Су қорларын тұтыну және су тарту
Компания міндеті – су қорларын сақтау мақсатында оларды тиімді пайдалану. КПО кәсіпорындағы ауыз суды пайдалануды су қорларын сақтау бойынша шаралар кешені арқылы реттейді және мүмкіндігінше тазартылған суды қайта пайдаланады.
34-кесте. Қоршаған ортаны қорғаудағы міндеттеріміз
2020 жылға қойылған міндеттер |
Орындалуы |
2020 ж. міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар |
2021 жылға қойылған міндеттер |
САРҚЫНДЫ СУЛАР |
|||
ГКДҚ-3 нысанында қабатқа айдалатын өндірістік сарқындардағы H2S құрамын 50 мг/дм3 дейін азайту жабдығының жобасын дайындау, құрылысын аяқтау және іске қосу. |
Орындалды |
ГКДҚ-3 техникалық суын ҚӨК конденсат құбырына қайта бағыттау арқылы айдалатын сарқынды сулардағы күкіртсутек концентрациясын азайтуға бағытталған ГКДҚ-3 нысанындағы техникалық су таратқыштың қосқышын орнату бойынша жоба әзірленді. Жобалық шешімдер іске асырылды. 2020 жылдың аяғында қосқыш пайдалануға берілді |
|
|
Жаңа міндет |
|
№ 2 жер асты көму полигонында айдау көлемін ұлғайту бойынша жоспарланған геологиялық есепті рәсімдеп, толық барлау жұмыстарын аяқтау |
2020 жылы Компанияның жалпы су тұтыну мөлшері 470 601 м3 құрады, оның 388 172 м3 – техникалық су, ал 82 429 м3 – ауыз су болды.
2020 жылы КПО 2019 жылмен салыстырғанда 10,6 %-ға аз су тұтынды. Тұрмыстық қажеттіліктер үшін қолданылған су көлемі де 2019 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда аз болды. Суды тұтынудың төмендеуі бұрғылау бағдарламасының қысқаруымен байланысты болды. Осы орайда бұрғылау ерітінділерін дайындау үшін Экоорталық суды аз мөлшерде қолданды.
Қарашығанақ кен орнындағы өндірістік мақсаттарға қажетті сумен қамтамасыз етуші негізгі көз Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасы, ал шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін Жарсуат тоғаны болып табылады. Шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктеріне сумен қамтамасыз ету көзі ретінде Үлкен Шаған мұнай айдау станциясы (МАС) үшін Серебряков су тоғаны, ал Атырау терминалы МАС үшін Қиғаш су тоғаны пайдаланылады.
23-сызба. 2018–2020 жж. КПО-ның су қорларын тұтыну мөлшері
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2014 жылғы (№ 325) қаулысына сәйкес Қоншыбай жырасы балық-шаруашылығы су қоймаларының тізіміне кірмейді. Қоншыбай жырасы жерасты суларымен қоректенбейді, ол көктемгі еріген қар мен жауған жаңбырдан толып отырады. Өндірістік мақсаттардағы суды арнайы пайдаланудың қолданылу мерзімі 24.05.2025 ж. дейінгі рұқсаттамасына сәйкес Қоншыбай жырасынан жыл сайынғы су тұтыну шегі 741 432 м3 құрайды. Бұл рұқсат «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесімен берілді. Қоншыбай жырасындағы № 1 су қоймасын пайдалану суды тұтыну оңтайлы тәртібін қамтамасыз етуге, құрылыстарды жарамды күйде ұстауға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған пайдалану ережелеріне және су қоймасының гидротехникалық құрылыстарын қауіпсіз пайдалану, техникалық қызмет көрсету жөніндегі технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа су тоғандарынан суды пайдалану су жеткізушілермен жасалған шарт негізінде жүргізіледі.
Ауыз су Компания нысандарының шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін ғана пайдаланылады. Үлкен Шаған мұнай айдау станциясында ауыз су «Қазводхоз» РМК БҚО филиалымен қамтамасыз етіледі, және сумен жабдықтаудың балама көздерінің болмауына байланысты өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт резервуарларын толтыру мақсатында ғана қолданылады.
35-кестеде КПО-ның су көздері бойынша суды тұтыну мөлшері көрсетілген.
