Биотүрлілікті сақтау

КПО өз өндірістік қызметтерін биотүрлілікке және экожүйелерге барынша аз әсермен жүргізу міндеттемесіне сәйкес жүргізіп келеді. Сондай-ақ Компания қызмет жүргізіп жатқан аймақта биотүрлілікті зерттеу бойынша жұмыстар жүргізуге жауапкершілік алған.

Кен орны аумағындағы биотүрлілікке әсер етуді азайту мақсатын ұстана отырып, 2011 жылдан бері КПО компаниясы Биотүрлілікті сақтау шаралар жоспарын (БСШЖ) әзірлеп, оны іске асырып келеді. Аталмыш жоспар ESHIA 1.3.1.47 стандартында және IPIECA мен IOGP қауымдастықтарының «Мұнайгаз өнеркәсібі үшін биотүрлілікті сақтау шаралары бойынша нұсқаулықта» қарастырылған әдістемеге сәйкес әзірленеді. Жоспар биотүрлілікпен және экожүйелік қызметтермен байланысты қызметтік қауіп-қатерлердің алдын алу және мүмкіндігінше артықшылыққа айналдыру мақсатында оларды анықтауды қарастырады.

Биотүрлілікті сақтау шаралар жоспарын іске асыру КПО өндірістік қызметін іске асыру кезінде биотүрлілікті сақтау және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне кешенді, үйлестірілген және дәйекті тәсілді қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Компания 2018–2020 жылдарға БСШЖ-да жоспарланған іс-шаралар көлемін толығымен орындады.

41-кесте. Биотүрлілікті сақтау саласындағы міндеттеріміз

2020 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2020 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2021 жылға қойылған міндеттер

2021–2023 жылдарға арналған Биотүрлілікті сақтау бойынша шаралар жоспарын әзірлеу

Орындалды

2021–2023 жылдарға арналған БСШЖ геоақпараттық жүйені құру және сыртқы мүдделі тараптармен белсенді өзара әрекет ету жөніндегі міндеттерді қоса алғанда әзірленді және толықтырылды.

Негізгі және сирек кездесетін түрлерді қоса алғанда жануарлар дүниесіне мониторинг жүргізу

ҚМГКК энтомофаунасына мониторинг жүргізу

Орындалды

Энтомофаунаның мониторингі 2020 жылдың 26 маусымы мен 6 шілдесі аралығында жүргізілді

ҚМГКК БИОТҮРЛІЛІГІН БАҚЫЛАУ

2011 жылдан бері Қарашығанақ кен орнының өсімдік және жануарлар әлеміне тұрақты түрде жүргізілетін мониторинг барысында КПО өндірістік кызметінің флора мен фауна өкілдерінің мекендеу ортасына айқын кері ықпалы байқалмаған. Керісінше ауыл шаруашылығы жұмыстарының болмауы, аймақты жалпы қорғау және адамдардың мазалау факторының мүлдем дерлік болмауы кен орнында жергілікті флора мен фаунаға жағымды, әрі сирек кездесетін түрлердің сақталуына себептес болатын орта қалыптасты.

2020 жылғы этномофаунаға мониторинг. 2020 жылдың 26 маусымы мен 6 шілдесі аралығында кен орнының энтомофаунасына мониторинг жүргізілді.

Энтомофауна мониторингінің мақсаты оның түрлік құрамы мен әртүрлілігін зерттеу, сондай-ақ осы аумақта биотүрлілікті сақтау мақсатында Компанияның қызметін түзету үшін ҚМГКК қызметімен байланысты қандай да бір елеулі, өлшенетін өзгерістердің болуын анықтау.

2020 жылы жүргізілген Энтомологиялық зерттеулер барысында ҚМГКК 20 мониторингтік алаңдарында 2 класқа, 14 отрядқа, 103 тұқымдасқа және 290 түрге жататын жәндіктер мен өрмекшітәрізділердің 349 түрі немесе кіші түрлері анықталды.

Этномофаунаның түрлік әртүрлілігі 25-сызбада келтірілген.

25-сызба. 2020 жылғы энтомологиялық зерттеулердің нәтижелері

Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмеген бір түрі – Iphiclides podalirius L. көбелегі саны қысқарған түр ретінде сипатталады.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша, қазіргі уақытта энтомофаунаға әсер ететін ең маңызды антропогендік факторлар тек жайылым мен дала өрттері болып табылады.

ҚМГКК өндірістік қызметінің энтомофаунаның түрлік және сандық құрамына қандай да бір елеулі әсері анықталған жоқ.

КПО нысандарын пайдалану процесінде осы кезеңде биотоптарға ешқандай елеулі теріс әсер ету жоспарланбаған, демек, энтомофаунаға әсер ету маңыздылығы төмен шектерде болады деп күтілуде.Дегенмен, энтомофауна жағдайының динамикасы БСШЖ бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде бақыланатын болады.

2021–2023 жылдарға арналған биотүрлілікті сақтау шаралар жоспары

Энтомофауна мониторингімен қатар 2020 жылы 2021–2023 жж. арналған биотүрлілікті сақтау шаралар жоспары әзірленді.

2021–2023 жылдарға арналған БСШЖ КПО тұрақты даму кодексіне сәйкес аймақтағы биотүрлілікті және экожүйе­лік қызметтерді сақтау бойынша КПО қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды.

42-кесте. 2021–2023 жж. арналған биотүрлілікті сақтау шаралар жоспары

Кезеңі

Жұмыс көлемі

Мақсаты

2021

Негізгі және сирек кездесетін түрлерді қоса алғанда жануарлар әлемінің мониторингі

Соңғы зерттеулермен салыстырғанда ҚМГКК қызметі нәтижесіндегі ластаушы заттар шығарындыларынан туындаған экожүйелерде өзгерістердің бар-жоғын анықтау

2022

Өсімдіктер мониторингі

Соңғы зерттеулермен салыстырғанда ҚМГКК қызметі нәтижесіндегі ластаушы заттар шығарындыларынан туындаған экожүйелерде өзгерістердің бар-жоғын анықтау

2023

Геоақпараттық жүйеде (ГАЖ) экожүйелер картасын жасап, әртүрлі жылдардағы қашықтықтан зондтау деректерін дешифрлеу

ҚМГКК СҚА шекараларында және іргелес аумақтарда дала учаскелерінің кеңістікте бөлінуінің өзгеруіне мониторинг жүргізу

Геоақпараттық жүйені құру

ҚОҚ мен биотүрліліктің өзгеруі туралы жедел мәліметтер алу үшін биотүрлілік жөніндегі геоақпараттық жүйені құру

ҚМГКК аумағының биотүрлілігі бойынша фильм түсіру

Биотүрлілікті сақтау қажеттілігі туралы хабардарлықтарын арттыру мақсатында жергілікті халықпен және билік органдарымен белсенді өзара әрекеттесу

2021 – 2023

Биотүрлілік жөніндегі ақпараттық парақтарды басып шығару

Биотүрлілікті сақтау қажеттілігі туралы хабардарлықтарын арттыру мақсатында жергілікті халықпен және билік органдарымен белсенді өзара әрекеттесу