Қоршаған орта мониторингі
КПО өндірістік қызметінің барлық аспектілерін қамтитын қоршаған ортаны қорғау бойынша бірқатар бағдарламаларды жүзеге асыруда. Осындай бағдарламалардың негізгісі болып Өндірістік экологиялық бақылау (ӨЭБ) бағдарламасы табылады. Бұл бағдарлама ҚР Экологиялық кодексі талаптарына сәйкес және келесі міндеттерді атқару мақсатында әзірленген:
- кәсіпорындардың шығарындылары және өндірістік қызметінің қоршаған ортаға әсері туралы сенімді ақпарат алу;
- қоршаған ортаға және адамның денсаулығына әсерді барынша қысқарту;
- оқыс жағдайларда шұғыл алдын алу шараларын жүргізу;
- кәсіпорынның экологиялық қызметі туралы және халықтың денсаулығына төжоқін қауіптер жөнінде мүдделі талаптарға (жергілікті халыққа, мемлекеттік бақылаушы органдарға, серіктес компанияларға) хабарлау.
Аталмыш бағдарлама аясында қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға – яғни шығарындыларды, ағын сулар мен қалдықтарды қайта өңдеу және орналастыруға, сонымен қатар қоршаған орта компоненттерінің сапасына – атмосфералық ауаға, жер үсті және жер асты суларға, топыраққа бақылау жүргізіледі. ӨЭБ аясындағы топырақ, жер асты және жер үсті суларының сапалық күйін бақылау 2020 жылғы анықталған көрсеткіштер шоғырлануы өткен жылдардағы бақылаулар деңгейінде екендігін көрсетті. ҚМГКК қызметінің қоршаған орта компоненттеріне кері әсері анықталмаған.
Ауа сапасын қадағалау аккредиттелген зертхананың сынамалар алуы және талдауы арқылы, сондай-ақ 18 стационарлық автоматты экологиялық мониторинг станциясы (ЭМС) көмегімен жүргізіледі. Атмосфералық ауаның сапасын бағалау үшін санитарлық-гигиеналық нормативтер немесе рұқсат етілген шекті шоғырлану (РШШ) талабы қолданылады. Атмосфералық ауаның ластану деңгейін анықтау үшін бақыланатын компоненттердің тіркелген шоғырлануын РШШ-мен салыстырып, бөлшектеп көрсетіледі.
2020 жылы ӨЭБ үдерісі аясында 100 мыңнан астам сынама алынып, 117 мың зертханалық талдамалар және 28 мың өлшеулер өткізілді.
Компания кен орны аумағындағы, әсіресе санитарлық қорғау аймағының шекарасындағы және Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасына ерекше мән береді.
Атмосфералық ауа сапасына автоматты экологиялық мониторинг станциялары арқылы бақылау жүргізу
ҚМГКК-да және СҚА периметрі бойынша орналасқан 18 автоматты экологиялық мониторинг станциясы (ЭМС 001-018) қоршаған ортаны қорғау бірыңғай автоматты жүйесіне біріктірілген.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап кен орнының жаңа санитарлық қорғау аймағы шекарасының белгіленуіне байланысты ЭМС-ды жаңа СҚА аумағына тасымалдау жобасы басталды. 2020 жылдың соңына қарай СҚА шекарасында он екі ЭМС орнатылды: 006, 007, 008, 009, 010, 011, 012, 013, 014, 016, 017 және 018. Екі ЭМС – 005 және 015 2021 жылы тасымалданады.
ЭМС тіркеген бақыланатын компоненттердің 2020 жылғы ҚМГКК СҚА шекарасындағы орташа жылдық шоғырлануы 25-кестеде келтірілген. Бұл кестенің «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасы әрбір ЭМС-ке бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндерін көрсетеді.
25-кесте. 2020 ж. ЭМС тіркелген бақыланатын компоненттер шоғырлануының орташа жылдық мәндері
Бақыланатын компоненттер |
Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3 |
РШШ м.б.8, мг/м3 |
РШШ артуы м.б.* |
H2S |
0-дан 0,001-ге дейін |
0,008 |
жоқ |
SO2 |
0,001-ден 0,007-ге дейін |
0,5 |
жоқ |
NO2 |
0,002-ден 0,006-ға дейін |
0,2 |
жоқ |
CO |
0,1-ден 0,2-ге дейін |
5,0 |
жоқ |
* СҚА шекарасында ауа сапасының өлшем шарты РШШ м.б. болып табылады.
