Қалдықтарды басқару

КПО-дағы қалдықтарды басқару іс-әрекеті түзілетін қалдықтардың адамдар мен қоршаған ортаға нақты және ықтимал қаупін азайтуға бағытталған. Біз әрдайым қалдықтарды басқару саласындағы жаңа әдістер мен технологияларды зерттейміз және қолданамыз.

Міндетіміз – нысандарымыздағы қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, полигондарға шығарылатын қалдықтар көлемін және көмілген қалдықтардың кері әсерін азайту.

38-кесте. Қалдықтарды басқару саласындағы міндеттеріміз

2020 жылға қойылған міндеттер

Орындалуы

2020 жылғы міндеттерді орындау үшін жүзеге асырылған шаралар

2021 жылға қойылған міндеттер

2018–2020 жылдарға арналған қалдықтар мәселесін басқару бағдарламасына сәйкес 2020 жылға жоспарланған шараларды жүзеге асыру

Орындалды

Айналмалы пештің жоспарланбаған жөндеуге тоқтауына байланысты онда қатты қалдықтарды ішінара қайта өңдеуді қоспағанда, жыл бойы 2020 жылға жоспарланған барлық іс-шаралар, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, қайта пайдалану, қайта өңдеу, көлемін азайту және қауіпті қасиеттерін төмендету жүзеге асырылды

2021–2023 жылдарға арналған қалдықтар мәселесін басқару бағдарламасына сәйкес 2021 жылға жоспарланған шараларды жүзеге асыру

Сазды бұрғылау шламын жартылай өндірістік сынақтан өткізу жұмыстарын орындау

Кейінге қалдырылды

Короновирус індеті бойынша қалыптасқан жағдайға, ҚМГКК-да бұрғылау бағдарламасының қысқаруына және сазды шламның қажетті көлемінің болмауына байланысты жартылай өндірістік сынақтар бойынша жұмыстарды орындау 2022 жылға қалдырылды.

 

КПО шикізатты өндіру, дайындау және тасымалдау процестері, сондай-ақ арнайы жабдықтарды, материалдарды және осыған қажетті басқа да ресурстарды пайдалану қалдықтардың пайда болуымен байланысты.

КПО қабылдайтын түзілген қалдықтардың көлемін қысқарту бойынша шаралары, қалдықтарды жинау және сақтау, оларды жинау және тасымалдау кезінде экологиялық қауіпсіздік қағидаларын сақтау, қалдықтарды сұрыптау, қайта пайдалану, қайта өңдеу және қауіпті қасиеттері мен көлемін азайту бойынша шаралары, оларды ҚО үшін қауіпсіз көму адамдарға және қоршаған ортаға теріс әсерін едәуір азайтуға ықпал етеді.   

КПО-ның 2018–2020 жылдарға арналған қалдықтар мәселесін басқару бағдарламасында жинақталған және түзілетін қалдықтардың көлемі мен қауіпті қасиеттер деңгейін біртіндеп азайту бойынша көрсеткіштер мен шаралар қарастырылған. Компанияда қалдықтарды өңдеудің келесі әдістері қолданылады:

  • қалдықтарды өндіріс үдерісіне қайта жіберу;
  • қалдықтарды Экоорталық қондырғыларында қайта өңдеу;
  • қалдықтарды Экоорталық нысандарына орналастыру;
  • қалдықтарды кейінгі орналастыру, қайта өңдеу және жою үшін мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға жіберу.

2020 жылы КПО нысандарында түзілген қалдықтардың жалпы мөлшері 33 178 тоннаны құрады. 2019 жылмен салыстырғанда КПО-ның 2020 жылғы қалдықтар көлемі 24 608 тоннаға азайған. 24-сызбада КПО қалдықтарының барлық түрлері көрсетілген.

Біріңғай республикалық қалдықтар бойынша есеп берудің ақпараттық жүйелер формасына сәйкес 2020 жылғы түзілген қалдықтардың жалпы көлеміне түзілген қалдықтар, сондай-ақ қайта өңделген қалдықтар да жатады.

24-сызба. 2018–2020 жж. КПО нысандарындағы түзілген қалдықтар мөлшері, тонна

Қалдықтарды қайта өңдеу және орналастыру 

Компанияның өндірістік және тұтыну қылдықтарын қайта өңдеу қалдықтарды кәдеге жарату кешені және Экоорталық нысандарында жүргізіледі. Бұл нысан қатты қалдықтар мен сұйықтықтарды тиімді және экология­лық қауіпсіз кәдеге жарату мен қайта өңдеуді қамтамасыз етеді, және Батыс Қазақстан аймағындағы бұрғылау қалдықтарын басқаруда озық практиканың анық мысалы болып есептеледі. Бұрғылау қалдықтарды қайта өңдеу қалдықтардың көлемін азайтуға және қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін, сонымен қатар қалдықтардан құнды бөлшектерді бөліп алатын, және оларды қайта пайдалану үшін өңдей алатын технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Компанияда қолданылатын қалдықтарды өндіріс процесіне қайтару түзілген қалдықтарды қайта пайдаланудың оңтайлы әдісі.

