорттық конденсат құбыр желісінде (АО) |
||
1 |
Әуе бассейнін қорғау |
130 % |
100 % |
100 % |
2 |
Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану |
72 % |
100 % |
100 % |
3 |
Жер ресурстарын қорғау |
127 % |
ШҚ* |
ШҚ* |
4 |
Жер қойнауын қорғау және тиімді пайдалану |
100 % |
ШҚ* |
ШҚ* |
5 |
Флора мен фаунаны қорғау |
100 % |
ШҚ* |
100 % |
6 |
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын өңдеу |
122 % |
0 % |
100 % |
7 |
Радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік |
100 % |
ШҚ* |
ШҚ* |
8 |
Басқару жүйелерін және үздік қауіпсіз технологияларды енгізу |
85 % |
ШҚ* |
ШҚ* |
9 |
ҚОҚ саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру жұмыстары |
69 % |
100 % |
100 % |
10 |
Экологиялық ағарту жұмыстары және насихаттау |
100 % |
100 % |
100 % |
|
БАРЛЫҒЫ: |
101 % |
80 % |
100 % |
* ШҚ – шаралар қарастырылмаған
ҚОҚШЖ іс-шараларын жүзеге асырудың экологиялық әсері 24-кестеде көрсетілген.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АЙЫППҰЛДАР
КПО өз қызметін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Өндірістік қызметі шеңберінде Компания жыл сайын Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ластаушы заттар шығарындыларына, төгінділеріне және өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастыруға шектеу белгілейтін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат сұранымын жіберіп, сол уәкілетті органнан алады.
2020 жылы Компания рұқсаттарда белгіленген эмиссиялар шектеулерінен аспады. Есепті кезең ішінде жүргізілген экологиялық тексерулердің нәтижелері бойынша Компания 1,3 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төледі. 2019 жылға қатысты оқиғалар бойынша КПО жалпы сомасы 33,8 млн теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл төледі. Компания жоғарыда аталған барлық айыппұлдар бойынша жоғары тұрған органға және соттарға шағым түсірді, алайда Компания шағымдары қанағаттандырылмады.
Сонымен қатар 2020 жылы Компания ҚОҚ саласындағы 2018–2019 жылдарда орын алған жағдайларға қатысты қойылған азаматтық талап бойынша 30,4 млн теңге төледі. 2018 жылға қатысты азаматтық талаптардың бірін соттар үш рет қарады және Компания ішінара жеңіп алды.
24-кесте. 2020 ж. КПО компаниясының ҚОҚ іс-шараларын жүзеге асыру бойынша экологиялық әсері
Атмосфераға тасталатын шығарындылар |
|
Топырақты қалпына келтіру |
|
Қалдықтарды және ағынды суларды басқару |
|
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ 9
ҚР ЖАҢА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСІН ӘЗІРЛЕУГЕ ҚАТЫСУ
Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы:
2017 жылы Қазақстан «жасыл экономикаға» көшу туралы жариялады. Бұл процес заманауи табиғатты қорғау заңнамасына негізделген ұлттық экономикадағы күрделі өзгерістерді білдіреді.
2018 жылдан бастап ҚР жаңа экологиялық кодексін әзірлеу жұмыстары жүргізілді. Компания мамандары осы құжатты әзірлеу мен қараудың барлық кезеңдеріне белсенді қатысты.
Мақсаты:
Қарашығанақ мұнай, газ және конденсат кен орнында табиғатты қорғау қызметін жүргізуде КПО мамандарының тәжірибесін ескере отырып жаңа экологиялық кодексті қалыптастыруға үлес қосу
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:
2020 жыл Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексінің жобасы бойынша жасалған ауқымды жұмыстың жемісті аяқталуымен өтті. Жыл бойы компанияның эколог мамандары ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «KazEnergy» мұнай-газ ұйымдары қауымдастығы және ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы ҚР жаңа экологиялық кодексінің жобаларын және ілеспе актілерді талқылау бойынша жұмыс топтарының құрамында белсенді жұмыс атқарды. Біздің мамандар Экологиялық кодекс жобалары мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы ілеспе актілерге, атап айтқанда су кодексі, салық кодексі, кәсіпкерлік кодексі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және басқаларға сындарлы ұсыныстар мен түсініктемелер берді. ҚР табиғатты қорғау заңнамасының қолданыстағы актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша үлкен заң шығарушылық жұмыстар жүргізілді.
Нәтижесі:
ҚР жаңа экологиялық кодексіне ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев 2021 жылғы 2 қаңтарда қол қойды және ол 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.
Жаңа кодекспен жұмыс жасау аясында басқа да ірі табиғат пайдаланушылармен бірге Компания қызметкерлерінің күшімен заңнамалық деңгейде қалдықтарды өңдеу, экологиялық рұқсаттарды беру, эмиссиялардың автоматтандырылған мониторингін жүргізу, жасыл технологиялар бойынша ұлттық стандарттарды қабылдау және басқа да өндіріс үшін маңызды және өзекті мәселелер шешілді. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының заң шығару жұмыстарына белсенді қатысуы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі мемлекеттік саясатқа толық сәйкес келетін, ең озық қолжетімді технологияларды қолдана отырып, бизнеске өндірістік мүмкіндіктерді ұтымды және теңдестірілген түрде жаңартуға мүмкіндік береді.