8РШШ м.б. – елді мекендердің атмосфералық ауасындағы химиялық заттектің максималды бір мезгілдік рұқсат етілген шекті шоғырлануы [мг/м3]. Бұл шоғырлану 20-30 минут бойы тыныс алу кезінде адам ағзасында рефлекторлық реакцияны қоздырмауы тиіс (тыныс алудағы іркіліс, көздердің шырышты қабығының, жоғарғы тыныс жолдарының тітіркенуі, т.б.).
Барлық ЭМС төрт негізгі ластаушылар (H2S, SO2, NO2, CO) бойынша үздіксіз, яғни тәулігіне 24 сағат бойы өлшеу жүргізеді. Экологиялық мониторинг станцияларынан 2020 жылы алынған мәлімет бойынша нақты орташа тәуліктік, орташа айлық, орташа тоқсандық, орташа жылдық бақыланатын компоненттердің шоғырлануы орташа тәуліктік РШШ деңгейінен аспады, дегенмен, 2020 жылдың 17 шілдесінде ЭМС-18-де азғантай уақыт – 20 минут бойы өлшенген РШШ максималды бір мезгілдік мөлшерінің артуы тіркелген. 26-кестеде келтірілген мөлшердің артуы мен КПО өндірістік нысандарының қызметі арасында байланыс табылмағанын айта кеткен жөн. РШШ м.б. артуы тіркелген сәттегі КПО кен орны нысандары қызметінің метеопараметірлерді қоса алғандағы талдауы нәтижесінде барлық өндірістік нысандар әдеттегі тәртіпте жұмыс істегенін, алауда жағу болмағанын, жабдықтарда ауытқулар болмағанын және оқыс жағдайлар тіркелмегенін көрсетті.
26-кесте. 2020 жылы ЭМС тіркелген РШШ м.б. мөлшерінің арту жағдайлары
ЭМС № |
Бақыланатын компоненттер |
2020 ж. тіркелген нақты максималды бір мезгілдік шоғырланулар, мг/м3 |
РШШ м.б., мг/м3 |
РШШ м.б. артуының жиілілігі |
Арту саны |
ЭМС-018 |
H2S |
0,018 |
0,008 |
2,25 |
1 |
CO |
6,2-12,0 |
5,0 |
1,24 – 2,4 |
4 |
Метеорологиялық жағдайлар бойынша ШОШ және ОШ бағыттарында жел тіркелген, бұл орайда КПО өндірістік қызметі ЭСМ-018 ауданындағы атмосфералық ауа сапасына әсер ете алмайды. КПО нысандары арасында H2S тікелей көздері анықталмаған. Тіркелген көміртек тотығының (СО) артуларына Өспен ауылдық округінде, Березовка, Тұңғыш және жақын аумақтардағы ірі дала өрттері себеп болды. РШШ-нан асып кету тіркелген күні ҚМГКК-на іргелес елді мекендердің тұрғындарынан газ иісіне шағымдар түскен жоқ. ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес (130 б. 1 т. 6 т.), КПО БҚО бойынша экология департаментіне ЭСМ-018-де тіркелген артып кету фактісі туралы хабарлама жолдады.
Ауа сапасын бақылау туралы барлық 18 автоматты ЭМС-нан алынған деректер Батыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау департаментіне «Экомонитор» порталы арқылы онлайн тәртібінде жіберіледі.
Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан ауылдардың атмосфералық ауа сапасын бақылау
Кен орнының маңайында орналасқан 6 елді мекенде: Жарсуат, Жаңаталап, Димитрово, Қарашығанақ, Приурал, Өспен және Ақсай қаласында ауаны бақылаудың тұрақты бекеттері бар. Ауа сынамаларын алу күніне 4 рет (мемлекеттік стандартқа сәйкес 01:00, 07:00, 13:00 және 19:00 уақытында) мердігерлік зертхананың аталмыш ауылдарда тұратын тұрақты қызметкерлерімен жүргізіледі. 2020 жылы аталмыш бекеттерде 52 мың атмосфералық ауа сынамасы алынып, талдаудан өтті.