КПО Экоорталығында қалдықтарды өңдейтін бес қондырғы және оларды қауіпсіз орналастыру полигоны бар:

  • Шламды термомеханикалық тазалау қондырғысы (ШТТҚ),
  • Айналмалы пеш (АП),
  • Жалпы мақсаттағы пеш (ЖМП),
  • Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысы (СҚТҚ),
  • Қалдықтарды сұрыптау қондырғысы (ҚСҚ).

2020 жылы Экоорталықта келесі шаралар жүзеге асырылды:

  • Мұнай негізіндегі қайта өңделген бұрғылау шламдарынан базалық май мен суды бөлу технологиясы көмегімен 2020 жылғы КПО-ның қалдықтарды орналастыру мөлшері бастапқы түзілген көлемнен 7 %-ға азайды.
  • 2020 ж. 8 571 тонна қалдық өңделіп, 1 195 тонна базалық май мен су бөлініп алынды және термомеханикалық өңдеуден өткен 7 227 тонна қалдық қатты қалдықтарды көму полигонында жинақталды.
  • Бұрғылау және өндіріс қалдықтарын айналмалы пеште өңдеу және залалсыздандыру технологиясын қолдану нәтижесінде қалдықтардың мөлшері бастапқы түзілген көлемнен орташа есеппен 24 %-ға төмендеді. 2020 жылы 4 600 тонна бұрғылау мен өндіріс қалдықтары өңделіп, термомеханикалық өңдеу­ден өткен 3 504 тонна қалдық қатты қалдықтарды көму полигонында орналастырылды.
  • Қалдықтарды жалпы мақсаттағы пеште жағу нәтижесінде пештен шығу кезіндегі қалдықтар көлемі 90 %-ға қысқарды. 2020 жылы 772 тонна қалдық жағуға жіберіліп, кейін 73 тонна күл қатты қалдықтарды көму полигонында орналастырылды.
  • 2020 ж. 6 603 тонна сұйық қалдықтар өңделді. Өңделгеннен кейін қайта пайдалану үшін, яғни тұздықтар мен бұрғылау ерітінділерін дайындау үшін 2 052 тонна тұздықтар мен ерітінділер тазартылды.
  • 2020 ж. 1 093 тонна қатты тұрмыстық қалдықтың 770 тоннасы жалпы мақсаттағы пеште жағуға жіберілсе, қалдықтардың 142 тоннасы, оның ішінде макулатура, метал сынықтары, әйнек пен пластик мамандандырылған ұйымдарға қайта өңдеу және қайта пайдалану мақсатында жіберілу үшін сұрыпталды. Қатты тұрмыстық қалдықтың 320 тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигондарында орналастыру үшін мамандандырылған ұйымдарға берілді.
  • 2020 ж. аяғында қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында 12 ұяшық жабылды.

2020 жылы Компания ескі қатты қалдықтарды сақтау алаңында жиналған қалдықтар мен пайдаланылған бұрғылау сұйықтарын сақтау алаңынан қалдықтарды алу, оларды шламды термомеханикалық өңдеу қондыр­ғысы мен айналмалы пеште өңдеп, кейін қатты өнеркәсіптік қалдықтарды көму полигонында орналастыру жұмыстарын жалғастырды. Қалдықтарды полигонда орналастыру ҚР экологиялық заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізіледі.

2020 жылы қатты қалдықтар мен пайдаланылған бұрғылау сұйықтықтарын сақтау алаңынан қайта өңдеуге 1 220 тонна жіберілген (2019 ж. 3 777 тонна). 2021 ж. қалдықтарды алаңнан алып, кейінгі қайта өңдеу жоспарланған. 

39-кестеде 2020 жылғы Компанияның қалдықтарды өндеу тәсілдері көрсетілген.

39-кесте. 2020 ж. КПО-ның қалдықтарды өңдеу тәсілдері, тонна

Қалдықтармен жұмыс істеу әдістері

Қауіпті түзілген қалдықтар

Қауіпсіз түзілген қалдықтар

Коммуналдық қалдықтар

БАРЛЫҒЫ

1

Кәсіпорында 2020 жыл басындағы көлемі

339 835

946

0

340 781

2

Есептік жыл ішінде түзілген көлемі

29 378

2 717

1 083

33 178

3

Кәсіпорында қайта пайдаланылған көлемі

2 762

0

0

2 762

4

Кәсіпорын қондырғыларында қайта өңделген көлемі

17 260

94

894

18 247

5

Энергия алмай жалпы мақсаттағы пеште жағу көлемі

2

0

770

772

6

Кәсіпорынның қалдықтарды орналастыру нысандарында орналастырылған және көмілген көлемі

12 665

0

0

12 665

7

Мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға берілген көлемі

1 554

3 566

380

5 500

8

Кәсіпорында 2020 ж. аяғындағы мөлшері

341 416

3

0

341 419

Ескерту: қалдықтардың тоннамен саны Экоорталықтың таразында оларды қайта өңдеуге, сұрыптауға, жоюға, көмуге және басқа да операцияларға әкету алдында қалдықтардың әрбір партиясын өлшеу жолымен айқындалады. Қалдықтардың мөлшері жөніндегі деректер жүк ілеспе құжаттарына (бақылау талондары, қабылдау-тапсыру актісі) енгізіледі және кейін Компанияның қалдықтарды есепке алу дерекқорына енгізіледі.