35-кесте. 2018–2020 жж. КПО-ның су көздері бойынша суды тұтыну мөлшері м3
№ |
Су көздері |
Нысан |
Су сапасы |
2018 |
2019 |
2020 |
1 |
Жарсуат су тоғаны (тұрмыстық қажеттіліктерге) |
ҚМГКК |
жер асты, ауыз су |
92 888 |
91 851 |
80 957 |
2 |
Серебряков су тоғаны |
Үлкен Шаған мұнай айдау станциясы |
жер асты, ауыз су |
1 476 |
1 605 |
1 472 |
|
тұрмыстық қажеттіліктерге |
|
|
980 |
924 |
938 |
|
өндірістік қажеттіліктерге |
|
|
496 |
681 |
534 |
3 |
Қоншыбай жырасының су тоғаны (өндірістік қажеттіліктерге) |
ҚМГКК |
жер үсті, техникалық су |
417 232 |
431 616 |
384 453 |
4 |
Қиғаш су тоғаны |
Атырау мұнай айдау станциясы |
жер үсті, техникалық су |
3 545 |
2 781 |
3 719 |
|
тұрмыстық қажеттіліктерге |
|
|
933 |
777 |
759 |
|
өндірістік қажеттіліктерге |
|
|
2 612 |
2 004 |
2 960 |
Ескерту: суды тұтыну көлемінің есебі есептеу аспаптары арқылы жүргізіледі, олардың деректері есепке алу журналына енгізіледі және одан әрі КПО тұтынатын суды есепке алу дерекқорына енгізіледі.
Тазартылған сарқынды суларды төгу
Тазартылған тұрмыстық-шаруашылық суды жинау үшін, өндірістік-нөсерлік және нөсерлік сарқынды суларды әкету үшін Компания арнайы салынған жасанды құрылыстарды пайдаланады. Бұл құрылыстар топырақ және жер асты суларына ластаушы заттардың жайылуын болдырмайды, сонымен қатар техникалық қажеттіліктерге қайта пайдалану үшін тазартылған сарқындарды жинауға, осы арқылы жаңа судың шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Сарқынды суларды жинау құрылыстары түрлері 2018 жылғы тұрақты даму есебінде берілген (40-кесте, 105-бет).
Көмірсутекті шикізатпен бірге өндірілетін ілеспе-қабат сулар және өндірістік сарқындар тазартылып, өнеркәсіптік сарқындарды жер астында көмудің № 1 және № 2 полигондарының тереңде орналасқан жерасты деңгейжиектеріне айдалады. Өнеркәсіптік сарқындарды көму әдісі – тазарту кезінде тұзды қалдықтардың жер бетінде пайда болуынсыз сарқындарды өңдеудің әлемдік тәжірибесі. Деңгейжиектердің берік оқшаулануы және сарқындарды айдауға өте қолайлы болып табылатын жыр қыртысының қасиеттері сарқындардың жоғарғы деңгейжиектерге көшуін болдырмайды.
Сарқынды суларды және ластаушы заттарды төгудің көлемі ҚР Заңнамасы талаптарына сәйкес Компанияның жобалық құжаттамасында есептеледі және негізделеді, арнайы рұқсаттармен мөлшерленеді. КПО-ның шаруашылық және өндірістік қызметі нәтижесінде пайда болатын сарқынды сулар табиғи су қоймаларына төгілмейді.
36-кестеде сарқынды су санаттары мен қабылдаушы нысандар бойынша КПО-ның 2018–2020 жж. төгу көлемдері келтірілген.
36-кесте. Сарқынды су санаттары мен қабылдаушы нысандар бойынша 2018–2020 жж. жалпы төгінділер көлемі мен құрамындағы ластаушы заттар (ЛЗ), м3
Қабылдаушы нысан |
Сарқынды сулар санаты |
2018 |
2019 |
2020 |
|||
Төгінділер көлемі, м3 |
ЛЗ көлемі, тонна |
Төгінділер көлемі, м3 |
ЛЗ көлемі, тонна |
Төгінділер көлемі, м3 |
ЛЗ көлемі, тонна |
||
Су жинақтауыш тоғандар |
Тазартылған тұрмыстық-шаруашылық сарқынды сулар |
68 752 |
38,8 |
68 763 |
35,72 |
64 244 |
34,38 |
Өнеркәсіптік сарқындарды жер астында көму полигондары |
Өндірістік-нөсерлік сарқынды сулар, технологиялық және ілеспе-қабат сарқынды сулар |
663 706 |
42 240 |
628 819 |
39 645 |
694 893 |
45 970 |
Үлкен Шаған және Атырау МАС-дағы жер рельефі |
Еріген қар және жаңбырдың сарқынды сулары |
2 694 |
1,51 |
3 546 |
2,05 |
1 982 |
1,56 |
Төгінділердің жалпы көлемі |
735 152 |
42 280 |
701 128 |
39 683 |
761 119 |
46 006 |
Ескерту: Су төгінділері көлемінің есебі есептеу құралдары арқылы жүргізіледі, олардың деректері есепке алу журналына енгізіледі және бұдан әрі КПО тұтынатын суды есепке алу дерекқорына енгізіледі. Ластаушы заттар төгінділерінің саны есептік әдісімен шығарылады, яғни төгіп тастау алдындағы ластаушы заттың нақты шоғырлануы мен төгіндінің нақты көлемінің көбейтіндісі.