Алынған сынамалар Ақсай қаласындағы зертханаға жеткізіліп, мемлекеттік стандарт және басшылыққа алынатын құжаттарға сәйкес негізгі бес компоненттің құрамына химиялық тұрғыдан талданады: (H2S) күкірт сутегі, (SO2) күкірт диоксиді, (NO2) азот диоксиді, (CO) көміртек оксиді және (СH3SH) метилмеркаптан. Одан басқа, ауа құрамындағы ұшқыш органикалық байланыстарға, атап айтқанда бензол (C6H6), ксилол (C8H10), толуол (C7H8) мезгіл сайын (10 күнде 1 рет) бақылау жүргізіледі.
Ауа сапасын бақылаудың ай сайынғы нәтижелері жергілікті бұқаралық баспа ақпарат құралдарында жарияланады және ақпараттық тақтаға орнатылу үшін ауылдарға таратылады. Газ иісіне байланысты халықтың шағымдары түскен жағдайда тұрақты бекеттерде кезектен тыс сынамалар алынады.
2020 жылы елді мекендер атмосфералық ауасында бақыланатын көрсеткіштердің орташа тәуліктік РШШ асуы тіркелген жоқ.
2020 жылы, Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендер тұрғындарынан газ иісіне қатысты 7 шағым түсті. Елді мекендерде жоспардан тыс атмосфералық ауа сынамалары алынды, олардың талдамасының нәтижесі бойынша бақыланатын компоненттер шоғырлануы бекітілген РШШ-дан аспағанын көрсетті. Газ иісіне қатысты әр шағым бойынша шағымданушыларға кері байланыс берілді.
27-кестеде жеті елді мекендегі атмосфералық ауасында бақыланатын компоненттердің 2020 жылғы орташа шоғырлануы келтірілген. «Нақты жылдық орташа шоғырлану» бағанасында бақыланатын ауа компоненттерінің орташа шоғырлануының максималды және минималды мәндері көрсетілген.
ТӘЖІРИБЕ ҮЛГІCІ 10
БАҚЫЛАУШЫ ОРГАНДАРҒА АУА САПАСЫ МОНИТОРИНГІ МӘЛІМЕТТЕРІН ЖІБЕРУДІҢ ОНЛАЙН ЖҮЙЕСІ
Мәселенің мазмұны/ қысқаша сипаттамасы:
«Экомонитор» порталы – «Казгидромет» РММ Березовка ауылындағы атмосфералық ауа сапасы жағдайы туралы ақпаратты жедел түрде алуы және тұрғындардан шағым тускен жағдайда уақытылы шешім қабылдауы мақсатында «КПО Б.В. ЭМС экологиялық ақпараттық бекетін құру» жобасы аясында 2013 жылы Компаниямен дайындалған атмосфералық ауа сапасы мониторингі мәліметтерін жіберудің онлайн жүйесі.
Мақсаты:
- Одан әрі талдау және шешім қабылдау үшін БҚО мемлекеттік бақылаушы органдарына нақты уақыт режимінде кестелік және графикалық түрде ауа мониторингі деректерін беруге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйені құру;
- Компанияның өндірістік қызметтің атмосфералық ауаға әсері туралы мәліметтерінің ашықтығын арттыру және бақылаушы органдармен өзара әрекеттесу тиімділігін арттыру.
Жағдайдың шешімі/ қолданылған әрекеттер:
2013 жылы КПО «Экомонитор» порталын дайындады. Оның көмегімен Батыс Қазақстан облысының «Казгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесіне Березовка ауылында орналасқан ЭМС-013 және ЭМС-014 екі экологиялық мониторинг станциясынан атмосфералық ауа сапасы мониторингі мәліметтерін онлайн режимде алуға рұқсат берілді.
2018 жылғы маусымда КПО ҚМГКК СҚА және Қарашығанақ кен орны аймағында орнатылған 18 автоматты ЭМС атмосфералық ауа сапасы туралы мәліметтерді Батыс Қазақстан облысының экология бөліміне онлайн жіберуді қамтамасыз етті.