Компания қалдықтарының басым бөлігі ұңғымаларды бұрғылаудан және жөндеуден түзіледі. Бұл ретте, қолданылатын бұрғылау ерітіндісі түріне байланысты су немесе мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау шламы түзіледі. 2020 жылы түзілген қатты және сұйық бұрғылау қалдықтарының көлемі 14 051 тоннаны құрады (қайта өңдеуге дейінгі бастапқы түзілген қалдықтар көлемінің 70 %-ы).

40-кестеде бұрғылау қалдықтарының негізгі түрлері, оларды өңдеу әдістері бойынша бөлініп көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей, тек су негізіндегі ерітінділер мен шлам орналастырылады. Мұнай негізіндегі бұрғылау шламы алдын ала өңделіп, құрамынан мұнай негізі алынып тасталғаннан кейін көмуге жіберіледі.

40-кесте. 2018–2020 жж. өңдеу әдістеріне қарай ұңғымалық операциялар қалдықтары

Қалдық түрі

Түзілген қалдықтар, тонна

Өңдеу тәсілі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

1

Пайдаланылған су негізіндегі бұрғылау ерітінділері

324

427

4 125

Сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысында (СҚТҚ) қайта өңдеу

1 251

1 014

1 020

Орналастыру

2

Су негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау қалдықтары

546

925

533

Көму

182

0

Айналмалы пеште термиялық өңдеу, СҚТҚ-да қайта өңдеу

3

Пайдаланылған мұнай негізді бұрғылау ерітіндісі

1 618

2 676

818

Қалдықтарды термомеханикалық тазалау қондырғысында (ШТТҚ) және сұйық қалдықтарды тазарту қондырғысында (СҚТҚ) қайта өңдеу

4

Мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің бұрғылау қалдығы

8 049

9 022

5 316

Мұнай негізі мен суды алумен және қатты бөлігін кейінгі көмумен ШТТҚ-да қайта өңдеу, айналмалы пеште термиялық өңдеу

5

Пайдаланылған тұздықтар

6 309

4 866

1 932

ШТТҚ және СҚТҚ қайта өңдеу, айналмалы пеште термиялық өңдеу

578

2 837

296

Орналастыру

6

Мұнайлы қалдықтар

7

44

11

Айналмалы пеште термиялық өңдеу

Келісімшарттар талаптарының шеңберінде Компания қалдықтардың бір бөлігін кәдеге жаратуға мамандандырылған мердігерлік ұйымдарға береді. Олар КПО-дан қабылданған қалдықтарды әрі қарай өңдеу әдістерін өздері анықтап, тоқсан сайын қалдықтарды орналастыру бойынша үшінші тараптарға есеп береді. Қалдық түріне байланысты мамандандырылған ұйымдар қалдықтарды кейін тұтыну тауарларын дайындауға қайта өңдеуге, сондай-ақ сынаптан арылту, регенерация, термиялық өңдеу, өртеу, физикалық және химиялық өңдеу, және құрамдас бөліктерге бөлшектеп, мүдделі кәсіпорындарға қайталама шикізат ретінде пайдалануға жібереді.

Полигонда пластмасса, пластик, полиэтилен қалдықтарын және полиэтилентерефталатты қаптаманы, макулатураны, картонды, қағаз қалдықтарын, әйнек сынықтарын орналастыруға тыйым салатын 01.01.2019 жылғы ҚР Экологиялық кодексінің 301-бабының күшіне енуіне байланысты мердігер ұйымының қатысуымен Компания офис ретінде пайдаланатын ғимараттарда аталмыш қалдықтарды сұрыптауды және бөліп жинауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Кейін бұл қалдықтар қайталама шикізат ретінде пайдалану үшін мамандандырылған кәсіпорындарға жіберіледі.

2011 жылдан бастап 2020 жылдың аяғына дейін макулатураны бөліп жинау нәтижесінде шамамен 640 тонна өнім жиналып, тұтыну тауарларын дайындау үшін жергілікті кәсіпорындарға берілді.

Компанияның барлық кеңселерінде пайдаланылған батарейлерді бөліп жинау ұйымдастырылған. 2020 жылы 118 кг батарейлер жиналған.