2020 жылғы сарқынды су төгінділерінің көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 8,6 %-ға көбейді. Соның ішінде 2020 жылдағы өнеркәсіптік сарқындардың көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 10,5 %-ға өсті. Өндірістік сарқындар көлемінің өсуі ілеспе-қабат сарқынды су көлемінің өсуімен байланысты. Тазартылған сарқынды сулар түрлері мен құрамындағы ластаушы заттар туралы толық мәлімет 2017 жылғы тұрақты даму есебінде (93-бет) берілген.
2020 жылы ластаушы заттардың 46 006 тоннасы төгілді (2019 жылғы 39 683 тонналық көрсеткішпен салыстырғанда 15,9 %-ға артық). Оның ішінде 45 961 тонна рұқсат етілген шекті төгінді (РШТ) нормативтері шегінде, ал 45 тонна – одан тыс төгілді.
Ластаушы заттардың нормативтен тыс төгінділері өндірістік сарқындарды жерасты көмудің № 1 және № 2 полигондарына төгілетін сарқынды сулардағы сульфидтер бойынша жылдық РШТ нормативтерінен болмашы асып кету нәтижесінде болды. Жинақтауыш тоғандарға шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулар бойынша ластаушы заттардың нормативтен тыс төгінділері байқалған жоқ. ҚР салық заңнамасы талаптарына сәйкес пайда болған нормативтік және одан артық ластаушы заттар төгінділері үшін Компания қажетті төлемдерді жасады.
Жалпы алғанда, сарқындар тереңде нық оқшауланған жерасты деңгейжиектерге айдалғандықтан, осы әрекет топырақ, өсімдіктер және жануарлар әлемі сияқты қоршаған орта компоненттеріне әсер етпейді. Бұл деңгейжиектердегі сулар жоғары минералданған және шаруашылық-ауыз су, бальнеологиялық және техникалық қажеттіліктер үшін, суару және мал шаруашылығы үшін қолданылмайды.
Тазартылған сарқынды суларды қайта пайдалану
Бұрғылау, бұрғылау ерітіндісін дайындау, екпе ағаштарын суару, құрылыс алаңдарындағы және жолдардың шаңын басу сияқты жұмыстарға және әрекеттерге арналған табиғи су алуды азайту мақсатында КПО тазартылған тұрмыстық, өндірістік-жаңбырлық және нөсерлік сарқынды суларды пайдаланады. Cарқынды суларды Компания нысандарында қайта пайдалану 2018–2022 жылдарға белгіленген технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
2020 жылы КПО-ның техникалық қажеттіліктеріне қайта пайдаланылған сарқынды су көлемі Коншыбай жырасынан алынған техникалық судың 4,8 %-ын құрады. 2020 жылы Компания техникалық қажеттіліктерге тазартылған сарқынды сулардың 18 313 м3 қайта пайдаланып, олардың негізгі көлемін шаң басу үшін жұмсады. 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда көлемдердің азаюы ҚМГКК-да бұрғылау бағдарламасының қысқаруымен және бұрғылау ерітінділерін дайындаудың қажетсіз болғанымен байланысты. 37-кестеде тазартылған сарқындарды пайдаланумен жұмыс түрлері келтірілген.
37-кесте. 2018–2020 жж. тазартылған сарқындарды қайта пайдалану, м3
|
2018 |
2019 |
2020 |
Жалпы қайта пайдалану, соның ішінде: |
18 241 |
38 545 |
18 313 |
Бұрғылау қажеттіліктері мен бұрғылау ерітіндісін дайындауға |
8 825 |
30 117 |
3 482 |
Суару, гидросынау және өрт резервуарларын толтыруға |
1 040 |
1 088 |
335 |
Шаң басуға |
8 376 |
7 340 |
14 496 |
Ескерту: қайта пайдаланылған су көлемін есепке алу бақылау талонын толтырып, жанама әдіспен м3-де (мотосағаттар, автоцистернаның көлемі, рейстер саны, сорғылардың өнімділігі және т.б.) белгіленеді және деректер есепке алу журналына енгізіледі.