2020 жылы корпоративті географиялық ақпараттық жүйені (ГАЖ) дамыту аясында, КПО «Экомонитор» порталын келесі артықшылықтары бар функциялармен жаңартты:
- ЭМС мәліметтерді жинау және мониторинг нәтижелерін көрсету уақыты айтарлықтай қысқарды;
- таңдалған кезеңге (тәулікке, айға, жылға) арналған атмосфералық ауаның сапасы туралы есептер шығаруға арналған модуль жетілдірілді, бұл есептер шығаруды едәуір жеделдетуге мүмкіндік берді;
- ақпарат қазіргі уақытта интерактивті карта арқылы ұсынылады, онда КПО-ның жұмыс істеп тұрған автоматты ЭМС орналасуы, ҚМГКК елді мекендеріне іргелес ҚМГКК СҚА шекаралары бейнеленген;
- нақты уақыт режиміндегі ЭМС күйі бейнеленеді (қалыпты жұмыс, калибрлеу, электр қуатын ажырату және т.б.);
- берілетін деректерді қорғау деңгейін арттыру мақсатында портал пайдаланушыларды анықтап тану әдісі жергіліктіден доменге өзгертілді.
2020 жылдың желтоқсанында КПО мамандары «Экомонитордың» жаңа нұсқасының тұсаукесерін және БҚО Экология департаментінің қызметкерлеріне арналған порталмен жұмыс бойынша оқыту тренингін өткізді. Сондай-ақ, сәйкестендіру деректерін жүйенің белгіленген жауапты пайдаланушыларына беру жүзеге асырылды.
Нәтижесі:
Осы жобаны іске асыру нәтижесінде Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік реттеуші органдары нақты уақыт режимінде Компанияның экологиялық мониторингінің автоматты станцияларынан атмосфералық ауаның жай-күйі туралы мәліметтерге қол жеткізді.
Мониторингтік мәліметтерді мемлекеттік органдарға онлайн режимінде беру жүйесі Компанияның өзінің еңбекті қорғау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық міндеттемелерін орындауына ықпал етеді, оның ішінде:
- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және КПО қызметінің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерін барынша азайту;
- мемлекеттік органдардың ұсынылған экологиялық ақпаратқа деген сенімін арттыру.
Автоматтандырылған бақылау жүйелерін енгізу қажеттілігі жазылған Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексінің талаптарын ескере отырып, КПО-ның ҚМГКК әсер ету аймағында атмосфералық ауа сапасына бақылау жүйесін құру және оны әрі қарай деректерді мемлекеттік бақылаушы органдарға беру туралы шешімі өз уақытынан озып қабылданғанын көрсетіп отыр.
27-кесте. 2020 жылғы Қарашығанақ кен орнына жақын орналасқан елді мекендердің атмосфералық ауадағы бақыланатын компоненттер шоғырлануының орташа жылдық мәндері
Бақыланатын компоненттер |
Нақты жылдық орташа шоғырлану, мг/м3 |
РШШ т.о.9, мг/м3 |
РШШ т.о. артуы |
H2S |
0,002 |
0,0089 |
жоқ |
SO2 |
0,003 |
0,05 |
жоқ |
NO2 |
0,024-тен 0,026-ға дейін |
0,04 |
жоқ |
CO |
МАШ мәнінен төмен10 |
3,0 |
жоқ |
С6Н6 |
0,173-тен 0,180-ге дейін |
0,311 |
жоқ |
С7Н8 |
МАШ мәнінен төмен10 |
0,611 |
жоқ |
С8Н10 |
МАШ мәнінен төмен10 |
0,211 |
жоқ |
СH3SH |
тіркелмеді |
0,00611 |
жоқ |
99 РШШ т.о. – елді мекендердің ауасында рұқсат етілген химиялық заттектердің тәуліктік орташа шекті шоғырлануы, мг/м3. Бұл шоғырлану анықталмаған ұзақ уақыт (жылдар) бойы дем алу кезінде адамға тікелей немесе жанама зиянды әсер етпеуі тиіс.
10 Тіркелген деректер минималды анықтау шегінен (МАШ) төмен. Бақыланатын компоненттер үшін МАШ келесідей: CO – 0,6 мг/м3; С7Н8 – 0,14 мг/м3; С8Н10 – 0,14 мг/м3.
11 РШШ б.м. – Күкіртсутегі және метилмеркаптан үшін РШШ т.о. мөлшері бекітілмеген, сол себепті салыстыру үшін РШШ б.м. қолданылады; сондай-ақ РШШ б.м. атмосфералық ауа құрамындағы бензол, толуол және ксилол шоғырлану деңгейін бағалау үшін қолданылады, себебі осы компоненттер үшін сынамаларды алу және талдау жиілігі – 10 күнде 1 рет.